6-тарау. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен
есеп айырысу кезінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың
артық төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 39-бап өзгертілді; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
39-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп
айырысу кезінде салық төлеушінің артық төлеген салық,
төлемақы, өсімпұл сомаларын есепке жатқызу
1. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, өсімпұлдың осы түрі бойынша міндеттемелер ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген және төлеуге есептелген сомалары арасындағы айырма артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы болып танылады.
Осы Кодекстің 198-1-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушіге қайтарылуға тиіс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып танылады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Осы тараудың мақсаттары үшін жер учаскелерін пайдаланғаны, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақылар төлемақы деп танылады.
3. Бюджетке артық төленген салық және төлемақы сомасы салық берешегін өтеу есебіне:
1) салық төлеушінің өтінішінсіз салықтың және төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) салық төлеушінің өтініші бойынша өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай тәртіппен:
салықтың және (немесе) төлемақының басқа да түрлері бойынша бересіні, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне міндетті есепке жатқызылуға тиіс.
2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 39-баптың 4-тармағы 2010 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:
1) бересіні, өсімпұлдарды және салықтың басқа да түрлері бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылуға тиіс.
5. Бюджетке артық төленген өсімпұл сомасы:
1) салық төлеушінің өтінішінсіз салықтың және төлемақының осы түрі бойынша бересі мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) салық төлеушінің өтініші бойынша өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай тәртіппен:
салықтың және (немесе) төлемақының басқа түрлері бойынша бересіні, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға тиіс.
6. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасын есепке жатқызуды бюджетке салық, төлемақы, өсімпұл төлейтін жердегі салық органы осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізеді.
7. Осы баптың 3 және 5-тармақтарында белгіленген мерзім бұзылған жағдайда, есепке жатқызу мерзімі бұзылған әр күн үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
8. Бюджетке артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы басқа салық төлеушінің салық міндеттемесі бойынша берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылмауға тиіс.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен тақырыбы және 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
40-бап. Салық мiндеттемесiн орындаған кезде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару
1. Салықтың төлемақының, өсімпұлдың артық төленген сомасы осы Кодекстiң 39-бабында көзделген есепке жатқызуларды жүргiзгеннен кейiн салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банк шотына аударылуға тиiс.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салықтың төлемақының, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару салық төлейтiн жер бойынша қайтару туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2-1- тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 39-баптың 4-тармағы 2010 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 40-баптың 2-1-тармағы 2010 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2-1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомасын қайтару бюджетке кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың артық төленген сомасының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төленген жері бойынша жүргізіледі.
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде, қайтару мерзiмiнiң әрбiр бұзылған күнi үшiн өсiмпұл есептеледi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, бюджетке төленген басқа мiндеттi төлемдердiң , өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару осы бапқа сәйкес жүргiзiледi.
7-тарау. Салықтарды төлеу жөніндегі салық
міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгертілуі
41-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiнiң өзгертiлу ұғымы және оның жалпы шарттары
1. Салықтарды (төлем көзiнен ұсталатын салықтар мен акциздерден басқа) төлеудiң осы Кодекспен белгiленген мерзiмiн салық төлеушiнiң негiзделген өтiнiшi негiзiнде, неғұрлым кеш мерзiмге, бiрақ күнтiзбелiк жылдың он айынан асырмай ауыстыру салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту деп танылады.
2. Өзгертiлген мерзiм бойынша салық мiндеттемесiн орындау құқығы басқаға берiлуге тиiс емес.
3. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту, осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнi осы Кодекстiң 46-бабына сәйкес салықтар сомаларын дер кезiнде төлемегенi үшiн өсiмпұл төлеуден босатпайды.
4. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту, осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы жүргiзiледi.
5. Салық төлеушiнiң мүлкiн кепiлге алу және банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмiн өзгерту туралы шешiм қабылдауға уәкiлеттi орган
1. Республикалық бюджетке келiп түсетiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттік орган, осы Кодекстің 249-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қабылдайды.
2. Жергiлiктi бюджетке толық көлемiнде келiп түсетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу орны бойынша салық органы жергiлiктi атқарушы органмен келiсе отырып қабылдайды.
43-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдердің қолданылуын тоқтату
1. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы онда белгiленген қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн тоқтатылады.
2. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы салық төлеушi салықтардың бүкiл сомасын шешiмде белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн төлеген жағдайда немесе салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау шарттарын бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
44-бап. Салық төлеушiнiң кепiлге салынған мүлкiнен өндiрiп алу және оны өткізу тәртібі
1. Кепiлмен (банк кепiлдiгiмен) қамтамасыз етiлген салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертудiң шарттары орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, салық қызметi органдары салық төлеушiнің кепiлге салынған мүлкiн өндiрiп алуға не банк кепiлдiгiнiң орындалуын талап етуге құқылы.
2. Салық төлеушiнiң кепiлге салған мүлкiн өткізу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
8-тарау. Мерзімінде орындалмаған салық
міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
45-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін
орындауды қамтамасыз ету тәсілдерi
Салық төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау:
1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұл есептеу;
2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері салық төлеушіге осы Кодекстің 31-бабында белгіленген мерзімдерде хабарлама жіберген кезде қолданылады.
Салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауына байланысты почта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарған жағдайда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген тәсілі салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауы туралы салық қызметі органдары жасаған актінің және салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жерін анықтау мүмкін еместігі туралы тиісті құқық қорғау органдары жауабының негізінде бес жұмыс күні ішінде қолданылады.
Салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауы туралы акт почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 46-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
46-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
1. Мерзiмi өткен салық мiндеттемесiнiң сомасына есептелетiн осы баптың 3-тармағында белгiленген мөлшер өсiмпұл болып танылады.
2. Өсiмпұл сомасы салық берешегiн өтеу бойынша салық мiндеттемесiн мәжбүрлеп орындату шараларын, сондай-ақ салық заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылықтың өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледi және төленедi.
3. Өсiмпұл салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төлеу мерзiмi күнiнен кейiнгi күннен бастап, өткен әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде бюджетке төлеген күндi қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есептеледi.
4. Салық және басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін, сондай-ақ салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу шотына қабылданған қолма-қол ақшаны бюджетке аударуды (есептеуді) кешіктіргені үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есептеледі.
5. Салық төлеушiнi банкрот деп таныған сот шешiмi қабылданғанда не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылданғанда, не оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда, осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күннен бастап, жиналған бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
6. Бересiнің жиналып қалуының бiрден бiр себебi қызмет көрсететiн банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердiң кредит берушiлерiне бересi сомаларын дер кезiнде өтемегенi үшiн өсiмпұл банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiм күшiне енген кезден бастап есептелмейдi.
7. Бересiнi өтеу үшiн сот шешiмiмен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылғанда, жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешiмi күшiне енгiзiлген кезден бастап оларды орналастыру аяқталғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
8. Жеке тұлға хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап, оның күшi жойылғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
9. Салықтың артық төленген сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 39-бабының 2-тармағында белгіленген есепке алуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте салық төлеушінің артық төленген салық сомасын есепке алуды жүргізуге берген өтінішінде көрсетілген артық төленген салық сомасына барабар бересі сомасына өсімпұл есептелмейді.
Аталған ереже осы Кодекспен белгіленген жағдайларға қолданылмайды.
23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 47-бап өзгертілді
47-бап. Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
1. Заңды тұлғаның және жеке кәсiпкердiң банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен:
1) салық төлеушi салық есептілігiн тапсыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде оны табыс етпеген;
2) белгiленген төлеу мерзiмi күнiнен бастап отыз жұмыс күнi өткеннен кейiн салық берешегiн өтемеген;
3) салық қызметi органының лауазымды адамдарының, осы Кодексте белгiленген салық тексеруiн жүргiзу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi салық тексеруiне, қарауына жол бермеген;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) осы Кодекстің 45-бабында көзделген құжаттармен расталған салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда жүргізіледі.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық берешегiн өтеу жөніндегі операциялардан басқа, салық төлеушiнiң барлық шығыс операцияларына қолданылады.
2. Салық төлеушiнің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып белгiлеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi.
3. Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар сөзсiз орындауға тиiс.
4. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды.
Салық төлеушінің банк шоты жабылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк тиісті салық органына салық төлеушінің банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұратыны туралы өкімді қайтарады.
5. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, салық тексеруi нәтижесi бойынша мен өсiмпұлдардың есептелген сомасы туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргiзiлмейдi.
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 48-бап өзгертілді
48-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етуiн шектеу туралы шешiм шығару
1. Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етудi шектеу жүргiзiледi.
Мүлiкке иелiктi шектеу туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша шығарылады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Салық төлеушiнiң мүлкiне билiк етуiн шектеу туралы шешiм меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы (мүлiктi шаруашылық жүргiзуге беру туралы шартта оны иелiктен айыруға тыйым салу көзделген жағдайлардан басқа реттерде) мүлiкке қатысты шығарылады.
Салық төлеушiнiң қаржы лизингiне және (немесе) кепiлге берiлген мүлкiне билiк етудi шектеу туралы шешiм шығарылған кезде салық органы осы мүлiкке қатысты шешiм шығарылған кезден бастап оның күшi жойылғанға дейiн салық органдарына - шарттың қолданылуы аяқталғанға дейiн осы мүлiктi алып қоюға, ал салық төлеушiге шарттың талаптарын өзгертуге (шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуға, қосалқы лизингке және (немесе) қайта кепiлге беруге) тыйым салынады.
3. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы салық төлеушiнiң жеке шотында бар салық берешегi сомасы туралы деректердiң негiзiнде қабылдайды.
4. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң негiзiнде салық төлеушiге мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету шарттарын бұзғаны үшiн жауаптылық туралы ескертiле отырып, салық берешегi сомасына мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн жасау жүргiзiледi.
Билiк ету шектелген мүлiк тiзiмдемесi салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебi деректерiнiң негiзiнде айқындалатын оның бағасы көрсетiле отырып немесе Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы заң актiсiне сәйкес жүргiзiлетiн тәуелсiз бағалау негізiнде жүргiзiледi және уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда және тәртiппен екi дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi.
Тiзiмдеме актiсiн жасау кезiнде салық төлеушi мұндай мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
Салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу кезiнде қатысқан салық төлеушiге мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi және мүлiк тiзiмдемесi актiсiнiң бiр данасын тапсыруға мiндеттi.
5. Салық төлеушi салық берешегi сомаларын өтегеннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешімнің күшін жояды.
9-тарау. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп
алу шаралары
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 312-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 49-бап өзгертілді
49-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
Салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес хабарлама жiберiледi. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
1) банк шоттарындағы ақшасының есебінен;
2) қолма-қол ақшасының есебінен;
3) дебиторларының шоттарынан;
4) билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен;
5) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы жүргiзiледi.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 50-бап өзгертілді
50-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
2006.20.02. № 127-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.26.07. № 312-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Салық төлеушi декларациялар және (немесе) есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ салық тексерулерi нәтижелерi бойынша есептеген салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын салық төлеушiнің және (немесе) дербес салық төлеушi болып табылмайтын оның құрылымдық бөлiмшелерінің банк шоттарынан олардың келісімiнсiз мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.
Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.
2. Салық төлеушінің банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаның көрсетiлген қарыздардың өтелмеген негiзгi борышы мөлшеріндегі сомасын қоспағанда, салық органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
3. Банк салық төлеушінің бір банктік шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассолық өкімін орындаған кезде, банк салық органына салық төлеушінің аталған банкте ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассолық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассолық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол есепті кезең үшін ұсынса, салық органының инкассолық өкімдердің орындалғандығын растайтын төлем құжатын қоса тіркеп, салық органына орындаусыз қайтарады.
4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен белгіленген нысан бойынша ұсынылады және онда салық төлеушінің немесе салық агентінің салық берешегi сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн банк шоты көрсетiледi.
5. Салық төлеушiнiң теңгемен жүргiзiлетiн банк шоттарында ақша болмаған жағдайда, салық берешегi салық төлеушiнiң шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары теңгемен ұсынған инкассолық өкiмдерi негiзiнде өндiрiп алынады.
6. Клиентке қойылған талаптардың бәрін қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезекте және аталған өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды.
7. Салық төлеушiнiң банк шотында (шоттарында) ақшасы болмағанда немесе жеткiлiксiз болғанда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған жағдайда банк осы шотқа (шоттарға) ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектілікпен салық берешегiн өтеу есебiне клиенттiң ақшасын алуды жүргiзедi.
8. Салық органы салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассолық өкiм шығарған салық төлеушiнiң банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассолық өкiмдi орындауға қабылдаған банк заңдарға сәйкес салық төлеушiнің банк шоты жабылған кезде аталған инкассолық өкiмдi салық төлеушiнің банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бiрге тиiстi салық органына қайтарады.