«4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
5. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 14-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын.
47. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат):
1) 1-бапта:
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
26) тармақша алып тасталсын;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
3) 19-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-2-бап. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік
бақылаудың түрлері
1. Көлiктiк бақылау мына түрлерге бөлiнедi:
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының өтуiн бақылау;
2) автомобиль көлiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы ратификациялаған, автомобиль көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртібін айқындайтын халықаралық шарттар талаптарының, сондай-ақ автокөлiк қызметтерiн көрсету саласындағы лицензиялық қағидалардың сақталуы тұрғысынан бақылау.
2. Тексеру жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлiк кәсiпорнының қызметiн тоқтатпауға тиiс.
3. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
4. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 19-3-бап алып тасталсын.
48. «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 5-1-бапта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы алып тасталсын;
4) тармақшаның екінші - төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
49. «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат):
33-бап алып тасталсын.
50. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат, № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 24, 129-құжат):
1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:
«8-3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
2) 5-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс
және радиобақылау саласындағы мемлекеттік бақылау»;
3) 28-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 28-2, 28-3 және 28-4-баптар алып тасталсын;
5) 28-5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
«құжаттамасын және өлшемдерiне рұқсаттарын (құжаттамалық бақылау) тексеру» деген сөздер «құжаттамасына және өлшемдеріне құжаттық бақылау жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тексеру» деген сөз «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын.
51. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 7-бапта:
тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 27-2) тармақшамен толықтырылсын:
«27-2) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
52. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат):
1) 1-баптың 25-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:
«26) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
3) 49-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 52-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) объектілерге жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;».
53. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 6-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
4, 5, 6 және 7-тармақтар алып тасталсын.
54. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат):
1) 7-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 39-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 40-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) техникалық реттеу саласындағы объектілерге техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға;».
55. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат):
1) 7-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 7) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын» деген сөздер «мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
2. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
3. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
56. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат, № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-қоммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингiлiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн құрылатын заңды тұлға;
2) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі;
3) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын және осы Заңның 6-бабының 3 және 7-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман;
4) дара кәсiпкерлiк - жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелi үшін және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi;
5) жеке кәсiпкерлiк - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi;
6) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау - мемлекеттік органдардың өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;
7) жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерліктi дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешенi;
8) жеке кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, коммерциялық негiзде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсiпкерлiктiң жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе жұмыс iстеп тұрған ұйымдар кешенi;
9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгi - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын, заңды мүдделерiн білдіру және қорғау қорғау үшiн құратын коммерциялық емес ұйым;
11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу - кәсiпкерлiк мәселелерi жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн бiлдiруге белгiленген критерийлерге жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң сәйкестiгiн тиiстi мемлекеттік органдардың тануы;
12) индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер;
13) кәсiпкерлiк жөніндегі уәкiлеттi орган - жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
14) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдар жанынан:
жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу;
жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдап-әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
15) келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабы - мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексеру (бақылау) жүргiзу фактiсi туралы лауазымын, тегiн және тексеру нысанасын көрсете отырып, мiндеттi түрде белгi қою үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген үлгiдегi журнал;
16) коммерциялық құпия - жеке кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайтын және қорғайтын, заңды негiзде еркiн қол жеткізуге адамдардың шектеулi тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн ақпарат;
17) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етудi, консультациялық және маркетингтiк қызметтер көрсетудi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.»;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік органдар жүзеге асыратын тексерулерге қолданылады.»;
3) 4-баптың 1-тармағындағы «жеке кәсіпкерлікке әкiмшiлiк етуді енгізу жолымен» деген сөздер алып тасталсын;
4) 5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде тіркей отырып, сараптамалық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жiбередi.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жоба келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аз болмауға тиіс.»;
3-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық, облыстық бірлестіктердің филиалдары;
қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктердің филиалдары табыс етедi.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды мемлекеттік тілде және орыс тілінде береді.»;
5-тармақта:
екінші бөліктегі «бірлестігіне» деген сөз «аккредиттелген бірлестігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар бір сараптамалық қорытынды ұсынған және осы бірлестік сараптамалық кеңестің отырысын өткізуді табанды түрде талап еткен жағдайда, осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырысы сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.»;
5) 6-бапта:
4-тармақтың жетінші абзацы алып тасталсын;
7-тармақтағы «аспайтын және» деген сөздер «аспайтын немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 8-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы «енгізуге құқылы.» деген сөздер «енгізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыру немесе оған қатысу жолымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шараларын өз қызметінде қолдануға құқылы.»;
7) 14-бапта:
4) тармақшадағы «және жергiлiктi атқарушы органдар» деген сөздер «жергілікті өкілді және атқарушы органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «мемлекеттік мұқтаждар үшін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру тәртібін айқындайды;»;
8) 15-бапта:
тақырыптағы «Уәкілетті органның» деген сөздер «Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «Уәкілетті орган» деген сөздер «Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша «, Қазақстан Республикасының Үкіметіне кәсіпкерлікті дамытудың жылдық есебін жібереді» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«20) уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлейтін тәуекелдерді бағалау критерийлерін, ведомстволық статистикалық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бірлесіп бекіту арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестіруді жүзеге асырады;
21) осы Заңға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жоспарын әзірлейді және бекітеді.»;
9) 18-баптың 3-тармағының сегізінші абзацындағы «мемлекеттік мұқтаждар үшiн» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 19-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасындағы «өнеркәсіп өндiрiсiн» деген сөздер «өндірістік қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) кепiлдік берілген көлемiн сатып алу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) номенклатурасын және олардың көлемiн Қазақстан Республикасының ?кіметi айқындайды;»;
6-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
7-тармақтағы «өнеркәсіп өндiрiсiн» деген сөздер «өндірістік қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 23-бап:
«құруға» деген сөзден кейін «және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге» деген сөздермен толықтырылсын;
«жарнамасын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты жаңартып отыруды» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 24-баптың 1-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалалық, аудандық бiрлестiктерiн, шағын кәсiпкерлiк жөніндегі қалалық, аудандық бiрлестiктер түрiнде кәсiпкерлер бiрлестiктерiн құрады.»;
13) 25-баптың 2-тармағының үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық бiрлестiктерiнің филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық, облыстық бiрлестiктер филиалдары;
қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бiрлестiктерiнің филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бiрлестiктерінің филиалдары жатады.»;