23. Автомобиль жолы жерлер арқылы өтуін алдын ала келісу жобалау зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін негіз болып табылады.
24. Тиісті атқарушы орган автомобиль жолының өтетін жерін жергілікті жерлерге бекіткенге дейін жобалау-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға жол берілмейді.
25. Жобалау-зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жоба белгіленген тәртіппен бекітіледі, ал салынуға, (қайта жаңартуға, жөнделуге) автомобиль жолы салынатын, қайта жаңартылатын және жөнделетін жолдың титулдық тізіміне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттендірілген автомобиль жолдарын басқару жөніндегі орган тиісті атқарушы органға автомобиль жолы өтетін жердің алдын ала келісілген нұсқасына жер алу және жерді осы автомобиль жолын салуға (қайта жаңартуға, жөндеуге) беру жөнінде өтініш жасайды.
Өтінішке:
автомобиль жолының (жол құрылыстарының) өтетін жерін таңдау жөнінде алдын ала келісу материалдары;
автомобиль жолын салу жобасы - объект құрылысының қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауды, жер беруді, жерді қайта өңдеу, шаруашылық және өзге де қызметтің қолайсыз әсерін болдырмау жөніндегі шараларды және қоршаған табиғи ортаны сақтаудың, сондай-ақ сауықтыруды және жақсартуды қамтитын "Қоршаған табиғи ортаны қорғау" бөлімі;
жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылардың шеккен зияндарын, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын жерді алуға немесе уақытша пайдалануға байланысты басқа да шығындарды өтеу туралы міндеттеме қоса беріледі.
26. Тиісті атқарушы орган жерді қайтарып алу және автомобиль жолына беру туралы шешім қабылдайды.
4. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіру
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
27. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіруді жер учаскесі берілетін жол органдары мен автомобиль жолдарын басқарушылардың және жер учаскелері алынатын жер иелерінің немесе жерді пайдаланушылардың қатысуымен жерге орналастыру органдары жүзеге асырады.
28. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіру автомобиль жолына берілген жер учаскесінің шекарасын анықтау және оны басқа жер иелерінің, жерді пайдаланушылардың жерінен белгіленген үлгідегі таңбалармен шектеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 845 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде
сервис объектілері мен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді)1- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Тәртіп автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде жол қозғалысына қатысушыларға ақылы қызмет көрсету бойынша сервис объектілерін (автомобильге жанар-жағармай құятын стансаларды, тамақтандыру және сауда пункттерін, техникалық қызмет көрсететін жол стансаларын, автомобильдерді жуу пункттерін, демалыс және түнеп шығу пункттерін, кемпингтер мен оларға барар жолдарды) және плакаттар, стендтер, жарық тақталар, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiндегi сыртқы (көрнекi) жарнама мен жарнаманы тұрақты орналастырудың басқа да объектiлерін орналастыру шарттарын, орналастыруды келiсу тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Жол қозғалысы ұйымдастырылуының, автомобиль жолдары параметрлерінің өзгеруін, инженерлік-коммуникацияларды салуды, немесе жолақ бөліктің шекарасын өзгертуді және жер алуды талап ететін сервис объектілерін орналастыру кезінде жергілікті атқарушы органдармен келісу жүргізу арқылы дербес жобалау, белгіленген тәртіппен жер беруді немесе тапсыруды ресімдеу төлқұжат жасау жүзеге асырылады. Жолақ бөліктегі бар сервис объектілеріне белгіленген тәртіппен жол органдарымен келісім, жоба құжаттамасы, төлқұжат ресімделуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Автомобиль жолдары жолақ бөлігінің құрылыс жобасымен қарастырылған және жол органдарымен пайдаланбайтын жерлерінде сервис объектілерін және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жол органдарымен шарт және объектіні автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде орналастыруға төлқұжат бойынша жер учаскелерінің мақсатты пайдалану бағдарын өзгертпестен оларды уақытша қысқа мерзімдік жер пайдалануға беру жолымен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Сервис объектілері мен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау шарттарының және қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен стандарттар талаптарының сақталуы жағдайында жолдың көлік-пайдалану сапасын төмендетуге жол берiлмейтiн ретте жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сервис объектілерін және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға рұқсат алу үшін объектілердің иелері жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары қарауындағы жол органдарын орналастыру орнын және өз деректерін көрсете отырып, объектіні орналастыруды ресімдеу туралы өтініш береді. Өтінішке объектінің түрлі түсті орындалуымен және өлшемдерімен бірге нобайы қоса беріледі.
Жол органдары өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын анықтайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ объектілердің өлшемдері мен көркемдік орындалуының қолданылып жүрген нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексереді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Мәселе оң шешілген жағдайда объектіні жолға орналастыру жүзеге асырылады және бұл төлқұжатта: төлқұжат қызметінің мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде көлік жүруінің ұйымдастырумен бірге объектіні жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына орналастырудың сызбасы мен объектінің нобайы көрсетілетін төлқұжат ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Төлқұжатты жол органы береді және тиісті облыстың Жол полициясы бөлімшесімен келісіледі.
Төлқұжаттың қолданылу мерзімі автомобиль жолдарын дамыту бағдарламаларына қарай анықталады, бірақ, әдетте бір жылдан аспайды. Төлқұжаттың қолданылу мерзімі оның аяқталуына қарай ұзартылады.
Орнатылған объектілердің мөлшерлері өзгерген жағдайда төлқұжат қайта ресімделуге жатады.
Төлқұжаттың қолданылуы объектінің іс жүзіндегі мөлшерлері төлқұжатқа енгізілген мөлшерлерге сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 8-тармақ алынып тасталды
8. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 9-тармақ алынып тасталды
9. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 10-тармақ алынып тасталды
10.алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 11-тармақ алынып тасталды
11.алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді
12. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 қаулысымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 13-тармақ алынып тасталды
13. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң иелерiнен алынатын төлем республикалық бюджетке енгiзiлуi тиiс.
15. Сервис объектілері мен жарнаманы тиісті құжаттамаларды ресімдеместен және оны жол органдарымен, Жол полициясы органдарымен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен келіспестен өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.
16. Сервис объектілері мен жарнаманы өз бетінше орналастырған иелері қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірілген материалдық залалды өтейді.
Жолақ бөлікті өз бетімен пайдалану, заңсыз пайдаланған уақытта тартқан шығындары өтелместен, тоқтатылады.