Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат):
53-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
«телерадио хабарларын тарату ұйымдарының телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату;».
2. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; № 3 , 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., №15-16, 74-құжат; №18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 14-3) және 14-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-3) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратудың қағидаларын бекіту;
14-4) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін конкурстық комиссия өткізудің қорытындысы бойынша бекіту;»;
2) 8-баптың 1-тармағының 19-4) тармақшасындағы «жүргізу функциялары;» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19-5) тармақшамен толықтырылсын:
«19-5) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын цифрлық жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы таратуды қамтамасыз ету функциялары;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 373-IV ҚРЗ