«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының
Заңын iске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi;
2) Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесi;
3) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және (немесе) бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны;
4) он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны бекітілсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшерi туралы мәлiметтi куәландыруға уәкілеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын;
2) учаскелiк комиссиялар туралы бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Бала тууына байланысты берілетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 100-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 1225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 46, 503-құжат).
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгізiлетiн Балалы отбасыларға берілетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінiң 2-тармағының 5) тармақшасын, 11, 17, 18-тармақтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2005 жылғы 2 қарашадағы
№ 1092 қаулысымен
бекітілген
Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесi
Осы Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар) мынадай түрдегi ақшалай төлемдер:
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берiлетiн жәрдемақы);
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi жөнiнде тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы);
он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы);
2) бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;
3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
4) отбасы - некеден, туыстықтан, балаларды асырап алудан немесе тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға ықпал етуге тиiстi адамдар тобы;
5) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетін үлесi;
7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшiн отбасы атынан өтiнiш беретiн адам;
8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия;
9) уәкiлеттi мемлекеттік орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;
10) уәкілеттi ұйым - Қазақстан Республикасының Yкіметі "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының шарттарымен функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;
11) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар.
2. Жәрдемақылар алуға өтiнiш беру тәртібі
2. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымға мынадай құжаттармен өтiнiш жасайды:
1) бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және (немесе) бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш;
2) баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
5) тармақша 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi
5) отбасының құрамы туралы мәлiметтер (бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы үшiн осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес).
3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөніндегi жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш беру мерзiмi бала туған күннен бастап 12 айдан аспауға тиiс.
4. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға мынадай құжаттармен өтiнiш жасайды:
1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш;
2) баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
5) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәлiметтер;
6) осы Ережеге 2, 3-қосымшаларға сәйкес отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер.
Тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган болмаса, өтiнiш берушi құжаттарын кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкіміне тапсырады.
5. Бұл ретте балаларға арналған жәрдемақыны алуға құқық тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.
6. Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
7. Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкілеттiк беруге құқылы.
8. Асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе баланы қамқорлыққа алу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.
9. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады, оларды тiркейдi және өтiнiштiң бекітілген нысанына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтiнiш берушіге бередi.
10. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға тапсырады.
3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртiбі
11 тармақ 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi
11. Бала күтiмі жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап бiр жасқа толғанға дейін тағайындалады.
12. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
13. Уәкiлеттi ұйым өтiніш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде iсті қалыптастырады, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес бала туғанда берiлуiн, бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiмнiң жобасын дайындайды және бала туғанда берілетін және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жiбередi.
14. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган iстердi қабылдап алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды қарайды, бала туғанда берiлетiн, бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды және уәкiлеттi ұйымдарға жiбередi.
Бас тартқан жағдайда бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган уәкiлеттi ұйым арқылы бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
15. Жәрдемақыларды төлеудi уәкiлеттi ұйым өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
16. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы құжаттарды уәкiлеттi ұйымға бергеннен кейiн бiр ай мерзiмде төленедi.
17 тармақ 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi
17. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы өткен ай үшiн ай сайын төленедi. Бiр айдан артық уақытқа есептелген жәрдемақы сомасы бiр уақытта төленедi.
Төлемдi тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей бір уақытта төленедi.
18 тармақ 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi
18. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды алушылар 15 күн мерзiмде уәкiлеттi ұйымды көрсетiлген жәрдемақыны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлардың өзгергендiгi туралы хабардар етуге мiндеттi.
19. Уәкiлеттi ұйым бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органдар қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтінім жасайды.
Уәкiлеттi ұйым ай сайын 25-күнi уәкiлеттi мемлекеттік органға бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiмдi ұсынады.
20. Уәкiлеттi мемлекеттік орган қаражатты тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiнде уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына аударады.
21. Уәкiлеттi ұйым облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бөлiнiсiнде жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кестенi жасайды және үш банктiк күн iшiнде белгiленген тәртiппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады.
22. Бөлiнген қаражат бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган мен уәкiлеттi ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актiсi жасалады.
23. Төленген сомалар бойынша облыстық, аудандық және қалалық уәкiлеттi ұйымдар мен жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады.
24. Жәрдемақылар беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу уәкiлеттi ұйым мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
4. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау
және төлеу тәртібі
25. Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгiленген азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен отбасыларға тағайындалады.
26. Балаларға арналған жәрдемақы өтiнiш берiлген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Құжаттарды қоса бере отырып, өтiнiш берген ай өтiнiш жасалған ай деп саналады.
Балаларға арналған жәрдемақы төлеу өткен ай үшiн ай сайын жүргiзiледi.
27. Отбасының жиынтық табысы өтiнiш берiлген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен есептеледi.
28. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияларға балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жазбаша тапсырады.
Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкіміне ұсынады.
29. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган өтiнiш берушіден немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он күн iшiнде iстi қалыптастырады және балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiмнiң жобасын дайындайды.
Бас тартқан жағдайда, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
30. Әкесi немесе анасы (асырап алушылар) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, армияда қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды.
31. Жәрдемақы алушылар 15 күн мерзiмде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органды балаларға арналған жәрдемақы мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы хабардар етуге мiндетті.
Өтiнiш берушi балаларға арналған жәрдемақының мөлшерiне немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етпеген жағдайларда, қайта есептеу келесi тоқсанда жүргiзiледi.
Артық төленген сомалар ерiктi тәртiппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиiс.
32. Балаларға арналған жәрдемақы төлеудi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
5. Балалы отбасыларға берілетiн мемлекеттік жәрдемақылардың
уақтылы тағайындалуы және төленуi үшiн жауапкершілiк
33. Жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органдар, сондай-ақ уәкiлеттi ұйымдар мен жәрдемақыларды беру жөніндегі ұйым тиiсiнше жәрдемақыларды тағайындаудың, төлеудiң және берудiң уақтылығы үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Балалы отбасыларға берiлетiн
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесіне
1-қосымша
_________
|_________| Отбасының тiркеу нөмiрi
Өтiнiш берушi отбасының құрамы туралы мәлiметтер
__________________________ _________________________
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен-жайы, тел.)
Р/с № | Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә. | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Туған күнi мен жылы |
| | | |
| | | |
| | | |
Өтінiш берушiнiң қолы ________ Күні _______
Балалы отбасыларға берiлетiн
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесіне
2-қосымша
_________
|_________| Отбасының тiркеу нөмiрi
Өтініш берушінің отбасы мүшелерiнiң 200_жылғы__ тоқсанда
алған табысы туралы
МӘЛIМЕТТЕР
__________________________ _________________________
(Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен-жайы, тел.)
P/c № | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Жұмыс, оқу орны (жұмыссыздар тiркелу фактiсiн жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның анықтамасымен растайды) | Құжатта- малық расталған табыс сомалары | Өзге де мәлiмделген табыс |
Та- быс- тың түрi | Сома- сы, теңге | Та- быс- тың түрi | Сома- сы, теңге |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
Өтінiш берушiнiң қолы ________
Күні _______
Балалы отбасыларға берiлетiн
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесіне
3-қосымша
_________
|_________| Отбасының тiркеу нөмiрi
Жеке қосалқы шаруашылығының
бар-жоғы туралы мәлiметтер
(табысты есептеу үшiн)
__________________________ _________________________
(Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен-жайы, тел.)
| Өлшем бiр- лiгі | Саны | Yй малы, құс | Жасы | Саны (бас) |
Саяжай | | | Iрi қара мал: сиырлар бұқалар | | |
Бақша | | | Жылқылар: биелер айғырлар | | |
Жер учаскесi, оның ішінде үй маңындағы | | | Түйелер Iнгендер | | |
Шартты жер үлесi | | | Қойлар, ешкілер | | |
Мүліктік пай (берiлген жылы) | | | Тауықтар, үйректер, қаздар | | |
| | | Шошқалар | | |
Өтінiш берушiнiң қолы ________
Күні _______
Кент, ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ әкімінiң немесе
жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшерi туралы
мәлiметтердi растауға уәкiлетті органның
өзге де лауазымды адамының Т.А.Ә._________ ___________________
(қолы) (тегі)
Балалы отбасыларға берiлетiн
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесіне
4-қосымша
Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны, бала күтiмi жөнiндегі
жәрдемақыны тағайындау туралы
ШЕШIМ
№__ 200_ ж. "__"_______________
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің ______________________ облысы бойынша департаментi
Істің №______
Азамат _____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты )
Баланың туған күнi ____________________
Тууы туралы куәлiгiнiң № ____________ берiлген күнi ________________
Баланың тууы туралы куәлiктi берген органның атауы
____________________________________________________________________
Есептелген сома:
бала туғанда берiлетiн жәрдемақы ___________________________________
(жазумен)
бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы ____________________________________
(жазумен)
М.О.
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
департаментiнiң директоры __________ ___________________________
(қолы) (тегi)
Тағайындау жөніндегі маман _________ ___________________________
(қолы) (тегі)
Шешiмнiң жобасы дайындалды:
М.О.
ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы __________ ___________________________
(қолы) (тегi)
ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы __________ ___________________________
(қолы) (тегi)