62) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергiлiктi атқарушы органдар болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын немесе оны ұстаушының қосалқы жалдау шарты негiзiнде активтердi пайдаланудан табыстар алуға құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
63) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы;
64) мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар мен олардың клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сай келмейтiн жағдай;
65) номиналды ұстауды есепке алу жүйесi - номиналды ұстау қызметiн көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтерi бар, уақыттың белгiлi бiр кезiнде бағалы қағаздарды сәйкестендiрудi, олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн есепке алу жүйесi, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
66) облигацияларды өтеу - эмитенттiң орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның номиналды құнын төлеу (кейiннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сол эмитенттiң акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналымнан алып қою жөнiндегi iс-әрекетi;
67) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi -бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы облигациялар айналымы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесiнде эмитентпен жасалған шарт негiзiнде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн көздеп iс-әрекет жасайтын ұйым;
68) облигациялық бағдарлама - эмитент облигациялардың бiрнеше шығарылымын, оның iшiнде шығарылымның тиiстi проспектiсiнде айқындалатын әртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару;
69) облигацияның номиналды құны - облигация құнының ол шығарылған кезде айқындалған ақшалай түрі, оған купондық облигация бойынша пайызбен көрсетiлген сыйақы есептеледi, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома;
70) оқшаулау - бағалы қағаздардың сақталуына кепiлдiк беру мақсатымен жүзеге асырылатын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiнде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге уақытша тыйым салу;
71) оригинатор - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң талаптарына сай келетiн, сатып алу-сату шартының негiзiнде активтердi ислам арнайы қаржы компаниясына беретiн және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы.
Жалдау шартының негiзiнде активтердi ислам арнайы қаржы компаниясына беретiн, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган оригинатор бола алады;
72) орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бастапқы рыногында инвесторлар ақысын толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар;
73) орталық депозитарий - Қазақстан Республикасының аумағында депозитарийлік қызметті жүзеге асыратын бірден-бір мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
74) орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесi - депозитарлық қызметтi жүзеге асыру кезiнде орталық депозитарий қалыптастыратын мәлiметтер жиынтығы;
75) орталық контрагент - қор не сауда биржасында қаржы құралдарының әрбір сатушысы мен әрбір сатып алушысы үшін жасалатын мәмілелер бойынша тарап болып табылатын заңды тұлға;
76) өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай қағидалары мен стандарттарын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар құрған заңды тұлға;
77) өтiнiш берушi - бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу мақсатымен уәкiлеттi органға құжаттарды табыс еткен заңды тұлға;
78) пруденциялық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлеген және лицензиат сақтауға тиiс нормалардың қаржылық көрсеткiштерi;
79) резервтiк қор - қалыптастыру және пайдалану тәртiбi ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде айқындалатын ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесiнде туындайтын залалдарды жабуға арналған қаражат;
80) рейтинг - белгiлi бiр эмитенттiң шамамен алғандағы кредит қабiлетiн немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн белгiлейтiн бағаның жеке сандық және әрiппен белгiленген көрсеткiшi;
81) сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы;
82) сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі - қор биржасының сауда жүйесіне немесе биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесіне айналымға жіберуге рұқсат етілген, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған қаржы құралдарының тізімі;
83) төлем агентi - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;
84) трансфер-агент - өз клиенттерiнiң арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнiнде қызмет көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
85) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар;
86) тiркелген тұлға - бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыны есепке алу жүйесiнде ашылған жеке шоты бар тұлға;
18-тармақтың 2) тармақшасының тоқсан бірінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
87) тiркеушi - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды және жүргiзудi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
88) уәкiлеттi орган - бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
89) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналым саласы, олармен жасалатын мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады;
90) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздардың айналым саласы, онда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылады;
91) ұлттық сәйкестендiру нөмiрi - эмиссиялық бағалы қағаздарды сәйкестендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатымен оларға уәкiлеттi орган беретiн әрiптiк-цифрлық код;
92) хеджирлеу - хеджирлеу объектiсi бағасының немесе өзге де көрсеткiшiнiң қолайсыз өзгеруi нәтижесiнде туындайтын ықтимал залалды өтеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен операциялар. Бұл ретте, активтер және (немесе) мiндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) мiндеттемелерге немесе күтiлетiн мәмiлелерге байланысты ақша легi хеджирлеу объектiсi деп танылады;
93) шетелдiк мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы шет мемлекеттiң үкiметi болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;
94) шығарылым құрылымы - шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, номиналды құны (облигациялар үшiн) туралы мәлiметтер;
95) iшкi құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң), қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен тәртiбiн, қызметтер көрсетуiн және оларға ақы төлеу тәртiбiн реттейтiн құжаттар;
96) эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде бiртектi белгiлері мен реквизиттерi болатын, осы шығарылым үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналымға түсетiн бағалы қағаздар;
97) эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы - бағалы қағаздардың қайталама рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;
98) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмi - уәкiлеттi орган қалыптастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердiң жиынтығы;
99) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - бағалы қағаздардың бастапқы рыногында бағалы қағаздарды сату;
100) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсi - эмитент, оның қаржылық жағдайы, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылымы, орналастырылуы, айналымда болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпарат бар құжат;
101) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы - эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде пайда болуына бағытталған эмитенттiң iс-әрекеттері немесе орналастырылуы, айналымда болуы және өтелуi осы эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы;
102) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшiн жою - эмиссиялық бағалы қағаздың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде болуын тоқтату;
103) эмиссиялық консорциум - эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсету мақсатында бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылған андеррайтерлердiң бiрлестiгi;
104) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.»;
3) 3-баптың 2-тармағында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметті жүзеге асыру қағидаларын, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары мен тәртiбiне, осы мәмiлелердi есепке алуға және олар бойынша есептілікке қойылатын талаптарды айқындайды;»;
14) тармақша «депозитарийдің» деген сөзден кейін «, бірыңғай тіркеушінің» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша «депозитарийдің» деген сөзден кейін «, бірыңғай тіркеушінің» деген сөздермен толықтырылсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) өз құзыретi шегiнде эмитенттердiң, орталық депозитарийдiң, бірыңғай тіркеушінің және лицензиаттардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және олардың қызметiне тексеру жүргiзедi;»;
4) 3-1-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) инвестициялық комитеттің мүшелерін инвестициялық комитет құрамындағы міндеттерін орындаудан шеттетуге;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) міндеттеме-хатты табыс ету туралы талапты жіберуге;»;
4) тармақша «субъектісімен» деген сөзден кейін «міндетті түрде қол қоюға жататын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган ірі қатысушы белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушылардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, ірі қатысушы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына да қатысты қолданылуы мүмкін.»;
2-тармақ «тiзбесiн» деген сөзден кейін «, оларды орындау мерзімдерін және түзету шараларын қабылдауға жауапты бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің лауазымды адамдарын» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі «субъектісіне» деген сөзден кейін «түзету шараларын қабылдауға жауапты бағалы қағаздар рыногы субъектісінің лауазымды адамын көрсете отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 4) тармақшасындағы «бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің» деген сөздер «орталық депозитарий мен лицензиаттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 3-2-баппен толықтырылсын:
«3-2-бап. Ертерек ден қою шаралары
1. Бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган олардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген факторларды анықтау үшін көрсетілген ұйымдардың қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
2. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесінде және (немесе) оларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруына байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармақ бойынша орындалу мерзімдерін және жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған жағдайда, уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға төменде санамаланған ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
1) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгерту;
2) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшы және (немесе) өзге де қызметкерлерін қызметінен шеттету:
3) инвестициялық комитеттің құрамын өзгерту;
4) уәкілетті орган белгілеген мерзімге дивидендтерді есептеу және (немесе) төлеуді тоқтату;
5) клиенттердің активтерін инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басқа ұйымға басқаруға беру;
6) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталын оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерге дейін, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы ұлғайту;
7) өтімді активтердің үлесін арттыру және (немесе) инвестициялардың тәуекелдер деңгейін азайту мақсатында инвестициялық портфельге қайта құрылымдау жүргізу;
8) әкімшілік шығыстарды қысқарту, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы қысқарту жөнінде талап қою арқылы қолданады.
3. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде ұсынылмаған немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы орындалмаған, сондай-ақ уәкілетті органның талабына сәйкес ертерек ден қою шаралары орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға осы Заңда көзделген ықпал етудің шектеулі шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
5. Екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде оларға осы баптың талаптары қолданылмайды.»;
6) 4-баптың 2-тармағындағы «өзге де заң актiлерiмен» деген сөздер «өзге де заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Білікті инвесторлар
1. Осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалар, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен білікті инвесторлар деп танылған тұлғалар білікті инвесторлар болып табылады.
2. Мыналар білікті инвесторлар болып табылады:
1) қаржы ұйымдары;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті органның тиісті лицензиясын алмастан бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
3) ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг;
4) халықаралық қаржы ұйымдары.
3. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың 2-тармағында аталмаған дара және институционалдық инвесторларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және шарттармен білікті инвесторлар деп тануы мүмкін.
4. Өзін білікті инвестор деп тануға өтініш берген тұлға өзі туралы берген ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болады.
Өзі берген дәйексіз ақпараттың негізінде тұлғаны білікті инвестор деп тану оның мүддесін көздейтін және оның есебінен жасалған мәмілелердің жарамсыздығына негіз болып табылмайды.
5. Тұлға бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының бір түріне немесе бірнеше түріне, білікті инвесторларға арналған қызметтердің бір түріне немесе бірнеше түріне қатысты білікті инвестор болып танылуы мүмкін.
6. Тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы:
1) білікті инвесторды бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының немесе көрсетілетін қызметтердің қандай түрлеріне қатысты оның білікті инвестор деп танылғаны туралы хабардар етуге;
2) білікті инвестор деп танылған тұлғадан оны білікті инвестор деп тану үшін сәйкес болуы қажет талаптардың сақталуын растауды талап етуге және көрсетілген талаптардың сақталуына тұрақты түрде тексеруді жүзеге асыруға;
3) өзі білікті инвесторлар деп таныған тұлғалардың тізілімін жүргізуге міндетті.
8. Білікті инвесторды білікті инвесторлар тізілімінен шығару ол білікті инвесторлар тізіліміне енгізілу шарттарына сай келмеген жағдайда жүзеге асырылады.»;
8) 9-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «пен оның» деген сөздер «, оның орналасқан жері және» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi туралы;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының (мұндай ұйыммен шарт жасасу міндеті осы Заңның талаптарында көзделген жағдайда) ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйым туралы мәліметтер болуға тиіс.»
18-тармақтың 8) тармақшасының сегізінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi мыналар болып табылады:
1) эмитенттің соңғы екi қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептiлiгінің көшірмелері, сондай-ақ эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттердi қоспағанда) аудиторлық есептерінің және есепке алу саясатының көшірмелері;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептiлiгінің көшірмелері.
Аяқталған қаржы жылының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi болмаған жағдайда ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусым аралығы кезеңінде эмитент уәкiлеттi органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екi жылдың қаржылық есептiлiгiн және аталған кезеңдегi қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебiн ұсынады. Эмитент аяқталған қаржы жылының аудиторлық есебі мен қаржылық есептілігін жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа:
1) қоғамның ұйымдастырылмаған рынокта акцияларды сатып алу кезiнде олардың құнын айқындау әдiстемесi және қоғамның таза табысын бөлу тәртібі акциялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады;
2) облигациялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі мыналар болып табылады:
облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттар көшірмелері;
облигацияларды ұйымдастырылған рынокта орналастыруды жоспарлаушы эмитенттер үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері (мұндай ұйымдармен шарт жасасу міндеті осы Заң талаптарында көзделген жағдайда);
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің табысын оған қатысушылар арасында бөлу тәртібі.»;
4-тармақта:
«қоғамның акцияларды сатып алуы кезiнде олардың құнын айқындау әдiстемесi және осы баптың 1-тармағының 1)-3), 8)-12) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер» деген сөздер «осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 4-1), 4-2), 8), 9), 10), 10-1), 11) және 11-1) тармақшаларында көрсетілген және (немесе) осы баптың 2-2-тармағының 1) тармақшасында және 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қоғамның» деген сөз «эмитенттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «1 және 2-тармақтарында» деген сөздер «1, 2 және 2-2-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 10-баптың тақырыбы мен мәтінінде «Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды» және «эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды» деген сөздерден кейін «(бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды)» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 12-бапта:
1-тармақта:
7) тармақшада:
«қамтамасыз еткенiн» деген сөздер «қамтамасыз етудің болуын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және облигациялар ұстаушылардың өкiлiмен жасалған шарттың көшiрмесiн» деген сөздер алып тасталсын;