3) тапсыру актісін табыс етуге міндетті.
Таратудың салық есептілігі салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар түрлері бойынша құралады, олар бойынша құқықтары мен міндеттерін беретін тұрақты мекеме мұндай есептілікті табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған салық кезеңінен бастап оны салық органына табыс еткен
күнге дейінгі кезең үшін төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің салық міндеттемесін орындау тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған осындай заңды тұлғаға (құқық мирасқорына) жүктеледі.
3. Тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беруі тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаның салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу бойынша өзінің салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
4. Құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің салық берешегі болмаған кезде салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
5. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің жеке шоты бойынша сальдоны тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттері берілген заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 595-бабында белгіленген тәртіппен беру актісінің негізінде береді.»;
11) 40-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «күнге дейін» деген сөздер «күннен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 11) тармақшасының үшінші - жиырма төртінші абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақта:
бірінші бөлік 2) тармақшасындағы «анықтамасын табыс етеді.» деген сөздер «анықтамасын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы және (немесе) болуы туралы мәліметтер алу үшін салықтық өтінішті табыс етеді.»;
төртінші бөлікте:
4) тармақшадағы «төлемдердiң, салықтар мен өсiмпұлдардың» деген сөздер «баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) артық (қате) төленген айыппұл сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:
1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған кезде осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.»;
6-тармақта:
бірінші бөліктегі «және салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектерiн өтегеннен» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаға салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екенi туралы осы тармақта көзделген анықтаманы берген күннен бастап үш жұмыс күнi» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 41-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
3-тармағының 12) тармақшасының төртінші - жиырмасыншы абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың 5) тармақшасындағы «төлемдердiң, салықтар мен өсiмпұлдардың» деген сөздер «баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiн толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкер осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:
1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуінің болмауы;
5) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкер салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен ;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуді қайтарған күннен;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.»;
13) 42-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
3-тармағының 13) тармақшасының төртінші - он сегізінші абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақтың 5) тармақшасындағы «төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың» деген сөздер «баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметiн тоқтатқан жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат орналасқан жері бойынша салық органына:»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қызметiн тоқтатқан жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:
1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған, орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Қызметін тоқтатқан жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған жағдайда осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.»;
14) 43-бапта:
3-тармағының 14) тармақшасының екінші абзацы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың екінші бөлігі «болып табылмайтын» деген сөздерден кейін «(болып табылмаған)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ:
«дара кәсiпкер» деген сөздің алдынан «қызметін тоқтататын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
3-тармағының 14) тармақшасының жетінші - жиырма бірінші абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10-тармақтың 5) тармақшасындағы «төлемдердiң, салықтар мен өсiмпұлдардың» деген сөздер «баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметi тоқтатылған деп есептелетiн дара кәсiпкер орналасқан жерi бойынша салық органына:»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қызметi тоқтатылған деп есептелетiн дара кәсiпкер осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:
1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, камералдық бақылау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Қызметі тоқтатылған деп есептелетін дара кәсіпкер салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған жағдайда осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.»;
15) 46-бапта:
7-тармақта:
«Осы бапта белгiленген салық» деген сөздер «Салық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«шағымды, талап қоюды» деген сөздер «өтінішті (шағымды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Резидент еместің бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау немесе резидент еместің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге шағымын қарау немесе резидент еместің осы тармақта көрсетілген салық органының шешіміне шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге резидент еместің шағымын қарау кезеңінде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзімі өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.
9. Уәкілетті органның осы Кодекстің 226-бабына сәйкес өзара келісім рәсімін жүргізу кезеңінде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзімі шет мемлекеттің уәкілетті органы және (немесе) құзыретті органы өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылдаған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.»;
16) 51-баптың 2-тармағы 2) тармақшасындағы «оны өндiрiп алу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, бюджетке төленуге жататын салықтың» деген сөздер «бюджетке төленуге жататын салықтың және өсімпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 57-баптың 1-тармағы «бойынша» деген сөзден кейін «теңгемен» деген сөзбен толықтырылсын;
18) 60-баптың 1-тармағында:
7) тармақша «хеджирленетiн тәуекелдердi,» деген сөздердің алдынан «хеджирленетiн операцияларды жүзеге асырған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша «ислам» деген сөздің алдынан «ислам бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асырған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 65-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігінің 17) тармақшасындағы «ақпаратты қамтуы мүмкін.» деген сөздер «ақпаратты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) корпоративтiк табыс салығын төлеушінің халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептiлiгінде көрсетілуге тиісті мәліметтерді қамтуы мүмкін.»;
3-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацындағы «308» деген цифрлар «308-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
20) 67-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «табыстарының есепке жазылған және төленуге жататын сомасы» деген сөздер «табыстары» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) есептелген әлеуметтік жәрдемақылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың есептелген сомасынан асып түскен сомалары;»;
2) тармақшадағы «резидент еместердің» деген сөздер «шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары салық төлеушiлердiң жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылған қызмет бойынша әлеуметтiк салықтың есептелуi туралы, резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығының есептелуі туралы және жеке табыс және әлеуметтік салықтардың, оның ішінде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшаларда табыс алушылар бойынша мынадай:
1) салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;
2) салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;
3) салық ставкасы туралы;
4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;
5) Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;
6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген, оның iшiнде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасы туралы;
7) салық шегерiмдерi туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін.»;
21) 68-баптың 7-тармағының бірінші бөлігіндегі «149, 162» деген цифрлар «149-бабында, 162-бабының 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 69-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) салық қызметі органының коды дұрыс көрсетілмеген;
3-2) салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген;
3-3) салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген;»;
23) 73-бапта:
4-тармақ «салық берешегі» деген сөздерден кейін «, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
«жүзеге асыру» деген сөздер «қайта бастау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мерзімі» деген сөзден кейін «қызметі қайта басталған күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметін қайта бастау болып танылады.»;
24) 74-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 9-1-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм өтініш берілген күні салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.»;
«9-1. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) өз қызметін тоқтата тұру кезеңінде қызметін қайта бастағаны фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары мұндай салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша хабардар ете отырып, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметті қайта бастаған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.
Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметті қайта бастау болып танылады.»;
25) 85-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады;»;
26) 87-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн» деген сөздер «заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған актив құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстiң 100-бабы 12-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес шегерiмдерге жататын шығындардан (шығыстардан);»;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған бағалы қағаз, қатысу үлесі құны мен бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің бастапқы құны арасындағы оң айырма;»;
6-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн» деген сөздер «заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған борыштық бағалы қағаз құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған» деген сөздер «заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар осы Кодекстің 137-бабының 2, 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, жиынтық жылдық табысқа қосылады.»;
3-тармағының 26) тармақшасының он төртінші абзацы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10-тармақтың бірінші бөлігіндегі «7» деген цифр «9» деген цифрмен ауыстырылсын;
11-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн» деген сөздер «заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған актив құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 27) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27) 100-баптың 12-тармағында:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосылған құн салығын төлеуші:
1) осы Кодекстiң 261 және 262-баптарына сәйкес есепке жатқызудың барабар әдiсін қолданған кезде есепке жатқызылуға тиісті емес;
2) табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылған тіркелген активтер, тауар-материалдық қорлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиіс;