ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 152-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
152. Қажеттілік есептерін (алдын ала, түзетілген және қосымша) денсаулық сақтау субъектілері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жергілікті/аумақтық филиалдарына ұсынады.
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға жалпы қажеттілігін айқындау үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жергілікті/аумақтық филиалдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджеттерінің бөлінісінде бөлінген қаражат шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері қажеттіліктерінің (алдын ала, түзетілген және қосымша) есептерін жинақтауды жүзеге асырады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры республика бойынша қажеттілік есептерінің (алдын ала, түзетілген және қосымша) жиынтығын сатып алу үшін (өтінім мәртебесі бар) бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 153-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
153. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган келесі қаржы жылына бірыңғай дистрибьютордың тізімін бекіткеннен кейін және бірыңғай дистрибьютор сұрау салу жіберген сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана, орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджеттерінің бөлінісінде бөлінген қаражаттың шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің, ведомстволық бөлімшелердің (ұйымдардың) бөлінісінде жиынтық деректерден тұратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша келесі қаржы жылына қажеттіліктің алдын ала жиынтық есебін ұсынады. Бұл ретте жиынтық деректер мыналарды қамтиды:
1) нозологиялар;
аурулар;
халықтың санаттары;
дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағымы) бөлінісінде дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулары/құрамы, сипаттамасы), медициналық бұйымдардың атауын (құрамы, техникалық сипаттамасы):
2) өлшем бірлігін;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағасын;
4) келесі қаржы жылына мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша санын;
5) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша санын көрсете отырып, қаржы жылы ішінде өнім беру кестесін;
6) дәрілік заттың, медициналық бұйымның әрбір мәлімделетін атауы бойынша сомасын және қажеттіліктің алдын ала есебі бойынша жалпы сомасын;
7) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша белгілі бір ауруы бар, диспансерлік есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халықтың санын;
8) сырқаттанушылық динамикасы деректерінің, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың және (немесе) статистикалық деректердің негізінде науқастардың болжамды санын;
9) есепті ұсыну күніне дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды нақты тұтыну санын;
10) аяқталған қаржы жылы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды нақты тұтыну санын (өтінім берілетін алдағы жылға);
11) алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің және (немесе) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің, ведомстволық бөлімшелердің (ұйымдар) және олардың құрылымдық бөлімшелерінің мекенжайларын;
12) олар арқылы уәкілетті орган бекіткен тізбесі бойынша диспансерлік есептегі белгілі аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халықты дәрілік қамтамасыз ету жүзеге асырылатын мамандандырылған туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдарының және АИТВ/ЖИТС-тың профилактикасы мен емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының, сондай-ақ амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде таргеттік терапия жүзеге асырылатын онкологиялық бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдарының мекенжайларын;
13) мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде халыққа дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды тегін босататын денсаулық сақтау субъектілерінің мекенжайларын;
14) тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер өнім берушілерінің немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерінің қажетті санын көрсете отырып, тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетілуге тиіс елді мекендердің тізбесін.
Бірыңғай дистрибьютор облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) ұсынған жиынтық алдын ала қажеттілік есептерін келісу үшін қорға және (немесе) орталық атқарушы органдарға және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдарға жібереді. Қор және (немесе) орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор ұсынған қажеттіліктің алдын ала жиынтық есептерін келісу нәтижелері туралы хабарламаны бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Бірыңғай дистрибьютор қордың және (немесе) орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдардың хабарламасының негізінде қажеттіліктің алдын ала жиынтық есептерін қайта жинауды жүргізеді.
154. Бірыңғай дистрибьютор қордан және (немесе) орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдардан жиынтық алдын ала қажеттілік есептерін келісу туралы алынған хабарламалардың негізінде оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді сатып алу рәсіміне кіріседі.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 155-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
155. Сатып алуды өткізгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор келесі қаржы жылына халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, саудалық атауы, дәрілік нысаны (сипаттамасы), өлшем бірлігі, өлшеп-орауы, тауарлардың өлшем бірлігіне бағалары, өндірушінің атауы, елдің атауы көрсетілген бірыңғай дистрибьютор сатып алған тізбеден; құрамы (техникалық сипаттамасы), саудалық атауы, өлшем бірлігі, өлшеп-орауы, өндірушінің атауы, елдің атауы көрсетілген медициналық бұйымдардың тізбесінен тұратын прайс-парақты бекітеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, қорға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілеріне жібереді.
Бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағындағы тауарлардың өлшем бірлігінің бағалары бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардан және саудалық атауына шекті бағалардан аспайды және бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы ескеріле отырып көрсетіледі.
156. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу мен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша бірыңғай дистрибьютор қорға және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына сатып алу қорытындыларының хаттамасын жібереді. Бірыңғай дистрибьютор хаттамамен бір мезгілде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бөлінісінде есепке алу мен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу жеңімпаздары мен олардың бірлесіп орындаушылары туралы ақпаратты жібереді.
157. Мамандандырылған туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдарының және АИТВ/ЖИТС профилактикасы мен емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының немесе амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде таргеттік терапия жүзеге асырылатын онкологиялық бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдары мен бірыңғай дистрибьютордың арасында жыл сайын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қордың қаражаты есебінен бекітіліген халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрілік заттарды берудің өтеусіз шарттары жасалады.
Мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектілері амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде халыққа дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды тегін босату мақсатында бірыңғай дистрибьютормен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қордың қаражаты есебінен сатып алынатын дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің өтеусіз шарттарын жасай алады.
Бірыңғай дистрибьютор түзетілген жиынтық қажеттілікті алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсететін мамандандырылған туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдарына және АИТВ/ЖИТС профилактикасы мен емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына немесе амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде таргеттік терапия жүзеге асырылатын онкологиялық бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдарына, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының елу және одан да көп пайызы (үлесі) мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын денсаулық сақтау субъектілеріне қабылдау-беру актісі бойынша не осындай денсаулық сақтау ұйымдарының электрондық поштасына бір мезгілде хабарламаларды тарата отырып, электрондық құжат түріндегі бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өнім берудің өтеусіз шарттарын қол қоюға жібереді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі медициналық қызметтер көрсететін мамандандырылған туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдары және АИТВ/ЖИТС профилактикасы мен емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары немесе амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде таргеттік терапия жүзеге асырылатын онкологиялық бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының елу және одан да көп пайыздары (үлестері) мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын денсаулық сақтау субъектілері бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің өтеусіз шарттарын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды, мөрмен бекітеді және оларды бірыңғай дистрибьюторға қабылдау-беру актісі бойынша не электрондық құжат түрінде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы береді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 158-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
158. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ағымдағы жылғы он бесінші желтоқсаннан кешіктірмей қорға, бірыңғай дистрибьюторға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, ведомстволық бөлімшелерге (ұйымдарға) келесі қаржы жылы әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бөлінісінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде нақтыланған қаржыландыру көлемін жібереді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағына сәйкес жыл сайын бірыңғай дистрибьютордан сұрау салу алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға жиынтық түзетілген есептерді ұсынады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдардың жиынтық түзетілген есептері денсаулық сақтау субъектілерінің, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің, ведомстволық бөлімшелердің (ұйымдардың) дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға қажеттілігінің түзетілген есептерінің негізінде қалыптастырылады.
Дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға түзетілген есептерді ресімдеу кезінде денсаулық сақтау субъектілері, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) мәлімделетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында жалпы жылдық көлемінің ең төмен қаптамасының еселеген санына дейін дөңгелектейді.
Түзетілген есептердегі дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың санын денсаулық сақтау субъектілері, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) алдын ала есептерде көрсетілген санынан жиырма бес пайызға дейін азайту жағына қарай өзгертуі мүмкін.
Денсаулық сақтау субъектісінің, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің, ведомстволық бөлімшелердің (ұйымдар) бірінші басшысының қатысуымен дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының негізінде дәрілік заттар айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер болған, сондай-ақ пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайларда дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың санын жиырма бес пайыздан жоғары, бірақ елу пайыздан асырмай азайтуға жол беріледі.
Дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға қажеттіліктің түзетілген есептері мыналарды қамтиды:
1) нозологиялар;
аурулар;
халықтың санаттары;
дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағымы) бөлінісінде дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулары/құрамы, сипаттамасы), медициналық бұйымдардың атауын (құрамы, техникалық сипаттамасы):
2) өлшем бірлігін;
3) уәкілетті орган белгілеген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағасын;
4) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы бойынша бағаны;
5) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша санынан;
6) есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісінің және оның бірлесіп орындаушысының, елді мекендердің бөлінісінде қаржы жылының ішіндегі санын көрсете отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беруді бөлу парағын. Жыл ішінде бөлу парағы түзетілген жағдайда денсаулық сақтау субъектілері бұл туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органын және бірыңғай дистрибьюторды хабардар етеді;
7) дәрілік заттың, медициналық бұйымның әрбір атауы бойынша санын көрсете отырып қаржы жылы ішіндегі беру кестесін;
8) мәлімделетін дәрілік заттың, медициналық бұйымның әрбір атауы бойынша сомасынан және қажеттіліктің түзетілген есебі бойынша жалпы сомасын;
9) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диспансерлік есептегілердің тізбесі бойынша белгілі аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халық санын;
10) алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің мекенжайларын;
11) алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің мамандану саласынан;
12) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша диспансерлік есепте тұрған белгілі аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жүзеге асырылатын мамандандырылған туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдарының және АИТВ/ЖИТС профилактикасы мен емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мекенжайларын;
13) қормен жасалған шарттың күнінен, нөмірінен, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуға бөлінген сомадан;
14) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді беру қажет болатын елді мекендердің, аудандар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрамдас бөліктерінің тізбесінен тұрады.
159. Денсаулық сақтау субъектілерінде, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде, ведомстволық бөлімшелерде (ұйымдарда) сол қаржы жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджетінің бөлінісінде бөлінген қаражат шеңберінде дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға қосымша қажеттілік туындаған кезде ағымдағы қаржы жылы ішінде қосымша өтінімдер жинау осы Қағидалардың 158-тармағында сипатталған рәсімдерге ұқсас жүзеге асырылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар сатып алуға қажеттіліктің қосымша жиынтық есептерін бірыңғай дистрибьюторға тоқсанына бір рет ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор ағымдағы қаржы жылы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдардың қажеттіліктің қосымша жиынтық есептерінің негізінде тоқсанына кемінде бір рет жүзеге асырады.
160. Бірыңғай дистрибьютор фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және қорға және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың бағалары көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша сатып алу нәтижелері туралы есепті береді.
161. Бірыңғай дистрибьютор фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындыcы шығарылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі тендер жеңімпазына қабылдау-беру актісі бойынша не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша тендер жеңімпаздарының электрондық поштасына бір мезгілде хабарлама жібере отырып, бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде фармацевтикалық қызметтер көрсету туралы шарттарды қол қоюға жібереді.
162. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі тендердің жеңімпаздары бірыңғай дистрибьютордан фармацевтикалық қызметтер көрсету туралы шарттарды алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды, мөрімен бекітеді және қабылдау-беру актісі бойынша не электрондық құжат түрінде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы оларды бірыңғай дистрибьюторға береді.
Шарттың сомасы қаржы жылына фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің іс жүзінде көрсетілген көлемі ескеріле отырып түзетіледі.
163. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын және (немесе) қор активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдар) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар қажеттіліктердің (алдын ала, түзетілген және қосымша) есебін, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге бөлінген қаржы қаражатының пайдаланылуының (игерілуінің) рецептілердің жазылуын (тағайындалуына), халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігіне мониторингті, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана) қажет болған кезде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды бөлуді (қайта бөлуді) жүзеге асырады.
164. Бірыңғай дистрибьютор орындалған жұмыс актілеріне сәйкес қамтамасыз етілген рецепттер туралы ұсынылған деректерді бөлінген қаражат шегінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстыру негізінде іс жүзінде көрсетілген қызметтер үшін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілеріне фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартта белгіленген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құнын және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін сыйақы мөлшерін өтейді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 165-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
165. Бірыңғай дистрибьютор фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілеріне фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартта белгіленген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құнын және бірыңғай дистрибьютордың қызметтер көрсету туралы шартының талаптарына сәйкес қор ақы төлегеннен кейін фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартта белгіленген пайыздық арақатынаста көрсетілген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін сыйақы мөлшерін өтейді.
Бұл ретте дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардан және саудалық атауына шекті бағалардан аспайды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-тарау. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру