Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысы
(2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылдың 1 қарашасынан бастап қосымшаға сәйкес алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 201 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Қ. Тоқаев |
ҚР Үкіметінің 08.11.00 ж. № 1683 ; 2007.16.03. № 201 (бұр.ред.қара); 2008.03.12. № 1130 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
23 қазандағы № 1592 қаулысына
қосымша
Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар
Алкоголь өнімінің түрлері | Алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы (теңге/литр) |
Арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер- арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктері | 500 |