Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 217 Қаулысы
(2016.31.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 Қаулысымен күші жойылды
Норма шығару қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 20 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Құдайбергенов Ескендір Көпбосынұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары;
Бекбаев Ерзат Зейноллаұлы - Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқықтық қамтамасыз ету және сараптама орталығы директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты;
Бәшімов Марат Советұлы - Еуропалық құқық сараптау институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы;
көрсетілген құрамнан Орымбаев Ардақ Сиязбекұлы, Палымбетов Болат Әбілқасымұлы, Смайылов Әлихан Асханұлы, Мәуленов Ғазиз Сырбайұлы, Үмбетәлиев Мәди Тоқтарұлы шығарылсын;
6-тармақтағы «69» деген сандар «79» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың он екінші абзацы «жіберу туралы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жіберу туралы» деген сөздермен толықтырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 497 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті 66-тармағының төртінші абзацындағы «бекітілген» деген сөзден кейін «Заң жобаларына» деген сөздер алынып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінде:
2-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргізу;
заң жобаларының тұжырымдамаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда (бұдан әрі - Комиссия) қарау;»;
6-тармақ «тұжырымдамасымен» деген сөзден кейін «және заң жобасы тұжырымдамасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысымен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобалары сараптамалық қорытынды алу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберіледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
Сараптамалық қорытындыда заң жобасына ескертулер және ұсыныстар болған кезде уәкілетті орган оларды құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органға пысықтау және тиісті ұстанымды қалыптастыру үшін заң жобасымен бір мезгілде жібереді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары заң жобасы қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады.
21-тармақта:
«Заң жобаларына» деген сөздер алынып тасталсын;
«материалдармен бірге» деген сөздерден кейін «келісуші мемлекеттік органдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
«21-1. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданысын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт қабылдау қажет болса, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында келісуші мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жатқан жағдайда, онда ол заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның сұратуы бойынша заңға тәуелді актінің тиісті жобасын ұсынады.».
5. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 330-құжат):
9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актіге тиісті сараптамалық қорытындының көшірмесі қоса беріледі.».
А