«21) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту жатады.»;
2) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы
мемлекеттік бақылау»;
3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік
бақылау
1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының мақтаның қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Мақтаның қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау адам өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтiруге байланысты тәуекелге жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
3. Мақтаның сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақтаны сақтау мен қайта өңдеуге қабылдау және беру кезінде мақтаның сапа көрсеткіштерін айқындауға бақылауды;
2) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында сақтаудағы және қайта өңдеудегі мақтаның сандық-сапалық жай-күйін бақылауды қамтиды.
4. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысанда жүзеге асырылады.
5. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
64. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат):
1) 8-баптың 12) тармақшасындағы «нұсқама беруді жүзеге асырады.» деген сөздер «нұсқама беруді;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады.»;
2) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік бақылауды белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi органдар жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасының заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының химия өнімдері қауіпсіздігіне қойылатын талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысанда жүзеге асырылады.
3. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
65. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат):
1) 6-баптың 7) тармақшасындағы «нұсқама беру жатады.» деген сөздер «нұсқама беру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту жатады.»;
2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы
мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Уәкiлеттi органдар машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2. Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысанда жүзеге асырылады.
3. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
66. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат):
1) 6-бапта:
7) тармақшадағы «тексеруді» деген сөз «бақылауды» деген сөзбен ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның
түпкiлiктi пайдаланылуын мемлекеттік бақылау
1. Өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысанда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
67. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 45) тармақшамен толықтырылсын:
«45) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.».
2) 59-бапта:
8-тармақта:
бірінші бөліктегі «тексерулер нысанында» деген сөздер «тексеру нысанында және өзге де нысандарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
9, 10, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтар алып тасталсын.
68. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат):
9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Трансферттік бағаларды қолдану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Салық қызметі органдары және кеден органдары жүзеге асыратын тексеру және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында айқындалады.».
69. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.».
2) 30-бапта:
1-тармақта:
«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес» деген сөздер «тексеру нысанында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2-тармақта:
«жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, мемлекеттік органдардың, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі органның хабарламалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес» деген сөздер «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоспардан тыс тексеру нысанында» деген сөздермен ауыстырылсын.
70. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:
«34-1-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) және осы Заңды қолдану мақсатында айлық есептік көрсеткіш және жалақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және 2009 жылдың басында қолданыста болған мөлшерлерді негізге ала отырып айқындалатын болып белгіленсін.»;
2) 49-баптың 1) тармақшасының алпыс тоғызыншы және жетпісінші абзацтары алып тасталсын.
71. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер
туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъект осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда, уәкiлеттi орган:
1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлерге бұзушылықтарды жою туралы орындалуға мiндеттi ұйғарымды жiбередi;
2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiнi (оның лауазымды адамдарын) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту үшiн қажеттi шараларды қолданады.
3. Мемлекеттік органдардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасалуы мүмкiн.».
72. 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 7 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
8) тармақша алып тасталсын;
2) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 26-бап алып тасталсын.
2-бап. Осы Заңның 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 56-тармағының 15) тармақшасын және осы Заңның 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 32-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап алты ай ішінде мемлекеттік органдар тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, міндетті ведомстволық статистикалық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын әзірлеуге және бекітуге міндетті.
Белгіленген мерзім өткеннен соң осы баптың екінші бөлігінің талаптарын орындағанға дейін мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жоспарлы тексерулер жүргізуіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 17-сі.
№ 188-IV ҚРЗ