Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 маусымдағы № 543 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қарашадағы № 1683 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 143 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы екінші және үшінші бағандар алынып тасталсын.
2. «Алкогольді өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 маусымдағы № 543 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 18, 159-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Қ. Тоқаев |