9. Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады.
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган, мемлекеттік қаржы бақылауы органдары жүзеге асыратын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібінің ерекшеліктері, тексерулердің түрлері, олардың кезеңділігі мен ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
11. Тексеру жүргiзу мерзiмi алдағы жұмыстар көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және ол Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс, олар үшін салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:
1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер - он бес жұмыс күніне дейін және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
2) ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында - бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын мерзімдері белгіленген.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды және осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемiнiң ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органның басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзудiң мерзiмiн отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзiмi ұзартылған жағдайда мемлекеттік орган мiндеттi түрде құқықтық статистика органында тiркеу арқылы тексеруді ұзарту туралы қосымша актiнi ресiмдейдi, онда тексерудi тағайындау туралы алдыңғы актiнiң нөмiрi мен тiркелген күнi және ұзартудың себебi көрсетiледi.
Тексеру бір айдан аспайтын мерзімге бір рет тоқтатыла тұруы мүмкін.
Ерекше жағдайларда (шет мемлекеттерден және тексеру жүргізу шеңберінде елеулі мәні бар мәліметтерді, құжаттарды алу қажеттігі, отыз жұмыс күнінен асатын мерзімде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу) тексеруді тоқтата тұру мерзімі белгіленбейді.
Жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау туралы хабардар ету құқықтық статистика жөніндегі органға хабарлана отырып, тексеруді тоқтата тұруға не қайта бастауға дейін бір күн бұрын жүргізіледі.
Тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау кезінде тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау туралы акт жасалады.
Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған тексеру бойынша жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеруді қайта жүргізуге жол берілмейді.
Салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің, ұзартудың және тоқтата тұрудың ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Салық кодексі айқындайды.
12. Тексерудi тағайындау туралы актi тек бiр ғана жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне ресiмделедi.
13. Зерттеулер (сынақтар), сараптамалар жүргiзу үшiн өнiмнiң (сынамалардың) үлгiлерiн iрiктеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
14. Тексерудiң нәтижелерi бойынша тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттік органның лауазымды адамы екi данада тексеру нәтижелерi туралы актi жасайды.
Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;
2) тексерудi жүргiзген мемлекеттік органның атауы;
3) соның негiзiнде тексеру жүргiзiлген тексерудi тағайындау туралы актiнiң күнi мен нөмiрi;
4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болғанда) және лауазымы;
5) тексерiлетiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң атауы немесе дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болғанда), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан заңды тұлға өкiлiнiң немесе дара кәсiпкер өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болғанда), лауазымы;
6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;
7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
8) заңды тұлға немесе дара кәсiпкер өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамның актiмен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы;
9) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетiледi.
Тексерудiң нәтижелерi туралы актiге олар болған жағдайда өнiмнiң үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеу, қоршаған орта объектiлерiн зерттеу туралы актiлер, жүргiзiлген зерттеулердiң (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерiмен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi қоса берiледi.
15. Тексерудiң нәтижелерi бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысы немесе дара кәсiпкер не олардың өкiлдерi оларды жазбаша түрде белгiлейдi.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы актiге қоса берiледi, ол туралы тиiстi белгi жасалады.
16. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнде түпнұсқа ретiнде болатын құжаттардың көшiрмелерiн қоспағанда, қосымшаларының көшiрмелерi бар тексерудiң нәтижелерi туралы актiнiң бiр данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды және басқа да iс-қимылдарды қабылдау үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысына немесе дара кәсiпкерге не олардың өкiлдерiне тапсырылады.
17. Тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар бойынша жеке кәсiпкерлiк субъектiсi үш күндiк мерзiмде қарсылықтар болмағанда тексерудi жүргiзген мемлекеттік органның басшысымен келісілген мерзiмдердi көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруге мiндеттi.
18. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабын жүргiзуге құқығы бар. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабында тегiн, лауазымдарын және актiде баяндалған деректердi көрсете отырып, жүргiзiлген iс-қимылдар туралы жазба жасауға мiндеттi.
19. Түпнұсқалық бухгалтерлiк және өзге де құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.
Түпнұсқалық құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
20. Тексеру жүргiзiлген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық болмаған жағдайда актiге тексеру нәтижелерi жөнiнде тиiстi жазба жасалады.
21. Тексерiлетiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы актiнiң тапсырылған күнi тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.
22. Иесi бүркемеленген өтiнiштер жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшін негiз бола алмайды.
Осы Заңда белгiленбеген өзге тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.»;
23) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргiзу кезіндегі жеке кәсiпкерлiк
субъектiсiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттік бақылауды жүргiзу кезiнде:
1) мынадай:
жоспарлы тексерулер тағайындалған кезде алдағы тексерулерге қатысты уақыт аралығы сақталмаған;
мемлекеттік органдар өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындаған;
тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не олар өтіп кеткен, осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмеген;
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-1-бабы 7-тармағының 2), 4), 6) 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік орган белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға оған қатысты көрінеу қайта тексеру тағайындаған;
егер алдыңғы тексеру кезінде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Заңның 37-1-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
осы Заңның 38-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы өзге де өтініштерде көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;
тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған;
осы Заңның 37-1-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше жеке кәсіпкерлік субъектілері көрсетілген;
тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған жағдайларда, объектiге тексеру жүргiзу үшiн келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тексеруге жiбермеуге;
2) егер жүргiзiлетiн тексерудiң мәнiне жатқызылмаған немесе актiде көрсетiлген кезеңге жатқызылмаған болса, мәлiметтер бермеуге;
3) тексерудi тағайындау туралы актiге және тексерудiң нәтижелерi туралы актiге және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
4) мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың жеке кәсiпкерлiктi шектейтiн заңға негiзделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірместен, аудио- және бейне-техника құралдарының көмегімен лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген іс-әрекеттерін тіркеуге;
6) үшінші тұлғалардың өз мүдделері мен құқықтарын білдіруі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында оларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылауды жүргiзген кезде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi:
1) осы Заңның 38-бабы 4-тармағының талаптары сақталған кезде тексерiлетiн объектiнiң аумағына және үй-жайларына мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының кедергiсiз өтуiн қамтамасыз етуге;
2) осы Заңның 11-бабының талаптарын сақтай отырып, тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қағаз және электронды жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексерудiң нәтижелерi туралы актiге қосу үшiн табыс етуге, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен мәнiне сәйкес автоматтандырылған деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуiне мүмкiндiк беруге;
3) тексерудi тағайындау туралы актiнiң екiншi данасында алғаны туралы белгi жасауға мiндеттi.»;
24) мынадай мазмұндағы 40-1 және 40-2-баптармен толықтырылсын:
«40-1-бап. Тексеру жүргізу кезіндегі шектеулер
Тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамдары:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар мемлекеттік органның атынан әркет ететін лауазымды адамдардың құзыретіне жатпаса, мұндай талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) мемлекеттік стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар күшіне енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асып кетуге;
6) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-1-бабы 7-тармағының 2), 4), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізуге;
7) мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен жүргізуге құқылы емес.
40-2-бап. Осы Заңның талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген
тексерудің жарамсыздығы
1. Бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органның осы Заңда белгіленген, тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылған талаптарды өрескел бұза отырып жүргізген тексеруі жарамсыз деп танылады, ал осы тексерудің нәтижелері жөніндегі акт жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында белгіленген міндетті талаптарды бұзуының дәлелі болып табылмайды және жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың оның күшін жоюына негіз болып табылады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексерудің жарамсыздығына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектісінің өтінішін қарауы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімі бұзылған жағдайда шешім жеке кәсіпкерлік субъектісінің пайдасына шешілді деп есептеледі.
2. Өрескел бұзушылыққа:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) тексеру жүргізу туралы хабарлама мерзімдерінің сақталмауы;
4) осы Заңның 40-1-бабының талаптарын бұзу;
5) жоспарлы тексеру тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
6) тексерілетін субъектіге тексеру актісін табыс етпеу жатады.»;
25) 42-баптың 1-тармағында «әкiмшiлiк етудiң» деген сөздер «реттеудің» деген сөзбен ауыстырылсын;
26) көрсетілген Заңға қосымшада:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «мониторинг және» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) атом энергиясы саласындағы бақылау;»;
2-тармақта:
9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) көлік саласындағы бақылау;»;
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын бақылау»;
6-1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тұрғын үй қатынастары саласын бақылау.»;
7-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы бақылау;»;
8) тармақшадағы «су заңнамасы» деген сөздер «су қорын пайдалану және қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласындағы бақылау.»;
10-тармақтың 3) тармақшасындағы «қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi» деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дәрілік заттардың айналысы саласындағы бақылау;»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік орган:
1) Қазақстан Республикасының еңбек туралы және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
2) қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруы кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы бақылау;
3) халықты жұмыспен қамту саласындағы бақылау;
4) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы бақылау;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы бақылау.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі мемлекеттік орган - монополияға қарсы орган:
1) экономикалық шоғырлануды бақылау;
2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылау.»;
28-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) күзет қызметін бақылау;»;
30-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдар қызметі саласындағы бақылау.»;
31-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ойын бизнесі саласындағы бақылау.»;
мынадай мазмұндағы 33, 34, 35, 36, 37 және 38-тармақтармен толықтырылсын:
«33. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік орган:
дене шынықтыру және спорт саласындағы бақылау.
34. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік орган:
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы бақылау.
35. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі мемлекеттік орган:
өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметін бақылау.
36. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік орган:
тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуын және пайдаланылуын бақылау.
37. Статистика саласындағы мемлекеттік орган:
статистика саласындағы бақылау.
38. Кәсіпкерлік жөніндегі мемлекеттік орган:
жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылау.».
57. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат):
1) 8-баптың 18) тармақшасындағы «жүзеге асыру жатады.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту жатады.»;
2) 33-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуын бақылау мақсатында табиғат қорғау мекемесiнiң және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектiлерiне баруға;».
58. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат):
1) 4-бап мынадай редакциядағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 6-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
17) тармақшадағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту жатады.».
59. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
33-баптың 4) тармақшасында «, құрылысты техникалық сүйемелдеу,» деген сөздер алып тасталсын.».
60. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы)
1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтаның нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 16-2 және 16-3-баптар алып тасталсын.
61. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат):
1) 20-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«20) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
21) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
62. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 138-құжат):
6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Ойыншықтардың қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік
бақылау
1. Ойыншықтардың қауiпсiздiгі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2. Ойыншықтардың қауiпсiздiгiн тексеру екi кезеңде жүргiзiледi:
1) құжаттық тексеру;
2) тәуекелдердi бағалауды тексеру.
3. Ойыншықтардың қауiпсiздiгiн құжаттық тексеру:
1) тұтынушыға арналған ақпарат дәйектілігінің осы Заңның, техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
2) ойыншықтардың қауiпсiздiгi саласындағы талаптарға ойыншықтың сәйкестiгiн растайтын құжаттағы ақпараттың сәйкестiгiн тексеру арқылы жүзеге асырылады.
4. Тәуекелдердi бағалауды тексеру кезiнде мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде ойыншықтардың iрiктелiп алынған үлгiлерiн аккредиттелген зертханаларға (орталықтарға) сынақтар (зерттеулер) жүргiзу үшiн жiбередi.
5. Ойыншықтар қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдар ойыншықтар өндiрiсiн, нарықта өткiзiлуiн және айналысын тоқтата тұру туралы нұсқама бередi.
Егер ойыншықтар өткiзiлуде жатқан болса, уәкiлеттi орган адам өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға әсер ететiн қауiптi факторлардың бар екендiгi туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлауға мiндеттi.».
63. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат):
1) 7-баптың 20) тармақшасындағы «бақылау жатады.» деген сөздер «бақылау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын: