ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 1-параграфының тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-параграф. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алуды жоспарлау
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 166-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
166. Тапсырыс берушілер осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісімен және (немесе) қормен келісу бойынша клиникалық-техникалық негіздеме және техникалық ерекшелік негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілмеген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 167-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
167. Тапсырыс беруші тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды осы Қағидалардың 22-тарауына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен келіспей және лизинг берушінің сараптамалық бағалаусыз міндетті түрде бірыңғай дистрибьюторға өтінім беру арқылы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 168-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
168. Құны 5000000 (бес миллион) теңгеден бастап 50000000 (елу миллион) теңгеге дейінгі сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар денсаулық сақтау ұйымы берген өтінімге сәйкес лизинг берушінің қаражаты есебінен және осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес сатып алынады.
Егер сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым қаржы лизингі шарттары мен талаптарына сай келмесе, оны лизинг беруші сатып алмайды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 169-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
169. Құны 50000000 (елу миллион) теңгеден жоғары, сондай-ақ бірегейлендіруге жататын сервистік қызметті талап ететін медициналық бұйымдар тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьютор арқылы, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Қағидаларға сәйкес облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға беретін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 2-параграфының тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-параграф. Бірыңғай дистрибьютор арқылы сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алу
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 170-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
170. Республикалық бюджет қаражатының есебінен облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыруды бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 173-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның өтінімі негізінде жүзеге асырады.
Осы тармақта көзделген сатып алуды бірыңғай дистрибьютор сатып алу веб-порталында жүзеге асыра алады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 170-1-тармақпен толықтырылды
170-1. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу осы Қағидалардың 22-тарауына сәйкес бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 171-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
171. Ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күніне дейiнгі мерзімде бірыңғай дистрибьютор республикалық бюджет қаражатының есебінен, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алынған сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алуға мониторинг жүргізеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша есепті ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 172-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
172. Тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуға өтінім беру үшін сараптамалық бағалауды алу қажет.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 173-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
173. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды дайындау және ұйымдастыру және сараптамалық бағалауды алу мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган сараптама тобына тапсырыс берушілерден алынған өтінімді ұсынады, ол мыналарды қамтиды:
1) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін;
2) клиникалық-техникалық негіздемені;
3) техникалық ерекшелікті;
4) беру санын, мерзімін, шарттары мен орнын;
5) әрбір атауы бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуға бөлінген соманы;
6) тапсырыс берушінің толық атауын, банктік деректемелерін, мекенжайын (пошта және заңды), телефонның/факстің байланыс нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, тапсырыс беруші басшысының лауазымын және тегін, аты, әкесінің атын (бар болса);
7) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, сатып алынатын медициналық бұйымдарда көрсетілуі жоспарланған медициналық көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен санын қамтитын ақпаратты;
8) пайдаланудың техникалық шарттарын;
9) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, сатып алынатын медициналық бұйымдарды пайдаланатын мамандар туралы мәліметтерді;
10) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды әрбір атауы бойынша сараптамалық бағалауды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 174-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
174. Сараптама тобы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілердің өтінімдерін ұсынған кезден бастап қырық жұмыс күні ішінде әрбір атауы бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың клиникалық-техникалық негіздемесі, оңтайлы техникалық сипаттамалары және құны бөлігінде тексеру жүргізеді.
Сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, біріздендіруге жататын медициналық бұйымдарды біріздендіреді.
Тексеру нәтижелері бойынша сараптама тобы техникалық ерекшелігі мен құны бар сараптамалық қорытынды шығарады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Бұл ретте біріздендіруге жататын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың құны сараптамалық бағалауда берілген құнының орташа арифметикалық мәнін айқындау арқылы белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 175-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
175. Біріздендіруге жататын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды тексеру нәтижелері бойынша бірыңғай біріздендірілген бір техникалық ерекшелікке әрбір тапсырыс беруші сараптамалық қорытынды шығарады.
176. ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 177-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
177. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушілерге техникалық ерекшелікті келісу үшін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 178-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
178. Тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың техникалық ерекшелігін келіседі, ол тігілген және нөмірленген түрде, әр парағына бұрыштама қол қойылып, тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 179-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
179. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде техникалық ерекшелікті бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 180-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
180. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган техникалық ерекшелікті бекіткеннен кейін тапсырыс берушілерден алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оны әрбір атауы бойынша тігілген түрде қағаз жеткізгіште және электрондық жеткізгіште саны, мерзімі, беру шарттары мен орны, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алуға бөлінген сомасы бойынша өтінімді қоса бере отырып, оны бірыңғай дистрибьюторға сатып алуды ұйымдастыру үшін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 181-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
181. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізімі, саны, мерзімі, беру шарттары мен орны және сатып алуға бөлінген сомасы, әрбір атауы бойынша техникалық сипаттамалары (техникалық ерекшелігі) көрсетілген өтінімді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-бөлімінде көзделген тәртіппен сатып алуды ұйымдастырады.
3-бөлім. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
14-тарау. Екі кезеңдік тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Екі кезеңдік тендер өткізуді ұйымдастыру
182. Екі кезеңдік тендер өткізу тәсілімен сатып алу мынадай жүйелі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
комиссияны құру, комиссияның хатшысын айқындау;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бейінді мамандықтар бойынша сарапшыны немесе сарапшыларды айқындауы және олардың екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу өткізуге қатысуын қамтамасыз етуі;
бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына екі кезеңдік тендерді өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
тендерлік өтінімдерді қабылдау, ашу және алдын ала қарау;
сарапшыны немесе сарапшыларды (қажет болған кезде) тарту;
ұсынылатын тауарлардың бағаларын қоспағанда, тендерлік өтінімдерге, бастапқы баға ұсыныстарына толықтыруларды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сәйкес келтіру бөлігінде қабылдау және қарау;
әлеуетті өнім берушілерді аукционға жіберу;
2) екінші кезеңде:
әлеуетті өнім берушілердің бағаларын салыстыру арқылы аукцион өткізу;
екі кезеңдік тендердің қорытындыларын шығару және осы кезең үшін Қағидаларда көзделген жағдайларда екі кезеңдік тендерді немесе оның жекелеген лоттарын өткізілмеді деп айқындау.
183. Екі кезеңдік тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор тендерлік комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады және оның құрамын әрбір екі кезеңдік тендерге бөлек бекітеді.
184. Комиссия құру және оның хатшысын айқындау туралы шешімді бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы (немесе оның міндеттерін атқаратын адам) қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 185-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
185. Комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және өнім беру шарты немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған күні өз қызметін тоқтатады. Егер тендер өтпеді деп танылса немесе оның қорытындылары жойылған жағдайда, комиссия осындай шешім қабылданған күннен бастап өз қызметін тоқтатады. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды өткізу ұйымдастырылған жағдайда, комиссия өз қызметін екі кезеңдік тендер қорытындылары шығарылған күні тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 186-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
186. Бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы (немесе оның міндетін атқаратын адам) комиссия төрағасы болып айқындалады. Комиссияның құрамына бірыңғай дистрибьютордың және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері кіреді.
Лизинг беруші үшін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу ұйымдастырылған жағдайда лизинг берушінің бірінші басшысы (немесе оның міндеттерін атқаратын адам) төраға болып айқындалады. Комиссия құрамына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және лизинг берушінің қызметкерлері кіреді.
187. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және үш адамнан кем болмауға тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
188. Төраға комиссия отырыстарына басшылық етеді, оның жұмысын жоспарлайды. Төраға болмаған кезде оның функцияларын комиссияның орынбасары атқарады.
189. Комиссия хатшысы хабарландыру орналастырады, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдар дайындайды, комиссия отырыс өткізгеннен кейін оның хаттамасын ресімдейді, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ұсыну уақыты мен күнін, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің (тендерлік өтінім салынған конвертті ұсынған адамның) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, келіп түскен тендерлік өтінімдерді тіркеу журналын және тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуді тіркеу журналын жүргізеді.
190. Келіп түскен тендерлік өтінімдерді және тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу журналдары тігілген, беттері нөмірленген, соңғы беті бірыңғай дистрибьютордың мөрімен бекітілген болуға тиіс.
191. Комиссия отырыстары комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
192. Төраға, төрағаның орынбасары немесе комиссия мүшесі болмаған жағдайда хаттамада оның болмау себебі көрсетіледі және оның болмау себебін растайтын құжат қоса беріледі. Тендерлік өтінімдерді алдын ала қарау басталғанға дейін комиссия құрамына комиссияның жоқ мүшелерін алмастыру бөлігінде өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
193. Комиссия отырысының хаттамаларына барлық қатысып отырған комиссия мүшелері, төраға, оның орынбасары және хатшы қол қояды және әр парағына бұрыштама қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 194-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
194. Бірыңғай дистрибьютор екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу өткізу кезінде әлеуетті өнім берушілер ұсынған дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттар, сипаттамасының бірыңғай дистрибьютор тізіміне және осы Қағидаларда белгіленген сатылып алынатын дәрілік заттарға, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарға, медициналық бұйымдарға қойылатын талаптарға сәйкестігіне тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі бойынша сараптамалық қорытынды алу үшін бейінді мамандықтар бойынша сарапшыны немесе сарапшыларды тартуға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 195-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
195. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде сарапшы ұсынылған медициналық бұйымның техникалық ерекшелігінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютор хабарлаған техникалық ерекшелікке сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді.
196. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сарапшы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілері ұсынған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың сипаттамасы бойынша олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді.
197. Сарапшы комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сарапшының сараптамалық қорытындысын комиссия әлеуетті өнім берушіні аукционға жіберу кезінде қабылдайды.
198. Екі кезеңдік тендер өткізу туралы хабарландыру өтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейін күнтізбелік жиырма күн қалғанда бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
199. Екі кезеңдік қайталама тендер жүзеге асырылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн қалғанда бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына хабарландырудың мәтінін орналастырады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 200-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
200. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық бұйымды сатып алу бойынша екі кезеңдік тендерді өткізу туралы хабарландыруда мыналар қамтылады:
1) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымды сатып алу бойынша екі кезеңдік тендердің атауы;
2) дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы), медициналық бұйымдардың, медициналық бұйымның атаулары;
3) дәрілік заттардың сипаттамасынан; медициналық бұйымдардың сипаттамасы және (немесе) техникалық сипаттамасы; медициналық бұйымның техникалық сипаттамасы;
4) түзетілген және (немесе) түпкілікті өтінімдерді ескере отырып түзетілуі мүмкін әрбір лот бойынша дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың көлемі;
5) сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, медициналық бұйымның осы Қағидалардың 4-тарауының талаптарына сәйкестігі туралы талап;
6) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның саны (сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алу ұйымдастырылған жағдайда);
7) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымды беру орны мен шарттары (оның ішінде беру мерзімдері немесе кестелері);
8) екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді қабылдау/қабылдауды аяқтау орны, күні, уақыты;
9) екі кезеңдік тендерді өткізуді бастау орны, күні, уақыты;
10) әрбір лот бойынша сатып алуға бөлінген баға және сома;
11) он жылға дейінгі мерзіммен берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға жол берілетін дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы), медициналық бұйымдардың атаулары;
12) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарына сәйкестігі туралы талап;
13) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;
14) тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсыну шарттары;
15) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін өткізу орны, күні, уақыты;
16) ұсынылатын тендерлік өтінімнің мазмұны және ресімдеу бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы талап.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 201-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
201. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша екі кезеңдік тендердің өткізілетіні туралы хабарландыруда көрсетілетін бағалар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы шегеріле отырып, бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардан есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 202-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
202. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңдік тендерді өткізу туралы хабарландыруда (құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары бар дәрілік заттар үшін) мыналар қамтылады:
1) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңдік тендердің атауы;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары және орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар ұсынған қажеттіліктің түзетілген есептері ескерілген, түзетілуі мүмкін халықаралық патенттелмеген атауымен дәрілік заттардың тізбесі, бірыңғай дистрибьютордың тізіміне сәйкес олардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағасы, көлемі;
3) сатып алынатын дәрілік заттардың осы Қағидалардың 4-тарауының талаптарына сәйкестігі туралы талап;
4) дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті баға бойынша мәлімделген көлемдері және дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасына белгіленетін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер үшін сыйақының шекті мөлшері (жиырма бес пайыз) ескерілген лоттың жалпы құнын қамтитын (құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар үшін) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін әрбір лот бойынша бөлінген сома;
5) фармацевтикалық қызметтерді көрсету мерзімдері;
6) алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге тиіс олардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және мекенжайлары;
7) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер ұсынылуы қажет облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың елді мекендерінің, аудандары мен құрамдас бөліктерінің тізбесі;
8) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның бірлесіп орындаушыларының осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарына сәйкестігі туралы талап;
9) екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді қабылдау/қабылдауды аяқтау орны, күні, уақыты;
10) екі кезеңдік тендерді өткізуді бастау орны, күні, уақыты;
11) екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсыну тәртібі;
12) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайынан және банктік деректемелері;
13) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін өткізу орны, күні, уақыты;
14) ұсынылатын тендерлік өтінімнің мазмұны және ресімделуі бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы талап.
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер өнім берушісіне шығындарды өтеуді бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың бағаларын және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген көрсетілетін қызмет құнын ескере отырып, қордың қаражаты есебінен жүргізеді.
2-параграф. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және кері қайтарып алу
203. Екі кезеңдік тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін хабарландыру мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жасалған тендерлік өтінімді желімделген түрде бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.
204. Бірыңғай дистрибьютор тендерлік құжаттаманы әзірлемейді.
205. Тендерлік өтінімдерді ұсыну үшін соңғы мерзім өткеннен кейін ұсынылған тендерлік өтінім ашылмайды және оны ұсынған әлеуетті өнім берушіге қайтарылады. Бұл ретте тендерлік өтінім ұсынылған уақыт келіп түскен тендерлік өтінімдерді тіркеу журналында белгіленеді.
206. Әлеуетті өнім беруші ұсынған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі қырық бес жұмыс күнінен кем болмауға тиіс. Қолданылу мерзiмi екі кезеңдік тендердің талаптарында көрсетiлген қолданылу мерзімінен қысқа тендерлік өтiнiм қабылданбайды.
207. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі үш бөлімнен: негізгі, техникалық және бастапқы баға ұсынысынан тұрады.
208. Негізгі және техникалық бөлімдері тігіледі және бөлек нөмірленеді, соңғы беттеріне әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысы немесе уәкілетті адамы қол қояды және әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітіледі, бастапқы баға ұсынысы тігілмейді.
Тендерлік өтінімнің барлық үш бөлігі бір конвертке салынады.
Әлеуетті өнім беруші осы тармақтың талаптарына сәйкес келмейтін тендерлік өтінімді ұсынған кезде әлеуетті өнім берушінің мұндай тендерлік өтінімі қаралмай қайтарылады.
209. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы көрсетіледі. Конверт хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша бірыңғай дистрибьюторға жіберіледі және ол «Екі кезеңдік тендер______________ (тендердің атауы көрсетіледі)» және «________________________ дейін ашпаңыз» (хабарламада көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі)» деген сөздерді қамтуға тиіс.
210. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тігілмейді және конвертке желімденбейді, тендерлік өтінімнен бөлек ұсынылады және тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу журналында тіркеледі.