Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 08.11.00 ж. № 1683 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылдың 1 қарашасынан бастап қосымшаға сәйкес алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс миниcтрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
23 қазандағы № 1592 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 08.11.00 ж. № 1683 қаулысымен қосымша өзгертілді
Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар
Алкоголь өнімінің түрлері | Алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы (теңге/литр) |
Арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер- арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктері | 258 |