8) уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын баға бойынша тауарларды есепке алу және өткізу бойынша қызметті алпыс күндік қажеттілікке дейінгі (осы тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда) сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болғанда, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің тоқсан күндік қажеттілігіне дейін тауарларды, сондай-ақ тауарларды есепке алу мен өткізу бойынша қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңдік тендерлер өткізілмеді деп танылған жағдайда жол беріледі;
9) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тыс жерлерде өндірілген немесе қайта өңделген тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін өнім берушінің немесе оның үлестес тұлғаларының тауарлар беруі көзделген, жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты болғанда қолданылады.
117. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден:
1) баға ұсынысын;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 3-тарауымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
3) мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдарды осы Қағидалардың 4-тарауының ережелеріне сәйкестігін растайтын құжаттарды сұратады.
Егер екіден аз тендерлік өтінім ұсынылуы себебінен тендер өткізілмеді деп танылса немесе осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін отандық тауар өндірушінің, әлеуетті өнім берушінің бір ғана өтінімі берілсе, осындай әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынбайды.
118. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде хаттама жасалады, оған:
1) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды қолдану негіздемесі;
2) сатып алынатын тауарлардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы, олардың саудалық атауы;
3) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасау болжанып отырған өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы;
4) осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігі енгізіледі.
119. Осы тәсілмен сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шарты осы Қағидалардың 9-тарауының 6-параграф ережелерінің негізінде жасалады.
120. Сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілімен ұйымдастыру және өткізу мынадай жүйелі іc-шаралардың орындалуын көздейді:
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының осы тәсілді қолданудың негіздемесімен бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы шешім қабылдау;
2) тапсырыс берушіні немесе сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауды және бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу рәсімін өткізу;
3) әлеуетті өнім берушіге бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыру жіберу;
4) әлеуетті өнім берушінің шақыртуда көзделген құжаттарды қоса бере отырып бір көзден сатып алуға қатысу туралы келісім жіберуін;
5) әлеуетті өнім беруші ұсынған осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қарау;
6) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастыру;
7) әлеуетті өнім берушімен бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасу.
121. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешімді тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша сатып алу өткізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
122. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші сұратылған құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастырады және интернет-ресурсқа орналастырады.
123. Ұсынылған тендерлік өтінімдердің болмауы себебінен тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақырту жібереді.
124. Екеуден аз тендерлік өтінімнің берілуі себебінен тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Тендерге қатысуға бір де бір әлеуетті өнім берушінің жіберілмеуі себебінен тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге, егер бірдей баға ұсыныстары берілсе, онда осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген шектеуге байланысты қабылданбаған адамдарды қоспағанда, тендерлік өтінімін бірінші болып тіркеген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
125. Тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының сатып алу шартына, фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қойғанға дейін тауардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізуіне жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші өзінің қалауы бойынша тауардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, бұл тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіздеме болып табылмайды.
126. Осы тарауға сәйкес жіберілген тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының шақыруына әлеуетті өнім беруші бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға шақыруда көзделген құжаттарды қоса бере отырып сатып алуға қатысатыны туралы өзінің растауын не себептерін көрсете отырып сатып алуға қатысудан бас тартатыны туралы хат жібереді. Бұл ретте осы тармақта белгіленген мерзімде жауаптың болмауы сатып алуға қатысудан бас тарту ретінде бағаланады.
12-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алу
1-параграф. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі туралы
127. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының бірінші маусымынан кешіктірмей бірыңғай дистрибьютордың келесі қаржы жылына арналған тізімін бекітеді, ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қамтиды.
Бірыңғай дистрибьютордың тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қорға, бірыңғай дистрибьюторға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін ведомстволық бөлімшелерге (ұйымдарға) жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 127-1-тармақпен толықтырылды
127-1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен келісу бойынша бірыңғай дистрибьютор сатып алған орфандық препараттарды бірыңғай дистрибьютордың өтініші бойынша сараптама ұйымы тіркейді.
128. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қажеттілігіне қарай бірыңғай дистрибьютордың бекітілген тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
129. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютордың тізімімен бірге қорға және бірыңғай дистрибьюторға жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын көмекті көрсету және аурулардың профилактикасы кезінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету және дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде келесі қаржы жылы әкімшілік-аумақтық бірлік бөлінісінде (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қаржыландырудың бекітілген көлемін жібереді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін немесе міндетті әлеуметтік медициналық көмек жүйесіндегі медициналық көмекті көрсететін ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) бірінші маусымға дейінгі мерзімде қорға және бірыңғай дистрибьюторға келесі қаржы жылына қаржыландырудың бекітілген көлемін жібереді.
130. Қор халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютордың қызметімен байланысты бірыңғай дистрибьютордың көрсетілетін қызметін сатып алады.
131. Бірыңғай дистрибьютор мен қордың арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету шеңберінде қаржыландыру көлемі шегінде әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана) және денсаулық сақтау субъектілерінің бөлінісінде бірыңғай дистрибьютордың қызметтер көрсету шарты жасалады.
Қаржыландырудың бекітілген көлемін түзету кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және (немесе) қор түзетулерді енгізген сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл жөнінде бірыңғай дистрибьюторға хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 132-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
132. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын және (немесе) қор активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың бағалары осы Қағидалардың 19-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың қор сатып алатын көрсетілетін қызмет шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардан және саудалық атауына шекті бағалардан аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 133-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
133. Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бекітіледі.
Бірыңғай дистрибьютордың тауарларға прайс-парағының бағалары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардан және саудалық атауына шекті бағалардан аспайды.
134. Бюджет қаражатын және (немесе) қордың активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар мәлімдеген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың көлеміне мониторингті жүзеге асырады.
135. Бірыңғай дистрибьютор сатып алудың қорытындылары шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың бағаларын көрсете отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша сатып алу нәтижелері туралы есепті ұсынады.
2-параграф. Жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті
көрсету және аурулардың профилактикасы үшін тауарларды сатып алу
136. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін тапсырыс берушілер қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат түрінде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған, тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтінімдерді бірыңғай дистрибьюторға береді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін, осы тарауда тапсырыс берушіге теңестірілген мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының елу және одан да көп пайыздары (үлестері) мемлекетке тиесілі болатын, заңды тұлғаларға жатпайтын денсаулық сақтау субъектілерінің бірыңғай дистрибьюторға өтінім беруіне рұқсат етіледі.
137. Тапсырыс берушілердің өтінімдері сатып алу шарты жасалатын сәтке дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алудың үлгі шартында көзделген талаптарды сақтай отырып, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыруға олардың келісім білдіруінің нысаны болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 138-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
138. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютор сұрау салуды жіберген сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға:
1) дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы) және медициналық бұйымдардың атауларын;
2) мәлімделетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың техникалық сипаттамасы мен өлшем бірлігін;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өлшем бірлігі үшін белгілеген дәрілік зат пен медициналық бұйымның әрбір атауы бойынша халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаны;
4) жөнелтудің қажетті кестесін көрсете отырып, келесі қаржы жылына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың әрбір мәлімделген атауы бойынша санын;
5) дәрілік зат пен медициналық бұйымның әрбір мәлімделген атауы бойынша сомасын және өтінім бойынша жалпы сомасын;
6) ағымдағы қаржы жылы сатып алу шартында көрсетілген дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша санын;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз бетінше сатып алуды қоса алғанда, алдыңғы қаржы жылы дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша нақты тұтынуды;
8) өтінім берілген күнге жағдай бойынша дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша қалдықты;
9) тапсырыс берушілердің толық атауын;
10) тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
11) деректемелерін, мекенжайын (пошталық және заңды), телефонының, факстарының байланыс нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайын қамтитын келесі қаржы жылына арналған бастапқы өтінімді ұсынады.
139. Тапсырыс берушілерде сол қаржы жылы қосымша қажеттілік туындаған кезде тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылының әрбір айының 1-5 күні аралығында бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың атауын, олардың көлемін және беру кестелерін көрсетіп, сатып алуға арналған қосымша өтінімді ұсынады.
140. Тапсырыс берушілер бастапқы өтінімдерді осы Қағидалардың 138-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылының әрбір айының 1-5 күні аралығында бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алуға арналған өтінімді ұсынады.
Өтінімге тапсырыс беруші басшысының (оны алмастыратын адамның) атқаратын лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі; оның шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның нөмірі және атауы, төлем деректемелері, тауарды беру орны (мекенжайы) көрсетілген ақпараттық хат қоса беріледі; сұрау салу бойынша жарғының немесе ереженің көшірмесі ұсынылады.
141. Бірыңғай дистрибьютор ағымдағы қаржы жылы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуды қосымша өтінімдердің және тапсырыс берушілердің осы Қағидалардың 145-тармағына сәйкес ұсынған өтінімдерінің негізінде тоқсанына кемінде бір рет жүзеге асырады.
142. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден алғашқы өтінімді алғаннан кейін осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
143. Сатып алуды өткізгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор прайс-парақты бекітеді және оны бекіткеннен кейін үш күн ішінде тапсырыс берушілерге тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру (түзету) үшін жібереді.
144. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ағымдағы жылғы он бесінші желтоқсаннан кешіктірмей әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана), тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері бөлінісінде жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде келесі қаржы жылы қаржыландырудың нақтыланған көлемін қорға және бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Орталық атқарушы органдар және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсететін әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар ағымдағы жылғы он бесінші желтоқсаннан кешіктірмей келесі қаржы жылы әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана), денсаулық сақтау субъектілері, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер бөлінісінде жедел, стационарлық, стационар алмастыратын көмек көрсету кезінде дәрілік қамтамасыз етуді қаржыландырудың нақтыланған көлемін бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 145-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
145. Сатып алу шартының жобасын ресімдеу үшін тапсырыс берушілер жыл сайын бірыңғай дистрибьютордан прайс-парақты алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей қаржыландыру көлеміне сәйкес бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағына сәйкес түзетілген өтінімді бірыңғай дистрибьюторға жібереді, ол:
1) дәрілік заттардың атауларын (халықаралық патенттелмеген атаулары және құрамы) және медициналық бұйымдардың атауларын, сондай-ақ олардың саудалық атауларын;
2) өлшем бірлігін;
3) бастапқы өтінімде көрсетілген санынан он пайызға дейін азайту жағына қарай өзгеруі мүмкін дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың санын қамтиды. Өтінімді қалыптастыру кезінде тапсырыс беруші сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың мөлшерін олардың сапасын сақтау мақсатында жалпы жылдық көлемнен ең кіші қаптамаға дейін дөңгелектейді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе қормен келісілген дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер болған қайта ұйымдастыру, тарату және қаржыландыруды қысқарту жағдайларында тауардың санын бастапқы өтінімде көрсетілген санынан он пайыздан астамға азайтуға жол беріледі;
4) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағында белгіленген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаны және саудалық атауына шекті бағаны;
5) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағында белгіленген дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша бағасын және өлшем бірлігін;
6) алдыңғы қаржы жылы сатып алу шарттарында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша санын;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде өз бетінше сатып алуды қоса алғанда, алдыңғы қаржы жылындағы дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша нақты тұтынуды;
8) дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша түзетілген өтінімді ұсыну күнінің жағдайы бойынша қалдығын;
9) тапсырыс берушінің толық атауын;
10) тапсырыс берушінің бірінші басшының (оны алмастыратын адамның) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
11) деректемелерін, мекенжайын (пошта және заңды), телефондардың байланыс нөмірлерін, факстерді, электрондық пошта мекенжайын;
12) қормен медициналық көрсетілетін қызметтер шартын жасау нөмірі мен күнін, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуға бөлінген соманы қамтиды.
Түзетілген өтінімге тапсырыс беруші басшысының (оны алмастыратын адамның) атқаратынын лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі; заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтамасының немесе куәліктің көшірмесі; оның шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы көрсетілген ақпараттық хат, төлем деректемелері, тауарды беру орындары (мекенжайы); сұрау салу бойынша жарғының немесе ереженің көшірмесі қоса беріледі.
146. Тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шартына сәйкес құрылған және жасалған сатып алу шарттарының негізінде бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады. Сатып алу шартын жасауға тапсырыс берушінің түзетілген не қосымша өтінімі негіз болып табылады.
147. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден түзетілген өтінімді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тапсырыс берушілерге қабылдау-беру актісі бойынша не тапсырыс берушінің электрондық поштасына бір мезгілде хабарламаларды тарата отырып, электрондық құжат түрінде сатып алу шарттарын қол қоюға жібереді.
148. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алу шарттарын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оларға қол қояды, мөрмен бекітеді, бірыңғай дистрибьюторға қабылдау-беру актісі бойынша не электрондық құжат түрінде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы береді.
3-параграф. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді көрсетуге арналған тауарларды сатып алу
149. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының бірінші маусымынан кешіктірмей тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекітеді.
Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қорға, бірыңғай дистрибьюторға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына тегін медициналық көмектің кепілдік берін көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін ведомстволық бөлімшелерге (ұйымдарға) жібереді.
150. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган келесі қаржы жылына арналған бір реттен аспайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
151. Денсаулық сақтау субъектілері белгілі бір аурулармен диспансерлік есептегі азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халықты, оның ішінде уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша белгілі бір аурулары бар (жай-күйі) азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджеттерінің бөлінісінде бөлінген қаражаттың шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға қажеттілікті есептеуді (алдын ала, түзетілген, қосымша) жүзеге асырады.