«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 Қаулысы
(2010.17.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 қаулысын (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi;
2) Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесi;
3) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және (немесе) бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны;
4) он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны бекітілсiн;
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініштің нысаны бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшерi туралы мәлiметтi куәландыруға уәкілеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын;
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 Қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) өтініш берушілерге нысаны осы қаулымен бекітілген, он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініш бланкілерінің, сондай-ақ Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесіне 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес мәліметтердің тегін берілуін қамтамасыз етсін;
2) учаскелiк комиссиялар туралы бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Бала тууына байланысты берілетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 100-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 1225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 46, 503-құжат).
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгізiлетiн Балалы отбасыларға берілетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінiң 2-тармағының 5) тармақшасын, 11, 17, 18-тармақтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «және бала күтімі жөніндегі» деген сөздер «, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2005 жылғы 2 қарашадағы
№ 1092 қаулысымен
бекітілген
Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу
ережесi
Осы Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2307 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар) мынадай түрдегi ақшалай төлемдер:
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берiлетiн жәрдемақы);
бала бiр жасқа толысымен оның күтiмi жөнiнде тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы);
он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы);
мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала (қыз) асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);
2) бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;
3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
4) отбасы - некеден, туыстықтан, балаларды асырап алудан немесе тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға ықпал етуге тиiстi адамдар тобы;
5) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетін үлесi;
7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшiн отбасы атынан өтiнiш беретiн адам;
8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия;
9) уәкiлеттi мемлекеттік орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;
10) уәкілеттi ұйым - Қазақстан Республикасының Yкіметі «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шарттарымен функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;
11) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар.
2. Жәрдемақылар алуға өтiнiш беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымға мынадай өтініш берушілер өтініш жасайды:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін:
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатынына (қатыспайтынына) қарамастан, бала күтімін жүзеге асыратын адамдар;
2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін:
баланың күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын адамдар;
3) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін:
мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анасы немесе әкесі, бала (қыз) асырап алушы, қамқоршы (қорғаншы).
2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адамдар.
Жоғарыда санамаланған жәрдемақыларды тағайындауға өтініш жасаған кезде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақыны және (немесе) бала күтімі жөніндегі және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері) не тууы туралы акті (актілер) жазбасының (жазбаларының) көшірмесі (көшірмелері);
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) отбасының тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
5) отбасы құрамы туралы мәліметтер (бала күтімі жөніндегі жәрдемақы үшін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес);
6) баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы үшін).
3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөніндегi жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш беру мерзiмi бала туған күннен бастап 12 айдан аспауға тиiс.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
4. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға мынадай құжаттармен өтiнiш жасайды:
1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
5) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәлiметтер;
6) осы Ережеге 2, 3-қосымшаларға сәйкес отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер.
Тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган болмаса, өтiнiш берушi құжаттарын кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкіміне тапсырады.
5. Бұл ретте балаларға арналған жәрдемақыны алуға құқық тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.
6. Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
7. Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкілеттiк беруге құқылы.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе баланы қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі көшірмелерді түпнұсқалармен салыстырып тексереді, оларды тiркейдi және өтiнiштiң бекітілген нысанына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтiнiш берушіге бередi.
10. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға тапсырады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы
тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртiбі
11 тармақ 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
11. Бала күтiмі жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап бiр жасқа толысымен тағайындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса тағайындалады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды
11-1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш берілген күнінен бастап бала мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақылар отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Уәкiлеттi ұйым өтiніш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде iсті қалыптастырады, осы Ережеге 4-қосымшаға және (немесе) 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы тәрбиелеушіге бала туғанда берiлуiн, бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiмнiң жобасын дайындайды және бала туғанда берілетін және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жiбередi.
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді
14. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган істерді қабылдап алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оларды қарайды, бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және уәкілетті ұйымдарға жібереді.
Бас тартқан жағдайда бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган уәкiлеттi ұйым арқылы бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
15. Жәрдемақыларды төлеудi уәкiлеттi ұйым өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
16. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы құжаттарды уәкiлеттi ұйымға бергеннен кейiн бiр ай мерзiмде төленедi.
17 тармақ 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2307 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 17-тармақ өзгертілді
17. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы ағымдағы ай үшiн ай сайын төленедi. Бiр айдан артық уақытқа есептелген жәрдемақы сомасы бiр уақытта төленедi.
Отбасында екі және одан да көп мүгедек балалар болған жағдайда, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.
Төлемдi тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей бір уақытта төленедi.
Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда жәрдемақы төлемі бала (балалар) қайтыс болған ай өткеннен кейін тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2307 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 17-1-тармақ өзгертілді
17-1. Айлық есептік көрсеткіштің және (немесе) ең төменгі жалақының мөлшері және (немесе) жәрдемақылардың мөлшері өзгерген жағдайда, уәкілетті ұйым осы Ережеге 4-қосымшаға және (немесе) 4-1-қосымшаға сәйкес нысандағы шешімнің жобасын дайындайды және тағайындалған жәрдемақылар мөлшерінің өзгергенін ескере отырып, оны бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.
Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешім жобаларын он жұмыс күні ішінде қарайды және бекітеді әрі уәкілетті ұйымға жібереді.
18 тармақ 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2307 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 18-тармақ өзгертілді
18. Бала күтiмi жөніндегі, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды алушылар 15 күн мерзiмде уәкiлеттi ұйымды көрсетілген жәрдемақыларды алу құқығына және (немесе) олардың мөлшеріне әсер ететiн мән-жайлардың өзгергендiгi туралы хабардар етуге мiндеттi.
Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді); ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен 18-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақының және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар анықталған жағдайда уәкілетті ұйым Ережеге 4-қосымшаға және (немесе) 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімнің жобасын жәрдемақының тағайындалған мөлшерінің өзгеруін ескере отырып дайындайды және бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.
Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде шешімнің жобасын қарап бекітеді және уәкілетті ұйымға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді); ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен 18-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-2. Бала күтімі жөніндегі және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақылар төлемін тоқтату үшін негіз болып табылатын мән-жайлар анықталған жағдайда уәкілетті ұйым Ережеге 4-қосымшаға және (немесе) 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы төлемін тоқтату туралы шешімнің жобасын дайындайды және бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.
Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде шешімнің жобасын қарап бекітеді және уәкілетті ұйымға жібереді.
Жәрдемақы төлемі төлемді тоқтату үшін негіз болып табылған мән-жайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар ерікті түрде, бас тартылған жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға тиіс, бұл туралы бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жәрдемақы алушыны он жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Уәкiлеттi ұйым бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органдар қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтінім жасайды.
Уәкiлеттi ұйым ай сайын 25-күнi уәкiлеттi мемлекеттік органға бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiмдi ұсынады.
20. Уәкiлеттi мемлекеттік орган қаражатты тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiнде уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына аударады.
21. Уәкiлеттi ұйым облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бөлiнiсiнде жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кестенi жасайды және үш банктiк күн iшiнде белгiленген тәртiппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады.
22. Бөлiнген қаражат бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган мен уәкiлеттi ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актiсi жасалады.
23. Төленген сомалар бойынша облыстық, аудандық және қалалық уәкiлеттi ұйымдар мен жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады.
24. Жәрдемақылар беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу уәкiлеттi ұйым мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
4. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау
және төлеу тәртібі
25. Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгiленген азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен отбасыларға тағайындалады.
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 26-тармақ өзгертілді
26. Балаларға арналған жәрдемақы өтiнiш берiлген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Қажетті барлық құжаттарымен, өтiнiш берген ай өтiнiш жасалған ай деп саналады.
Балаларға арналған жәрдемақы төлеу өткен ай үшiн ай сайын жүргiзiледi.
Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда жәрдемақы төлемі бала (балалар) қайтыс болған ай өткеннен кейін тоқтатылады.
27. Отбасының жиынтық табысы өтiнiш берiлген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен есептеледi.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
28. Азаматтар алғаш өтініш берген кезде балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі учаскелік комиссияның балаларға арналған жәрдемақыларды алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Азаматтар бір күнтізбелік жылдың ішінде қайталап өтініш берген кезде учаскелік комиссияның балаларға арналған жәрдемақыларды алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу туралы шешім өтініш берушінің (отбасының) тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), отбасының құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда, өтініш беруші ұсынған деректер нақтыланған кезде қабылданады.
Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкіміне ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
29. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі қалыптастырады және балаларға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Бас тартқан жағдайда, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.