Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 938 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 тамыздағы № 778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінде:
2-тармақта «орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының,» деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нормативтік құқықтық кесімнің Ереженің 2-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Нормативтік құқықтық кесім бірнеше мүдделі мемлекеттік органмен келісілген (қол қойылған) жағдайда, нормативтік құқықтық кесім мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен (қол қойған) күннен бастап екі апта ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«Нормативтік құқықтық кесімді қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіруге тиіс.»;
15-тармақтың бірінші абзацы «осы Ережеде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесінде» деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақта «3)» деген сан «4)» деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |