Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы
төлеудiң ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 25 ақпандағы № 200 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.12.03 ж. № 1225 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 2 қарашадағы № 1092 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 02.12.03 ж. № 1225 қаулысымен кiрiспе өзгертілді (бұр.ред. қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудің ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 2003 жылғы
25 ақпандағы № 200 қаулысымен
бекітілген
Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы
мемлекеттік жәрдемақы төлеудің
ережесi
ҚР Үкіметінің 02.12.03 ж. № 1225 қаулысымен кiрiспе өзгертілді (бұр.ред. қара)
Осы Ереже бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - жәрдемақы) төлеудің тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң аумақтық органдары;
жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйым - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны;
жәрдемақы беру жөніндегі уәкiлеттi орган - заңнамада белгіленген тәртіппен iрiктелген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банктер немесе ұйымдар.
2. Жәрдемақы алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шет елдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 02.12.03 ж. № 1225 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
3. Жәрдемақыларды төлеу ата-анасының бiреуiне (тiрi бала туған анасына не осы баланың әкесiне), ата-анасының екеуi де болмаған жағдайда - қамқоршыларына не баланың өзге заңды өкiлдерiне табысына қарамастан жүргiзiледi.
4. Бала өлi туған жағдайда жәрдемақы төленбейдi.
5. Екi немесе одан да көп бала туған жағдайда жәрдемақы әрбiр балаға төленедi.
ҚР Үкіметінің 02.12.03 ж. № 1225 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
6. Туған әрбiр балаға жәрдемақы төлеу тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүзеге асырылады.
7. Жәрдемақыларды төлеу көзi республикалық бюджет қаражаты болып табылады.
ҚР Үкіметінің 02.12.03 ж. № 1225 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
8. Жәрдемақы алуға өтiнiш беру мерзiмi баланың туған күнiнен бастап 12 айдан аспауға тиiс.
2. Бала тууына байланысты берiлетiн бір жолғы
мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 02.12.03 ж. № 1225 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
9. Жәрдемақыны алушылар тұрғылықты жерi бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі аудандық (қалалық) уәкілетті органдарға мынадай құжаттар ұсынады:
1) белгiленген нысандағы өтiнiш (1-қосымша);
2) баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi не емдеу мекемесiнiң бала туылғаны туралы анықтамасының көшiрмесi ;
3) алушының жеке басын куәландыратын құжат;
4) тұрғылықты жерiн растайтын құжат;
10. Асырап алушы (қыз асырап алушы), қамқоршы осы Ереженiң 9-тармағында көзделген құжаттардан басқа тиiстi органның асырап алу (қыз асырап алу) немесе қамқорлығына алу туралы шешімінің үзіндісін ұсынады.
11. Салыстыру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары өтінiш берушiге қайтарылады.
12. Жәрдемақыларды төлеу жөніндегі аудандық (қалалық) уәкiлетті ұйымдардың қызметкерлерi құжаттар көшiрмелерiн растайды, қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге өтiнiштi журналда тiркейдi және өтініш берушiге өтiнiштi қабылдағаны туралы белгiсi бар жыртпалы талон бередi.
Өтiніштi және құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес күн iшiнде iс қалыптастырылады және жәрдемақыны тағайындау туралы шешімінің жобасы (2-қосымша) әзiрленедi.
13. Жәрдемақыларды төлеу жөніндегі аудандық (қалалық) уәкiлетті ұйымдар 3 күн мерзiмде жәрдемақы төлеу жөніндегі облыстық, Астана және Алматы қалалары уәкiлеттi ұйымдар арқылы iстер мен жәрдемақыларды тағайындау туралы шешiмдердiң жобасын жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі тиiсті уәкілеттi органға жібереді.
14. Жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлетті орган iстi алған күннен бастап он күн iшiнде оны қарайды, басшы қол қоятын жәрдемақыны төлеу туралы шешiмдi қабылдайды және оларды аудандық (қалалық) жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдарға жiбередi.
3. Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы
мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі
15. Жәрдемақылар төлеудi жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйым жәрдемақы беретін уәкiлеттi ұйымдар арқылы жүзеге асырады.
16. Жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйым жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлетті органдар қабылдаған шешiмдер негiзiнде жәрдемақыларды төлеуге арналған қаражат қажеттiлiгi өтiнiмiн жасайды және оларды айдың 25 күнi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне (бұдан әрі - министрлiк) бередi.
ҚР Үкіметінің 02.12.03 ж. № 1225 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
17. Министрлiк жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына министрлiктiң тиiстi жылға арналған мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiнде қаражат аударады.
18. Жәрдемақыларды төлеу жөніндегі республикалық уәкiлеттi ұйым облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кесте жасайды және үш банк күнi iшiнде жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлетті ұйымға белгiленген тәртіппен алушылардың ағымдағы шотына аудару жолымен төлем тапсырыстарын аударады.
19. Төлеу жөніндегі облыстық, аудандық және қалалық уәкiлетті ұйымдар мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлетті ұйымдар арасында төленген сомалар бойынша салыстыру актілері жасалады.
20. Министрлiк және жәрдемақыларды төлеу жөніндегі республикалық уәкiлеттi орган арасында бөлiнген қаражат бойынша ай сайын салыстыру актiсi жасалады.
21. Жәрдемақыларды беру жөнiндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеу жәрдемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлетті ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасасқан шарттың негiзiнде жүргiзiледi.
4. Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы
мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың уақытылығы және
төленуі үшін жауапкершілік
22. Жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органдар, сондай-ақ жәрдемақылар төлеу және беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар тиiсiнше жәрдемақыларды тағайындаудың, төлеудiң және берудiң уақытылылығы үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Ережеге
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлігі аумақтық
органының бастығы_____________
Өтiнiш
Бала тууға байланысты маған бiр жолғы жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын
Тегi _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Аты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Әкесiнiң аты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ӘЖК _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Мекен жайы ___________________________________ |
Жеке басын куәландыратын құжат _________________________________
(құжаттың түрін көрсету)
Сериясы ___________ нөмiрi _________ кiм берді _______________
200__ ж.________ ________________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)
Өтiнiш қабылданды
200__ ж.________ ______________________________
(құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә.
және қолы)
───────────────────────────────────────────────────────────────────
(кесу сызығы)
Азамат _______________ ________ данада қоса берiлген
құжаттарымен 200__ ж.__________ қабылданды
───────────────────────────────────────────────────────────────────
(құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
Ережеге
2-қосымша
Бала тууға байланысты бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау туралы шешім
N_____ 2003 жылғы_____________
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің__________________ облысы бойынша департаментi
істің N__________
Азамат_______________________________________
(тегі, аты, әкесiнің аты)
Баланың туған күнi____________
Туу туралы куәліктің N__________ берiлген күнi_________
Туу туралы куәлікті берген органның атауы______________________
Есептелген сома_____________________
(жазбаша)
М.О. Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігі
департаментiнің директоры
(қолы) _____________________
(тегi)
Тағайындау жөніндегi маман
(қолы) _____________________
(тегi)
Шешім жобасын әзiрледі:
М.О. ЗТМО бөлiмшесiнің бастығы
(қолы) _____________________
(тегi)
ЗТМО бөлiмшесiнің маманы
(қолы) _____________________
(тегi)