2010.29.12. № 373-IV ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды
14-4) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін конкурстық комиссия өткізудің қорытындысы бойынша бекіту;
15) өзіне Қазақстан Республикасы Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті
1. Уәкілетті органның құзыретіне:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы техникалық реттеу және метрология қызметтеріне қатысуды қоса алғанда байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
2) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары және басымдықтары жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және оны іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және орнықты жұмыс істеуін арттыру;
4) байланыс саласындағы қызметті салааралық үйлестіру;
5) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
6) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;
7) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ оларды шет елдерден әкелу тәртібін, радиоәуесқойлық қызметтің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын тіркеу және пайдалану тәртібін, байланыс қызметтерін көрсету ережесін және Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісін, Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін құру тұжырымдамаларын әзірлеу және қабылдау;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауына тексеру жүргізу;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексеруді жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттаманың, нұсқаманың, тексеру тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеу және бекіту;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 8-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-4) тармақшамен толықтырылды
8-4) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
9) байланыс саласындағы қызметті лицензиялау, соның ішінде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету құқығына лицензия беру;
10) почта ақысы мемлекеттік белгілерінің түрлерін және шығарылу көлемін бекіту;
11) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету бойынша кіру;
12) пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсат етілген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесін айқындау және тізбеде көрсетілмеген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге және пайдалануға рұқсат беру құқығын өзінің аумақтық бөлімшелеріне беру;
13) пайдалану құқығына рұқсаты болмаған, техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
14) байланыс саласындағы мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
15) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желісі технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
16) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
17) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
18) байланыс саласындағы ұлттық ресурстардың және лицензиаттардың тізімдерін жүргізу;
19) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды; 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-2) тармақша өзгертілді
19-2) телекоммуникациялар және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды
19-3) телекоммуникациялар және почта байланысы қызметтерін көрсету нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-4) тармақшамен толықтырылды; 2010.29.12. № 373-IV ҚР Заңымен 19-4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-4) телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
2010.29.12. № 373-IV ҚР Заңымен 19-5) тармақшамен толықтырылды
19-5) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын цифрлық жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы таратуды қамтамасыз ету функциялары;
20) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функциялар жатады.
2. Аумақтық бөлімшелердің құзыретіне:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) байланыс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне және радиожиілік спектрінің пайдаланылуына мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
3) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
4) байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;
5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу;
6) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды олар пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсат етілгендер тізбесінде болмаған немесе техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда өшіру;
7) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
8) үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация жолдарының және басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын келісуге қатысу;
9) байланыстың барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, соның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте заңсыз жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдарды анықтау және пайдаланудың жолын кесу мәселелерін шешу кезінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауына тексеру жүргізу;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды
9-2) лицензиаттардың Қазақстан Республикасының аумағында лицензия талаптарын сақтауын бақылау;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды
9-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желілері мен құрылғылары құрылыстарының және почта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкестігін тексеру;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды
9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау және олардың жолын кесу;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-5) тармақшамен толықтырылды
9-5) почта желісі объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 9-6) тармақшамен толықтырылды
9-6) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары
1. Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді жүзеге асыратын радиожиілік органдары мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының уәкілетті органы;
Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы.
2. Уәкілетті органның радиожиілік спектрін реттеу кезіндегі негізгі функциялары мыналар болып табылады:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиілікті құрылғыларды пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеу және қабылдау;
2) бөлектелетін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасының аумағында радиожиілік спектрін пайдалануға, сатып алуға (сатуға), іске қосуға және азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды шетелден әкелуге рұқсат беру және оның тәртібін айқындау;
4) азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу;
5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес радиожиілік спектрінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
7) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
8) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы Жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдалану ауқымдарында радиожиілік спектрін бөлектеу және пайдалану жөнінде қажетті келісулерді жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрінің және тиісті радиоэлектрондық құралдардың пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі:
1) қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын айқындайды және әзірлейді;
2) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындайды;
3) почта операторларының өндірістік объектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайлар бөледі, сондай-ақ почта операторларының олардың аумағына өндірістік объектілерді орналастыруына жәрдемдеседі.
2. Облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады.
Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу дегеніміз радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін білдіреді.
Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы ұлттық ресурс болып табылады.
2. Радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиілік спектрі мен байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын мемлекет мүддесі үшін тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы байланыс операторлары қауымдастықтары (одақтары) мен байланыс қызметтерін және радиожиілік спектрін пайдаланушылар қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен жүзеге асырады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Шектеулі ұлттық ресурс болып табылатын радиожиілік спектрін пайдалану ақылы негізде жүзеге асырылады. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары, оны есептеу мен мемлекеттік бюджетке төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының аумағында радиожиіліктерді бөліп беру және тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібін;
2) байланыс құралдарын, соның ішінде телерадиохабарын тарату мақсатында пайдаланылатын құралдарды және электромагниттік сәулелену көзі болып табылатын өзге де техникалық құралдарды тәртібін ;
3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін есептеу тәртібін;»;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру тәртібін;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) радиожиілік спектрін иелікке беру, кеме станциясына рұқсаттар беру және шақыру сигналын иелікке беру тәртібін әзiрлеудi қамтамасыз етедi және бекiтедi.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішкі су жолдарындағы кемелерде телерадиохабарлар тарату мақсатында пайдаланылатын радиоэлектронды құралдар мен жиілігі жоғары құрылғылардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
Радиоэлектронды құралдар мен жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін тәртіппен алым алынады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылар келтіретін индустриялық бөгеуілдер деңгейі техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың осы түрлеріне арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
Радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың индустриялық радиобөгеуілдерден сыртқы қорғалуы техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың осы түрлеріне арналған нормативтік құжаттарда белгіленген нормалардан төмен болмауға тиіс.
12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлектеу және иелікке беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасында радиожиіліктер спектрін пайдалану:
1) пайдаланушылардың радиожиілік спектріне қол жеткізуінің рұқсаттық тәртібі;
2) мемлекеттік басымдықтар ескеріле отырып, барлық пайдаланушылардың радиожиілік спектріне тең қол жеткізу құқығы;
3) радиожиілік спектрін пайдаланудың ақылы болуы;
4) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) мерзім белгілемей бөлектеуге, иелікке беруге (тағайындауға) жол бермеу;
5) осы іс-шараларға жұмсалатын шығыстардың орны толтырыла отырып, радиожиілік спектрін пайдалануды конверсиялау;
6) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану рәсімдерінің айқындығы және ашықтығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Радиожиілік спектрін бөліп беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында Жиіліктер белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне және Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде уәкілетті орган бекітетін радиожиілік спектрін перспективалық пайдаланудың жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру, бөлектеу және иелікке беру тәртібін радиожиілік органдары айқындайды.
Телевизия және радио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негізде өткізіледі.
4. Жиіліктерді иелікке беру Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды, қорғанысты, қауіпсіздікті және құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету мүддесіне орай, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқа жиіліктерге көшуіне байланысты залалдарын бір мезгілде өтей отырып өзгертілуі мүмкін.
5. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы уәкілетті орган азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін және Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін беретін рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
6. Лицензия иелеріне және радиожиілік спектрін өндіріс ішіндегі қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануды көздейтін тұлғаларға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат уәкілетті органға белгіленген үлгідегі өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей беріледі.
7. Өтінім берушіге азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден мынадай негіздер бойынша:
1) мәлімделген жиіліктер белдеуі, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) Жиіліктер белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес келмесе;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) мәлімделген радиоэлектрондық құралдардың сәулелену және қабылдау параметрлері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарға, нормаларға сәйкес келмесе;
3) қолданыстағы және пайдалану үшін жоспарланып отырған радиоэлектрондық құралдармен электромагниттік үйлесімділік сараптамасының оң қорытындысы болмаса;
4) пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұрын иелікке берілген, мәлімделген жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) азаматтық пайдаланушылардың қарамағында болса;
5) радиожиілік пайдаланылатын, байланыс саласындағы кәсіпкерлік қызмет түріне лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен беретін тиісті лицензия болмаса;
6) жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасы) Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органымен келісу жүргізудің оң нәтижелері болмаса;
7) егер Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланысы регламентінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында радиожиілікті (радиожиілік арнасын) халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізу көзделіп, осындай рәсім жүргізудің оң нәтижесі болмаса, бас тартылады.
8. Мемлекеттің қорғанысы және қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 8-1 тармақпен толықтырылды
8-1. Радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмаған жағдайда, радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсат уәкілетті орган белгілеген тәртіппен алып қойылады.
9. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) радиожиілік органдарымен келісу жүргізілген жағдайда, келісу жүргізу мерзімі сауал алынған кезден бастап отыз күннен аспауға тиіс, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі қажетті келісулерді жүргізу уақытына ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл отыз күннен аспауы керек. Іргелес мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланысы регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жүргізілген кезде өтінішті қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл төрт айдан аспауы керек, ол туралы өтініш беруші алдын ала жазбаша түрде хабардар етілуге тиіс.