54-бап. Директорлар кеңесiнiң құрамы
1. Жеке адам ғана директорлар кеңесiнiң мүшесi бола алады.
Директорлар кеңесінің мүшесі осы Заңға және (немесе) қоғамның жарғысына сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындауды өзге адамдарға беруге құқылы емес.
2. Директорлар кеңесiнiң мүшелерi:
1) акционерлер - жеке адамдар;
2) директорлар кеңесiне акционерлердiң өкiлдерi ретiнде сайлауға ұсынылған (ұсыным берiлген) адамдар;
3) қоғамның акционері болып табылмайтын және директорлар кеңесiне акционердiң өкiлi ретiнде сайлауға ұсынылмаған (ұсыным берiлмеген) жеке адамдар арасынан сайланады.
3. Директорлар кеңесінде бір орынға бір кандидат сайлауға түсетін жағдайды қоспағанда, акционерлер директорлар кеңесінің мүшелерін сайлауды дауыс беруге арналған бюллетеньдерді пайдалана отырып, кумулятивтік дауыс беру арқылы жүзеге асырады. Кумулятивтік дауыс беру бюллетенінің мынадай бағандары болуы тиіс:
1) директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған кандидаттардың тізбесі;
2) акционерге тиесілі дауыстар саны;
3) акционердің директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған кандидатқа берген дауыстарының саны.
Кумулятивтік дауыс беруге арналған бюллетеньге «қарсы» және «қалыс қалды» деген дауыс беру нұсқаларын енгізуге тыйым салынады.
Акционер өзіне тиесілі акциялар бойынша дауысты директорлар кеңесінің мүшелігіне бір кандидатқа толығымен беруге немесе оларды бірнеше кандидаттар арасында бөліп беруге құқылы. Ең көп дауыс санын жинаған кандидаттар директорлар кеңесіне сайланған болып есептеледі. Егер директорлар кеңесінің мүшелігіне екі және одан көп кандидат тең дауыс санын жинаған болса, бұл кандидаттарға қатысты тең дауыс санын жинаған кандидаттар көрсетілген кумулятивтік дауыс беру бюллетеньдерін акционерлерге ұсыну арқылы қосымша кумулятивтік дауыс беру өткізіледі.
4. Атқарушы органның басшысынан басқа мүшелерi директорлар кеңесiне сайлана алмайды. Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесiнiң төрағасы болып сайлана алмайды.
5. Директорлар кеңесi мүшелерiнiң саны кемiнде үш адам болуға тиiс. Қоғамның директорлар кеңесі құрамының кем дегенде отыз пайызы тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
6. Директорлар кеңесiнiң құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және қоғамның жарғысында белгiленедi.»;
30) 58-бапта:
4-тармақтың төртінші бөлігіндегі «бюллетеньдер» деген сөз «бюллетеньдердің көшірмелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «қоғамның мұрағатында» деген сөздер «қоғамда» деген сөзбен ауыстырылсын;
31) 64-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, осы тармақтың 1), 3) және 8) тармақшаларында аталған жеке тұлғаның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;»;
3) тармақшадағы «1), 4) - 9)» деген цифрлар «1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8), 9) және 10)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) оған қатысты осы тармақтың 6) тармақшасында аталған заңды тұлға iрi акционері болып табылатын немесе мүлкіндегі тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға;»;
9) тармақшадағы «1), 4) - 8)» деген цифрлар «1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8) және 10)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылысын:
«1-1. Мыналар:
1) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
2) осы жеке тұлға және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ірі акционері (ірі қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамы болып табылатын заңды тұлға;
3) жеке тұлғаның және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың бақылауында болатын заңды тұлға;
4) оған қатысты осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға;
5) осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жеке тұлғаның үлестес тұлғасы болып табылады.»;
32) 71-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «мәмілесі жасалуына қоғам мүдделi болатын мәмiле болып табылмайды.» деген сөздер «мәмілесі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) үлгі нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, қоғамның өзінің үлестес тұлғасымен шарт жасасу жасалуына қоғам мүдделi болатын мәмiле болып табылмайды.»;
33) 72-баптың 3) тармақшасы «директорлар кеңесінің назарына» деген сөздерден кейін «қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 79-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғам өзінің акционерлері мен инвесторларының назарына қоғамның мынадай корпоративтік оқиғалары:»;
екінші бөлікте:
бірінші абзац алып тасталсын;
1) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бұл мәселелер туралы ақпаратты қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлердің және инвесторлардың назарына жеткізуге тиіс, акционерлердің жалпы жиналысы және директорлар кеңесі олардың тізбесі бойынша қабылдаған шешімдер;»;
«11) қоғамның жарғысына, сондай-ақ қоғамның бағалы қағаздар шығару проспектiсiне сәйкес қоғам акционерлерiнiң және инвесторлардың мүдделерiн қозғайтын өзге де оқиғалар туралы ақпаратты жеткізуге міндетті.»;
2-1-тармақ «көрсетiлген» деген сөзден кейін «корпоративтік оқиғалар туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Қоғам Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қоғамның жылдық қаржылық есептілігін және аудиторлық есептерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
Бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген қоғам осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа толықтыру ретінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті орналастыруды қамтамасыз етеді және қор биржасының интернет-ресурсында жариялау үшін барлық корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті қор биржасына оның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ұсынады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қоғамның акционерлердiң мүдделерiн қозғайтын қызметi» деген сөздер «Корпоративтік оқиғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 82-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамдарды бiрiктіру жолымен құрылатын қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын бір қоғамның инвестициялары қайта ұйымдастырылатын басқа қоғамға шегеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың өз капиталдарының сомасына тең болады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Негізгі ұйым мен орналастырылған акцияларының жүз пайызын негізгі ұйым иеленетін еншілес ұйым біріккен жағдайда, құрылған қоғамның акциялары негізгі ұйым акционерлері арасында орналастырылады.»;
36) 85-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
37) 86-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің жарғылық капиталының мөлшері қайта ұйымдастырылатын қоғам өткізу актісіне сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.».
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 18-тармақтағы «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін
18. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша:
«қызметтік, коммерциялық», «коммерциялық, қызметтік» деген сөздер «коммерциялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«коммерциялық және қызметтік», «қызметтік және коммерциялық» деген сөздер «коммерциялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агенттік облигация - эмитенті қаржы агенттігі болып табылатын облигация;
2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлiк қоғамның шығару проспектiсiнде айқындалатын шарттармен және тәртiппен оның басқа түрдегi бағалы қағазына алмастыруға жататын бағалы қағазы;
3) андеррайтер - брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
4) бағалы қағаз - мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;
5) бағалы қағаздарды номиналды ұстау - номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар атынан және есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелерді тiркеу;
6) бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы;
7) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы - эмитенттiң бағалы қағаздардың қайталама рыногында өзi бұрын сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
8) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;
9) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесi - белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендiрудi, бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
10) бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға орныққан бағадан жоғары немесе төмен баға белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағазбен сауда-саттықтың көрiнiсiн жасауға және (немесе) инсайдерлiк ақпаратты пайдаланып мәмiле жасауға бағытталған iс-әрекеттерi;
11) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы - өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестiк меншiк құқығында инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетiн инвестициялық пай қоры;
13) базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер;
14) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттерiнiң арасында баға белгiлеудi айырбастау жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
15) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесі - биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының осы баға белгілеу ұйымы клиенттерінің арасында баға белгілеуді айырбастауға қолдау көрсетіледі;
16) брокер - клиенттiң тапсырмасы бойынша, оның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
17) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыға табыс ететiн құжат;
18) бірыңғай тіркеуші - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
19) дара инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;
20) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;
21) депозитарийлiк қолхат - осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
22) депозитарийлiк қызмет - басқа номиналды ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
23) депозитке салу - орталық депозитарийдiң өз клиенттерiнiң жеке шоттарындағы қаржы құралдарын есепке алуы;
24) депонент - орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым;
25) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы;
26) дилер - ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
27) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар;
28) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдері жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде қамтылатын, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны бiржақты сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;
29) жеке шоттан үзiндi - орталық депозитарий, тiркеушi немесе номиналды ұстаушы беретiн және белгiлi бiр уақыт кезiнде қаржы құралдары бойынша тiркелген тұлғаның құқықтарын растайтын, бағалы қағаз болып табылмайтын құжат;
18-тармақтың 2) тармақшасының отыз үшінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
30) жеке шоттардың бiрыңғай жүйесi - жүргiзiлуiн тiркеушiлер жүзеге асыратын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйелерiндегi мәлiметтер жиынтығын көрсететiн, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы;
31) инвестициялық жоба - инвестициялаудан белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған және инвестицияларды көздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi;
32) инвестициялық комитет - бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының (тіркеуші мен трансфер-агентті қоспағанда) алқалы органы;
33) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әртүрлi қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкiнiң жиынтығы;
34) инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушы - азаматтық құқық объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен өз атынан жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
35) инсайдер - инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға;
36) инсайдерлік ақпарат -бағалы қағаздар, (туынды қаржы құралдары), олармен жасалатын мәмiлелер туралы, сондай-ақ бағалы қағаздарды (туынды қаржы құралдарын) шығарған (берген) эмитент, ол жүзеге асыратын қызмет туралы коммерциялық құпияны құрайтын дәйекті ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беймәлім, жария етілуі бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) құнының өзгеруіне және олардың эмитентінің қызметіне ықпал етуі мүмкін өзге де ақпарат;
37) институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;
38) инфрақұрылымдық облигация - эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы арасында мемлекетке берiлетiн объект құнына сәйкес сомада мемлекет пен эмитент жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi концессиялық келiсiм шеңберiнде мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген облигация;
39) ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленетiн өзге де өтiмдiлiгi жоғары активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация;
40) ислам арнайы қаржы компаниясы - ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын, осы Заңға сәйкес акционерлiк қоғамның не жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға, сондай-ақ бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме);
41) ислам арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер - ислам арнайы қаржы компаниясы сатып алатын мүлiк және талап ету құқықтары, олар бойынша түсiмдер;
42) ислам бағалы қағаздары - шығару шарттары исламдық қаржыландыру принциптерiне сәйкес келетiн, материалдық активтердегi бөлiнбейтiн үлестi иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтерге және (немесе) табыстарға, қаржыландырылуы үшiн осы бағалы қағаздар шығарылған нақты жобалардың қызметтеріне немесе активтеріне билiк ету құқығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар;
43) ислам бағалы қағаздарын өтеу - ұстаушыға тиесiлi ислам бағалы қағаздары санының осы шығарылымдағы ислам бағалы қағаздарының жалпы саны қатынасына барабар үлеске сәйкес келетiн ақша сомасын бөлiнген активтер есебiнен ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде белгiленген мерзiмдерде төлеу;
44) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкiлi - эмитентпен жасалған шарттың негiзiнде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүддесiнде әрекет ететiн ұйым;
45) ислам бағалы қағаздарының номиналды құны -ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар бойынша оларды бастапқы орналастыру аясында сатып алу кезiнде инвестор төлейтiн ислам бағалы қағаздары құнының ақшалай түрі;
46) кастодиан - қаржы құралдары мен клиенттер ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжаттық қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
47) клиент - бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы көрсететiн қызметтердi пайдаланатын немесе пайдаланғысы келетiн тұлға;
48) қазақстандық депозитарийлiк қолхат - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
49) қамтамасыз етiлген облигация - эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген облигация;
50) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг қызметі - қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде есеп айырысуға қатысатын (төлемдерді жүзеге асыратын) субъектілердің талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау;
51) қаржы құралдарын материалсыздандыру - құжаттық нысанда шығарылған қаржы құралдарымен куәландырылатын құқықтарды растау тәсiлiн осы құқықтарды орталық депозитарийдiң және (немесе) бірыңғай тіркеушінің есепке алу жүйесiндегi электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту;
52) қаржы рыногы - қаржы қызметiн көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналымына байланысты қатынастар жиынтығы;
53) қор биржасы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
54) қор биржасының сауда жүйесi -осы қор биржасының мүшелерi арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер оларды пайдалана отырып жасалатын қор биржасының материалдық-техникалық құралдарының, iшкi құжаттарының және өзге де қажеттi активтерi мен рәсiмдерiнiң кешенi;
55) қор биржасының трейдері - осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып, қор биржасы мүшесінің атынан мәмілелер жасасуға және өзге де іс-әрекеттерді орындауға уәкілеттік берілген жеке тұлға;
56) құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаз;
57) құжаттық бағалы қағаздар - құжаттық нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбастан бағалы қағаздың мазмұнын тiкелей оқу мүмкін болатын өзге де материалдық жеткiзгiштегi) бағалы қағаздар;
58) левередж - эмитенттiң мiндеттемелерi мен өзіндік капиталы мөлшерлерiнiң арасындағы арақатынас;
59) листинг - қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгiзу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленiп, бағалы қағаздарды оған енгiзу;
60) лицензиат - уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
61) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;