1) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар;
3) облыстар мен қалалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары және оның орынбасарлары;
4) облыстар мен қалалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары құқылы
48-бап. Шекара қызметінің органдары
1. Шекара қызметінің органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 332 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші бөлігінде), 343 (бірінші бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде), 460, 461 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші бөлігінде), 463, 465 (бірінші бөлігінде), 629-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасы шекара қызметі органдарының атынан әкімшілік жаза қолдануға:
шекара қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бірлестіктердің басшылары және олардың орынбасарлары;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлімдерінің, әскери теңіз бөлімдерінің командирлері мен олардың орынбасарлары құқылы;
3. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы континенттік қайраңының минералдық немесе жанды ресурстарын шетелдіктерге немесе шетелдік заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз бергені үшін;
Қазақстан Республикасы шекара қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бірлестіктердің басшылары мен олардың орынбасарлары;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлімдерінің, әскери теңіз бөлімдерінің командирлері құқылы.
49-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410, 578-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) Азаматтық қорғаныс саласындағы аумақтық органның басшысы мен оның орынбасарлары;
3) облыстар мен қалалардың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары құқылы
50-бап. Төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган
1. Төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410, 361-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) төтенше жағдайлар саласындағы аумақтық органның басшысы мен оның орынбасарлары;
3) облыстар мен қалалардың төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары құқылы.
51-бап. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган
1. Дәрілік заттар саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 370 (бірінші және екінші бөліктерінде), 371 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
2. Дәрілік заттар саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
52-бап. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган
1. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 71 (бірінші және екінші бөліктерінде), 370 (бірінші және екінші бөліктерінде), 372 (бірінші бөлігінде), 374, 449 (бірінші бөлігінде), 450 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшысы және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
53-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136, 289, 291, 314 (екінші бөлігінде), 315, 320, 322, 323, 327, 328, 329, 330, 331, 332 (бірінші бөлігінде), 334 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 338, 339, 343 (бірінші бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде), 347, 349-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы органдардың атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136, 289, 291, 314 (екінші бөлігінде), 315, 320, 322, 323, 327, 328, 329, 330, 331, 332 (бірінші бөлігінде), 334 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 338, 339, 343 (бірінші бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде), 347, 349-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 289, 291, 314 (екінші бөлігінде), 315, 320, 322, 323, 327, 329, 331, 332 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 289, 291, 314 (екінші бөлігінде), 315, 320, 322, 323, 327, 329, 331, 332 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;
4) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136, 289, 291, 314 (екінші бөлігінде), 315 (үшінші бөлігінде), 318, 320 (төртінші бөлігінде), 322 (төртінші бөлігінде), 323 (екінші бөлігінде), 327 (екінші бөлігінде), 330, 331, 332 (үшінші бөлігінде), 337 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметінің басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
54-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 255, 327-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;
өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.
55-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган
1. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 353 (бірінші бөлігінде) - бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары;
өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар, өсімдік карантині жөніндегі облыстық және қалалық қызметтердің мемлекеттік инспекторлары;
өсімдіктер карантині жөніндегі қалалық, аудандық қызметтердің, шекаралық пункттер мен бекеттердің мемлекеттік инспекторлары құқылы.
56-бап. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 289, 290-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары;
жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.
57-бап. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган
1. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 357-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
шекара және кеден пункттеріндегі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.
58-бап. Ауылшаруашылық техникасын тіркеу жөніндегі уәкілетті орган
1. Ауылшаруашылық техникасын тіркеу жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздігінен жүретін машиналар мен жабдықтарды тіркеу жөніндегі қадағалаушы уәкілетті органдарға қатысты бөлігінде 527, 549, 553, 554-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Ауылшаруашылық техникасын тіркеу жөніндегі аудандық және облыстық уәкілетті органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тіркеу жөніндегі уәкілетті органның атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
59-бап. Монополияға қарсы орган
1. Монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 162, 163, 164-165-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
60-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 177, 180, 182 (екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде), 183, 204, 205, 213, 214 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 215, 254-баптарында, сондай-ақ мемлекеттік статистикалық есеп беру мен бақылаудың, жиналуы мен өңделуі олардың құзыретіне кіретін деректері бөлігінде 453.1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі органдарының, сондай-ақ оның әкімшілік құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерінің өкілеттіктері осы Кодекске сәйкес айқындалады.
61-бап. Салық қызметі органдары
1. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 176, 236, 237, 238, 239, 240, 243, 245, 246, 251, 252, 253, 421-423-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Салық қызметі органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
62-бап. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган
1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 81 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 179 (бірінші және екінші бөліктерінде), 182 (бірінші - он бірінші он төртінші бөліктерінде), 185-192, 193 (бірінші бөлігінде), 194, 195, 203, 217, 219, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 254, 411, 412-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік айыппұл салуға қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
63-бап. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде) - бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
64-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар
1. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 266, 267 (бірінші бөлігінде), 271, 272 (бірінші бөлігінде), 275, 276, 277, 457 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік инспекторлары құқылы.
65-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтері
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектілерде және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне бағынысты объектілерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы ережелерді бұзу туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 373-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
66-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 197, 209-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 197, 209-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін -
мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары; аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы құқылы.
67-бап. Банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган
1. Банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 155-бабында (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
68-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар:
1. мыналардың:
1) ішкі істер органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 62, 63, 65, 72, 92, 120-127, 141, 142, 143, 167 (бірінші және екінші бөліктері), 170, 171, 175, 193 (екінші бөлігі) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 286, 314 (бірінші және үшінші бөліктер), 365 (азаматтық және қызметтік қаруларға және олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 332 (екінші және үшінші бөліктер), 333, 337 (үшінші бөлігі), 361, 365, 366-369, 379, 380, 381, 382, 384 (үшінші бөлігі), 386, 387 (үшінші бөлігі), 388 (үшінші бөлігі), 389, 390, 391, 392, 394, 397, 410, 411, 413, 414, 415, 416, 425, 426, 427, 429, 430, 432, 433, 434, 435 (екінші бөлігі), 437, 438 (екінші бөлігі) 439 (төртінші бөлігі), 440, 441, 442, 443, 444, 446, 449, 457, 458, 465 (екінші-бесінші бөліктер), 466 (төртінші бөлігі), 467, 498, 526 (төртінші, бесінші бөліктері), 535 (бесінші бөлігі), 542 (бірінші және екінші бөліктері), 543 (екінші бөлігі), 544 (екінші бөлігі), 545, 547 (бірінші және екінші бөліктері), 548, 550 (үшінші және бесінші бөліктері), 575, 588 (ішкі істер органдарының ведомстволық қарауына көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 599 (ішкі істер органдарының ведомстволық қарауында көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 603 (ішкі істер органдарының ведомстволық қарауында көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 609-баптары);
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193 (екінші бөлігі) (әуе көлігінде тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 500, 501, 502 (азаматтық авиацияға қатысы жоқ аэродромдарда, немесе осындай аэродромдардың ауданында жасалған осы баптың бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 503, 504, 505 (екінші, үшінші, төртінші бөліктері);
3) көлік бақылау органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193 (екінші бөлігі, осы бұзушылықтарды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарының иелері немесе тасымалдаушылар жасаған кезде), 285 (екінші бөлігі), 365 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 411, 416, 498, 499, 512, 515, 516, 517, 519, 523, 550 (екінші бөлігі), 561, 562 (бірінші бөлігі), 565-баптары);
4) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 11, 566, 567, 568, 569, 570, 571, 572, 573, 574-баптары);
5) мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 74-80, 85, 86-90, 193, 411, 467, 468-баптары);
6) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158, 411, 418-баптары);
7) ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 390 (бірінші бөлігі), 391-баптары);
8) әділет органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 138, 139, 144, 193 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 404, 405, 407, 411, 416, 419, 445, 459-баптары);
9) заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 411, 416, 419, 445, 448-баптары);
10) заңдарға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 80, 218, 219, 224, 258, 267 (екінші бөлігі), 269, 270, 272 (екінші бөлігі), 273, 341 (екінші бөлігі), 395 (екінші бөлігі), 396 (бірінші бөлігі), 411, 416, 417, 420-баптары);
11) көші-қон органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 468-бабы (құзыреті шегінде);
12) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193 (екінші бөлігі) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 265, 365 (өрт және жарылыс қауіпсіздігі бөлігінде машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 411-баптары);
13) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 33, 193 (екінші бөлігі) (шаруашылық және өзге қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде) 280, 284, 285 (екінші бөлігі), 286, 288, 297, 298, 303, 307, 314 (бірінші бөлігі) (бұл құқық бұзушылықтар орман қорына кірмейтін аумақтарда жасалған кезде), 324, 329, 336, 340, 342, 343 (екінші бөлігі), 344 (екінші бөлігі), 345, 411-баптары);