2,5 км аз қашықтықта өзендерінің жайылмалары мен су бұруларда, көпірлерден жоғары және төмен құм мен қиыршық тас өндіру кеніштерінің өндірісіне және арналарды тереңдетуге;
жол жырасының сыртқы жиегінен, топырақ алынған жердің шетінен немесе төсемнің табанынан 1 метрден жақын жер жыртуға;
шлюздерді, бөгеттерді және басқа мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстарды салуға тиым салынады.
6. Жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
33. Қозғалысты шектеу немесе тоқтату жол белгілерінің, таңбалаудың және қозғалысты ұйымдастырудың арнаулы құралдарының көмегімен ғана енгізіледі. Ол туралы автомобиль жолдарын пайдаланушыларға дереу хабарланады.
34. Қозғалысқа қатысушылар үшін апатты жағдай туғызатын және жолдарды жүруді шектеуді немесе қысқа уақытқа тоқтатуды талап ететін қауіпті метеорологиялық құбылыстар олар болған кезде мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
әйнек тәрізді жұқа қабыршақ түріндегі жылтыр мұз;
көру қашықтығы 50 метрге дейінгі кеміген тұман;
орташа жылдамдығы 20 м/сек. және үдеп соққанда 25 м/сек. және одан астам бүйірден соққан күшті жел;
жылдамдығы секундына 15 метрден кем болмайтын жел соғатын, көп қар үйетін, көру қашықтығын 50 метрге дейін төмендететін жаяу боран (ұйтқыма боран, бұрқасын);
үдеуі 1,5 мм/сағаттан астам ылғал түсіретін күшті қар жауу;
қар көшкіні, сел және су тасқыны;
35. Қозғалысты шектеу немесе қысқа уақытқа тоқтату үшін күшті жел көтерілетіні туралы ескертулердің, күн сайынғы ауа райы жөніндегі болжамдардың деректері, қар көшкіні немесе оның алдын алу мақсатында үйінді жіберілетіні, жолдың және жол құрылыстарының бұзылуы жөніндегі ескерту негіз болады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
36. Автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу немесе тоқтату табиғи зілзалалар, қолайсыз жол-климат жағдайлары кезінде және жолда жүру қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқа жағдайларда жүргізіледі. Қозғалысты шектеу туралы шешімді жол органы немесе ішкі істер органдары қабылдайды, ол туралы жергілікті атқарушы органдарға және автомобиль жолдарын пайдаланушыларға хабарланады.
37. Жол конструкцияларының жүк көтеру қабілеті төмендеген немесе олардың бүлінуі қаупі жағдайында жол органдары не ол учаскелерде қозғалысты тоқтатады не біліктегі салмағын шектеу белгілерін орнатады. Жүк көтеру қабілетін төмендететін ақауы бар жасанды құрылыстарға автомобильдің массасын немесе біліктегі салмақты шектейтін белгілер қойылады. Бұзылу қаупі төнген жағдайларда қозғалыс тоқтатылады.
Қозғалысты шектеу немесе тоқтату үшін жүк көтеру қабілетіне сынақтар және тиісті құзыретті ұйымдардың қорытындылары негіз болады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 38-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
38. Жүк көтеру қабілетінің жойылуына байланысты қозғалыс тоқтатылған немесе шектелген жол учаскелерінде шұғыл тасымалдар, тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралының иесі бұзылуын жоюға және жолдың жүк көтеру қабілетін қалпына келтіруге жұмсалған шығынды толық өтеуі шартымен ғана, жол органдарының және автомобиль жолдарын басқарушылардың рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін. Бұлардың қатарына метеорологиялық құбылыстар мен төтенше жағдайлардың зардабын жою үшін қажетті тасымалдар жатпайды.
39. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қозғалысты шектеу және тоқтату жұмыс жүргізілетін жерлерде қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі қолданылып жүрген нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
40. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда жол жұмыстары автомобиль жолдарын басқарушылардың жол полициясымен келiсілген рұқсаттарын алғаннан кейiн жүзеге асырылады.
41. Автомобиль жолдарында жұмыстар жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментімен келісілген қолданылып жүрген нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
42. Жұмыстар жүргізілетін жерлерде жол белгілерін, қоршауларды және басқа техникалық құралдарды жұмыс жүргізу кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін жауаптылықта болатын жұмыстарды жүргізуші ұйым орнатады.
43. Жөндеу жұмыстарын жүргізген ұйым жұмыс аяқталғаннан кейін барлық механизмдерді, материалдарды, уақытша белгілерді, конустарды кедергілерді жинап алуға, жолдардың жол жамылғысын және инженерлік жайластырылуын қалпына келтіруге міндетті.
44. Бұқаралық және спорттық шараларды өткізу кезінде жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы шешімді жол полициясының бөлімшелерімен бірлесіп жол органдары қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Автомобиль жолдары пайдаланудың
тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік
45. Жол органдары, лауазымды тұлғалар, азаматтар және басқа да автомобиль жолдарын пайдаланушылар осы Тәртіптің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
46. Жолдың немесе жолдың жолақ бөлігінің шегінде жұмыс жүргізуші ұйымдар мен азаматтар жол органдарымен және жол полициясы бөлімшелерімен келісілген жұмыстың ережелері мен мерзімдерін сақтамағаны, сондай-ақ жұмыс жүргізу аймағында да, уақытша кіретін және шығатын жерлерде де қозғалыстың қауіпсіздігін сақтамағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жауаптылыққа болады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
47. Өз бетімен автомобиль жолдарының жанасу және қиылысу орындарын жасаған, автомобиль жолдарының, құрылыстарының және жайластыру құралдарының бүлінуіне жол берген, сондай-ақ өз бетімен жұмыс жасауға, құрылыстар салуға және орнатуға жол берген ұйымдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірген материалдық залалды өтейді. Автомобиль жолдарының жолақ бөлігіне рұқсатсыз құрылыс салу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оны жүзеге асырған тұлғаның бұзуына не оның есебінен бұзуға жатады.
Осы тармаққа сәйкес жол шаруашылығына келтірілген залалы өтеу есебіне алынған қаражат автомобиль жолдарының маңыздылығына байланысты тиiстi бюджетке есептеледі.
48. Жолдың жолақ бөлігін және бақыланатын аймағын өз бетімен пайдалану, оларды заңсыз пайдаланған кезіндегі жұмсалған шығындары өтелместен тоқтатылады.
49. Жолдың жолақ бөлігіндегі ағаштарды және басқа да жасыл желектерді кескені және зақымдағаны үшін кінәлілер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 50-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)
50. алынып тасталды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 845 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік
ақылы автомобиль жолдарын құрудың және пайдаланудың
ТӘРТІБІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарын құрудың: ақылы жаңа автомобиль жолдарын, көпірлерді және басқа да құрылыстарды (бұдан әрі - автомобиль жолдары) салуды ұйымдастырудың; бар автомобиль жолдарын қайта жаңартудың немесе жөндеудің (бұдан әрі - қайта жаңарту), сондай-ақ оларды басқару мен пайдаланудың тәртібін белгілейді.
2. Жүргені үшін ақы алынатын автомобиль жолдары ақылы автомобиль жолдары болып табылады.
3. Ақылы автомобиль жолдары мемлекеттің меншігі болып табылады. Ақылы жолдарды құру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне уәкілетті автомобиль жолдарын мемлекеттік басқару органы енгізеді.
4. Мемлекет ақылы автомобиль жолын уәкілетті органның тұрғысында шарт жасау арқылы автомобиль жолдарын пайдалануды жүзеге асыруға құқығы бар меншіктің түрлі нысандарындағы ұйымдарға 30 жылға дейін мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беруі мүмкін. Шарттың нақты мерзімі жолды құруға жұмсалған барлық қаражаттың қайтарылуы тиіс екендігі принципі негізінде белгіленеді.
2. Ақылы автомобиль жолдарын құру
туралы шешім қабылдау
5. Республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын құру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Стратегиялық талдау және реформалар жөніндегі агенттігімен келісім бойынша Көлік және коммуникациялар министрлігі, ал жергілікті маңызы барларды - облыстардың әкімдері әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Ұсыныс жолдардың (учаскелердің) тізбесін, олардың ұзындығын, салудың, қайта жаңартудың мерзімдерін және қаржыландыру көздерін қамтиды.
6. Мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарын құру шарттары мыналар болып табылады:
жол қозғалысының қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін шаралар кешені жүргізілетін бағытта жалпы пайдаланылатын автомобиль жолымен жүруді қамтамасыз ету;
ақылы автомобиль жолында көлік пайдалану жағдайының деңгейі мен жол қозғалысына қатысушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру.
7. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолын салуды (қайта жаңартуды), пайдалануды неғұрлым тиімді жүзеге асыруға және салынған қаржының қайтарылымдығын қамтамасыз етуге қабілетті ұйымдарды (жеке тұлғаларды) таңдап алу мақсатында конкурс өткізіледі.
Конкурсты өткізу туралы ережені Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша Көлік және коммуникациялар министрлігі бекітеді.
8. Республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын жасауға және пайдалануға арналған шарттарды Көлік және коммуникациялар министрлігі, жергілікті маңызы барларды - Көлік және коммуникациялар министрлігімен келісім бойынша облыс әкімі жасасады.
Ақылы автомобиль жолдарының жасалуына және пайдаланылуына бақылау жасауды жасасылған шарттарға сәйкес мемлекеттік жол органдары жүзеге асырады.
3. Ақылы автомобиль жолдарын салуды
(қайта жаңартуды) және пайдалануды қаржыландыру
9. Ақылы автомобиль жолдарын құруды қаржыландыру мына көздеудің:
Жол қорының;
мемлекеттік инвестициялардың;
мемлекеттің кепілдігімен сатуға шығарылатын заемдар мен облигациялардың;
жолдар мен көпірлерді салуға, қайта жаңартуға немесе күрделі жөндеуге мүдделі аудандар беретін жәрдемақылардың;
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражатының;
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.
10. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалануды қаржыландыру тиісті Жол қоры мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.
4. Жүргені үшін ақы алу және жиналатын
қаржыны пайдалану
11. Республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруге арналған ақының мөлшерін (ставкасын) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен келісім бойынша, ал жергілікті маңызы бар жолдар бойынша - облыс әкімдерімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгілейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
12. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруге арналған ақы осы жолдармен жүруді жүзеге асыратын көлік құралының иелерінен (пайдаланушыларынан) алынады.
13. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін ақы енгізуді Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттер көлік құралдарының иелері (пайдаланушыларымен) ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарына кірген кезде ұлттық валюта - теңгемен жүргізеді. Көлік құралдарының жолда жүруі үшін ақыны қолма-қол ақша аударып есептеу бойынша қабылдауға рұқсат етіледі.
14. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін төлем ақыны, жүргені үшін ақы жинау пункттерінде, ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйым алады.
Көлік құралдарының жүргені үшін ақы жинау пункттері арнайы құралдармен (шлагбаум, еске сақтау мүмкіндігі бар кассалық аппарат орнатуға арналған бөлме ақша сақталатын сейф және басқалар) жабдықталады.
15. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін алынатын ақша, күн сайын есепке алыну үшін, жолдың маңыздылығына қарай республикалық немесе облыстық Жол қорына өткізіледі және Қазынашылық органдарының тиісті банктік шоттарына жинақталады.
16. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін ақы алуды қамтамасыз ету, ақылы автомобиль жолына кіреберісінде жүру мен ақы төлеу тәртібі туралы ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және аталған жолдардың жоғары тұтыну сапасын жасау үшін жауапкершілік осы жолдарды басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға жүктеледі.
17. Мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарымен жүруі үшін белгіленген ставкаларға сәйкес жиналатын қаражат Жол қорына түседі және одан:
қарыздар бойынша, заем бойынша проценттерді өтеуге, облигацияларды өтеуге және ақылы автомобиль жолын салуға, қайта жаңартуға жұмсалған қаражатты өтеуге (мемлекетке, жергілікті бюджеттерге және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға);
ақылы автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге;
ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын салуға және пайдалануға жасалған шарттар бойынша шығыстарға жұмсалады.
5. Ақылы автомобиль жолдарын жобалауға, салуға
(қайта жаңартуға) және пайдалануға қойылатын талаптар
18. Салынатын және қайта жаңартылатын ақылы автомобиль жолдары қойылатын параметрлері мен жайластырылуының деңгейі бойынша Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына және халықаралық автомобиль жолдарына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
19. Ақылы жолдарда автомобиль көлігінің неғұрлым аз кідіруін қамтамасыз ететін жүру ақысын төлеуге арналған арналы құрылғылар көзделуі тиіс.
20. Ақылы автомобиль жолдарын салу (қайта жаңарту) кезінде орындаушы жүргізілетін жұмыс сапасын бақылауға қосымша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі тарапынан сапаны инспекциялық бақылау жүзеге асырылады. Оны жүргізудің тәртібі мен инспекторлардың құқықтары шартпен айқындалады.
21. Пайдалану кезеңінде және шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жолдың көлік пайдалану көрсеткіштері осы сыныптағы жолдарға жол саласында қолданылып құжаттарда қойылған талаптарға сәйкес келуі тиіс. Жолдардың көрсеткіштеріне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 845 қаулысымен бекітілген
Жалпы пайдаланылатын автомобиль
жолдарының жерлерін пайдаланудың
ТӘРТІБІ
1. Жалпы ережелер
1. Автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын орналастыруға берілген жерлер автомобиль жолының жерлері (көлік жерлері) болып танылады. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары және олардың алып жатқан жерлері мемлекеттің меншігі болып табылады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 2-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. алынып тасталды
Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолақ бөлігінен тыс жатқан, жолдарды дамыту перспективасы жағынан оларды кеңейту және қайта жаңарту үшін қажетті, жерлерді айрықша пайдалану режимінен жер белдеуі автомобиль жолдарының бақыланатын аймағы деп аталады.
3. Автомобиль жолдарының жолақ бөлігінің жеріне топырақ төсемі, көлік айырымы, жол өтпелері, жасанды құрылыстар, жол жанындағы резервтер және өзге де жолға қызмет көрсету құрылыстары, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үйлері, қар тоқтататын және сәндік көшеттер орын алған жерлер жатады.
Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарына, түрлі деңгейдегі көлік айырымдарына, сондай-ақ жол және көлік қызметтерінің үйлері мен ғимараттарына берілген жердің ені белгіленген автомобиль жолдарына жер беру нормалары бойынша анықталады.
4. Автомобиль жолдарының мұқтажы үшін сондай-ақ жолға тікелей жанасып жатпайтын, бірақ олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет: тұрғын үйлерге, құрылыс және жалтыр мұзға қарсы қолданылатын материалдар сақталатын орындарға, тұрақты және уақытша кеніштерге, асфальтбетон зауыттарына, орман питомнигіне, май құю станцияларына, тамақтану және демалыс пункттеріне және басқа құрылыстарға қажетті жерлер пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Автомобиль жолдарының мұқтажына арналған жерлер автомобиль жолдары қарауындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттендірген органға тұрақты немесе уақытша пайдалануға беріледі.
Тұрақты жер пайдалануға автомобиль жолдарына, жол құрылыстарына, жолдың қалыпты жұмыс етуіне және пайдаланылуына қажет жол жағдайы мен жайластыру элементтеріне, сәндік және қар тоқтататын көшеттерге, орман питомниктеріне, желілік үйлер мен жол қызметінің ғимараттарына, өндірістік базаларға, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларға сервистік қызмет көрсету үшін қажетті жанар-жағармай құятын станцияларға, тамақтану пункттеріне, демалыс пункттерін және басқа да ғимараттарға арналған жерлер беріледі.
Қысқа мерзiмге (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмге (5 жылдан 49 жылға дейiн) уақытша пайдалануға жерлер құрылыс материалдары кенішіне, резервтерге, құрылыс отрядтарының базаларына, айналма жолдарға, жол-құрылыс материалдарын қоюға арналған орындарға және тағы басқаларға беріледі.
Уақытша жер пайдалану мерзімі уәкілетті орган бекіткен техникалық жобамен анықталады.
Уақытша жер пайдалану мерзімін техникалық жобаның негізінде жерді беру туралы шешім қабылдаған орган белгілейді және ол осы органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттендірген қарамағында автомобиль жолдары бар органдар:
жерлерді оның негізгі мақсатты арналуына сәйкес - автомобиль жолдарын дамытуға және жайластыруға, ал жерді уақытша пайдалану кезінде - жер учаскесін беру шартына немесе жалдау шартына (жерді уақытша ақысыз пайдалануға беру шартына) сәйкес пайдалануға;
автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі талаптарды (нормаларды, ережелерді, нормативтерді) және шараларды орындауға;
сату немесе басқа біреуге беру мақсатында жердің құнарлы қабатын қазып алуға жол бермеуге;
жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қазып алынатын топырақтың құнарлы қабатын сақтауға және пайдалануға;
уақытша пайдаланылған жерлерді қайтарудың мерзімдерін сақтауға;
орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың тәртібін сақтауға, тарих, сәулет ескерткіштерін және жер учаскесіне орналасқан мемлекеттің қорғауындағы басқа да объектілердің қорғалуын қамтамасыз етуге;
мемлекеттік органдарға жер туралы заңдарда белгіленген жерді пайдалану туралы мәліметтерді уақытылы ұсынуға;
басқа жер иелері мен жерді пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
жол құрылыс материалдарын жинап қою мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмудің ережелерін сақтауға міндетті.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Автомобиль жолдарының мұқтажына жер беру, оларды пайдалану және құрылыс салу "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен" және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
2. Автомобиль жолдарының бойында құрылыстар
салу және жер учаскелерін пайдалану
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол бойындағы белдеуiнің шегінде, олардың перспективалық құрылысына, қайта жаңартылуына және жөнделуіне жағдай жасау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол бойындағы ландшафтың бүлінуін болдырмау мақсатында жол органдарымен алдын ала келіспестен:
жергілікті маңызы бар жолдардың жолақ бөлігінің екі жағынан 100 метрден кем қашықтыққа;
халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың жолақ бөлігінің екі жағынан 200 метрден кем қашықтыққа елді мекендерді, үйлерді, құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды және басқа да объектілерді жобалауға және құрылысын салуға тыйым салынады.
Осы аймақта жер учаскелері автомобиль жолындағы қозғалысқа қатысушыларға қызмет көрсетуге арналған үйлер мен құрылыстарды салуға ғана берілуі мүмкін.
9. I-III санаттардағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын елді мекендерді айналып өтіп төсеген кезде жердің қабатының жиегінен құрылысқа дейінгі ара қашықтық кем дегенде 200 м болады.
10. Автомобиль жолдарын мемлекеттік орман қоры жерлерінде төсеген кезде автомобиль жолдарының бойында жолдың әр жағындағы ені кемінде 250 м, құрайтын қорғаныс белдеуі бөлінуі тиіс.
11. I-III санаттардағы автомобиль жолдарының топырақ төсенішті жиегінен сәндік көшеттерге дейінгі қашықтық кем дегенде 25 м, IV-V санаттардағы жолдар үшін -15 м, қар тоқтату көшеттеріне дейін қар жиналуының көлеміне қарай белгіленеді.
12. Жол жиегіндегі оларды автомобиль жолдарын су басуға және жолақ бөліктің батпақтануына әкеп соқтыратын ауылшаруашылығы дақылдарын суару және суды резервтерге ағызу үшін суландырғыштар ретінде пайдалануға тыйым салынады.
13. Жалпы пайдаланудағы I-III санатты автомобиль жолдарының бойына тұрақты тамақтану және демалыс пункттерін топырақ төсемінің жиегінен 100 метрден жақын жерге орналастыруға рұқсат етілмейді.
14. Автомобиль жолының жолақ бөлігінен 2,5 шақырымнан жақын қашықтықтағы өзендер жайылмасынан, көпірлер және басқа құрылыстар орналасқан жерлердің жалпы таралған пайдалы қазбаларды (құм, қиыршық тас) дайындайтын кеніш өндірісіне жерлер беруге тыйым салынады.
15. Жолдың жолақ бөлігінен ені 30 м белдеуді атмосфера мен топырақтың улы заттармен үнемі ластануының ең жоғары шектеулі деңгейінен асып түсетін аймақ ретінде ауыл шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалануға тыйым салынады.
3. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына
жер берудің ерекшеліктері
16. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салу үшін әдетте, ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер беріледі.
Орман қоры жерлерінен жер учаскелерін беру көбіне ағашсыз алаңдар немесе бұталы өсімдік және бағасы төмен бұталар өсетін алаңдардың есебінен жүргізіледі.
17. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға, қайта жаңартуға немесе жөндеуге жер беру және алу заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
18. Автомобиль жолдарын, көпірлерді және басқа да жол құрылыстарын су объектілерінде және су жағасындағы белдеулерге (аймақтарға) орналастыру кезінде міндетті түрде суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі органдарымен және балық қорын қорғау мен санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен қосымша келісім жасалады.
19. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға жер беру кезінде қосымша жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың қорытынды шешімін алу қажет.
20. Жер учаскелерінің автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға, қайта жаңартуға немесе жөндеуге беруге және алуға мүдделі жол органдары көзделіп отырған автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту немесе жөндеу орындарын алдын ала келісу туралы, оны салудың мүмкін болатын нұсқаларын, жол белдеулерінің шамамен алғандағы мөлшерлерін, сондай-ақ жерді пайдалану мерзімін көрсете отырып, тиісті мемлекеттік атқарушы органға өтінішпен барады.
Өтінішке:
автомобиль жолы трассасын орналастыру нұсқаларының техникалықэкономикалық салыстырмасы және таңдап алынған неғұрлым оңтайлы нұсқа;
сұралынып отырған жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылар бойынша алаптар тұрғысындағы пайдаланылуы;
жер қойнауын қорғау жөніндегі аумақтық басқару органының таңдап алған учаскеде қазба байлықтарының жоқтығы туралы қорытындысы, ал олар болған жағдайда - жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органының осы учаскеде құрылыс салуға рұқсаты;
жоспар-картографиялық материал және топырақтың және геоботаникалық зерттеулердің деректері қоса беріледі.
21. Автомобиль жолдары өтуінің болжалған вариантын жерге қарап таңдап алу:
су қорғау, экологиялық және басқа шарттар мен талаптар;
топырақтың құнарлы қабатын қазып алу қажеттігі, оның қуаттылығы, пайдалану мақсаты;
уақытша пайдалануға берілген, бүлінген жерлерді қайта өңдеуге қажеттігі, оларды жер учаскелерінің бұрынғы иелері мен жерді пайдаланушыларға қайтарып берудің шарттары;
ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің зияндары мен шығындарының мөлшері көрсетілетін актімен рәсімделеді.
Ауыл шаруашылығы мен орман алаптарын автомобиль жолдарымен құрылыстарды салу үшін алу кезінде меншік иелерінің немесе жерді пайдаланушылардың зияндарымен ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің шығындары белгіленген тәртіппен өтеледі.
22. Автомобиль жолының жерлері арқылы өтуінің варианты мен автомобиль жолдарын салуға (қайта жаңартуға, жөндеуге) кейіннен жер беру шарттары жерлерді алу көзделген жер учаскелерінің иелерімен және жерді пайдаланушылармен, тиісті жерге орналастыру органдарымен, табиғат қорғау, сәулет органдарымен және көзделіп отырған жер берілуі мүдделерін қозғайтын басқа да ұйымдармен және мекемелермен алдын ала келісіледі.