4) депоненттер мен олардың клиенттерiнiң құқықтарын және мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.
2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, орталық депозитарий заңды тұлғаларды құруға және оның қызметiне қатысуға құқылы емес.
17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы
83-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымы
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертiлдi (бұр.ред. қара)
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды жүзеге асыру мақсатында сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде жасалатын мәмiлелердi қадағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi кiруге тиіс.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының аталған құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн жүзеге асыру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2007.19.02 . № 230-III ҚР Заңымен 84-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары, олардың функциялары және өкілеттіктері, олардың шешімдерді қалыптастыру және қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сауда-саттықты ұйымдастырушының жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен айқындалады.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тиесілі заңды тұлға акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің оның аффилиирленген тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма процентінен аспауға тиіс.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
3. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тиесілі акционер заңды тұлғаның үлесі сауда-саттықты ұйымдастырушының дауыс беретін акциялары жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционері , Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, «бір акция - бір дауыс» принципі бойынша дауыс береді.
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның өкілі тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып белгіленген қор биржасы директорлар кеңесінің құрамына Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілі де тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертiлдi (бұр.ред. қара)
5. Листинг, делистинг мәселелері бойынша шешім қабылданған немесе бағалы қағаздар тізімінің санаттары алмасқан кезде:
1) аталған шешімге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілетін, осы тізімнен шығарылатын немесе осы тізімнің өзге санатына ауыстырылатын эмитенттің (бұдан әрі осы тармақта — мүдделі эмитент);
2) мүдделі эмитентке қатысты оның еншілес ұйымдары немесе тәуелді акционерлік қоғамдары болып табылатын ұйымдардың;
3) өздеріне қатысты мүдделі эмитент оның еншілес ұйымы немесе тәуелді акционерлік қоғамы болып табылатын ұйымдардың;
4) үшінші ұйымға қатысты оның мүдделі эмитентпен бірге еншілес ұйымдары немесе тәуелді акционерлік қоғамдары болатын ұйымдардың өкілдері болып табылатын , құзыретіне көрсетілген мәселелерді қарау кіретін қор биржасы органы мүшелерінің (бұдан әрі осы бапта - листинг комиссиясы) дауыс беруге құқығы жоқ.
Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Листинг комиссиясының құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.
85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерi
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiн оның атқарушы органы әзiрлейдi, уәкiлеттi органмен келісіледi және сауда-саттық ұйымдастырушының директорлар кеңесi бекiтедi.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерi сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiне айналысқа жiберiлген қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасаған кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң қызметiн, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы мен оның мүшелерi (клиенттерi) арасында туындайтын құқықтық қатынасты реттейдi.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерi сауда-саттықты ұйымдастырушының функциясына кiретiн мәселелердi реттейтiн сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарын қамтиды.
4. Қор биржасының ережелерi:
1) қор биржасындағы мүшелiк санатын, қор биржасының мүшелiгiне кiру талаптары мен тәртібін, қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, қор биржасында мүшелiктi тоқтата тұрудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін;
2) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздарын енгізу жорамалданып отырған және енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
3) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздарды енгізудiң, оларды осы тiзiмнен және тiзiм санатының ауысымынан алып тастаудың талаптары мен тәртібін;
4) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне (соның iшiнде ақпаратты жариялау бойынша) енгiзiлген эмитенттердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн;
5) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткізу тәртібін;
6) қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттықта жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;
7) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) қор биржасының сауда жүйесiнде айналысқа жiберiлген қаржы құралдарын бағалаудың әдiстемесiн;
9) биржалық сауда ережелерiн бұзғаны үшiн қор биржасы мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн, қор биржасы өндiрiп алатын айыппұлдар төлеудiң мөлшерi мен тәртібін;
10) қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру барысында пайда болатын дау-жанжалды шешу тәртібін айқындауға тиiс.
86-бап. Қор биржасының мүшелерi
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi болып табылады.
2. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының кемiнде он мүшесi болуға тиiс.
3. Қор биржасының мүшелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптарға сай келетiн шетелдiк заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
4. Қор биржасының мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар, мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және одан айыру тәртібі, сондай-ақ қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерi Қор биржасының ережелерiнде белгiленедi.
5. Қор биржасының мүшелерi мәмiлелердi жасау осы мүшелер үшiн қор биржасының ережелерiнде жол берiлетiн қаржы құралдарының түрлерi бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы.
87-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметiн қаржыландыру
1. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:
1) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелiгiне кiргенi үшiн;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкiн пайдаланғаны үшiн;
3) бағалы қағаздар листингi үшiн және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының тiзiмiнде болғаны үшiн;
4) мәмiлелердi тiркеу және ресiмдеу үшiн;
5) ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн;
6) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiмен көзделген өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.
88-бап. Қор биржасының қызметi
2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен 1- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
1. Қор биржасы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Қор биржасы мынадай:
1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;
2) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгізуге жорамалданып отырған немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою;
3) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасасу мақсатында сауда жүйесiне кіруге өз мүшелерiне мүмкiндiк беру;
4) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткізу;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен тармақ 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен тармақ 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындау;»;
5) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты әзiрлеу;
6) өз мүшелерiне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
7) бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыру;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін айқындау функцияларын;
9) қор биржасының iшкi құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
89-бап. Қор биржасының тiзiмi
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 1 тармақ толықтырылды
1. Бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгізудiң талаптары мен тәртібі оның ережелерiмен белгiленедi.
Уәкiлеттi орган эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тiзiмiнiң жекелеген санаттарына талаптар белгiлейдi.
Қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттық ұйымдастырушысының тізіміне енгізу және одан алып тастау шарттары мен тәртібі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актісімен белгіленеді және уәкілетті органмен келісіледі.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырылды ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-1. Акциялары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санатына енгiзiлген эмитенттер, сондай ақ оларға рұқсат беруге бастамашы болғандар орналастырылған және еркiн айналыстағы акциялардың қор биржасының ережелерiнде белгiленген ең төменгi көлемiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттер, сондай-ақ сол бағалы қағаздарға рұқсат етудiң бастамашылары осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде және эмитенттiң қызметi мен қор биржасының тiзiмiне енгiзiлетiн (енгiзiлген) бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашу жөніндегі қор биржасының ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Егер эмитенттер белгiленген талаптарды орындамаса, қор биржасы және (немесе) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құқық бұзушылықтарды жою жөнiнде өз ережелерiне сәйкес шаралар қолдануға құқылы.
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
90-бап. Биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн ұйымының қызметi
1. Биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн ұйымының (бұдан әрi - баға белгiлейтiн ұйым) негiзгi мақсаты оның клиенттерi арасындағы бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң алмасу жүйесiн ұйымдастыру болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары ғана баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi бола алады.
Егер бұған Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, баға белгiлейтiн ұйым да уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне және баға белгiлейтiн ұйымның iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен баға белгiлеудiң алмасуын ұйымдастыруға құқылы.
2. Баға белгiлейтiн ұйым мынадай:
1) бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң алмасу жүйесiн (бұдан әрi ақпараттық жүйе) пайдалану және қолдау;
2) баға белгiлейтiн ұйымның айналысына жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу мақсатында ақпараттық жүйеге кiруге өз клиенттерiне мүмкiндiк беру;
3) баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi арасында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарының бағасын белгiлеумен тұрақты алмасып отыруды ұйымдастыру;
4) баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi арасында бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасасу туралы хабарлама алмасуды ұйымдастыру;
5) өз клиенттерiне баға белгiлейтiн ұйымында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасасу үшiн қажеттi ақпараттар беру функцияларын;
6) осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде және баға белгiлейтiн ұйымның iшкi құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамдары
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 91-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
91-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мiндеттерi
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның негiзгi мiндетi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
92-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның құқықтық жағдайы
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн заңды тұлғаға бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыратын лицензиаттардың кемінде 30 проценті осы заңды тұлғаның мүшелерi екенiн растайтын құжаттар негiзiнде уәкiлеттi орган бередi.
Заңды тұлға осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiнен айрылады.
Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру және оны жою тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленеді.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның атауында осы ұйым мүшелерiнiң негiзгi қызметiнiң түрiн көрсететiн, сондай-ақ «Қауымдастық», «Одақ» немесе «бiрлестiк» деген сөздер болуға тиiс.
93-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары:
1) уәкiлеттi органға бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру тәртібін белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар беру;
2) бағалы қағаздар рыногында өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi арасында туындайтын дауларды және мүшелерi мен олардың клиенттерi арасындағы дауларды қарау;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара)
3) бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыруға ниет бiлдiрген адамдарға оқу бағдарламаларын әзiрлеу және оларды оқытуды жүргiзу;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
4) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу;
5) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң рейтингтерiн жасау және жариялау;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
6) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң қызметiне тексеру жүргiзу;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
6-1) уәкiлеттi органға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң лицензиясын тоқтата тұру және одан айыру туралы өтiнiштер жiберу;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
7) бағалы қағаздар рыногында өз мүшелерiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңдары мен өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзуға жол берген өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне өзiнiң iшкi құжаттарында белгiленген ықпал ету шараларын қолдану болып табылады.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерiнен, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, олардың бағалы қағаздар рыногындағы қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге құқылы.
3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерiнiң қызметi мәселелерi бойынша уәкiлеттi орган беретiн ақпаратты өзiнiң мүшелерiне жеткiзiп отыруға мiндеттi.
94-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары:
1) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi қызметiнiң ережелерi мен стандарттарын;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара)
2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның өз мүшелерiнiң қызметiне қатысты бақылау iс-шараларын жүргiзу ережелерiн;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара)
3) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi арасындағы дауларды шешу ережелерiн;
4) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығару ережесін;
5) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби этика ережелерiн;
6) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
7) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның бөлiмшелерi, комитеттерi, филиалдары мен өкiлдiктерi қызметiнiң тәртібін белгiлеуге тиiс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакциядаі ( бұр. ред. қара)
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi әзiрлейдi және оны өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң жалпы жиналысы бекiтедi.
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi үшiн оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы белгiлеген күннен бастап мiндеттi болады.
95-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
96-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
97-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның уәкiлеттi органмен өзара қатынастары
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне араласуға құқығы жоқ.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшесiнiң Қазақстан Республикасының заңдарын, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзғаны туралы, сондай-ақ өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы ақпаратты уәкiлеттi органның назарына жеткізуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi орган өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң және оның клиенттерінің мүдделерi қозғалатын нормативтiк құқықтық актіні әзiрлеу кезiнде өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мамандарын тартады.
98-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртібі
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртібі өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiш оның өзiн-өзi реттейтiн ұйымға түскен кезiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады. Өтiнiшке тiзбесi өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарында айқындалатын құжаттар қоса тiркеледi. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмдi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi қабылдайды.
3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдаудан бас тарту туралы шешiм жөнiнде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
99-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға мүшелiктiң тоқтатылуы
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығару өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарына сәйкес мынадай жағдайларда:
1) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң өтiнiшi бойынша;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырған немесе лицензияның қолданылуы тоқтатылған;
3) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесi Қазақстан Республикасының заңдарын және өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзған жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығаруға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi кеңесiнiң мүшелiктен шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесi берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
100-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды олардың өтiнiштерiн қарау арқылы жүзеге асырады. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым клиенттердiң өтiнiштерiн қарау қорытындылары бойынша және негiздемелер болған жағдайда өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiне қатысты ықпал ету шараларын қолданады.
2. Өтiнiштi қараудан заңсыз бас тартуға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң клиентi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 100-1-баппен толықтырылды
100-1-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдары
1. Инвесторларға бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары келтірген залалдарды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзара сақтандыру қоғамдарын құруға құқылы.