«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының
Заңын iске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 Қаулысы
(2007.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
"Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi;
2) Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесi;
3) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және (немесе) бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны;
4) он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны бекітілсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшерi туралы мәлiметтi куәландыруға уәкілеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын;
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 Қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) өтініш берушілерге нысаны осы қаулымен бекітілген, он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініш бланкілерінің, сондай-ақ Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесіне 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес мәліметтердің тегін берілуін қамтамасыз етсін;
2) учаскелiк комиссиялар туралы бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Бала тууына байланысты берілетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 100-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 1225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 46, 503-құжат).
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгізiлетiн Балалы отбасыларға берілетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінiң 2-тармағының 5) тармақшасын, 11, 17, 18-тармақтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2005 жылғы 2 қарашадағы
№ 1092 қаулысымен
бекітілген
Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесi
Осы Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар) мынадай түрдегi ақшалай төлемдер:
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берiлетiн жәрдемақы);
бала бiр жасқа толысымен оның күтiмi жөнiнде тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы);
он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы);
2) бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;
3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
4) отбасы - некеден, туыстықтан, балаларды асырап алудан немесе тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға ықпал етуге тиiстi адамдар тобы;
5) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетін үлесi;
7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшiн отбасы атынан өтiнiш беретiн адам;
8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия;
9) уәкiлеттi мемлекеттік орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;
10) уәкілеттi ұйым - Қазақстан Республикасының Yкіметі "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының шарттарымен функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;
11) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар.
2. Жәрдемақылар алуға өтiнiш беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2. Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымға мынадай өтініш берушілер өтініш жасайды:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін:
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатынына (қатыспайтынына) қарамастан, бала күтімін жүзеге асыратын адамдар;
2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін:
баланың күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын адамдар;
2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адамдар.
Өтініш жасаған кезде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақыны және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) отбасының тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
5) отбасы құрамы туралы мәліметтер (бала күтімі жөніндегі жәрдемақы үшін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес).
3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөніндегi жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш беру мерзiмi бала туған күннен бастап 12 айдан аспауға тиiс.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
4. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға мынадай құжаттармен өтiнiш жасайды:
1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
5) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәлiметтер;
6) осы Ережеге 2, 3-қосымшаларға сәйкес отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер.
Тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган болмаса, өтiнiш берушi құжаттарын кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкіміне тапсырады.
5. Бұл ретте балаларға арналған жәрдемақыны алуға құқық тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.
6. Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
7. Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкілеттiк беруге құқылы.
8. Асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе баланы қамқорлыққа алу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі көшірмелерді түпнұсқалармен салыстырып тексереді, оларды тiркейдi және өтiнiштiң бекітілген нысанына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтiнiш берушіге бередi.
10. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға тапсырады.
3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртiбі
11 тармақ 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
11. Бала күтiмі жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап бiр жасқа толысымен тағайындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса тағайындалады.
12. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
13. Уәкiлеттi ұйым өтiніш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде iсті қалыптастырады, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес бала туғанда берiлуiн, бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiмнiң жобасын дайындайды және бала туғанда берілетін және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жiбередi.
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган iстердi қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды қарайды, бала туғанда берiлетiн, бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды және уәкiлеттi ұйымдарға жiбередi.
Бас тартқан жағдайда бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган уәкiлеттi ұйым арқылы бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
15. Жәрдемақыларды төлеудi уәкiлеттi ұйым өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
16. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы құжаттарды уәкiлеттi ұйымға бергеннен кейiн бiр ай мерзiмде төленедi.
17 тармақ 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 17-тармақ өзгертілді
17. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы ағымдағы ай үшiн ай сайын төленедi. Бiр айдан артық уақытқа есептелген жәрдемақы сомасы бiр уақытта төленедi.
Төлемдi тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей бір уақытта төленедi.
Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда жәрдемақы төлемі бала (балалар) қайтыс болған ай өткеннен кейін тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 17-1-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
17-1. Айлық есептік көрсеткіштің мөлшері және (немесе) жәрдемақылардың мөлшері өзгерген жағдайда, уәкілетті ұйым осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысандағы шешімнің жобасын дайындайды және тағайындалған жәрдемақылар мөлшерінің өзгергенін ескере отырып, оны бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.
Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешім жобаларын он жұмыс күні ішінде қарайды және бекітеді әрі уәкілетті ұйымға жібереді.
18 тармақ 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
18. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды алушылар 15 күн мерзiмде уәкiлеттi ұйымды көрсетiлген жәрдемақыны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлардың өзгергендiгi туралы хабардар етуге мiндеттi.
Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді)
18-1. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімнің жобасын жәрдемақының тағайындалған мөлшерінің өзгеруін ескере отырып дайындайды және бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.
Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде шешімнің жобасын қарап бекітеді және оны уәкілетті ұйымға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді)
18-2. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы төлемін тоқтату үшін негіз болып табылатын мән-жайлар анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы төлемін тоқтату туралы шешімнің жобасын дайындайды және бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.
Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде шешімнің жобасын қарап бекітеді және уәкілетті ұйымға жібереді.
Жәрдемақы төлемі төлемді тоқтату үшін негіз болып табылған мән-жайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар ерікті түрде, бас тартылған жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға тиіс, бұл туралы бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жәрдемақы алушыны он жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
19. Уәкiлеттi ұйым бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органдар қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтінім жасайды.
Уәкiлеттi ұйым ай сайын 25-күнi уәкiлеттi мемлекеттік органға бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiмдi ұсынады.
20. Уәкiлеттi мемлекеттік орган қаражатты тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiнде уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына аударады.
21. Уәкiлеттi ұйым облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бөлiнiсiнде жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кестенi жасайды және үш банктiк күн iшiнде белгiленген тәртiппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады.
22. Бөлiнген қаражат бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган мен уәкiлеттi ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актiсi жасалады.
23. Төленген сомалар бойынша облыстық, аудандық және қалалық уәкiлеттi ұйымдар мен жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады.
24. Жәрдемақылар беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу уәкiлеттi ұйым мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
4. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау
және төлеу тәртібі
25. Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгiленген азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен отбасыларға тағайындалады.
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 26-тармақ өзгертілді
26. Балаларға арналған жәрдемақы өтiнiш берiлген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Қажетті барлық құжаттарымен, өтiнiш берген ай өтiнiш жасалған ай деп саналады.
Балаларға арналған жәрдемақы төлеу өткен ай үшiн ай сайын жүргiзiледi.
Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда жәрдемақы төлемі бала (балалар) қайтыс болған ай өткеннен кейін тоқтатылады.
27. Отбасының жиынтық табысы өтiнiш берiлген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен есептеледi.
28. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияларға балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жазбаша тапсырады.
Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкіміне ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
29. Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі қалыптастырады және балаларға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Бас тартқан жағдайда, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
30. Әкесi немесе анасы (асырап алушылар) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, армияда қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1382 Қаулысымен 31-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
31. Жәрдемақы алушылар 15 күн мерзiмде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органды балаларға арналған жәрдемақы мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы хабардар етуге мiндетті.
Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.
Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға тиіс, бұл туралы балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган жәрдемақы алушыны он жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
32. Балаларға арналған жәрдемақы төлеудi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
5. Балалы отбасыларға берілетiн мемлекеттік жәрдемақылардың
уақтылы тағайындалуы және төленуi үшiн жауапкершілiк
33. Жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органдар, сондай-ақ уәкiлеттi ұйымдар мен жәрдемақыларды беру жөніндегі ұйым тиiсiнше жәрдемақыларды тағайындаудың, төлеудiң және берудiң уақтылығы үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Балалы отбасыларға берiлетiн
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесіне
1-қосымша
_________
|_________| Отбасының тiркеу нөмiрi
Өтiнiш берушi отбасының құрамы туралы мәлiметтер
__________________________ _________________________
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен-жайы, тел.)
Р/с № | Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә. | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Туған күнi мен жылы |
| | | |
| | | |
| | | |
Өтінiш берушiнiң қолы ________ Күні _______
Балалы отбасыларға берiлетiн
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесіне