он тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер -
он бес тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адамдар жасаған іс-әрекеттер -
он тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер -
он бес тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
10. Осы баптың алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамау қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Жүргізушінің мас күйде (алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан) болуы осы Кодекстің 629-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен айқындалады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 467-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 467-1-бап өзгертілді
467-1-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз жүзеге асыру
1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 468-бап өзгертілді; 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 468-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
468-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтыратындай дәрежеде бұзуы
1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдардың, жол құрылыстарының және басқа құрылыстардың немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтiрiп бұзуы, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Жәбірленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға және бір жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 468-1-баппен толықтырылды
468-1-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол жүрісі және көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы
Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын жүргiзушi адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 468-2-баппен толықтырылды
468-2-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу
Жол, құрылыс және басқа ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын және жолдар мен жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ жол жүрісін ұйымдастыру үшiн жауапты адамдардың көлiкте қолданылатын тәртiп қорғау және қозғалыс қауiпсіздiгi қағидаларын бұзуы, егер ол:
а) iрi залал келтiруге;
б) денеге орташа ауырлықтағы зақым келтiруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта ірі залал деп айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын мөлшерде жеке тұлғаға келтірілген залал не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мөлшерде ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 469-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
469-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу
Көлiк құралын басқарған адамның, жол қозғалысының белгiленген ережелерiн бұзып, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаса, -
бір жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 470-бап толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 470-бап өзгертілді
470-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралдарын басқаруы
1. Қолында жүргiзу құқығына жүргiзушiлiк куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген уақытша куәлiгi және заңдарда белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның (оқып-үйрену жүргiзуiнен басқа) оны басқаруы, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, не басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру (белгiленген ережелерге сәйкес жеке тәртiппен жүргiзудi үйрету жағдайларын қоспағанда), -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болмаған адамның көлік құралын басқаруы, -
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған жүргізушінің көлік құралын жүргізуі не көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған адамға көлік құралын жүргізуге беру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 471-бап өзгертілді
471-бап. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы талаптарын орындамау, алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін куәландырудан өтуден жалтару
1. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Көліктік бақылау органы қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу бекеттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау, —
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
1-2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау, -
екі жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. Нысанды киім киген ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерлерiнiң көлiктi тоқтату туралы талабы қол қимылымен сигнал берiп немесе таяқшаны көтерумен бір мезгiлде ысқырып сигнал берiп не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигнал беру жүргiзушiге түсiнiктi болуға тиiс және оларды орындау авариялық ахуал туғызбайтындай болуы үшiн дер кезiнде берiлуге тиiс.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 472-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
472-бап. Көлiк құралдарының қозғалысына кедергi жасау
Көлiк құралдарының қозғалысына қасақана кедергiлер жасау, сондай-ақ көлiк қозғалысы ережелерiн сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың мұндай кедергiлердi жою туралы талабын орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 55-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 473-бап өзгертілді
473-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың қозғалыс ережелерiн бұзуы
1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбірленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтiруге әкеп соқтырған не материалдық залал шектiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жаяу жүргіншілердің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерінің талаптарын үнемі бұзуы, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Жол қозғалысына өзге де қатысушылар деп бұл бапта мопедтердi, велосипедтер мен күш көлiгiн басқарушыларды, мал айдаушыларды, жолдың бойымен жүк тартатын, мiнiс малдарын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 473-1-баппен толықтырылды
473-1-бап. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын мынадай түрде бұзу:
техникалық байқау орталығына тексеру жүргізу кезінде белгіленген, механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйіне сәйкес келмейтін параметрлер көрсетілген техникалық байқаудың диагностикалық картасын беру;
техникалық байқау орталығының техникалық ақауы бар механикалық көлік құралына және оның тіркемелеріне міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік беруі;
міндетті техникалық байқауды өткізуден негізсіз бас тарту;
механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтер ұсынбау;
техникалық байқау орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы хабарламау не уақтылы хабарламау;
қызмет өңірінде міндетті техникалық байқауды өткізу кестесі туралы халықты хабардар етпеу;
міндетті техникалық байқаудың кестесін бұзу, -
дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, техникалық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоса атқару, -
техникалық байқау орталықтарының тізілімінен алып тастай отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың техникалық байқау орталығының аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді көрсетуі, -
жеке тұлғаларға - он бес, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Техникалық байқау орталықтарының тізіліміне енгізген кезде көрінеу дәйексіз ақпарат ұсыну, -
техникалық байқау орталықтарының тізілімінен алып тастай отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
техникалық байқау орталықтарының тізілімінен алып тастай отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 474-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
474-бап. Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және пайдаланудың өзге де ережелерiн бұзу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдардың, осы Кодекстiң 475-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбірленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттік органның көлiк құралын техникалық немесе өзгедей пайдалануға немесе жол қозғалысының қауiпсіздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 474-1-баппен толықтырылды
474-1-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару
Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлiк жабдықтарын сапасыз жөндеу, сол сияқты көлiк құралдарының техникалық жағдайына жауапты адамның техникалық ақауы бар екенi белгiлi көлiк құралдарын пайдалануға шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 475-бап өзгертілді
475-бап. Мас күйіндегі жүргiзушiнi не басқару құқығы жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйіндегі жүргiзушiнi не көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ, сондай-ақ тиiстi санаты жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбірленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жол құрылыстарының немесе өзге де құрылыстардың не өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралы иесінің немесе иеленушісінің алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаю күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберуі, егер бұл абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
476-бап. Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу
Кодекстiң осы тарауында тiзiп көрсетiлмеген, жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бір бөлiгiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Хаттама жасау кезiнде жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету ережелерiнiң нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 477-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
477-бап. Көлiкпен қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау ережелерiн бұзу
1. Темір жол көлiгiнде қауiптi заттарды немесе қол жүгi бұйымдарын тасымалдау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдаудың ережелерiн бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың тиiстi құжаттарда қауiптi заттармен немесе бұйымдармен жасалатын операцияларды тiркеу жөніндегі мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгізуi немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тартуы, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бірге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау ережелерiн бұзу, -
аталған заттарды немесе бұйымдарды тәркiлей отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бірге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршрутты таксиде жарылыс қаупi бар заттарды немесе бұйымдарды алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына өткізу, -
үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
478-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлiктi пайдалану ережелерiн бұзу
Көлiк құралдарының тепкiшектерiнде және басқа да шығып тұрған бөлiктерiнде тұрып жол жүру, қозғалыс кезiнде кіру және шығу, есiктiң ашылуына және жабылуына кедергi жасау, кесiп кететiн заттарды тиiсiнше орамай алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киімдерiн былғайтын бұйымдар мен заттарды тасымалдау түрiнде трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксидi пайдалану ережелерiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бір бөлiгiнен бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 479-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
479-бап. Жолаушыларды билетсіз алып жүру
Жолаушыларды билетсіз алып жүру:
1) халықаралық авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
2) iшкі авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде, - сегіз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
3) халықаралық қатынастағы поездарда -
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
4) республикаiшiлiк қатынастағы поездарда -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
5) халықаралық қатынастағы теңіз кемелерінде -
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
6) республикаiшiлiк қатынастағы теңіз кемелерінде -
алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
7) халықаралық қатынастағы өзен кемелерінде -
алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
8) республикаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерінде -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
9) трамвайда, троллейбуста, қалада және қала маңында қатынайтын автобуста және маршрутты таксиде -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
10) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік қатынастағы автобуста -
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 480-бап өзгертілді
480-бап. Ақысы төленбеген қол жүгін, теңдеме жүк пен жол теңдеме жүгін алып жүру
1. Темір жол, теңiз және өзен көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүктiң белгiленген нормаларынан тыс қол жүгiн алып жүру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бір бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қол жүгi мен теңдеме жүктi өлшеуден жалтару, олардың салмағын жасыру, сондай-ақ әуе көлiгiнде белгiленген нормалардан артық қол жүгiн алып жүру, -
белгiленген нормадан тыс әрбір килограмы үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бір бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.