Сақтандыру агентiнiң өкiлеттiгi болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретіндегі қызметiне жол берiлмейдi.
2. Сақтандыру ұйымы, өзiнiң атынан сақтандыру агентi сақтандыру ұйымынан алған өкiлеттiк шегiнде жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған мiндеттемелердi сақтандыру ұйымының өзi тiкелей қабылдаған мiндеттемелер ретiнде орындайды.
3. Сақтандыру агентi сақтауға мiндеттi талаптар, оның iшiнде сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiнiң есебiн жүргiзу мен сақтау, қолмақол ақшамен жұмыс жүргiзу мәселелерi жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарында белгiленедi.
4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру делдалдығы операцияларын жүргiзуге өзi уәкiлдiк берген сақтандыру агенттерiнiң тiзiлiмiн жүргiзiп отыруға мiндеттi.
5. Сақтандырушының сақтандырудың мiндеттi түрлерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінiң талаптарына сәйкес жасалатын сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткенi үшiн сақтандыру агентiне төлейтiн комиссиялық сыйақының мөлшерi:
жеке тұлға үшiн - осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерiнiң он процентiнен;
заңды тұлға үшiн - осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерiнiң он бес процентiнен аспауға тиiс.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 18-1- баппен толықтырылды
18-1-бап. Сақтандыру агентіне қойылатын талаптар
1. Жеке тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса, ол сақтандыру агенті бола алмайды.
2. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
1) сақтанушыға агенттік келісімді немесе сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша өзінің сақтандыру шартын жасасуға құқығын куәландыратын өзге де құжатты көрсетуге;
2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына сақтандыру ұйымы (сақтандыру ұйымдары) лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі соның (солардың) сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы (барлық сақтандыру ұйымдары) туралы ақпарат беруге;
3) сақтанушының талап етуі бойынша жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру талаптарымен таныстыруға міндетті.
5-тарау. Актуарийлік қызмет және аудит
19-бап. Актуарийлiк қызмет
1. Актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.
2. Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.
3. Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша бастамашылық актуарийлiк есептеулер;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауап бередi.
6. Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.
ҚР 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара) ; 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Аудит
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқықтық өкілеттігі бар аудиторлық ұйым жүргізеді.
1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметінің аудитін қатарынан жеті жылдан астам бір аудиторлық ұйымда не қатарынан бес жылдан астам аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторда жүргізуге құқылы емес.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есептілігін тексеру туралы аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. Аудиторлық ұйым, жүргiзiлген аудит туралы аудиторлық есептің көшiрмесiн, уәкiлеттi органға оның жазбаша сұратуы бойынша беруге мiндеттi.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндетті аудитін жүргізу кезінде аудиторлық ұйым өзіне белгілі болған:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған;
2) пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуға әкеп соқтырған;
3) қаржылық есептіліктің кейбір немесе барлық баптарын растаудан бас тартуға не оларды ескертпе жасай отырып растауға, сондай-ақ кері пікір білдіруге әкеп соқтырған шешімдер туралы уәкілетті органға дереу хабарлауға міндетті.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында iшкi аудит қызметi (аудиторы) болуы мiндеттi, оның қызметi лицензиялауға жатпайды.
6. Iшкi аудит жүргiзу тәртібі, уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескерiле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиiстi iшкi құжаттарында белгiленедi.
7. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшін міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есепті алғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
7-1. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы уәкілетті органға осы құжаттарды өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы алған күннен бастап отыз күн ішінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын табыс етеді.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елдегі қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
7-2. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына әсер ететін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясының қолданылуын осы Заңның 54-бабының 1-тармағы 8-1) тармақшасының негізінде тоқтата тұруға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Бұзушылықтар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын осы Заңның 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негізінде лицензиясынан айыруға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
6-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құру
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады.
Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
3. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы резиденттерінің дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иемденуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқығы жоқ.
Аталған шектеу оффшорлық аймақтарда тіркелген тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А" рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
Оффшорлық деп танылған аймақтардың тізбесі сақтандыру қызметіне қадағалауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
5. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда) өтініш табыс етеді, онда, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында мұндай акционерлердің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат жоқ болған жағдайда, оның акционерлерінің (қатысушыларының) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындауы туралы көрсетеді.
Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіз екені анықталған не осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды бұзу анықталған кезде:
1) егер дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акциялары ескерілмей) шешімді жақтап дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы жиналысының шешімі осы акционердің дауыстары ескерілмей қабылданған болып есептеледі;
2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, онда бұл мән-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-11 Заңымен ; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 22- бап өзгертілді; ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттік тiркелуiмен және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады.
23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады.
2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
3. "Өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "өмiрдi сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.
4. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттік", "республикалық" деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.
6. Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара) ; 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:
1) директорлар кеңесi - басқару органы;
2) басқарма - атқарушы орган;
3) iшкi аудит қызметi - бақылау органы.
«Жалпы сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның лицензиясын алған кезден бастап екі жыл ішінде, ал «өмірді сақтандыру» саласында - үш жыл ішінде бір аудиторы болуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлік қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi аудиторлық ұйымның аудиторлық есебінің, ішкі аудит қызметінің немесе актуарийдiң негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгi жөніндегі заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi.
16.05.03 ж. № 416-11; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары орналастырылған кезде тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валюта ақшасымен төленуге тиiс.
2. Заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын меншікті оң капиталы болған ретте ғана сатып алады. Бұл шектеу жинақтаушы зейнетақы қорларына (зейнетақы активтері есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алатын) және инвестициялық қорларға қолданылмайды.
3. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тiркеуден өткiзген кезге дейiн толық төлеуге тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органның келісімiмен ғана акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға, мәмiле жасау нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты заң талаптары бұзылмайтын жағдайда құқылы.
6. алып тасталды
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 26-бап өзгертілді ; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара);2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) ; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен ; 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі
қатысушысы
1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды.
Мемлекет, ұлттық басқарушы холдинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингі болғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең аз рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленетін немесе ең аз талап етілетін рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын өздеріне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.
2. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру, келісімді кері қайтарып алу ережелерін, аталған келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4, 5, 6, 7, 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын , оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, соның ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын;
2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта капиталдандыру жоспарын;
3-2) растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтерді;
3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді;
5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) өтініш берушінің жоғары органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмелерін;
2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2-1) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді;
5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
6) ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарларын талдауды, соның ішінде өтініш берушінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын, егер бар болса, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру жөніндегі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын (бизнес-жоспар мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда) табыс етеді.
6. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды: