211. Тендерлік өтінімде, конвертте әлеуетті өнім берушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде, конвертте жолдар арасында ешқандай қосымша жазулар, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс
212. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымды сатып алуға қатысуға арналған тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендерге қатысуға арналған өтінім. Электрондық жеткізгіште:
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі;
PDF форматында өтінімге қоса берілетін барлық құжаттардың көшірмесі ұсынылады;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе хабарландыру күнінен кейін берілген құрылтай шартының көшірмесі немесе қолданыстағы акция ұстаушыларының тізілімінен үзінді ұсынылады);
4) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
5) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде туралы расталатын «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық бұйымдарды немесе медициналық бұйымды өткізуге рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың көшірмелері. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
6) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің бар-жоғы туралы құжат;
7) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің алдында үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған, конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);
8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілігі туралы мәліметтер;
9) егер әлеуетті өнім беруші басым құқыққа үміткер болған жағдайда әлеуетті өнім берушінің дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектісінің тиісті өндірістік практика (GMP) (дәрілік заттарды сатып алу үшін) немесе «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ИСО сапаны басқару жүйесі стандартының (медициналық бұйымдар сатып алу үшін) және (немесе) тиісті дистрибьюторлық практикада (GDP) (дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу үшін) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі;
10) әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті екендігі және салық есебінде тұрмайтыны туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органы хатының түпнұсқасы немесе көшірмесі;
11) қосымша көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы хат (медициналық бұйымды сатып алу кезінде);
12) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) бірлесіп орындаушының осы Қағидалардың 14-тармағына (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
13) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы хат;
14) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өнім беру шартын бұзуға келісу туралы хат.
213. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуға арналған тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендерге қатысуға арналған өтінім. Электрондық жеткізгіште:
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі;
PDF форматында өтінімге қоса берілетін барлық құжаттардың көшірмесі ұсынылады;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе хабарландыру күнінен кейін берілген құрылтай шартының көшірмесі немесе қолданыстағы акция ұстаушыларының тізілімінен үзінді ұсынылады);
4) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
5) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық бұйымдарды немесе медициналық бұйымды өткізуге рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың көшірмелері. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
6) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша берешектің бар-жоғы туралы растайтын құжат;
7) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің алдында үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған, конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);
8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілігі туралы мәліметтер;
9) осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 3), 10) 11) тармақшаларында белгіленген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісінің біліктілік талаптарына әлеуетті бірлесіп орындаушының сәйкестігін растайтын құжаттар;
10) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы хат;
11) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өнім беру шартын бұзуға келісу туралы хат;
12) шарт жасауға басымдық алу үшін объектінің тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі бар болса;
13) әлеуетті өнім беруші сатып алудың жеңімпазы болып танылған жағдайда, оның фармацевтикалық қызметті көрсетуге арналған бірлесіп орындаушылардың тізбесі ұсынылған және бірлесіп орындаушылардың мекенжайы көрсетілген фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге оның бірлесіп орындаушыларымен шарттар жасау туралы кепілдік хаты;
14) тендердің жеңімпазы болып танылған жағдайда, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесін жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, соның ішінде бірлесіп орындаушыларда орнату туралы кепілдік хат;
15) осы Қағидаларда тыйым салынған бірыңғай дистрибьютормен қарым-қатынасының жоқ екендігін растау туралы хат;
16) әлеуетті өнім берушінің оңалту, банкроттық не тарату рәсімдеріне қатысы жоқ екенін, әлеуетті өнім берушінің жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесінде болмауын растайтын құжат.
Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісі де тендерлік өтінімге қызметтерді немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыруға бірлесіп орындаушының құқықтарын растайтын мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттардың (хабарламалардың) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелерін ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 214-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
214. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық бұйымды сатып алуға қатысуға арналған тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі ұсынылып отырған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және медициналық бұйымның осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қамтуға тиіс:
1) ұсынылатын медициналық бұйымның сипаттамалары көрсетілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіркеуге сәйкес*doc форматында электрондық жеткізгіште техникалық ерекшелігі;
2) қолданыстағы құжаттың көшірмесі немесе сараптама ұйымының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, конверттерді ашу сәтіне мемлекеттік тіркелуін растайтын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан үзінді көшірме не тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға уәкілетті орган рұқсатының нотариат куәландырған көшірмесі немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға уәкілетті органның рұқсаты;
Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және өндірілген дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға: әкелінуін және мәлімделген көлемнің болуын растайтын құжаттар ұсынылады: тауарды Қазақстан Республикасына әкелуін (кедендік жүк декларациясының нотариат куәландырған көшірмесі, хабарландыру шыққан күннен ерте емес қойма анықтамасы): отандық тауар өндірушілердің өндіруі (хабарландыру шыққан күнінен ерте емес қойма анықтамасын); заңнамада белгіленген тәртіппен берілген тауарлардың қауіпсіздігі туралы қорытындының көшірмесі;
3) қажет болған кезде «салқындату тізбегінің» бар екендігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің көшірмесі (актілердің берілгеніне өтінімдер салынған конверттер ашылатын күнге дейін бір жылдан аспауға тиіс). Әлеуетті өнім беруші тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) немесе тиісті өндірістік практика (GМP) сертификатын ұсынған жағдайда жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды.
4) сатып алуға мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы бойынша және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың заңнама талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкестігі туралы кепілдік хат;
5) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өнім берушілердің беру күніне сәйкестігі туралы кепілдік хат.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 215-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
215. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуға арналған тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:
1) қолданыстағы құжаттың көшірмесі немесе сараптама ұйымының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, конверттерді ашу сәтіне мемлекеттік тіркелуін растайтын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан үзінді көшірме не уәкілетті органның тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға рұқсатының нотариат куәландырған көшірмесі немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға уәкілетті органның рұқсаты;
2) қажет болған кезде «салқындату тізбегінің» бар екендігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің көшірмесі (актілердің берілгеніне өтінімдер салынған конверттер ашылған күнге дейін бір жылдан аспауға тиіс). Әлеуетті өнім беруші тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) немесе тиісті өндірістік практика (GМP) сертификатын ұсынған жағдайда жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды. Объектінің тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі болған кезде осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген акт ұсынылмайды;
3) сатып алуға мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы бойынша және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың заңнама талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкестігі туралы кепілдік хат.
216. Әлеуетті өнім беруші бір лот шеңберінде бір рет дәрілік заттардың әрбір атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша басшы немесе әлеуетті өнім берушінің уәкілетті адамы қол қойған бір бастапқы, түпкілікті, қосымша баға ұсыныстарын және хабарланған көлемін ескере отырып, бірақ жиырма бес пайыздан жоғары емес болатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жалпы сомасына пайыздық арақатынаста көрсетілген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге сыйақы мөлшерін ұсынады.
Бастапқы баға ұсынысы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуға арналған тендерлік өтініммен бірге ұсынылады. Түпкілікті (қажет болған кезде қосымша) баға ұсынысы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша аукцион өткізілетін күні ұсынылады. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына (бастапқы, түпкілікті немесе қосымша) фармацевтикалық қызметтер көрсетумен байланысты барлық шығыстар қосылады.
217. Әлеуетті өнім берушінің тиісті баға ұсынысын ұсынуы хабарландыруда және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгі нысанында көрсетілген шарттарды сақтай отырып, фармацевтикалық қызметтер көрсетуге оның келісім білдіру нысаны болып табылады.
218. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгертуге, кері қайтарып алуға құқығы, сондай-ақ тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді қайтаруға құқығы бар. Тендерлік өтінімді кері қайтарып алу туралы әлеуетті өнім берушінің хабарламасы бірыңғай дистрибьюторға жазбаша нысанда, бірақ тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
Бірыңғай дистрибьютордың ескертулері негізінде тендерлік өтінімге осы Қағидаларға сәйкес өзгерістер енгізілген жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге және оларды қамтамасыз етуге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
3-параграф. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 219-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
219. Әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға:
1) хабарландыруда көрсетілген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құнын және олардың көлемдерін қамтитын ұсынылған өтінімнің сомасынан бір пайыз мөлшерде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды;
2) әрбір лот бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде медициналық бұйымды;
3) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағасы және дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағасына белгіленетін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер үшін сыйақының шекті мөлшері (жиырма бес пайызын) бойынша мәлімделген көлемдері ескеріле отырып, лоттың жалпы құнын қамтитын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін әрбір лот бойынша сомадан бір пайыз мөлшерде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
Әлеуетті өнім беруші бірнеше лоттар бойынша қатысқан жағдайда әрбір лот бойынша бөлек тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсына алады. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 26 және 33-тармақтарында көрсетілген лоттарды ұсынған, тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету мерзімі тендерлік өтінімдерді ашу рәсімі күнінен бастап кемінде алпыс жұмыс күні болуға тиіс жағдайларды қоспағанда, екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмауға тиіс.
Медициналық бұйымды сатып алу жөніндегі екі кезеңдік тендерді кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап кемінде алпыс жұмыс күні болуға тиіс.
220. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін ұсынбаған кезде осындай әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі қаралмай қайтарылады.
221. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:
1) бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банктік кепілдіктің түпнұсқасы.
222. Әлеуетті өнім берушіге тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін тұтастай не енгізілген кепілдікті ақшалай жарна бөлігінде үшінші тұлғаларда талап ету құқығының пайда болуына әкелетін әрекеттер жасауға жол берілмейді.
223. Бірыңғай дистрибьютор тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) екі кезеңдік тендердің атауы, оның хабарланған күні;
2) кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынған әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу күні мен уақыты.
224. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тиісті лоттар бойынша қайтарылмайды, егер әлеуетті өнім беруші:
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе (бірыңғай дистрибьютордың ескертулері негізінде тендерлік өтінімге осы Қағидаларға сәйкес енгізілген өзгерістерді қоспағанда);
2) жеңімпаз екі кезеңдік тендер жеңімпазы болып танылғаннан кейін өнім беру шартын немесе қаржы лизингі шартын жасаудан бас тартса;
3) жеңімпаз өнім беру шартын, фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған немесе қаржы лизингі шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе;
4) ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) екінші орын алған өнім беру шартын немесе қаржы лизингі шартын жасасудан бас тартса;
7) екінші орын алған өнім беру шартын жасап, өнім беру шартын және қаржы лизингі шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді мерзімінде енгізбесе;
8) осы Қағидалардың 26 және 33-тармақтарының негізінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға шақырылған бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алудан жалтарса;
9) Қағидалардың 27-тармағының негізінде онымен берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын осындай шартты жасаудан жалтарса.
225. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету:
1) әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) екі кезеңдік тендер қорытындыларының хаттамасын бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылған (жеңімпазды және екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні қоспағанда);
3) өнім беру шарты күшіне енген және жеңімпаз шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда әлеуетті өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша бес жұмыс күні ішінде қайтарылады.
226. Бірыңғай дистрибьютор өнім берушімен қаржы лизингі шартын жасасу туралы лизинг берушінің хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады.
4-параграф. Тендерлік өтінімдерді ашу және қарау
227. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашуды комиссия екі кезеңдік тендер өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген күні, уақытта және орында жүргізеді.
Конверттерді ашқаннан кейін келесі жұмыс күні комиссия бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына регламентті орналастыру арқылы осы Қағидаларда көзделген рәсімдерді өткізу орны, уақыты мен күні көрсетілген бірыңғай дистрибьютор бекіткен регламентті әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізеді.
228. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі мен оларды ашудың соңғы мерзімі арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.
229. Хабарландыруда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері салынған конверттер ашылуға тиіс.
230. Тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Әлеуетті өнім берушілер және олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазып алу үшін пайдаланатын аудиожазба мен бейнежазбаның техникалық құралдары туралы комиссияны хабардар етеді.
231. Конверттерді ашу кезінде комиссия отырысында:
1) комиссия хатшысы қатысушыларға комиссияның құрамы; белгіленген мерзімде тендерлік өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілер; әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының бар-жоғы туралы хабардар етеді; осы тендер бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;
2) төраға не комиссия мүшелерінің қатарынан төраға айқындаған адам тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашады, құжаттар тізбесін және әрбір лот бойынша мәлімделген бастапқы баға ұсыныстарын жария етеді.
232. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін алдын ала қарайды.
233. Комиссия хатшысы тендерлік өтінімдерді ашу күнінен бастап үшінші жұмыс күнінен кешіктірмей оларды сарапшыға қарау үшін ұсынады.
234. Комиссия тендерлік өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігін анықтаған жағдайда әлеуетті өнім берушілерге бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына ашу және алдын ала қарау хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдерді сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
235. Осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарын бұзған әлеуетті өнім берушілерге комиссияның ескертулерін жоюға жол берілмейді.
236. Комиссия енгізілген тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды: