2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;
4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға мiндеттi.
3. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамту бағдарламаларын iске асыру мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметті Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен осындай қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар болған кезде жүзеге асырады.
Шетелдiк жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмыс берушiлер жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгізу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына кепiлдiк берген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Кепiлдi жарнаны Қазақстан Республикасының банктеріне енгізу тәртібін, шарттарын және олардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ішкi еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жыл сайын квота белгiлейдi.
Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау және оны тартуға рұқсат беру туралы нормалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар орта білімнен кейінгі және жоғары білімді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
2. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін адамдарды қоспағанда, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.
3. Квота белгiлеу тәртібін, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң білім деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) жұмыстар мен кәсiптердiң біліктiлiк анықтамалығына және қызметшiлер лауазымдарының біліктiлiк анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң шарты мен тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
12-бап. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламалары
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өкілдерiнiң қатысуымен әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарлары негiзiнде халықты жұмыспен қамтудың:
1) халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге ынталандыратын шараларды;
2) жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңдестiру жөніндегі шараларды;
3) халықтың әлеуметтiк қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды;
4) қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды;
5) еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсiби даярлау мен қайта даярлаудың икемдi жүйесiн ұйымдастыруды;
6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетiлдiрудi;
7) жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешуде жергілiктi атқарушы органдардың рөлiн арттыру жөніндегі шараларды;
8) жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде уәкiлеттi органның қызметiн жұмыс берушiлермен, қоғамдық бiрлестiктермен, еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен ұштастыруды;
9) жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі деректердiң ақпараттық базасын жетiлдiрудi;
10) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейтiн бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТIК ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
13-бап. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтiк қорғау
Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру;
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен бап 3-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)
3-1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған, қоғамдық жұмыстарға қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;
4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу
1. Жұмыс тапқысы келетiн адамдар тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өтiнiш жасай алады.
2. Жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз деп тану туралы шешiмдi уәкiлеттi орган мынадай құжаттарды:
жеке куәлiгін (паспортын);
еңбек қызметiн растайтын құжаттарды;
әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiктi (ӘЖК);
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН) ұсынған кезде қабылдайды.
3. Жұмыс iздеп жүрген адам, осы баптың 2-тармағында санамаланған құжаттардан басқа, алған табыстары туралы (мәлiмдеу сипатындағы) мәлiметтердi қоса бередi.
4. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бұдан басқа, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгін ұсынады.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
5. Оралмандар халықтың көшi-қоны мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық органдары берген оралман куәлiгiн ұсынады.
6. Уәкiлеттi орган осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына (компьютерлiк деректер базасы) мәлiметтердi енгізу арқылы өтiнiш жасаған адамдарды тұрғылықты жерi бойынша жұмыссыздар ретiнде тiркейдi.
7. Уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздар - күнтiзбелiк он күн iшiнде кемiнде бiр рет уәкiлеттi органда, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімінде белгiленiп тұруға тиiс.
16-бап. Жұмыссызды есептен шығару
1. Уәкiлеттi орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;
2) уәкiлеттi орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшiн бес жұмыс күнi ішінде дәлелсiз себептермен уәкiлеттi органға келмегенде;
4) жұмыссыз уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқанда;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген уәкiлеттi органға келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) тұрғылықты жерi өзгергенде;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыспен қамтылғандар санатына жатқызылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда, есептен шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң ғана уәкiлеттi органда қайтадан тiркеле алады.
17-бап. Тiркелген жұмыссыздардың мiндеттерi
1. Жұмыссыздар:
1) осы Заңды сақтауға;
2) уәкiлеттi органдарға келiп тұрудың тәртібін, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;
3) уәкiлеттi орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге өтiнiш жасауға;
4) уәкiлеттi органға:
тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануды;
ұйымдық құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртібіне ықпал ететiн өзгерістер туралы мәлiметтердi дер кезiнде (бес жұмыс күнi iшiнде) табыс етуге мiндеттi.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 2- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жоғарыда аталған мәлiметтердi жасырған немесе көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жасанды құжаттар табыс еткен жағдайда, жұмыссыздар тiркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкiн.
18-бап. Лайықты жұмыс
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тiркелген жұмыссыз азаматтар үшiн кәсiби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көлiктiң қолайлылығына сәйкес келетiн жұмыс, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын, табысы аз адамдар қатарындағы адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс та лайықты жұмыс деп есептеледi. Көлiктiң қолайлылығын тиiстi атқарушы орган айқындайды.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ, екi жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшiн алдын-ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкiн болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшелiктерi мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескерiлетiн басқа ақы төленетiн жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар үшін орташа айлық жалақысы олардың соңғы жұмыс орнындағыға қарағанда жоғары болатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін жұмыс лайықты деп есептеледі.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 18-1- баппен толықтырылды
18-1-бап. Әлеуметтiк жұмыс орны
1. Әлеуметтiк жұмыс орнын құруды жұмыс берушi жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негiзде жүзеге асырады.
2. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.
3. Әлеуметтiк жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшелiктерi болады:
1) нысаналы топтарға әдейi арналады;
2) жұмыс орындарының саны шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртібін жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 19- бап өзгертілді
19-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (3) тармақша 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды)
1. Уәкілетті орган кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға:
1) егер олардың қажетті кәсіптік біліктілігі болмауына байланысты лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда, жұмыссыздарды;
2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды;
3) толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді жібереді.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2- тармақ өзгертілді
2. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен еңбек рыногының қажеттiлiгi ескерiле отырып, бюджет қаражаты есебiнен уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша білiм беру ұйымдарында не білім беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда жүргiзiледi.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың, жұмыспен қамтылғандар мен жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздар кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан басым тәртiппен өту құқығына ие болады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Уәкілетті орган кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберген, оқуды өз бетінше, дәлелсіз себептермен тоқтатқан адамдар уәкілетті органда қайтадан тіркелген (өтініш берген) күннен бастап бір жыл өткеннен кейін оқуға қайтадан жіберілуі мүмкін.
20-бап. Қоғамдық жұмыстар
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және олар бюджет қаражаты және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
2. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртібімен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кiрген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысу құқығы бар.
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен 3- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан адамдар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген (өтініш берген) күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкін.
4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
1) жұмыссыздарға әдейi арналған;
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды)
1-1) толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге арналған;
2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды;
3) жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша ұйымдастыру мүмкiндiгi болады;
4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдасы болады;
5) арнаулы білімi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк бередi.
5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша:
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
2) аймақтардағы ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекітіледi.
6. Авариялар, дүлей зiлзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
9. Осы Заң қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастарды реттемейдi.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласындағы бақылау мен есептiлiк
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 21-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ведомстволық статистикалық байқау
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайға, сондай-ақ еңбек рыногындағы ахуалға, оның болжануы мен реттелуiне объективтi баға беру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау жүргізіледі.
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ак шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер уәкiлеттi органға және ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде алғашқы статистикалық деректерді табыс етуге мiндеттi.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Уәкiлеттi органдар мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен, салық органдарымен, ішкі істер органдарымен, республикалық және аймақтық деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен әр тараптың өз мiндеттерiн орындауы үшiн қажет болатын есептi құжаттама мен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемсiз негiзде алмасады.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Уәкiлеттi органдар орталық атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде алғашқы статистикалық деректерді табыс етедi.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен; 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік», «халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды орталық атқарушы орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік», «халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 22-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-1-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңнамасының бұзылғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының