364-бап. Түрлi-түстi көшiру құралдарын есепке алу, сақтау немесе пайдалану ережелерiн бұзу, штемпельдi-гравюралық кәсiпорындар ашу ережелерiн бұзу
1. Түрлi-түстi көшiру (жедел полиграфиясы, көшiру-көбейту техникасы, тамшылы-ағылмалы, лазерлi принтерлер және сканерлер) құралдарын есепке алу, сақтау немесе пайдалану ережелерiн бұзу, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың штемпельдi-гравюралық кәсiпорындар ашу ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 365-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
365-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қолданбау
Ұйым басшысының және басқа лауазымды адамдардың қылмысқа немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы хабарламауы, сол сияқты шаралар қолданбауы істі қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсыныстары бойынша -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 366-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
366-бап. Әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу
1. Өзiне қатысты қадағалау белгiленген адамның әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзуы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бірден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайы бойынша және тәртiп бұзушының жеке басын ескере отырып бұл шаралардың қолданылуы жеткiлiксіз деп танылатын болса, -
он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 367-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
367-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу изоляторларында отырған адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру
Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу изоляторларында отырған адамдарға алкогольдiк iшiмдiктер, дәрiлiк және мас қылатын әсерi бар басқа да заттарды, ақша, азық-түлiк тағамдарын, бұйымдарды және бұл мекемелерде сақтау мен пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселердi тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлдермен беруге әрекет ету, -
ескерту жасауға немесе әкімшілік құқық бұзушылықты жасау қаруы не құралы болып табылған зат тәркілене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 368-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 368-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
368-бап. Азаматтық қаруларды сатып алу, сақтау, алып жүру, беру немесе сату тәртібін жеке тұлғалардың бұзуы
1. Жеке тұлғалардың iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз азаматтық қаруларды сатып алуы, сақтауы, алып жүруі, басқа адамға беруi немесе сатуы, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онсыз айлық есептiк көрсеткiштiң бірден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Азаматтық қаруларды өз еркімен тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 368-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)
368-1-бап. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу
1. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды сату, экспонттау құқығына лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың оларды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы, —
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаға — айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің екіден үшке дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан отыз беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 369-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 369-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
369-бап. Азаматтық, қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерiн бұзу
1. Қару сақтауға, алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар жеке тұлғалардың азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бірден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Олардың сақталуына жауапты ұйым қызметкерлерiнiң қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сатып алу, сақтау немесе тасымалдау ережелерiн бұзуы, сол сияқты олардың қызметтiк қаруды және оған арналған патрондарды өз мақсатында пайдаланбауы, -
азаматтық қаруының өтемi төленiп алып қойылып немесе онсыз айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 370-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
370-бап. Газ қаруын заңсыз қолдану
1. Газ қаруын заңсыз қолдану, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 371-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 371-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
371-бап. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу
1. Мынадай:
1) жеке тұлғаның қаруды сатып алғаннан кейiн тiркеу және оны сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсат алу;
2) жеке тұлғаның азаматтық қаруды сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсатты ұзарту туралы iшкi iстер органына өтiнiш беру;
3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету;
4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш беру;
5) заңды тұлғалардың қызметтiк және (немесе) азаматтық қаруды сатып алғаннан кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу мерзiмдерiн бұзу арқылы азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - қаруы ақылы түрде алып қойылып, он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 372-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
372-бап. Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сату үшiн өткізуден жалтару
Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сақтауға рұқсатты iшкi iстер органдары алып қойған жеке тұлғалардың оларды сату үшiн өткізуден жалтаруы, -
қарудың өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 373-бап. өзгертілді
373-бап. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудiң тәртібі туралы заңдарды бұзу
1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар, демонстрациялар не өзге де көпшiлiк iс-шараларын ұйымдастыру немесе өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергi жасау, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де көпшiлiкке арналған iс-шараларға қатысу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Рұқсат етiлмеген жиналысқа, митингке, тосқауылға, демонстрацияға не өзге де көпшiлiк iс-шараларына қатысушыларға ұйымның басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының үй-жай не өзге де мүлiктер (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықтар, көлiк) беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу үшiн өзге де жағдайлар туғызуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде жиналысты, митингтi, шерудi, демонстрацияны ұйымдастырушы қайталап жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 374-бап өзгертілді; 2005.23.02 № 33-III ҚР Заңымен 374-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 374-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 374-бап өзгертілді
374-бап. Қоғамдық бірлестiктер туралы заңдарды бұзу
1. Қоғамдық бірлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бірлестiктiң осы қоғамдық бірлестiктердiң жарғыларында белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң шегiнен тыс iс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бірлестiктiң басшыларына - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бірлестіктің мүшелерiне - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бірлестiкке айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық бірлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бірлестiктiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын іс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бірлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бірлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бірлестiктiң мүшелерiне айлық есептік көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қоғамдық бірлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бірлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткіштің жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бірлестiктің мүшелеріне айлық есептiк көрсеткіштің жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың үшінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жоймау, -
қоғамдық бірлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, қоғамдық бірлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бірлестiктің мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шет ел қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы -
заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - төрт жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде, заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, шетелдiк заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың саяси партияларды қаржыландыруы, -
заңсыз қайырымдылықтар тәркілене отырып және Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Саяси партиялардың заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы, -
заңсыз қайырмалдықтар тәркiлене отырып және он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға ала отырып не онсыз саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, саяси партияның басшысына төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Саяси партиялардың қаржылық қызметi туралы жылдық есептіктi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiм мен көлемде жарияламау, -
саяси партияның қызметiн алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата отырып, партияның басшысына айлық eceптiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнің (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметтi қайта тiркеусіз жүзеге асыруы, -
саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, партияның басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 374-1-баппен толықтырылды
374-1-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тiркелмеген қоғамдық, дiни бірлестiктердiң қызметiне басшылық жасау, қатысу, сондай-ақ олардың қызметiн қаржыландыру
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бірлестiктердiң қызметiне басшылық жасау, -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бірлестiктердiң қызметiне қатысу, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бірлестiктердiң қызметiн қаржыландыру, -
екi жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 375-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 375-бап өзгертілді; 2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен 375-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
375-бап. Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы бұзу
1. Мыналарға:
дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;
қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруға;
діни әдебиетті және діни мазмұндағы (мақсаттағы) өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға;
ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу -
жеке тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға және дiни бiрлестiктердің басшыларына - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметiн үш ай мерзімге тоқтата тұрып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңды діни қызметке кедергі жасау, сол сияқты дінге көзқарасы себебі бойынша жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қайсыбір дiндi ұстанушылар тәу ететін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндалған барлық іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тіркеусіз (қайта тіркеусіз) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыруы, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы -
Қазақстан Республикасының азаматтарына - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Діни бірлестіктің өз жарғысында (ережесiнде) көзделмеген қызметті жүзеге асыруы -
лауазымды адамдарға және діни бірлестіктердің басшыларына - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы -
жеке тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, діни бірлестіктердің басшыларына - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру -
лауазымды адамдарға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Уәкілетті органның келісуінсіз шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмағанның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде діни бірлестіктің қызметіне кәмелетке толмағандарды тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермейтін шаралар қолданбауы -
Қазақстан Республикасының азаматтарына - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Республиканың шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Діни бірлестіктің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынған қызметті жүзеге асыруы, сол сияқты діни бірлестіктің өз қызметін тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы -
лауазымды адамдарға және діни бірлестіктердің басшыларына - үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға олардың қызметіне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, діни бірлестіктердің басшыларына - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға олардың қызметіне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
376-бап. Азаматтық хал актілерін жазу ережелерiн бұзу
Некеге отыруға кедергi болатын мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актілерін жазу органдарына жалған мәлiметтер беру, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 377-бап жаңа редакцияда
377-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру
1. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тiркеусіз тұруы, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгінciз не жарамсыз ықтиярхатпен, азаматтығы жоқ адамның куәлiгімен күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұруы, сондай-ақ паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жоғалғаны туралы ішкі істер органдарын уақтылы хабардар етпеуі, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 378-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 378-бап жаңа редакцияда
378-бап. Тұрғын жай иесінің немесе қарамағында ғимараттары және (немесе) үй-жайлары бар басқа да адамдардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi
1. Тұрғын жайлардың, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлардың иелері болып табылатын, қарамағында тұрғын жайлары, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлары бар меншік иесінің немесе басқа да адамдардың жұмыс берушіде нақты тұрмайтын, жұмыс істемейтін және білім беру ұйымдарында оқымайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi, -