Адвокаттық қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195-1 Заңы
(2009.11.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2-тарау. Адвокаттың мәртебесі (7 - 18 баптар)
3-тарау. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру (19 - 33 баптар)
4-тарау. Алып тасталды
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «адвокат лицензиясы», «адвокаттар лицензияларын», «адвокатты лицензиясынан», «адвокат лицензиясын» деген сөздер тиісінше «адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы», «адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияларын», «адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан», «адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясын» деген сөздермен ауыстырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
I-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Адвокатураның мақсаты
1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және біліктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету,сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда(2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда жазылғаннан өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Жеке және заңды тұлғалардың істері бойынша қорғау мен өкілдік етуді жүзеге асырған кездегі адвокаттардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
3-бап. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметiнiң
принциптерi
Адвокатура ұйымдастырылуы мен қызметi:
1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезіндегі тәуелсiздiгi;
2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстерiн және құралдармен жүзеге асыру;
3) заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;
4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау принциптерiне негiзделедi.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда(2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
1. Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:
1) ауызша және жазбаша нысанда да құқықтық мәселелер бойынша консультациялар мен анықтамалар береді;
2) арыздар, шағымдар, өтініштер мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды;
3) сенім білдірушінің өкілі ретінде азаматтық сот ісін жүргізуге қатысады;
4) қорғаушының немесе сенім білдірушінің өкілі ретінде қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысады;
5) аралық сотта, халықаралық коммерциялық төрелікте (сотта) және дауларды шешетін өзге де органдарда істі қарауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;
6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда сенім білдірушінің мүддесін білдіреді;
7) егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халықаралық сот органдарының және өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында сенім білдірушінің мүддесін білдіреді;
8) сенім білдірушінің өкілі ретінде атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде қатысады;
2. Адвокаттар заңнамада тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді.
3. Көмек сұрап келген адам оған заң көмегін тегін көрсету үшін, сондай-ақ тағайындалған (осы Заңның 6-бабы) жағдайларды қоспағанда, егер қорғалушы өзіне адвокат таңдамаса немесе таңдай алмаса, оның қатысуы міндетті қылмыстық істер бойынша қорғаушы ретінде адвокат таңдауда еркін.
4. Қылмыстық істер бойынша кәсіби қорғауды адвокаттар ғана жүзеге асырады.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 5-бап өзгертілді ;2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда(2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу
1. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу мөлшері және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын жазбаша шартта белгіленеді.
Шарт жасасу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шарттың бір данасы заң көмегін көрсету туралы шарт жасасқан адамға беріледі.
Мыналар:
1) қорғаушы не өкіл ретінде тапсырмаларды орындауға қабылдаған адвокаттың тегін, атын және әкесінің атын көрсету;
2) адвокаттық қызмет ұйымының нысанын және өзі мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасын көрсету;
3) тапсырмалардың нысаны;
4) адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібі;
5) шартты бұзу тәртібі мен жағдайлары шарттың маңызды талаптары болып табылады.
Олар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды білдіретін тараптардың мүліктік даулары туралы істер бойынша шарттарды қоспағанда, адвокаттар көрсететін заң көмегіне істің нәтижесіне немесе адвокаттық қызметтің табыстылығына байланысты ақы төлеу мөлшерін белгілейтін шарттарға немесе ұйғарылған соманың бір бөлігін адвокат алатын шарттарға жол берілмейді.
Заң көмегіне ақы төлеу, оның ішінде ауызша заң консультациялары және тапсырмаларды орындауға байланысты шығыстар есебінен адвокаттың қолма-қол ақша алуына тиісті қаржы құжатынсыз жол берілмейді.
2. Заңнамада көзделген жағдайларда, адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу, іссапар, көлік және оның басқа да шығыстары анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және соттардың ұйғарымы бойынша бюджет қаражатынан жүргізіледі.
3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда(2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Заң көмегін тегін көрсету
1. Адвокаттар мыналарға:
1) асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді соттардың қарауы кезінде талап қоюшыларға;
2) егер соттың қарауындағы дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлерге;
3) алименттер өндіріп алу, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері жөнінде азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға заң көмегін тегін көрсетеді, қажет жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда тегін заң көмегі Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, адвокатқа адам жүгінгеннен кейін заң көмегі тікелей көрсетіледі. Өтініш білдіруші жүгінгеннен кейін тікелей заң көмегін беру мүмкін болмаған кезде, ол жүгінген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау уақыты туралы хабардар етілуге тиіс. Мұндай жағдайларда заң көмегін беру ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда көрсетілген мерзімді тиісті адвокаттық құрылым басшысы ұзарта алады. Бір мәселе бойынша адам құқықтық көмекті тек қана бір рет ала алады.
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес адвокат көрсеткен заң көмегінің есебін осындай көмекті ұсынатын адвокат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу тиісті сот шешімі негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу адвокаттың орындаған жұмысы туралы акті және өзі мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасының өтінімі негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Адвокаттар алқасының өтінімінде тегін заң көмегі көрсетілген адамдардың саны және төлеуге жататын сома туралы мәліметтер болуға тиіс.
Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшері мен тәртібін, сондай-ақ адвокат көрсеткен заң көмегінің есебін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2-тарау. Адвокаттың мәртебесі
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда(2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
1. Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
2. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған не өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам адвокат бола алмайды.
Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелген немесе алынған; қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам - осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
8-бап. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi
1. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс iстей алады.
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.
3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады.
Тағылымдамадан өтушілер адвокаттар алқасы төралқасы қаулысының негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өту адвокаттар алқасы мен тағылымдамадан өтуші арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
4. Тағлымдаманың тәртібін, мерзiмi мен шарттарын адвокаттар алқасы белгiлейдi.
ҚР 11.07.01 ж. № 235-II Заңымен 9-бап өзгертілді ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен ; 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Адвокаттың лицензиясы
1. Әділет аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Лицензия адвокаттар алқасында үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өткен адамдарға олар аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы тізілімді жүргізеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымдарында адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияларын беру, лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, лицензияларынан айыру және қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді жариялайды.
3. Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға:
1) Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың;
2) тұрақты судьялардың және өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдардың құқығы бар.
Прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген прокурорлар, тергеушілер мен анықтаушылар, жағымсыз себептер бойынша босатылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткеннен кейін емтихан тапсырудан босатылады.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қабылдайды.
5. Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
10-бап. Лицензия беруден бас тарту
Лицензиялау туралы заң актілерінде көзделген негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара)11-бап өзгертілді;2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда(2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы:
1) адам мемлекеттік қызметте болған;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін тұрақты немесе босатылған негізде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін мәслихат депутатының өкілеттіктерін орындаған;
3) мерзімді әскери қызмет өткерген;
4) осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4), 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша оның адвокаттар алқасының мүшелігінен шығарылуы кезеңінде тоқтатыла тұрады.
Аталған жағдайларда лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен тоқтатыла тұрады. Қабылданған шешім туралы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған адам, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара);2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру және оның қолданысын тоқтату
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 1-тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (осы толықтыру 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен енгізілген өзгеріске дейін қолданылған 12-баптың бурынгы редакциясында ескерілген)
1-1) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзылған;
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша:
1) адвокат өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі принциптерін өрескел не бірнеше рет бұзған;
2) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда сот тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Адвокаттар алқасы төралқасының өтініші осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
Аумақтық әділет органының ұсынымы осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі сот шешімі негізінде адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
1) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша адвокат әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болды не хабар-ошарсыз кетті деп танылған;
2) адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
3) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
4) қасақана қылмыс жасағаны үшін адвокатқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
5) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жүзеге асырады.
6. Аумақтық әділет органының ұсынымы осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
13-бап. Адвокаттың өкiлеттiктерiн куәландыру
1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.
Өзінің қызметін Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке басын, адвокат мәртебесін және заң көмегін көрсету өкілеттігін белгілейтін құжатпен расталады.
2. Адвокат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында, сондай-ақ, егер бұл қабылдаған тапсырманы орындау үшiн қажет болса және тиiстi мемлекеттердiң заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келмесе, оның аумағынан тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ;2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Адвокаттың құқықтары
1. Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.
2. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады.
3. Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:
1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;
2) барлық мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;
3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;
5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;
6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы білімдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
7) өтiнiштер, мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
8) мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актілерінде көзделген тәртiппен танысуға;