айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.
198-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының есеп-қисаптарды
табыс ету мерзiмiн бұзуы
Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы есеп-қисаптарды табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 199-бап өзгертілді
199-бап. Эмитенттiң өз қызметi туралы толық емес немесе дұрыс емес
ақпаратты жариялауы
Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
200-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпаратты ашу жөніндегі мiндеттi
бұзу
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен және жағдайларда ақпаратты ашу жөніндегі мiндеттi орындамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 13.03.03 ж. № 394-II Заңымен 201-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
201-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың
бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарды бұзуы
Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жиналымдарын есепке алу тәртібін бұзуы, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың кастодиан-банктермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгiленген тәртібін iрi залал келтiрмей бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 201-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
201-1-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар
туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу
1. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актісінде өзінің қызметі, инвестициялық қордың таза активтерінің құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткіштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртібін бұзуы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
202-бап. Бағалы қағаздар туралы ақпаратқа құқықтарды бұзу
Бағалы қағаздар туралы коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпаратты жасыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң оны алуына кедергi келтiру, егер бұл әрекет iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
203-бап. Төлемдер жүргiзу бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген шектеулердi бұзу
Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына төрт мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы, -
төлемдi жүзеге асырушы заңды тұлғаға төлем сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 204-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 204-бап өзгертілді
204-бап. Мемлекеттік мекеменiң және оралымды басқару құқығындағы
мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды
адамдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ақшалай
мiндеттемелердi қабылдау жөніндегі заңсыз әрекеттерi
1. Мемлекеттік мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңдарда белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөніндегі, мемлекеттік мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 204-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
204-1-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу
1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы -
айлық есептік көрсеткіштің бір жүз отыздан бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауар биржасының сауда қызметін және биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес өзге де қызметті жүзеге асыруы -
айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз сексеннен бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз жиырмадан жүз қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз сексеннен төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Биржалық брокерлердің және (немесе) биржалық дилерлердің әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізу және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауы -
айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
16-тарау. тіркеу салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 205-бап өзгертілді
205-бап. Салық органында салық есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, салық органында тiркеу есебiне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн бұзу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн тоқсан күннен астам уақыт бұзу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - сегіз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 205-бап 2-1-бөлікпен толықтырылды
2-1. Дара кәсіпкердің дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, адвокатты мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген өзгерістерді енгізу үшін тұратын орнының өзгеруі туралы тіркеу деректерін өзгерту туралы салық өтінішін берудің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімін бұзуы - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12.