ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 182-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 182-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
182-бап. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру
1. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен меншiк иесiне немесе өзге мүлiк иеленушiге ұрлық белгiлерiнсiз мүлiктiк залал келтiруді:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша жасауы;
б) бiрнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасау -
төрт жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) ұйымдасқан топпен жасалғанда;
б) iрi залал келтiргенде -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.06.10. № 343-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 183-бап өзгертілді
183-бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату
1. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi алдын ала уәделеспей сатып алу немесе сату -
елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) автомобильге, мұнай және мұнай өнімдеріне немесе ірі мөлшердегі өзге мүлікке қатысты;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаса;
в) бірнеше рет жасалса, -
г) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiне, сондай-ақ аулауға толық тыйым салынған жануарларға, не олардан алынатын өнiмдерге қатысты жасалса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салып немесе мүлкi тәркiленiп немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген ұйымдасқан топ немесе адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 183-1-баппен толықтырылды
183-1-бап. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу
1. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды ірі мөлшерде тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу
қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттерді:
а) бірнеше рет;
б) ұйымдасқан топ жасаса, -
сотталған адамның мүлкі тәркіленіп не онсыз, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 184-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 90-III Заңымен (бұр. ред. қара) 184-бап жаңа редакцияда; 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 184-бап өзгертілді
184-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
1. Авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет авторға немесе өзге құқық иеленушіге елеулі залал келтірсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірсе, -
жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын елеулі мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, -
бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
в) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген;
г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 184-1-баппен толықтырылды; 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 184-1-бап өзгертілді
184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу
1. Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің, селекциялық жетістіктің немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнін, олар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланғанға дейін автордың немесе арыз берушінің келісімінсіз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушіге елеулі залал келтірсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірсе, -
жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті немесе интегралдық микросхема топологиясын елеулі мөлшерде жасалған заңсыз пайдалану, -
бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
в) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген;
г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Егер залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектілері даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе acca, осы Кодекстің 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер елеулі залал келтірген немесе елеулі мөлшерде жасалған деп танылады.
2. Егер залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектілері даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе acca, осы Кодекстің 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер ірі залал келтірген немесе ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 185-бап өзгертілді
185-бап. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену
1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) -
бес жүз айлық есептік көрсеткіштен екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданумен не дәл сондай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған не iрi зиян келтiрген әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданумен не сондай күш қолданбақшы болып қорқытумен жасалған әрекеттер -
алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 186-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 186-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
186-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолдану арқылы не күш қолданамын деп қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тiнтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесiне заңсыз кiрiп кету, сол сияқты бөтен бiреудiң жер учаскесiн заңсыз басып алу -
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi адамның өз қызмет бабын пайдаланып жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштің бес жүзден сегiз жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 187-бап өзгертілді
187-бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру
1. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру, едәуiр зиян келтiрсе -
айлық есептiк көрсеткiштің елуден бір жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi әдiстермен жасалса;
б) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса;
в) жәбiрленушiнiң өзiнiң қызметтiк немесе қоғамдық борышын орындауымен байланысты не өзiнiң жақын туыстары жөнiнде нақ сондай себептермен жасалса;
г) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық себептер бойынша жасалса, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) абайсызда адам өлiмiне;
б) тарих, мәдениет ескерткiштерiн, табиғат кешендерiн немесе мемлекет қорғауға алған объектiлердi, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жоюға немесе бүлдiруге әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асып түсетiн зиян мөлшерi елеулi зиян деп танылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 188-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 188-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
188-бап. Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру
Отпен немесе өзге де аса қауiптi көздермен абайсыз жұмыс iстеу салдарынан болған не абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан бөтен адамның мүлкін жою немесе бүлдіру -
айлық есептiк көрсеткiштің екі жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
7-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 189-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
189-бап. Заңды кәсiпкерлiк қызметке кедергi жасау
Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншiк нысандарына қарай жеке кәсiпкердiң немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерiн шектеу, сол сияқты жеке кәсiпкер мен коммерциялық ұйымның дербестiгiн шектеу не оның қызметiне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды күшiне енген сот актiсiн бұза отырып немесе үлкен залал келтiрiп жасалса, -
үш жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы тараудың баптарында азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асатын сомада келтiрiлген зиян, не қылмыс жасалған сәтке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен мың есе асатын сомада келтiрiлген зиян iрi зиян деп танылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 430-1; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 190-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 190-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
190-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
1. Кәсiпкерлiк қызметтi тiркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсiпкерлiктiң тыйым салынған түрлерiмен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен байланысты болса -
үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып не онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттi:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып;
в) бірнеше рет жасаса, -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы Кодекстiң 190 және 191-баптарында сомасы бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс iрi мөлшердегi табыс деп, ал сомасы екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс - аса iрi мөлшердегi табыс деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 190-бабында құны жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын тауарлар саны iрi мөлшердегi тауарлар деп танылады.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 191-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
191-бап. Заңсыз банктiк қызмет
1. Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеуден өткiзбей немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен ұштасса -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттi:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып жасаса;
в) бірнеше рет жасаса, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 225-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 192-бап жаңа редакцияда; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 192-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
192-бап. Жалған кәсіпкерлік
1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген жағдайда, -
алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл сала отырып не онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттерді:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаса;
в) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса,-
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:
а) ұйымдасқан топ;
б) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса,-
мүлкі тәркіленіп алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 192-1-бабында құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, табыстарды заңсыз алуға және (немесе) өзге де мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.
2009.08.12. № 225-IV ҚР Заңымен 192-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 192-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
192-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы
Жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы),-
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
ҚР 16.03.01 № 163-II Заңына сәйкес 193-баптағы ескерту толықтырылды; ҚР 25.09.03 ж. № 484-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 193-бап өзгертілді
193-бап. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру
1. Көпе-көрiнеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге мүлiкпен қаржылық операциялар немесе басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты аталған қаражатты немесе өзге де мүлiктi кәсiпкерлiк немесе өзге де экономикалық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалану -
айлық есептiк көрсеткiштің бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) әлденеше рет;
в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасалса, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;
б) ұйымдасқан топ;
в) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) немесе iрi мөлшерде жасаса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайларда - мүлкi тәркiленiп жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы бапта он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомаға жасалған мәмiлелер немесе ақша қаражатын немесе басқа мүлiктi пайдалану iрi мөлшер деп танылады.
2. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастыру дайындалып жатқаны не жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстар немесе өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 194-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
194-бап. Несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану
1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлдiк мүлкi туралы, немесе несиенiң, демеу қаржының несиелеудiң жеңiлдiктi шарттарын алуға арналған елеулi мәнi бар өзге де мән-жайлар туралы көпе-көрiнеу жалған мәлiметтердi банкке немесе өзге де несие берушiге беру арқылы жеке кәсiпкердiң немесе ұйым жетекшiсiнiң несие, демеуқаржы не несиелеудiң жеңiлдiктi шарттарын алуы, сол сияқты несиелеудi, демеуқаржы берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердi жоюға не бөлiнген несие мен демеу қаржы мөлшерлерiн шектеуге әкеп соғатын мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге несие берушiге хабарламау, егер осы әрекеттер iрi зиян келтiрсе -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мемлекеттік мақсатты несиенi не мемлекет кепiлдiгiмен берiлген несиенi тiкелей мақсатында пайдаланбау, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе -
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
195-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 196-бап өзгертілді; 2008.25.12 № 113-IV ҚР Заңымен 196-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 196-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)