Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 Қаулысы
(2010.13.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚРҮкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚРҮкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 778 Қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен тақырыбындағы және мәтін бойынша «кесімдерді», «кесімдерге», «кесімдердің», «кесімдері», «кесімдер», «кесімнің», «кесімді», «кесімдерін», «кесім», «кесімдерді», «кесімге», «кесімдеріне», «кесімде» деген сөздер тиісінше «актілерді», «актілерге», «актілердің», «актілері», «актілер», «актінің», «актіні», «актілерін», «акті», «актілерді», «актіге», «актілеріне», «актіде» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже):
1) мемлекеттік тіркеу мерзімдерін, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге ұсыну тәртібін;
2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарды;
3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді;
4) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тарту және заң сараптамасын жүргізбей кері қайтару тәртібін;
5) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізуді;
6) тіркелген нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртібін айқындайды.
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - орталық органдар), сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің (бұдан әрі - жергілікті органдар) нормативтік құқықтық актілері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қоспағанда, жалпыға міндетті маңызы бар, оларды қолданылу мерзіміне қарамастан азаматтардың құқықтарына бостандықтары мен міндеттеріне қатысты (тұрақты немесе уақытша) мемлекеттік құпияларды қамтитын актілер жатады.
ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Нормативтік құқықтық актінің Ереженің 2-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеу қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін сол немесе өзге актіні ұсыну туралы сауалдарын орталық және жергілікті органдар мұндай сауал келіп түскен сәттен бастап екі аптаның ішінде орындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Орталық органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, жергілікті органдар - аумақтық әділет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап 30 күн ішінде жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Жергілікті органдардың жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
6. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу мыналарды қамтиды:
1) заң сараптамасын:
құқық нормасының болуы және мемлекеттік тіркеудің қажеттілігі мәніне;
актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне;
2) орталық органның нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындысын - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің немесе оның орынбасарының, жергілікті органының - аумақтық әділет органының басшысының бекітуі;
3) нормативтік құқықтық актіні Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне оған мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып енгізу;
4) нормативтік құқықтық актінің негізгі түрінің бірінші бетінің жоғарғы оң бұрышында және туынды түрінің бірінші бетінің жоғарғы сол бұрышында нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мөртабан қою, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының бірінші бетінің жоғарғы оң бұрышында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе оның аумақтық органының елтаңбалық мөрін қою. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының үлгілік нысаны мен мөртабан нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітеді;
5) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді жіберу:
бір данасы (түпнұсқалары) нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға жіберіледі;
екінші және үшінші даналары Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберіледі (осы тәртіп мемлекеттік құпияны қамтитын нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды);
нормативтік құқықтық актінің төртінші данасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында қалады.
Нормативтік құқықтық актінің әрбір жіберілетін данасына нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды қоса беріледі (егер нормативтік құқықтық акті азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса, қорытындыда оны ресми жариялау қажеттілігі көрсетіледі).
7. Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар осы Ережемен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.
3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге ұсыну тәртібi
ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармаларының отырысында бекітілген күннен соң күнтізбелік 20 күн ішінде ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілер оларды тиісті орталық немесе жергілікті органның бірінші басшысы бекіткен күннен бастап екі апта ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтінін) қоса алғанда төрт данада ұсынылады.
Нормативтік құқықтық акті бірнеше мүдделі мемлекеттік органмен келісілген (бекітілген) жағдайда, нормативтік құқықтық акті мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен (бекіткен) күннен бастап екі апта ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.
Осы органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның бекіткен нормативтік құқықтық актіні ұсынған орталық немесе жергілікті орган оған тиісті міндеттер жүктелгені туралы құжаттың көшірмесін де ұсынуға тиіс.
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынған жағдайда, ол тиісті орталық немесе жергілікті органның қайта бекітуіне жатады және осы тармақта белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына ұсынылады.
Техникалық сипаттағы (қате басу, грамматикалық және орфографикалық қателер) бұзушылықтарды жоюмен байланысты қайта бекіту жағдайларын және осы Ереженің 8, 9-тармақтың, 10-тармағы 4)-10) тармақшаларының талаптарын қоспағанда, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынған кезде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге қайта бекітілген нормативтік құқықтық актіге жасалған қайталама сараптамалық қорытындының және қосымша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындысының көшірмелері қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 ; 2007.12.10. № 938 (бұр.ред.қара); 2010.13.12. № 1347 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді
9. Нормативтік құқықтық актіге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде анықтама-негіздеме қоса беріледі және мынадай:
1) нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтемемен нормативтік құқықтық актіні қабылдау негізі (органның құзыреті);
2) нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттар, дәлелдер және неге байланысты акті қабылданады);
3) осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және оларды өзгерту немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар дайындау туралы;
4) осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер, олардан бас тарту туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, мемлекеттік тіркеуден бас тартылуы немесе заңдық сараптама жүргізілмей кері қайтарылуы туралы;
5) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайту немесе түсімдерін қысқарту туралы;
6) нормативтік құқықтық актіні келісу туралы негізгі мәліметтерді;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәліметтерді;
8) сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) қамтуы тиіс.
Қоса берілетін анықтама-негіздемеге осы актіні шығарған органның заң қызметінің басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қоюы тиіс.
Бірлескен нормативтік құқықтық актіні ұсынған жағдайда қоса берілетін анықтама-негіздемеге оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның заң қызметінің басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қоюы тиіс. Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда анықтама-негіздемеге осы актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органда заңгер функцияларын орындайтын адам қол қояды.
4. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық акті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) нормативтік құқықтық актіні қабылдау рәсімінің сақталуына;
алқа (сайланбалы) органы үшін - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі;
орталық және жергілікті орган үшін - бірінші басшының не оның міндетін атқарушы адамның қолының болуы;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі:
Қазақстан Республикасының Конституциясына;
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарға;
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтарына;
Қазақстан Республикасының кодекстеріне, заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарына;
Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік қаулыларына;
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарына;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына;
орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актіде;
3) егер келісу қажет болса, нормативтік құқықтық актінің келісімінің болуы;
4) нормативтік құқықтық актінің деректемелерінің болуы:
5) негізгі нормативтік құқықтық актіде оның қолданысқа енгізілу мерзімін қамтитын нормалардың болуы;
6) нормативтік құқықтық актінің құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы;
7) нормативтік құқықтық акті мәнінің мазмұндалу стиліне қойылатын талаптардың сақталуы;
8) егер нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оларға сілтеме жасалған жағдайларда қосымшалардың болуы;
9) нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, соның ішінде қосымшалардағы мәтіндерінің де сәйкес келуі;
10) нормативтік құқықтық актінің барлық беттерінде осы актіні қабылдаған (келіскен) органның заң қызметі басшысы не оның міндетін атқаратын адам беттер бойынша дәйектендіруінің жүргізілуі;
11) «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы;
12) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы;
13) жүргізілуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар көшірмесінің болуы.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіреді.
11. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілердің рәсімделуі және келісілуі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкес келуін нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған орталық және жергілікті орган қамтамасыз етеді.
5. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу
13. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
14. Тізілімде тіркеу күні, берілген нөмірі, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның атауы, күні, нормативтік құқықтық актінің нөмірі және атауы, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы мәліметтер көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрі белгілейді.
6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеуден бас тарту және заң сараптамасын жүргізбей кері қайтару тәртібi
ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.14.09. № 1370 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді
15. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден, егер мұндай акті: азаматтардың заңнамада белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалса; жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе; оны шығарған орган құзыретінің шегінен шықса; егер келісу қажет болғанда мүдделі органдармен келісілмесе; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түрінде қосымшалары болмаса; осы Ережеде, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесінде белгіленген тәртіп бұза отырып қабылданса, бас тартылуы мүмкін. Бас тарту туралы бас тартудың негіздемесі көрсетіле отырып, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланады.
Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің бір данасы (көшірмесі) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде және оның аумақтық органында қалады.
ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді
16. Нормативтік құқықтық акті осы Ереженің 8, 9-тармақтарында 10-тармағының 4) - 8, 10, 11) тармақшаларында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған сәттен бастап жеті күн ішінде заң сараптамасы жүргізілмей кері қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық немесе жергілікті органның басшысы не оның міндетін атқаратын адам тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы тиісті акт шығарады және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді.
Бұл тәртіп алқалы түрде шешім қабылдайтын орталық органдарға және мәслихатқа қатысты қолданылмайды, олар кезекті (кезектен тыс) отырыста немесе сессияда бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы актіні ұсынады.
Нормативтік құқықтық актіні заң сараптамасын жүргізбей кері қайтарған жағдайда, орталық немесе жергілікті орган анықталған бұзушылықтарды жояды және оны осы Ереженің 8-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынады.
7. Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу
ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің күшіне енуі үшін қажетті шарт болып табылады.
Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық күші болмайды.
19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркелуге тиісті нормативтік құқықтық актілер «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес қолданысқа енгізіледі.
Жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты қызметті жүзеге асыруға дайындау үшін жеке кәсіпкерлік субъектісіне қажетті мерзімдерден көріне отырып белгіленуге тиіс.
Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
20. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізудің міндетті шарты оларды ресми жариялау болып табылады.
21. Нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау және жіберу кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін көрсету міндетті болып табылады.
Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
8. Тіркелген нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын тоқтата тұрудың және тоқтатудың тәртібi
ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған не оның қолданылуын белгілі бір мерзімге тоқтата тұрған кезде осы актіні қабылдаған орган немесе осыған уәкілетті орган бір апта мерзімде растайтын актінің көшірмесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына және ресми баспа басылымдарына хабарлайды.
Бірлескен нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды немесе тоқтатылды деп оларды бірлесе қабылдаған орталық немесе жергілікті органдар таниды.
Бұл тәртіп өзге мемлекеттік органдармен келісім бойынша қабылданған актілерге де қолданылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе оның аумақтық органдары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар жасайды.
Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жекелеген нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады.
23. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы мәселелерді оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 778 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесi
1. «Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 427-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 маусымдағы № 733 қаулысы;
3. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы № 122 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 3, 46-құжат);
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 наурыздағы № 341 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 10, 113-құжат);
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қазандағы № 1082 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 355-құжат);
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 44, 484-құжат);
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қазандағы № 1017 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 37, 485-құжат);
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 5, 46-құжат).