3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды, бұған сол адамдар жасаған құқық бұзушылық олардың өз қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталмаған жағдайлар қосылмайды.
693-бап. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын адамдарды тексеру, әкiмшiлiк ұстау және алып келу
Осы Кодекстiң 692-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4)-7) тармақшаларында тiзiп келтiрiлген адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге де адамдар жеке басына ешкiм тиiспеушiлiктi пайдаланады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн олардың жеке басын тексеруге, ұстауға немесе алып келуге болмайды. Олардың жанында болған заттарға да тексеру жүргiзуге болмайды.
694-бап. Айғақ беруден дипломатиялық қорғаныш
1. Осы Кодекстің 692-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1), 3)-6) тармақшаларында тiзiп келтiрiлген адамдардың, сондай-ақ өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес куә, жәбiрленушi ретiнде айғақ беруiне болмайды, ал мұндай айғақ беруге келiскен жағдайда бұл үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) келуге мiндеттi емес. Сұрау үшiн аталған адамдарға тапсырылған шақыруда олардың келмегенi үшiн мәжбүрлеу шараларымен қорқыту болмауға тиiс.
2. Егер бұл адамдар әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында жәбiрленушiлер, куәлар ретiнде айғақ берiп, ал iстi қарауға келмей қалса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) олардың айғақтарын оқып бере алады.
3. Осы Кодекстiң 692-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында аталған адамдар өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты мәселелерден басқа, куәлар және жәбiрленушiлер ретiнде айғақ беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәгерлiк айғақ беруден бас тартқан жағдайда оларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қамтамасыз ету шараларын қолдануға болмайды.
4. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқаруға қатысты хат-хабарды және басқа да құжаттарды табыс етуге мiндеттi емес.
695-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық қорғанышы
1. Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй-жай, дипломатиялық қызмет мүшелерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлiк және жүрiс-тұрыс құралдары ешкiм тиiспейтiн болып табылады. Бұл үй-жайларға кiрудi, оларды қарауды, сондай-ақ жүрiс-тұрыс құралдарын тексерудi дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оның орнындағы адамның келісімiмен ғана жүргiзуге болады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қорғаныш өзара келісім негiзiнде, егер бұл қызметкер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, дипломатиялық өкiлдiк қызметкерiне қызмет көрсетушi қызметкерлердiң және олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайларына да қолданылады.
3. Консулдық орналасқан үй-жай және консулдық басшысының резиденциясы өзара келісім негiзiнде ешкiмнiң тиiспеушiлiгiн пайдаланады. Бұл үй-жайларға кiру, оларды қарау тек тиiстi шет мемлекеттiң консулдығы немесе дипломатиялық өкiлдiгi басшыларының өтiнiшiмен немесе олардың келiсуiмен ғана орын алуы мүмкiн.
4. Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдықтардың мұрағаттары, ресми алысқан жазбалары және басқа да құжаттары ешкiм тиiспейтiн болып табылады. Оларды дипломатиялық өкiлдiк, консулдық басшысының келісімiнсiз қарауға және алып қоюға болмайды. Дипломатиялық пошта ашылмауға және кiдiртiлмеуге тиiс.
5. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған үй-жайларға кiруге, оларға тексеру жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде аталған құжаттарды тексеруге және алуға дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтар басшыларының келісімiн прокурор Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі арқылы сұрайды.
6. Аталған жағдайларда тексеру прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
5-бөлiм. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуы
43-тарау. Негізгі ережелер
696-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының заңды күшiне енуi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, егер оған шағым берiлмесе немесе наразылық келтiрiлмесе, шағым беру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн;
2) шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарылғаннан кейiн дереу, сондай-ақ осы Кодекстiң 664-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн заңды күшiне енедi.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңдарымен 697- бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара )
697-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының мiндеттілігi
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшiне енген сәттен бастап орындалуға жатады.
3. Арнаулы құқықтан айыру және әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылар олар шығарылған сәттен бастап орындалуға жатады.
698-бап. Қаулыны орындауға жолдау
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға жолдау қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жүктеледi. Қаулы оны орындайтын уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. Арнаулы құқықтан айыру және әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылар оларды орындайтын уәкiлеттi органдарға олар шығарылғаннан кейiн дереу жiберiледi.
699-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органдар орындайды.
2. Бiр адам жөнiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы бiрнеше қаулы шығарылған жағдайда әр қаулы дербес орындалады.
3. Адамның әкiмшiлiк жазадан жалтаруы ол жазаны заңдарға сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен орындауға әкеп соғады.
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 700-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
700-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты мәселелердi шешу
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) осы қаулыны орындаумен байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру, созу, тоқтата тұру немесе қысқарту, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе олардың орнындағы адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған мәселелердiң шешiлуiне мүдделi адамдарға олардың қаралатын орны мен уақыты хабарланады. Бұл орайда мүдделi адамдардың дәлелдi себептерсiз келмей қалуы тиiстi мәселелердi шешу үшiн кедергi болмайды. Әкiмшiлiк қамауды өтеуден жалтару туралы мәселенi қарау кезiнде әкiмшiлiк қамауға алынған адамның қатысуы мiндеттi болып табылады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған мәселелер бойынша шешiм қаулы түрiнде қабылданады.
5. Жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне өздерi жөнiнде шығарылған қаулының көшiрмесi дереу, сондай-ақ жәбiрленушiге өтiнiшi бойынша оның қолхаты алып берiледi. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш күн iшiнде жiберiледi, бұл туралы iске тиiстi жазу жазылады.
5-1. 2009.10.07 № 174-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
701-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру және созу
Әкiмшiлiк қамау, арнаулы құқықтан айыру немесе айыппұл салу (әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндiрiп алуды қоспағанда) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын заңда белгiленген мерзiмде мүмкiн етпейтiн мән-жайлар болған кезде қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) өзi жөнiнде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiн қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге созуы мүмкiн.
702-бап. Әкiмшiлiк жазаның орындалуынан босату
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам):
1) әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
2) егер әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан олардың күшi жойылған;
3) әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қайтыс болған немесе ол заңда белгiленген тәртiппен өлдi деп хабарланған;
4) осы Кодекстiң 703-бабында белгiленген әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескiру мерзiмi өткен жағдайларда әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкiмшiлiк жазадан босатады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 703-бап өзгертілді
703-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескiруi
1. Егер әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде, ал салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы бойынша - ол заңды күшiне енген күннен бастап бес жыл iшiнде орындалмаса, ол орындауға жатпайды.
2. Қаулының орындалуы осы Кодекстiң 659-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi шағым немесе наразылық қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Егер әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам оны орындаудан жалтарса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген ескiру мерзiмiнiң өтуi үзiледi. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiн есептеу ол адам табылған күннен бастап қайта жалғастырылады.
4. Осы Кодекстiң 701-бабына сәйкес қаулының орындалуы кейiнге қалдырылған жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулының орындалуы созылған кезде ескiру мерзiмiнiң өтуi ұзарту мерзiмiне ұзартылады.
704-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау жөнiнде iс жүргiзудiң аяқталуы
1. Қаулыны орындаған орган жаза толық жүргiзiлген әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны жүргiзiлген жаза туралы белгi соғып, қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
2. Қаулыны орындаған орган орындалмаған немесе толық орындалмаған әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мынадай жағдайларда:
1) егер қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) көрсеткен мекен-жайда жауапқа тартылған жеке адам жұмыс iстемесе, тұрмаса немесе оқымаса, жауапқа тартылған заңды тұлға не аталған тұлғалардың өндiрiп алуға салатын мүлкi болмаса;
2) егер жауапқа тартылған адамның өндiрiп алуға салатын мүлкi немесе табысы болмаса және оның мүлкiн iздеп табу жөніндегі шаралар нәтижесiз болып шықса;
3) егер осы Кодекстiң 703-бабында көзделген әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескiру мерзiмi бiтсе, қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында аталған жағдайларда қарауында атқарылатын қаулы жатқан лауазымды адам акт жасап, оны жоғары тұрған лауазымды адам бекiтедi.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында аталған негiздемелер бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны қайтару осы Кодекстiң 703-бабында көзделген мерзiм шегiнде осы қаулыны орындауға табыс етуге кедергi болмайды.
705-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты әрекеттерге шағым жасау
1. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөніндегі әрекеттер жүзеге асырылатын күннен бастап он күн iшiнде қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) шағым бере алады.
2. Шағым жазбаша түрде берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
3. Шағым берген адамға оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл орайда шағым берген адамның келмей қалуы оның қаралуына кедергi болмайды.
4. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
5. Ұйғарымның көшiрмесi әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал аталған адамдар болмаған жағдайларда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде жiберiледi.
6. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөніндегі лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген ережелерге сәйкес өтелуге тиiс.
44-тарау. Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі
706-бап. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы
Ескерту түріндегі әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 652-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.
05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 707-бап өзгертілді
707-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркiмен орындау
1. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам айыппұл салу туралы қаулы шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяға, органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейiннен хабарлай отырып, айыппұлды әкiмшiлiк айыппұл салу туралы қаулының заңды күшiне енген, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы шығарған күнiнен не осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру мерзiмi өткен күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей төлеуге тиiс.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салынған айыппұлды мемлекеттік бюджетке белгiленген тәртiппен жеке адам енгiзедi немесе заңды тұлға аударады.
2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 708-бап өзгертілді
708-бап. Жеке адамға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
1. Осы Кодекстiң 707-бабында көзделген өз еркiмен орындау мерзiмi бiткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаны қолданған орган (лауазымды адам) айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы осы Кодексте көзделген тәртiппен қарау үшiн сотқа жiбередi.
2. Айыппұлды мәжбүрлеп өндiрiп алу туралы қаулыны сот жауапқа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстау үшiн оның жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзiмде ұсталады. Айыппұлды өндiрiп алу кезегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
3. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл ұстау мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босаған немесе жазаны орындауға мүмкiндiк бермеуге әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзiмде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), айыппұлды өндiрiп алудың мүмкiн еместiгi себептерiн көрсетiп, сондай-ақ ұстау жүргiзiлгенi (егер ол жүргiзiлсе) туралы белгi соғылған қаулыны айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарған сотқа қайтарады.
4. Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы оны шығарған сот заңдарда көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн сот орындаушысына жiбередi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 709- бап өзгертілді
709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
1. Осы Кодекстiң 707-бабында көзделген өз еркiмен орындау мерзiмi бiткеннен кейiн әкiмшiлiк жаза қолданған орган (лауазымды адам) айыппұл салу туралы қаулыны осы Кодексте көзделген тәртiппен қарау үшiн сотқа жiбередi.
2. Сот айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулыны заңды тұлғаның банк шотынан оның келісімінсіз, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақша алу үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жібереді.
Салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлды мәжбүрлеп өндiрiп алу туралы қаулыны сот Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен айыппұл сомаларын өндiрiп алу үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған және (немесе) әкiмшiлiк жазаны қолданған салық қызметi органына жiбередi.
3. Банк немесе өзге де кредит мекемесi айыппұл сомасын белгiленген тәртiппен мемлекеттік бюджетке аударуға мiндеттi.
4. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда айыппұл сомасын мәжбүрлеп өндiрiп алу туралы қаулы заңдарға сәйкес жазаны заңды тұлғаның мүлкiн өндiрiп алуға айналдыру үшiн сот орындаушысына жiберiледi.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 709-1- баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 709-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
709-1-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату тәртібi
1. Әкімшілік жаза қолданған орган (лауазымды адам) айыппұл салу туралы қаулыны осы Кодекстің 703-бабында белгіленген мерзімнен кешіктірмей сотқа жіберуі мүмкін.
2. Белгіленген мерзім өткізіліп сотқа жіберілген, айыппұл салу туралы қаулыны сот қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады.
3. Айыппұл салу туралы қаулыны сотқа ол түскен күннен бастап он бес күн ішінде судья жеке-дара қарайды.
4. Сот айыппұл салу туралы түскен қаулы туралы құқық бұзушылық жасаған адамға хабарлайды.
5. Сот айыппұл салу туралы қаулыны қарау кезінде органның (лауазымды адамның) айыппұл салу туралы шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес.
6. Айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қосымша шығыстар шешімді өз еркімен орындамаған адамға жүктеледі.
710-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде алынатын айыппұл салу туралы қаулыны орындау
1. Жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл алу үшiн оған қатаң қаржылық есеп беру құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбiртек берiледi. Түбiртекте берiлген күнi, жаза қолданған лауазымды адамның қызметi, аты-жөнi, әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер, осы Кодекстiң аталған құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiгi көзделетiн бабы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған орын мен уақыт, салынған әкiмшiлiк айыппұлдың сомасы көрсетiледi. Түбiртекке жаза қолданған лауазымды адам, ал түбiршiкке жаза қолданған лауазымды адам мен әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қол қояды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл төленбеген жағдайда iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
711-бап. Айыппұл салу туралы қаулының орындалуы бойынша iс жүргiзудiң аяқталуы
Айыппұл салу туралы айыппұл жазасы толық жүргiзiлген қаулы оның орындалғаны туралы белгi қойылып, қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 712-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
712-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алу туралы қаулының орындалуы
1. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою туралы қаулысын заңдарда көзделген тәртiппен сот орындаушысы, ал судьяның қару мен жауынгерлiк оқ-дәрiнi, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды және ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын өтемiн төлеп алып қою туралы қаулысын iшкi iстер органы орындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған өтемiн төлеп алынған затты сату заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
3. Өтемiн төлеп алынған затты сатудан түскен сома осы Кодекстiң 49-бабына сәйкес бұрынғы меншiк иесiне алып қойылған затты сату жөніндегі шығындар шегерiлiп берiледi.
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 713-бап өзгертілді
713-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаудың құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу туралы қаулының орындалуы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақша мен бағалы қағаздарды тәркiлеу туралы судьяның қаулысын заңдарда көзделген тәртiппен - сот орындаушысы, ал қаруды, жауынгерлiк оқ-дәрiнi, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар мен ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын және есiрткi заттарын тәркiлеудi iшкi iстер органы орындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркiленген затты сату немесе одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
714-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын органдар
1. Тракторларды, өздiгiнен жүретiн машиналарды, техниканың басқа да түрлерiн қоспағанда, судьяның көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулыны iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
2. Судьяның тракторды, өздiгiнен жүретiн машинаны немесе техниканың басқа да түрлерiн жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiнiң техникалық жай-күйiне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
3. Судьяның кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану ережелерiн сақтауға мемлекеттік қадағалау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
4. Судьяның радиоэлектронды және жоғары жиiлiктегi құралдарды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулысын байланысқа мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
5. Судьяның аң аулау құқығынан айыру туралы қаулысын аң аулау ережелерiн сақтауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
6. Соттың қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
715-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Көлiк құралдарын, кемелердi немесе техниканың өзге де түрлерiн жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулыны орындау, егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң) және басқа да техниканың барлық түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылған болса, тиiстi жүргiзушi куәлiгiн, кемелердi (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi) жүргiзуге құқық беретiн куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң), немесе өзге де техниканың барлық түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылмаған болса, жүргiзушi куәлiгiнде шағын көлемдi кеменi жүргiзу құқығына куәлiкте немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiнде оның көлiк құралдарының, шағын көлемдi кемелердiң, өздiгiнен жүретiн құрылғылардың қай түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылғаны атап көрсетiледi.