3) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi келтiруге;
4) адам мен азаматтың ар-намысын және абыройын түсiретiн не құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтiн әрекеттер жасауға тыйым салынады.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Күзет қызметі субъектілерінің қару және арнаулы құралдар пайдалануы
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Күзет қызметi субъектiлерiн қарумен және арнаулы құралдармен жарақтандыру шарттары
1. Күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн олардың қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруы кезiнде заңдарда белгiленген тәртiппен қаруландыруға құқылы.
2. Тиiстi лицензия алғаннан кейiн күзет қызметi субъектiлерiнiң өнiм берушi заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк тегiс ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару, сондай-ақ жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруы мен электрлi қару, арнаулы құралдар сатып алуға құқығы бар. Күзет қызметi субъектiлерi қызметкерлерiнiң пайдалануына арналған қарудың түрлерiн, үлгiлерiн, модельдерi мен санын, сондай-ақ арнаулы құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Күзет қызметi субъектiлерiне қызметтiк ойық ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару сатып алуға және пайдалануға тыйым салынады.
3. Сатып алынған қару тиiстi iшкi iстер органында оның сатып алынған күнiнен бастап бiр апта мерзiмде тiркелуге тиiс. Қаруды тiркеу кезiнде қарудың сатып алынғандығы заңды екендiгiн растайтын құжаттар негiзiнде бұл қаруды бес жыл мерзiмге сақтауға және пайдалануға рұқсат берiледi.
Рұқсаттың нысанын және оның қолданылу мерзiмiн ұзарту тәртібін қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi заңдарда белгiленген тәртiппен қаруды және арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау мен пайдалану құқығына рұқсат алуға тиiс.
5. Объектiлердi күзету және патрульдеу үшiн қызметтiк иттер пайдаланылуы мүмкiн.
6. Күзет ұйымдарының басшылары заңдарда белгiленген тәртiппен қаруды күзетшi қызметiн атқаратын штаттағы қызметкерлерге олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезеңiне бередi. Қару қызметкерлер тиiстi даярлықтан өткен соң берiледi.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қаруды және арнаулы құралдарды қолдануының шарттары, негiздерi мен тәртібі
1. Күзет қызметiн жүзеге асыру барысында арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана қолдануға рұқсат етiледi.
2. Жеке күзет ұйымдары күзетшiлерiнiң қару мен арнаулы құралдарды заңда көрсетiлген шекте:
1) күзетiлетiн объектiге немесе оның қызметкерлерiне шабуылды тойтару үшiн;
2) күзетiлетiн адамға шабуылды тойтару үшiн;
3) құқық бұзушыларды ұстағанда, соның ішінде олар қарсылық көрсетсе, оларды iшкi iстер органдарына апару үшiн, егер олар қашып кетуi немесе айналасына немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп есептеуге жеткіліктi негiздер болса;
4) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
5) қауiп-қатер дабылын беру немесе көмекке шақыру үшiн;
6) қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар.
Арнаулы құралдар мен қаруды осы Заңда және өзге де заң актiлерінде көзделмеген мақсаттарда қолдануға тыйым салынады. Арнаулы құралдарды немесе қаруды өзге мақсаттарда, сондай-ақ өз өкiлеттiгiнен, қажеттi қорғану шегiнен асыра пайдалануға жол берген адам Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауапкершiлiкте болады.
Арнаулы құралдарды немесе қаруды өз өкiлеттiгiнен, қажеттi қорғану шегiнен асыра қолдану жеке күзет ұйымы күзетшiсiнiң құжатының күшiн жоюға әкеп соғады. Бұдан басқа, уәкiлеттi орган лицензиялау туралы заңдарда көзделген санкцияларды қолдануы мүмкiн.
3. Арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдану алдында олар қарсы қолданылуы мүмкiн адамдарға бұл туралы анық ескертiлуге тиiс.
4. Қарулы не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға, жасы белгiлi немесе айқын болған жағдайда кәмелетке толмағандарға қатысты қызметтiк қару мен арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
5. Қызметтiк қару қолданылатын барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн шаралар қолданылуы, iшкi iстер органдары мен прокуратураға жиырма төрт сағат iшiндехабарлануы қажет.
6. Жеке күзет ұйымдарының күзетшiлерi арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы өз мiндеттерiн орындауға жарамдылығы жөнiнде мерзiмдi тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.
7. Күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде келтiрген зияны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық жауапты болады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Күзет қызметiн мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiн мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 53- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Күзет қызметiнiң субъектiлерiн есепке алу
Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасындағы күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiн, күзетшiлердi даярлау мен біліктiлiгiн арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарын, сондай-ақ лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе олардан айыру туралы деректердi бiрыңғай есепке алып отыруды жүзеге асырады.
22-бап. Күзет қызметiн қадағалау
Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның және күзет қызметi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілердiң қолданылуын қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
23-бап. Заңсыз күзет ұйымдарын құрғаны және белгiленген тәртiптi бұза отырып күзет қызметтерiн көрсеткенi үшiн жауаптылық
Осы Заңда көзделмеген күзет ұйымдарын, күзет қызметi жөніндегі оқу орындарын құру немесе олардың қызметi, сондай-ақ лицензия алмай немесе осы Заңда белгiленген тәртiптi бұза отырып күзет қызметтерiн көрсету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының