Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1312 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақтың төртінші абзацындағы «және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем ставкалары» деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібінде:
14-тармақтағы «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым ставкаларын» деген сөздер алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сервис объектілері мен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем ставкаларында:
тақырыбындағы «және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем ставкалары» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы «, сондай-ақ республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем ставкаларын» деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |