2008.05.07 № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 217-бап өзгертілді
217-бап. Жалған банкроттық
Коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң несие берушiлерге тиесiлi төлемдерiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшiн несие берушiлердi жаңылыстыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көпе-көрiнеу жалған хабарлауы, егер бұл әрекет iрi зиян келтiрсе -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 218-бап өзгертілді
218-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу
Бухгалтерлiк есеп жүргiзуге уәкiлеттi адамның заңдарда көзделген мәлiметтердi құжаттаудан жалтаруы не осы адамның бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржы қызметi туралы көпе-көрiнеу жалған ақпаратты енгізуi, сол сияқты iрi зиян келтiрген бухгалтерлік құжаттамаларды олардың сақталу мерзiмi аяқталғанға дейiн жоюы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 219-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
219-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беру
Банк қызметкерлерiнiң заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, сол сияқты осы банктiң iс жүзіндегі қаржы жағдайымен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген кепiлдемелер, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе немесе келтiруi мүмкiн болса -
айлық есептiк көрсеткiштің жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 220-бап өзгертілді
220-бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану
1. Банк қызметкерлерiнiң банктiң өз қаражатын және (немесе) банктiң тартылған қаражатын көпе-көрiнеу қайтымсыз несие беру немесе банкке көпе-көрiнеу пайдасыз мәмiлелер жасау үшiн пайдалануы, сол сияқты банк клиенттерiне не басқа адамдарға негiзсiз банк кепiлін немесе негiзсiз жеңiлдiк шарттарын беруi, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Банк қызметкерлерiнiң клиенттердiң банк шоттары бойынша ақша сомаларын, оның iшiнде валюта қаражатын көпе-көрiнеу дұрыс аудармауы немесе көпе-көрiнеу уақтылы аудармауы, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңымен; 16.03.01 ж. № 163-II ҚР Заңымен; 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 221-бап өзгертілді
221-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы
1. Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшердегі салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса, -
екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына тартуға, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салына отырып немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
бес жүзден үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, азаматтың салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңымен; 16.03.01 ж. № 163-II ҚР Заңымен 222-бап өзгертілді; 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен 222-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 222-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару
1. Декларация табыс ету міндетті болып табылса да, декларацияны табыс етпеу не декларацияға кірістер және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу жолымен, салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштің жеті жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде көзделген алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Ұйымның салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуі, егер төленбеген салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде жасалған деп және егер төленбеген салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдер сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 222-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 222-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
222-1-бап. Салық төлеушінің салық берешегі шотына билік ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттері
Билік етуге салық органдары шектеу қойған мүлікті ысырап етуі, иеліктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлкіне билік ету шектелген адамның осындай мүлікті беруден бас тартуы, кредит ұйымдары қызметшісінің салық органдары шығыс операцияларын тоқтатып қойған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 223-бап өзгертілді
223-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 224-бап өзгертілді
224-бап. Заңсыз сыйақы алу
1. Мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның мемлекеттік қызметтердi атқаруға уәкiлеттi адамы болып табылмайтын қызметкерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамының, сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқару қызметтерiн атқармайтын қызметкерiнiң өз мiндеттерi шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткенi үшiн материалдық сыйақыны, жеңiлдiктердi немесе мүлiктiк сипаттағы қызмет көрсетулердi заңсыз алуы, егер бұл әрекеттер қорқытып алумен байланысты болса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Бiрнеше рет немесе iрi мөлшерде сыйақы алумен байланысты жасалған дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер адамның алған сомасы немесе оған көрсетiлген қызметтiң құны үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен асса, заңсыз сыйақы алу iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
225-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 226-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
226-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету
1. Күш қолданамын деп, бөтеннiң мүлкiн жоямын немесе бүлдiремiн деп, сол сияқты жәбiрленушi мен оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделерiне едәуiр зиян тигiзуi мүмкiн мәлiметтердi таратамын деп қорқыту арқылы мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл сала отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) күш қолданып;
в) ұйымдасқан топпен жасалса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен 226-1-баппен толықтырылды
226-1 бап. Рейдерлік
1. Заңды тұлғаға қатысу үлесіне меншік құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкі мен бағалы қағаздарын заңсыз иемденіп алу немесе жиналыстар мен отырыстардың хаттамаларына, олардан үзінділерге дауыс берушілердің саны, кворумы немесе дауыс беру нәтижелері туралы көрiнеу дәйексіз мәліметтерді енгізу не дауыстарды санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердің есебін көрiнеу дәйексіз жүргізу, акционердің, басқару органына қатысушының, оның мүшесінің немесе атқарушы орган мүшесінің дауыс беруге нақты қолжетімділігін бұғаттау немесе шектеу, жиналыстардың, отырыстардың өтуі туралы мәліметтерді хабарламау не жиналыстардың, отырыстардың өтетін уақыты мен орны туралы дәйексіз мәліметтерді хабарлау, көрiнеу жалған сенімхат бойынша акционердің, басқару органына қатысушының немесе оның мүшесінің атынан дауыс беру жолымен, бағалы қағаздарды сатып алудың басым құқығын бұзу, шектеу немесе нұқсан келтіру жолымен жоғары органның шешім қабылдауы кезінде дауыс беру нәтижелерін қасақана бұрмалау не құқықты еркін іске асыруға кедергі келтіру нәтижесінде заңды тұлғаның үстінен бақылау орнату, сол сияқты бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру кезінде не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі бұзушылыққа әкеп соққан өзге де заңсыз тәсілдермен қасақана кедергілер жасау, -
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасалған әрекеттер, -
бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Нақ сол әрекеттерді:
а) ұйымдасқан топ;
б) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам жасаса, егер олар оның қызмет бабын пайдаланумен ұштасса,-
мүлкі тәркіленіп және үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 227-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
227-бап. Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату
1. Заң мен қорғалатын компьютерлiк ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардың желiсіндегі ақпаратқа заңсыз кіру, сол сияқты ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адамның ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желісін бұзуға әкеп соқса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған не адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желісін бұзуға көпе-көрiнеу әкелетiн ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген абайсыздықпен ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2007.08.01. № 210-III ҚР Заңымен 227-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 227-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
227-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының әйкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату
1. Жасап шығарушының немесе заңды иесінің келісімінсіз ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын құқыққа сыйымсыз өзгерту, ұялы байланыс абонентінің сәйкестендіру картасының телнұсқасын құқыққа сыйымсыз жасау, -
екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентінің сәйкестендіру картасының телнұсқасын жасауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату, -
бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Нақ сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не ұйымдасқан топпен;
б) бірнеше рет жасалса;
в) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
8-тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 228-бап өзгертілді
228-бап. Өкiлеттiктердi теріс пайдалану
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамның өз өкiлеттiктерiн осы ұйымның заңды мүдделерiне қарсы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса -
бес жүзден сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан төрт жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстiң баптарында мемлекеттік орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы не мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам деп танылады.
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 229-бап өзгертілді
229-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы
1. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитордың немесе аудиторлық ұйым жетекшісінің өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар, немесе ұйымдар үшiн пайда табу және артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көпе-көрiнеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлетi жоқ адамға қатысты не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -