1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінің жеткіліксіздігі;
2) комиссияға:
тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді берген адамды;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде тендерлік өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін екі кезеңдік тендердің атауын;
банктік кепілдік түрінде берілген тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін;
тендерлік өтінімді қамтамасыз ету берілген адамды;
оның пайдасына тендерлік өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін адамды анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауын көрсететін тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етудің тиісінше ресімделмеуі;
3) енгізілген тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің осы Қағидалардың 222-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі.
237. Тендерлік өтінімдерді ашу және алдын ала қарау нәтижелері бойынша хаттама жасалады.
Тендерлік өтінімдерді ашу және алдын алу қарау хаттамасы тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) тендерлік өтінімдерді ашу және алдын ала қарауды өткізу орны мен уақыты;
2) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;
3) оларды ұсыну және тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсыну күні мен уақытын көрсетіп, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
4) тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін (бар болса) өздерінің тендерлік өтінімдерін кері қайтарып алған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
5) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімінен кейін тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары (бар болса);
6) тендерлік өтінімдерді ашу рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім беруші басшысының және (немесе) уәкілетті өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
7) әлеуетті өнім берушілер екі кезеңдік тендерге қатысуға ұсынған тендерлік өтінімдердің тізімдемесі;
8) олар қатысатын лоттардың нөмірлерін және әрбір лот бойынша мәлімделген бастапқы баға ұсыныстарын көрсетіп, тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
9) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
10) тендерлік өтінімдеріне себептері көрсетілген ескертулері бар әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
11) олар бойынша тендерлік өтінімдер ұсынылмаған лоттардың нөмірлері;
12) олар бойынша екі тендерлік өтінімнен аз ұсынылған лоттардың нөмірлері;
13) олар бойынша отандық тауар өндірушілер тендерлік өтінімдер ұсынған лоттардың нөмірлері;
14) отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушімен берудің ұзақ мерзімді шарты жасалуы мүмкін лоттардың нөмірлері;
15) лоттардың нөмірлерін көрсетіп, беру шарттарын жасауға басым құқыққа үміткер әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
16) тендерлік өтінімдерді ашу және алдын ала қарау хаттамасы жарияланған күннен басталатын, оның ішінде ескертулер жойылуға тиіс мерзімі (үш жұмыс күні).
238. Ашу және алдын ала қарау хаттамасына шешім қабылданған күні комиссияның барлық мүшелері, төраға, төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы қол қояды және әр парағына бұрыштама қол қояды.
239. Әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға комиссияның ескертулері бойынша алдын ала қарау хаттамасында көрсетілген мерзімде тендерлік өтінімді беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген тендерлік өтінімге толықтыруларды ұсынады. Ашу және алдын ала қарау хаттамасында көрсетілген бірыңғай дистрибьютордың ұсынған ескертулерінен басқа әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімге толықтыруларын комиссия қарамайды.
240. Тендерлік өтінімге толықтырулар салынған конверттерді ашуды комиссия регламентке сәйкес жүзеге асырады. Толықтыруларды ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі тендерлік өтінімге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
241. Толықтырулар салынған конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі мен оларды ашу мерзімі арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.
242. Комиссия тендерлік өтінімдерге толықтыруларды ашқан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдерді қайта қарайды.
243. Тендерлік өтінімдерді қайта қарау кезінде комиссия:
1) ашу және алдын ала қарау хаттамасы тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін оларды осы Қағидалардың талаптарына толық сәйкес келтіру мен ескертулерді жою тұрғысында қайта қарайды;
2) толық емес, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар тізбесін ұсынған әлеуетті өнім берушілерді айқындайды.
244. Тендерлік өтінімдерде қамтылған ұсынылған мәліметтердің дәйектілігі күмән келтірген жағдайда комиссия жетіспейтін құжаттармен толықтырумен не тендерлік өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырумен байланысты әрекеттерін қоспағанда, комиссияның қажетті шаралар қабылдауына жол беріледі.
Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатпауы бөлігінде олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не таратылу рәсімдерінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты олардың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесінде болуы бөлігінде қарайды.
245. Қайта қарау нәтижелері бойынша аукционға жіберу хаттамасы жасалады, оған барлық комиссия мүшелері, төраға, төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы қол қояды және әр парағына бұрыштама қол қояды және қайта қарау мерзімі өткеннен кейін келесі күні бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылады.
246. Аукционға жіберу хаттамасы мынадай ақпараттан тұрады:
1) аукционды өткізу орны, күні мен уақыты;
2) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;
3) тендерлік өтінімдерге толықтыруларды ашу рәсіміне қатысатын әлеуетті өнім беруші басшының және (немесе) уәкілетті өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетілген, әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
4) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
5) комиссияның тендерлік өтінімдерге ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атаулары, сондай-ақ тендерлік өтінімдерге толықтыруларды ұсыну туралы ақпарат;
6) осы Қағидаларға сәйкес тендерлік өтінімдері тұтастай немесе лот бойынша себептері көрсетіліп, қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
7) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес отандық тауар өндірушілердің тендерлік өтінімдері ұсынылған лоттардың нөмірлері;
8) лоттардың нөмірлерін көрсетілген, беру шарттарын жасауға басым құқық берілген әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
9) осы Қағидалардың 5 және 6-тарауларына сәйкес олар бойынша сатып алу өткізілмеді деп танылған лоттардың нөмірлері;
10) осы Қағидалардың 21-тарауына сәйкес лоттарын көрсетіп, берудің ұзақ мерзімді шарттары жасалатын отандық тауар өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
11) бәсекелестік ортаның болмауына байланысты аукционға қатыспайтын бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілген лоттардың нөмірлері;
12) комиссияның әлеуетті өнім берушілерді аукционға жіберу туралы шешімі.
5-параграф. Тендерлік өтінімді қабылдамау негіздемелері
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 247-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
247. Комиссия:
1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;
2) осы Қағидалардың талаптарына және (немесе) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін тендерлік өтінімді ұсынылған;
3) осы Қағидалардың талаптарына және (немесе) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін тендерлік өтінімді ұсынған;
4) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті екендігі және салық есебінде тұрмайтыны туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органы хатының түпнұсқасы немесе көшірмесі ұсынылмаған;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама ұсынылмаған;
6) заңды тұлғаға арналған жарғының көшірмесі немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді немесе сатып алуды хабарлау күнінен ерте емес құрылтай шартының көшірмесін ұсынылмаған;
7) тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін) ұсынылмаған;
8) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде туралы расталатын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық бұйымдарды және медициналық бұйымды өткізуге арналған рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың көшірмелері ұсынылмаған не мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылмаған;
9) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігін растайтын құжаттар ұсынылмаған;
10) тиісті мемлекеттік кірістер органының құжаттарында салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек (берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген төлем мерзімдері өзгерген сомаларды қоспағанда) туралы ақпарат болған;
11) осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарына сәйкес қол қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы ұсынылмаған;
12) банктің немесе банк филиалының анықтамасында осы анықтама беру күнінің алдындағы үш айдан артық созылған әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі болған;
13) әлеуетті өнім беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін банктің немесе банк филиалының анықтамасын ұсынған;
14) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер ұсынылмаған;
15) әлеуетті өнім беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін біліктілік туралы мәліметтерді ұсынған;
16) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың талаптарына және хабарланған шарттарға сәйкес техникалық ерекшелікті, сипаттаманы ұсынбаған;
17) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың талаптарына және (немесе) хабарландыруға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті, сипаттаманы ұсынбаған;
18) біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың шеңберінде сатып алынатын тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйекті ақпарат ұсынбау фактісі анықталған;
19) әлеуетті өнім берушіге қатысты банкроттық не тарату рәсімін жүргізу фактісі анықталған;
20) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға ұсынылған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаған;»;
21) қажет болған кезде «салқындату тізбегінің» болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің көшірмелері ұсынылмаған не егер көрсетілген актілер тиісті дистрибьюторлық практика сертификаты (GDP), тиісті дәріханалық практика сертификаты (GРP), тиісті өндірістік практика сертификаты (GМP) ұсынылған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылған күнге дейінгі бір жылдан кешіктіріліп ұсынылған;
22) мәлімделген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның техникалық сипаттамасы тіркеу куәлігінде және (немесе) олардың тіркеу дерекнамасында айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) жинақталуына сәйкес келмеген;
23) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 17-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
24) осы Қағидалардың 26, 33-тармақтарында көзделген;
25) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі хабарланған екі кезеңдік тендер шарттарында көрсетілгеннен қысқа болса;
26) бастапқы баға ұсынысы берілмеген не әлеуетті өнім берушінің қол қойылмаған және мөрмен бекітілмеген бастапқы баға ұсынысы берілген;
27) тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағадан және саудалық атауына шекті бағадан жоғары бастапқы баға ұсынысы ұсынылған;
28) сарапшы немесе сарапшылар әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың сипаттамалары және/немесе техникалық ерекшелігі бірыңғай дистрибьютордың тізіміне және осы Қағидаларда белгіленген сатып алынатын тауарларға қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп танылған;
29) әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде тұрған;
30) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 3-тарауы 14-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеген;
31) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы ақпарат ұсынылмаған;
32) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өнім беру шартын бұзуға келісім ұсынылмаған;
33) әлеуетті өнім беруші сатып алудың жеңімпазы болып танылған жағдайда, өзінің бірлесіп орындаушыларымен фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасау туралы оның фармацевтикалық қызметті көрсетуге арналған бірлесіп орындаушылардың тізбесі ұсынылған және бірлесіп орындаушылардың мекенжайы көрсетілген кепілдік хат ұсынылмаған;
34) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) есепке алудың ақпараттық жүйесін жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды орнату туралы кепілдік хат ұсынылмаған;
35) сатып алуға мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы бойынша және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың заңнама талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкестігі туралы кепілдік хат ұсынылмаған жағдайларда тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды.
6-параграф. Аукцион
248. Төмендетуге арналған аукцион аукционға жіберу хаттамасында көрсетілген уақытта басталады. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын беруге уәкілетті адамының қатысуын қамтамасыз етеді.
249. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша аукцион өткізу кезінде әлеуетті өнім беруші ұсынылатын дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға бастапқы, түпкілікті баға ұсыныстарын және (немесе) лот бойынша дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жалпы сомасында пайыздық арақатынаста көрсетілген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер үшін сыйақы мөлшерін төмендету жағына қарай өзгерткен жағдайда әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарына және (немесе) сыйақы мөлшеріне тиісті өзгерістерді ұсынады.
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сыйақы мөлшерін өзгерту рәсімі баға ұсыныстарын өзгерту рәсіміне ұқсас.
250. Хатшы не комиссия мүшесі екі кезеңдік тендердің қатысушыларына барлық бастапқы баға ұсыныстарын, сондай-ақ лот бойынша аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде дәрілік заттарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер үшін лоттың жалпы сомасына пайыздық арақатынаста көрсетілген сыйақы мөлшерін хабарлайды, одан кейін бастапқы баға ұсынысын, сыйақының мөлшерін азайтуды және түпкілікті баға ұсынысын және сыйақының өзгертілген мөлшерін беруді ұсынады.
Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу кезіндегі аукционның қадамы аукционға жіберілген әлеуетті өнім беруші ұсынған лот бойынша ең төмен бағадан кемінде жарты (0,5) пайызды құрайды.
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде аукционның қадамы аукционға жіберілген әлеуетті өнім беруші ұсынған лот бойынша ең төменгі бағадан кемінде бес пайызды құрайды.
251. Түпкілікті, қосымша баға ұсыныстарын қабылдауға оларды қабылдаудың басталғаны туралы хабарланған сәттен бастап есептелетін бес минутқа дейін уақыт бөлінеді. Егер бастапқы баға ұсынысын енгізген әлеуетті өнім беруші түпкілікті баға ұсынысын енгізбесе, онда оның бастапқы ұсынысы түпкілікті ретінде қабылданады.
252. Екі немесе одан да көп бірдей ең төмен түпкілікті баға ұсыныстары берілген жағдайда, ең төмен бағаны айқындау үшін түпкілікті болып есептелетін қосымша баға ұсынысын беруге рұқсат етіледі.
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде дәрілік заттардың құнынан және оларды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер үшін төленетін сыйақы мөлшерінен тұратын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің жиынтық құны ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып айқындалады.
253. Тауарларды сатып алу кезінде лот бойынша ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
254. Егер әлеуетті өнім берушілер лот бойынша екі және одан да көп бірдей ең төменгі түпкілікті баға ұсынысын берсе, тендерлік өтінімді бірінші болып берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
255. Ең төмен баға ұсынысынан кейінгі келесі екі және одан да көп бірдей соңғы бағалар ұсынылған жағдайда, ең төменгі баға ұсынысынан кейінгі келесі бірдей соңғы баға берген әлеуетті өнім берушілердің арасынан тендерлік өтінімді бірінші болып берген әлеуетті өнім беруші екінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып танылады.
256. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі түпкілікті баға негізінде айқындалады.
257. Бірдей бағалар ұсынылған жағдайда екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалмайды.
258. Аукцион өткізу кезінде лот бойынша баға ұсынысын қабылдамау негіздемелері:
1) түпкілікті баға ұсынысы (қосымша баға ұсынысы болғанда) осы Қағидалардың 216-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және осы лоттың саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген саудалық атауы бойынша шекті бағадан жоғары түпкілікті баға ұсынысы (қосымша баға ұсынысы болғанда) берілген жағдайда. Бұл ретте, егер лот бойынша аукционға қатысатын екі әлеуетті өнім берушіден аз қатысса, комиссия бәсекелестік ортаның болмауына байланысты мұндай лотты өткізілмеді деп таниды және бірыңғай дистрибьютор осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырады.
259. Аукцион өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде комиссия екі кезеңдік тендер қорытындыларының хаттамасына барлық қатысып отырған комиссия мүшелері, төраға, төрағаның орынбасары әр парағына бұрыштама қол қояды және бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында жариялануға тиіс және онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) аукционның күні, басталу мен аяқталу күні, уақыты;
2) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;
3) аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атауы мен орналасқан жері (мекенжайы);
4) лоттардың атауы мен қысқаша сипаты;
5) екі кезеңдік тендер қорытындысы бойынша айқындалған ең төмен баға (бар болса);
6) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауарлардың саны, бағасы және сомасы көрсетілген жеңімпаздардың атаулары (бар болса);
7) лоттың бағасы және екінші орын алған (ол айқындалған жағдайда) әлеуетті өнім берушінің атауы;
8) екі кезеңдік тендерді не оның жеке лотын өткізілмеді деп тану негіздемесі (мұндай жағдай туындаған кезде);
9) аукционға қатысқан кезде негіздемесі көрсетіле отырып, қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары (бар болса);
10) өнім беру шартына қол қойылуға тиіс мерзім;
11) лоттарды көрсетіп, осы Қағидалардың 21-тарауына сәйкес олармен берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын, отандық өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
12) осы Қағидалардың 18-тарауына сәйкес лоттар көрсетілген бір көзден сатып алу тәсілі қолданылмай олармен өнім беру шарты жасалған осы Қағидалардың 27, 31 және 32-тармақтарына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің атаулары.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 260-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
260. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алу бойынша екі кезеңдік тендердің қорытындылары хаттамасының тігілген түрде, парақтары нөмірленіп, бірыңғай дистрибьютордың мөрімен куәландырылған, doc* форматында қағаз және электрондық түрде, екі кезеңдік тендер жеңімпазының техникалық ерекшеліктерінің көшірмелері қоса берілетін көшірмелерін бірыңғай дистрибьютор екі кезеңдік тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік тендердің жеңімпаздарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алу шарттарын немесе қаржы лизингі шартын жасасу үшін тапсырыс берушілерге немесе лизинг берушіге қабылдау-беру актісі бойынша беруі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 261-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
261. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алу бойынша екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен тендердің қорытындылары туралы хаттаманың нотариат куәландырған көшірмелерін алған күннен бастап тапсырыс берушілер он жұмыс күнінен, лизинг беруші он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеңімпаздармен, олар жалтарған жағдайда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілермен жалтару сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде медициналық бұйымды сатып алу шарттарын немесе қаржы лизингі шартын жасасады.
262. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздемелердің бірі бойынша:
1) ұсынылған тендерлік өтінімдер болмаса;
2) бірде бір әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға жіберілмесе;
3) аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе;
4) аукционға қатысушы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарының қабылданбауы нәтижесінде аукционды өткізу кезінде екеуден аз әлеуетті өнім берушілер қалса;
5) осы Қағидалардың 7-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайлар туындаған кезде өткізілмеді деп танылады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 263-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
263. Осы Қағидалардың 18-тарауының талаптарын ескере отырып, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылып өткізілген тендердің нәтижелері бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беру шартын бірыңғай дистрибьютор жасайды.
264. Егер берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін лотқа осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір тендерлік өтінім берген әлеуетті өнім беруші отандық тауар өндіруші болып табылса, онымен осы Қағидалардың 21-тарауының талаптарына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілін қолданбастан ұзақ мерзімді шарт жасалады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 265-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
265. Егер екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, осы Қағидаларда белгіленген талаптарды ескере отырып, бірыңғай дистрибьютор мынадай:
1) екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу туралы;
2) екі кезеңдік тендердің шарттарын өзгерту және екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу туралы;
3) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы;
4) тапсырыс берушілердің қажеттілігі болмаған жағдайда сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы;
5) сатып алуды ерекше тәртіппен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру кезінде осындай шешімді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
15-тарау. Сатып алу веб-порталы арқылы сатып алу