Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысы
(2007.16.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 3 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылдың 1 қарашасынан бастап қосымшаға сәйкес алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 201 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
23 қазандағы № 1592 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 08.11.00 ж. № 1683 ; 2007.16.03. № 201 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) қаулыларымен қ осымша өзгертілді
Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар
Алкоголь өнімінің түрлері | Алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы (теңге/литр) |
Арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер- арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктері | 357 |