мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осы облигациялардың айналымы көзделген жағдайда эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың қор биржасының тізіміне эмитент облигацияларын енгізуге және олардың тізімде болуына қойылатын талаптарға сай келуі туралы қор биржасының қорытындысын, сондай-ақ қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығару проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын;»;
мынадай мамзұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Микрокредиттік ұйымдардың, кредиттік серіктестіктердің, өзара сақтандыру қоғамдарының және ломбардтардың мемлекеттік емес облигациялар шығаруға құқығы жоқ.»;
11) 13-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Эмитенттің облигациялық бағдарлама шегiнде құрылымы бойынша әртүрлі облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқығы бар.»;
12) 14-бап алып тасталсын;
13) 15 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Облигациялар шығарудың шарттары
1. Егер облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға ұсыну күнi эмитентте айналымдағы бағалы қағаздар (акцияларды қоспағанда) шығару шарттарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) уақтылы орындамаған немесе орындамаған, сондай-ақ айналымдағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмаса ғана және инфрақұрылымдық облигациялар эмитентiн қоспағанда, эмитент мынадай талаптардың бiрiн сақтаған жағдайда:
1) облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға ұсыну күнi эмитентте уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес рейтинг агенттiктерi бiрінiң талап етілетiн ең төменгi рейтингi болса;
2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттiң левередж шамасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген шамадан аспаса;
3) жаңадан шығарылған облигациялар ипотекалық облигациялар болып табылса, эмитент облигациялар шығарылымын жүзеге асыруға құқылы.
Эмитенттiң левередж шамасына осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген талаптар облигациялар айналымының барлық мерзімі ішінде қолданыста болады.
Осы тармақтың талаптары ұлттық басқарушы холдингке қолданылмайды.
2. Осы облигацияларды шығару проспектісінде белгіленген облигациялар айналымы мерзімі ішінде эмитент мынадай шарттарды сақтауға:
1) эмитент активтерінің құрамына кіретін мүлікті иеліктен шығару күні эмитент активтерінің жалпы құнының жиырма бес пайызынан асатын сомаға иеліктен шығармауға;
2) эмитент облигацияларының шығарылымына байланысты емес міндеттемелерді облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күніне аталған эмитент активтерінің жалпы құнының он пайызынан астамын орындамау фактілеріне жол бермеуге;
3) эмитенттің құрылтай құжаттарына эмитент қызметінің негізгі түрлерін өзгертуді көздейтін өзгерістер енгізбеуге;
4) ұйымдық-құқықтық нысанын өзгертпеуге міндетті.
Эмитент осы тармақта көзделген шарттарды бұзған жағдайда, жиналған сыйақыны ескере отырып, эмитент облигацияларды ұстаушылардың талаптары бойынша облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен облигацияларды сатып алуға міндетті.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұйым міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүргізген кезде оған;
2) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған эмитенттер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда облигациялар шығарылымын жүзеге асыруға құқылы.»;
«18-бап. Агенттiк облигациялардың шығарылымы
Агенттiк облигациялардың шығарылымы, айналымы және оларды өтеу шарттары мен тәртібі, агенттiк облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу мақсатында қаржы агенттiгi уәкiлеттi органға табыс ететін құжаттардың тізбесі, шығарылымды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.»;
14) мынадай мазмұндағы 18-3 және 18-4-баптармен толықтырылсын:
«18-3-бап. Шетел валютасында номиналданған облигациялар шығарылымының ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттер немесе халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында номиналды құны шетел валютасында көрсетілген облигацияларды шығаруға құқылы.
2. Номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялардың шығарылымы, айналымы және оларды өтеу, сондай-ақ оларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті ұсыну шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
18-4-бап. Орналастырылған облигацияларды сатып алу
1. Эмитент орналастырылған облигацияларды сатып алуды:
1) эмитенттің органы облигациялардың делистингі туралы шешім қабылдаған;
2) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған ақпаратты қор биржасына ұсыну бөлігінде арнайы (листингтік) талаптарды орындамау себебімен қор биржасы эмитент облигацияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
3) эмитент облигацияларды ұстаушылардың бұрынғы өкілімен шартты бұзған немесе оның қолданысын тоқтатқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асатын мерзімде облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасаспаған жағдайларда жүргізуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген жағдайларда жиналған сыйақыны ескере отырып, эмитент орналастырылған облигацияларды олардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен не қай шамасы үлкен болып табылатындығына қарай облигациялардың әділетті нарықтық бағасымен сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.»;
15) 19-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облигациялардың шығарылымы мен айналымы кезiнде эмитент алдында облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiрудi облигацияларды ұстаушылардың өкiлi (бұдан әрi - өкiл) жүзеге асырады.»;
16) 20-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алған ақшаны нысаналы пайдалануын бақылайды;»;
«3-1) эмитенттің қаржылық жағдайына мониторингті және оның корпоративтік оқиғаларына талдау жасауды жүзеге асырады;»;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған, оның ішінде меншігінде эмитенттің орналастырылған (сатып алғандарды шегергенде) облигацияларының елу және одан көп пайызы бар облигацияларды ұстаушылардың атынан сотқа эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша талап-арыз беру арқылы шаралар қолданады;
5) облигацияларды ұстаушыларға және уәкілетті органға осы тармақтың 1), 1-1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларына сәйкес өзiнiң iс-әрекеттерi туралы және мұндай iс-әрекеттерінiң нәтижелерi туралы тоқсанына кем дегенде бір рет хабарлайды.»;
мынадай мазмұндағы 2-2 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«2-2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген функцияларды іске асыру мақсатында өкіл облигацияларды ұстаушылардың тізімі туралы ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
Эмитент уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және өкілмен жасалған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда өкілге осы баптың 1-тармағында көрсетілген функцияларды іске асыру үшін оның сұратқан ақпаратын ұсынуға міндетті.»;
18-тармақтың 16) тармақшасының он екінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«4. Өкіл өзінің интернет-ресурсында осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларына сәйкес өзiнiң iс-әрекеттерiнің нәтижелерi туралы ақпаратты, сондай-ақ эмитент пен өкіл арасында жасалған шартқа сәйкес эмитент ұсынатын ақпаратты орналастыруға міндетті.»;
17) 22-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шығару проспектісінде ұйымдастырылған рынокта не ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған рыноктарда осы облигациялардың айналымы көзделген облигациялар ұйымдастырылған рынокта ғана орналастырылуға тиіс.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) акцияларды орналастыру кезінде:
1) эмитенттің орналастырылған акцияларды кері сатып алуын жүзеге асыру құқығын не міндетін көздейтін мәмілелерді жасасуға (жасауға);
2) талаптарында (шығарылым талаптарында) эмитенттің орналастырған акцияларын эмитенттің сатып алу құқығы немесе міндеті көзделетін шарттар жасасуға (туынды бағалы қағаздарды сатып алуға) тыйым салынады.
Эмитенттің (андеррайтердің, эмиссиялық консорциумның) облигацияларды орналастыру кезінде облигациялардың жекелеген ұстаушыларына облигацияларды шығару проспектісінде белгіленбеген қосымша құқықтарды беруіне тыйым салынады.»;
18) 22-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1-бап. Шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздар тізіміне енгізудің шарттары мен тәртiбi
1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы мынадай негiзгi шарттар сақталған жағдайда уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты болған кезде ғана шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыруға құқылы:
1) осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымының бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аталған резидент ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген болса.
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне меншігінде аталған заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы бар Қазақстан Республикасының ұйымы бұрын шығарған бағалы қағаздар енгізілуге тиіс;
2) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шығарған облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде олар Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшін ұсынылуға тиіс, ал ұсыну кезiндегi осы облигацияларды орналастыру шарты оларды шет мемлекет аумағында орналастыру кезiндегi шарттарымен бiрдей болу керек. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыногында осы облигацияларды сатып алуға инвесторлардың өтінімдерін (бұдан әрі - инвесторлар өтінімдері) тіркеуді Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, сауда жүйесінде облигацияларды орналастыруды қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын қор биржасы жүзеге асырады.
Инвесторлар өтінімдері облигацияларды осылай орналастыру шеңберіндегі барлық өтінімдерді қабылдау нәтижелері бойынша эмитент айқындаған, облигациялар шығарылымын орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемінің кемінде жиырма пайызы көлемінде өтеуге табыс ставкасы бойынша қанағаттандырылады. Егер Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыногында облигацияларға сұраныс облигациялар шығарылымын орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемінің жиырма пайызынан кем болса, онда инвесторлар өтінімдері толық көлемде қанағаттандырылады;
3) шығарылымын уәкілетті орган тiркеген облигацияларды орналастыру кезiнде осы облигациялар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тiзiмiнiң санаттарына енгiзiлуге тиiс;
4) шығарылымы шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тiркелген облигацияларды орналастыру кезiнде осы облигациялар бойынша қор биржасының оларды уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген қор биржасы тiзiмiнiң санаттарына енгiзуге келiсiмi алынуға тиiс;
5) акцияларды, сондай-ақ акционерлiк қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен шығарылатын және базалық активi осы акционерлiк қоғамның акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде:
осы акциялар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген қор биржасы тiзiмiнiң санаттарына енгiзiлуге тиiс;
эмитенттің уәкiлеттi органының акцияларды орналастыру туралы шешiмi осы акциялардың жалпы санының кемiнде жиырма пайызы Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшін ұсынылуға тиiс деген шартты қамтуға тиіс. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшiн ұсынылуға тиiс акциялардың саны, егер осындай сан осы акцияларды басым сатып алу құқығын iске асырудың нәтижесi болып табылса, орналастырылатын акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан кем болуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары:
1) осы эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасы тізімінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген санаттарына енгізілуі және онда болуы;
2) шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруға осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған кезде уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты болғанда шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында сауда-саттығы жүргізілетін бағалы қағаздар тізіміне енгізілуі және (немесе) онда болуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) активтерiнiң кемiнде үштен екiсі Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған заңды тұлғалар және (немесе) тиiмдi басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге де заңды тұлғалар осы Заңның мақсатында Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары болып танылады.
Заңды тұлғаның негiзгi басқару және кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу үшiн қажеттi стратегиялық коммерциялық шешiмдер қабылдау жүзеге асырылатын орын тиiмдi басқару орны (нақты басқару органы) болып танылады.
4. Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға уәкiлеттi органның рұқсат беруiнiң шарттары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
5. Осы баптың 1-тармағының талаптары:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұйым міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүргізген кезде оған;
2) төлемі осы ұйым бұрын орналастырған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жүзеге асырылатын, айналым мерзiмi өткен облигацияларды ұйым орналастырған кезде оған;
3) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген облигациялар бойынша Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымының міндеттемелерін қабылдаған жағдайда оған қолданылмайды.
6. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасы резидент ұйымының осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 5) тармақшасының үшінші абзацында көзделген шарттарды орындауын растайтын ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынады.»;
19) 23-баптың 4-тармағы «ол» деген сөзден кейін «міндеттемелерін» деген сөзбен толықтырылсын;
20) 24-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «өз мiндеттемелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген кепіл шартының болуын» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 26-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) эмитенттің жарғысында және бағалы қағаздар шығару проспектісінде айқындалған тиiстi хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;»;
22) 30-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Таратылатын акционерлік қоғам таратылатын қоғамның тарату теңгерімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде акциялар шығарылымын жою мақсатында уәкілетті органға өтініш білдіреді.
1-2. Уәкілетті орган акционерлік қоғамдардың акциялар шығарылымын жою жөніндегі шешімді акцияларды жоюға қажетті құжаттарды ұсынбай-ақ қабылдауға құқылы, оларды тарату немесе қайта ұйымдастыру (осы акционерлік қоғамға басқа заңды тұлғаның қосылу немесе осы акционерлік қоғамнан жаңа акционерлік қоғамның бөлініп шығу жағдайларын қоспағанда) туралы мәліметтер Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінде қамтылады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
23) 31-бапта:
2-тармақтағы «Облигациялар бойынша кiрiс және облигациялардың нақтылы құны оларды өтеу кезiнде» деген сөздер «Облигацияларды өтеу кезінде олардың номиналды құны және (немесе) облигациялар бойынша табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «кiрiс және облигациялардың нақтылы құны оларды өтеу кезiнде» деген сөздер «табыс және (немесе) облигацияларды өтеу кезiнде олардың номиналды құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 32-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Эмитент мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi бекітуге құжаттарды беру шарттары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартуға құқылы.
Эмитент уәкiлеттi органның мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тарту жөніндегі шешіміне сотқа шағымдануға құқылы.»;
25) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының айналымы»;
26) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары
1. Биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметін жүзеге асыруға сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттармен тауар биржасындағы туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған брокерге және (немесе) дилерге тауар биржасында, нысанасы туынды қаржы құралдары болып табылатын, базалық активі тауар болып табылатын мәмілелерді қоспағанда, тауарлармен мәмілелер жасасуға (жасауға) тыйым салынады.
Тауар биржасында орталық контрагенттің қатысуынсыз мәміле жасалған жағдайда брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген, тапсырма шартының нормалары қолданылатын брокерлік қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде тек қана клиенттің есебінен және тапсырмасы бойынша әрекет етеді.
3. Клиринг ұйымы, орталық депозитарий немесе қор биржасы орталық контрагент бола алады.
Қор биржасының уәкілетті органмен келісілген ішкі құжаттарында осы қор биржасының сауда жүйесінде мәмілелер жасасқан кезде орталық агенттің функцияларын өзге де ұйымдардың орындау мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
4. Орталық контрагент қатыса отырып, туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары орталық контрагент болып табылатын клиринг ұйымының, орталық депозитарийдің, қор биржасының уәкілетті органмен келісілген ішкі құжаттарында белгіленеді.
5. Номиналды ұстаушылар туынды бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуді және олар бойынша құқықтарды растауды осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары мен тәртiбi қор биржасының iшкi құжаттарында белгiленедi.»;
18-тармақтың 27) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27) 36-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тіркеуші (номиналды ұстаушы) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөнінде талап ету құқықтарын беруді тіркеуді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеуді тіркеуші мәмілеге қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге қарсы бұйрықтары негізінде (біржақты мәмілені тіркеу жағдайында - мәмілеге қатысушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың негізінде, қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қайта құрылымдауды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелерді тіркеу жағдайында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттардың негізінде) жүзеге асырады.
Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеу:
1) бұйрық берген адамның өкілеттіктерін тексеруді және бұйрық нысанының белгіленген талаптарға сәйкес келуін;
2) бұйрықтың тіркелуін;
3) бұйрықта көрсетілген іс-әрекеттерді жасау мүмкіндігін тексеруді;
4) бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болмаған кезде онда көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыруды;
5) клиентке бұйрығының орындалғаны туралы есепті жіберуді қамтиды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болған кезде тіркеуші клиентті бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Егер осы мәмілені тіркеу үшін табыс етілген құжаттар осы Заңның және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің және (немесе) тіркеушінің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келмесе, тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесінде тіркеуден бас тартуға міндетті.»;
18-тармақтың 28) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28) 38-бапта:
1-тармақтағы «(жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде)» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Номиналды ұстаушы номиналды ұстау жүйесіндегі жеке шоттан үзіндіде көрсеткен бағалы қағаздардың саны, түрлері туралы мәліметтер номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шоты (номиналды ұстаушы клиентінің қосалқы шоты) бойынша мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған мәліметтер басымдыққа ие болады.»;
29) 41-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акция қалдықтарын қоспағанда, акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздарының қалдықтары мен қозғалысы туралы;»;
2) тармақшада:
«және нақтылы» деген сөздер «және (немесе) номиналды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, осы шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акциялардың қалдықтары туралы;»;
30) 42-бап алып тасталсын;
31) 44-бапта:
1-тармақ «құрайтын мәліметтерді» деген сөздерден кейін «және инсайдерлік ақпаратты» деген сөздермен толықтырылсын;
2 және 3-тармақтар «құрайтын мәліметтерді» деген сөздерден кейін «және инсайдерлік ақпаратты» деген сөздермен толықтырылсын;
32) 45-бапта:
1-тармақта:
18-тармақтың 32) тармақшасының үшінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі;»;
2-тармақ «депозитарийлiк қызмет» деген сөздерден кейін «және бірыңғай тіркеушінің қызметі» деген сөздермен толықтырылсын;