4-1-тармақтың екінші бөлігіндегі «директорлар кеңесі» деген сөздер «басқару органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «лицензиаттар» деген сөзден кейін «, бірыңғай тіркеуші» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 46-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Өтiнiш» деген сөз «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастырылуы кезінде лицензиаттың акцияларына төлем жасау жағдайын қоспағанда, өтініш» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 47 және 47-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«47-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Қазақстан Республикасының резиденті мен резиденті емес жеке және заңды тұлғалары осы баптың 2-тармағында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген шектеулердi ескере отырып, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
18-тармақтың 34) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденті өтініш берушінің (лицензиаттың) дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иелене алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.
Көрсетілген шектеу өтініш беруші жүзеге асырғысы келетін (лицензиат жүзеге асыратын) қызмет түрлерін жүзеге асыратын, рейтинг агенттiктерi бiрінің талап етілетiн ең төмен рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидентi емес ұйымдардың еншілес ұйымдары болып табылатын өтiнiш берушiлерге (лицензиаттарға) қолданылмайды.
Рейтинг агенттіктерінің тізбесі және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
47-1-бап. Лицензиаттың ұйымдық-құқықтық нысаны және органдары
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрыла алатын және қызметін жүзеге асыра алатын, клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерді және (немесе) дилерді және трансфер-агентті қоспағанда, лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады.
2. Лицензиат (трансфер-агентті қоспағанда) міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:
1) басқару органы;
2) атқарушы орган.»;
35) 48-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацындағы «директорлар кеңесі» деген сөздер «басқару органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
«49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
Лицензиаттар тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, онда:
1) лицензиат органдарының, лицензиат бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, олардың жауаптылығы;
2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдер;
3) жасалатын операциялардың түрлері бойынша жеке алғанда жол берілетін тәуекелдер мөлшеріне лимиттер;
4) лицензиат органдарына тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдері;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлері қамтылуға тиіс.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
37) 51-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті орган қолданған ықпал етудің шектеулі шараларының талаптары орындалмаған;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) уәкілетті органның талабы бойынша міндеттеме-хат берілмеген;
5-2) уәкілетті органмен жазбаша келісім жасаудан бас тартылған;»;
11) тармақшадағы «қатарынан күнтізбелік он екі ай» деген сөздер «соңғы күнтізбелік он екі ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қор биржасының мүшесі қор биржасының қағидаларын тиісінше орындамауы немесе орындамауы себебінен қор биржасының мүшелігі тоқтатыла тұрған немесе оны жоғалтқан жағдайда, уәкілетті орган қор биржасы мүшесінің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы немесе лицензиядан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
4-тармақтың 2) және 3) тармақшаларындағы «қатарынан күнтізбелік он екі ай» деген сөздер «соңғы күнтізбелік он екі ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 52-бапта:
1-тармақ «Лицензиаттар» деген сөзден кейін «, бірыңғай тіркеуші» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «Лицензиаттардың» деген сөзден кейін «, бірыңғай тіркеушінің» деген сөздермен толықтырылсын;
39) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға шектеулер және тыйым салу
1. Мынадай жағдайларды:
1) өз мұқтаждығы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруді қоса алғанда, өз мүлкіне билік етуді;
2) бағалы қағаздар рыногындағы қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;
3) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет мәселелері жөніндегі арнайы әдебиеттерді ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрлерінде өткізуді;
4) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет саласында мамандардың біліктілігін арттыру бойынша оқытуды ұйымдастыруды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларды қоспағанда, лицензиат қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар рыногындағы қызметi Қазақстан Республикасының аталған ұйымдардың қызметiн реттейтiн заңнамалық актiлерiнiң талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.»;
40) мынадай мазмұндағы 53-1-баппен толықтырылсын:
«53-1-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
1. Лицензиатқа жарнама жарияланған күні шындыққа сай келмейтін қызметін жарнамалауға тыйым салынады.
2. Уәкілетті орган лицензиаттан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оның тоқтатылуын немесе оны теріске шығаруды жариялауды талап етуге құқылы.
Осы талаптар уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не мұндай жарнаманы жариялаған лицензиат есебінен оларды нақтылауға құқылы.
3. Бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар ұсынатын қызметтерді жарнамалаушы ретінде мына тұлғаларға:
уәкілетті органның бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;
лицензиаттардың қызметкерлері болып табылмайтын және лицензиаттар уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға әрекет етуге тыйым салынады.»;
41) 54-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының бірінші басшысы мен мүшелері;
2) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының бірінші басшысы (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) мен мүшелері;
3) трансфер-агенттің бас бухгалтерін қоспағанда, бас бухгалтер;
4) өтініш берушінің (лицензиаттың) оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын бір немесе бірнеше құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн үйлестiрудi және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және клиенттермен жасалған шарттарда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген әртүрлі есептілік нысандарын қоса алғанда, клиенттермен жасалатын кез келген шарттарға, клиенттерге және (немесе) уәкілетті органға берілетін ақпаратқа, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы клиенттердің шоттарындағы активтердің қозғалысы мен қалдығының салыстырып тексерілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге де басшылары өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлері болып танылады.»;
2-тармақта:
5) тармақшада:
«директорлар кеңесінің» деген сөздер «басқару органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«басқармасының» деген сөз «атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың 41) тармақшасының он екінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
«тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің» деген сөздер «трансфер-агенттің атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер» деген сөздер «лицензиаттың не өзге де қаржы қызметтерін көрсететін қаржы ұйымының басшы қызметкері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және қызметін жүзеге асыратын өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органы мүшелерінің саны үш адамнан кем болмауға тиіс.»;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшада:
«басқармасының» деген сөз «атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың 41) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
«тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің» деген сөздер «трансфер-агенттің атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«директорлар кеңесінің» деген сөздер «басқару органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«басқарма» деген сөз «атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өзге де басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.»;
екінші бөлікте:
«Директорлар кеңесі» деген сөздер «Басқару органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«басқарма» деген сөз «атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «бұл адам өзiн уәкiлеттi органның осы» деген сөздер «осы адам уәкілетті органның оны» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті органның басшы қызметкерге және (немесе) осы басшы қызметкер тиісті қызметті атқаратын (соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде атқарған) лицензиатқа санкцияларды жүйелі түрде (соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қолдануы;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның лицензиаттың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімін қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге де қаржы ұйымдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.»;
42) 56-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмілені бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды уәкілетті орган сауда жүйесінде осы мәміле жасалған, бағалы қағаздармен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасы сараптама комитетінің (бұдан әрі осы бапта - сараптама комитеті) қорытындысын қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырады.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «директорлар кеңесінің комитетін» деген сөздер «сараптама комитетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Қор биржасының директорлар кеңесінің бағалы қағаздармен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселесі жөніндегі комитеті (бұдан әрі осы бапта - сараптама комитеті)» деген сөздер «Сараптама комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
3) тармақша «бағалы қағаздар» деген сөздердің алдынан «ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған,» деген сөздермен, 5) тармақша «сұраныстың» деген сөздің алдынан «ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған,» деген сөздермен толықтырылып, «мәміле жатқызылады.» деген сөздер « мәміле;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған, сараптама комитеті айқындаған қосымша талаптарға сәйкес келетін өзге де мәмілелер жатқызылады.»;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмілелерді бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің ұсынған құжаттарын талдау не бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша жүзеге асырады.
8. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
43) 56-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«56-1-бап. Инсайдерлiк ақпаратқа билiк етудi және оны пайдалануды шектеу
1. Эмитенттің ішкі құжаттарында:
1) инсайдерлікке жататын ақпарат тізбесі;
2) инсайдерлік ақпаратты ашып көрсету тәртібі мен мерзімдері;
3) инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу үшін ішкі бақылау қағидалары;
4) инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар тұлғалардың тізімін жүргізу, сайма-сай қалпында ұстау, сондай-ақ оларды тізімнен шығару тәртібі;
5) тұлғаларды осы баптың 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізген (тізімнен шығарған) жағдайларда оларға хабарлама жіберу, сондай-ақ осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында белгіленген жағдайда тұлғаларға хабарлау тәртібі мен мерзімдері;
6) осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың эмитентке өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлері туралы ақпарат беру тәртібі мен мерзімдері;
7) эмитентке инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін өзге де ережелер белгіленеді.
Эмитенттің осы тармақта көрсетілген ішкі құжаттарын (осы бапта бұдан әрі - ішкі бақылау қағидалары) эмитенттің басқару органы бекітуге тиіс.
2. Мыналар инсайдерлік ақпаратқа жатпайды:
1) инвестициялық шешімдер қабылдау және (немесе) бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) операцияларды жүзеге асыру туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар әзірлеу мақсатында жасалған бағалы қағаз (туынды қаржы құралы) құнына, эмитенттің мүліктік жағдайына қатысты зерттеуді, болжауды және бағалауды қоса алғанда, жалпыға қолжетімді мәліметтер негізінде әзірленген ақпарат;
2) бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат;
3) дерек көзі беймәлім, қалың қауымға таралатын, расталмаған ақпарат, сондай-ақ эмитенттің ағымдағы немесе жоспарланған қызметіне қатысты болжамдар.
3. Мына адамдар инсайдерлер болып танылады:
1) өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар эмитент қызметкерлері;
2) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленуіне, пайдалануына және (немесе) оларға билік етуіне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар адамдар;
3) аудиторлық ұйым, бағалаушы, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар және талаптарында инсайдерлік ақпаратты ашып көрсету көзделіп жасалған (оның ішінде ауызша) шартқа сәйкес эмитентке қызметтер көрсететін басқа да адамдар;
4) эмитент шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) оның тізіміне енгізілген сауда-саттықты ұйымдастырушы;
5) қор биржасы директорлар кеңесінің, қор биржасы листинг комиссиясының және бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді айлы-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған, сауда жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздарымен мәмілелер жасалатын қор биржасы сараптама комитетінің мүшелері;
6) бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша өздеріне берілген функцияларға қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар мемлекеттік қызметшілер;
7) мүшелері эмитенттер болып табылатын қоғамдық бірлестіктер мен өзін-өзі реттейтін ұйымдар және осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, өздеріне берілген өкілеттіктерге қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар ұйымдар;
8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар қызметкерлері;
9) осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында аталған адамдардан инсайдерлік ақпаратты алған адамдар.
4. Инсайдерлер:
1) бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) мәмілелер жасаған кезде инсайдерлік ақпаратты пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік ақпаратты үшінші бір адамдарға беруге немесе үшінші бір адамдар үшін қолжетімді етуге;
3) инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы ұсынымдарды үшінші бір адамдарға беруге құқылы емес.
5. Эмитент мынадай іс-шараларды жүргізу арқылы:
1) оның қызметіне қатысты болатын және жалпыға бірдей қолжетімді болып табылмайтын ақпаратты, егер салдарына байланысты эмитенттің мүліктік және қаржылық жағдайы үшін бұл ақпараттың осы эмитент шығарған (берген) бағалы қағаздардың (туынды қаржы құралдарының) құнына әсер етуге ықпалы болса, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда ашып көрсету;
2) ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ эмитенттің және оның қызметкерлерінің осы қағидалардың талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асыру;
3) міндетіне эмитенттің және оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының және ішкі бақылау қағидаларының талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру кіретін құрылымдық бөлімше құру не лауазымды адамды тағайындау;
4) эмитенттің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар тізімін жүргізу және сайма-сай қалпында ұстау;
5) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізілген адамдарға олардың тізімге (тізімнен) енгізілгені (шығарылғаны) туралы хабарлама жіберу, аталған адамдарға инсайдерлік ақпаратқа билік ету және оны пайдалану бөлігінде осы Заң мен ішкі бақылау қағидаларының талаптарын хабарлау;
6) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізілген адамдардың тізімін уәкілетті органға оның талап етуі бойынша табыс ету;
7) ішкі бақылау қағидаларында көзделген өзге де іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, алайда олармен шектелмей, эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік еткені және оны пайдаланғаны үшін бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
6. Осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар:
1) осы заңды тұлғалар оларға қатысты инсайдерлер деп танылған, өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттердің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлерінің тізімін жүргізуге;
2) осы заңды тұлғалар оларға қатысты инсайдерлер деп танылған, инсайдерлік ақпаратты пайдалануға тыйым салу бөлігінде осы Заңның және ішкі бақылау қағидаларының талаптары туралы өз қызметкерлеріне хабарлауға;
3) осы заңды тұлғалар оларға қатысты инсайдерлер деп танылған эмитенттерді өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттердің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлері туралы ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде хабарлауға міндетті.»;
44) 63-бапта:
2-тармақ «тәртiбiне» деген сөзден кейін «және шарттарына» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тапсырма шартының нормалары - номиналды ұстау қызметтерін ұсыну бөлігінде, ал комиссия шартының нормалары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызметтер көрсету бөлігінде қолданылады. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызметтер көрсету брокерлік шарт тараптарының келісімі бойынша тапсырма шартының немесе комиссия шартының негізінде ұсынылады.»;
4-тармақтың 2) тармақшасындағы «бөлімшесі енуге тиiс.» деген сөздер «бөлiмшесi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердiң ішкі құжаттарына сәйкес өзге де құрылымдық бөлімшелері енуге тиiс.»;
45) 64-бапта:
2-1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет шеңберінде брокер және (немесе) дилер брокердің шоттарындағы өз клиенттерінің ақшасын қарыз түрінде не өз мүдделерінде немесе үшiншi бір адамдардың мүдделерiнде міндеттемелерді орындау ретінде пайдалануға құқылы емес.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Брокер және (немесе) дилер эмитентке:
1) андеррайтер ретiнде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру;
2) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралдары бойынша баға белгілеуді жариялау және ұстау;
3) бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге құқылы.
Брокер және (немесе) дилер эмитентке осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған қызметтерді көрсеткен кезде осы эмитенттің облигацияларын ұстаушылар өкілі болуға құқылы емес.»;
46) 12-тарау мынадай мазмұндағы 64-1 және 64-2-баптармен толықтырылсын:
«64-1-бап. Бірыңғай тіркеушінің құқықтық жағдайы және оның қызметін ұйымдастыру
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеушінің қызметі уәкілетті органның лицензиялауына жатпайды.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметінің тәртібі осы Заңның 65-бабының талаптарына сәйкес белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қор биржасы және орталық депозитарий ғана бірыңғай тіркеушінің құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
3. Бірыңғай тіркеушінің органдары, олардың функциялары мен өкілеттіктері, олардың құрылу және шешімдер қабылдау тәртібі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен, бірыңғай тіркеушінің жарғысымен және ішкі құжаттарымен айқындалады.
Бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.
Осы заңның 54-бабының талаптары бірыңғай тіркеушінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.
4. Бірыңғай тіркеуші:
1) ақпараттық жүйелерді, деректер базаларын қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және өзге де үй-жайларының болуына;
2) өз қызметінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын ақпаратты сақтау үшін резервтік орталығының болуына;
4) бірыңғай тіркеуші өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге жыл сайын аудит өткізуге міндетті.
5. Бірыңғай тіркеуші:
1) қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуға құқылы емес.
18-тармақтың 46) тармақшасының он жетінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. Бірыңғай тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады. Бұл талап осы Заңның 80-бабының 3-1-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде орталық депозитарийге қолданылмайды.
64-2-бап. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы
1. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздар рыногы субъектілерімен өзара қатынастарын айқындайтын оның ішкі құжаты болып табылады.