29-бап. Адамдардың заң алдында теңдігі
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, сеніміне, жынысына, тіліне, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс.
30-бап. Кінәсіздік презумпциясы
1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке адам өз кінәсі осы Кодексте көзделген тәртіппен дәлелденбейінше және өз өкілеттігі шегінде істі қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінәсіз деп есептеледі.
2. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.
3. Кінәлілікке келтірілген кез келген күдіктер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның пайдасына түсіндіріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарды қолдану кезінде туындайтын күдіктер де оның пайдасына шешілуге тиіс.
31-бап. Кінә принципі
1. Жеке тұлға тек кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін ғана әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс. Жеке тұлғаның кінәсіздіктен келтірген залалы үшін объективті кінә тағуға, яғни әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмейді.
2. Қасақана немесе абайсыз әрекет жасаған жеке адам әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылады.
32-бап. Қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол берілмеушілік
Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды.
33-бап. Ізгілік принципі
1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
2. Құқық бұзушылық жасаған адамға әкімшілік жаза қолданғанда адам жанын күйзелтуді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды жазалау мақсаты етіп қоюға болмайды.
34-бап. Жеке басқа қол сұқпаушылық
1. Ешкімді де осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен өзгеше ретте әкімшілік ұстауға, ішкі істер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттік органдарға алып келуге, жеткізуге, жеке басын және жеке адамның заттарын тексеруге болмайды.
2. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен тек судьяның қаулысы бойынша ғана әкімшілік жазалау шарасы ретінде қамауға алу қолданылуы мүмкін.
3. Әрбір ұсталған, ішкі істер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттік органға алып келінген, жеткізілген адамға ұстаудың, алып келудің, жеткізудің негіздері, сондай-ақ оған тағылып отырған әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық сипаты дереу хабарланады.
4. Мемлекеттік орган (лауазымды адам) заңсыз ұсталған, алып келінген, жеткізілген немесе судьяның қаулысында көзделген мерзімнен артық қамауда отырған адамды дереу босатуға міндетті.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысушылардың ешқайсысын зорлық-зомбылық, қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды.
6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде адамның не оның заңды өкілінің еркіне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын іс-әрекеттер жасау тек осы Кодексте тікелей көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мүмкін болады.
7. Өзіне қатысты әкімшілік жаза шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ әкімшілік ұстауға ұшыраған адамды ұстау оның өмірі мен денсаулығына қатер төнуін болдырмайтын жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.
8. Заңсыз қамауға алудың, өмірі мен денсаулығына қатерлі жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездікпен қараудың салдарынан жеке тұлғаға келтірілген залал заңда көзделген тәртіппен өтелуге тиіс.
3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің соттылығы және ведомстволық бағыныстылығы. Әкімшілік даулар туралы істердің соттылығы
35-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің соттылығы
1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 62, 63, 64, 65, 66-69, 70, 71 (үшінші, төртінші, бесінші бөліктерінде), 72, 73, 74-80, 81, 82, 83, 85, 86-90, 91-119, 123, 129, 130, 133, 134, 135, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155 (төртінші бөлігінде), 156, 157, 158, 159, 160, 161, 165, 166 (екінші бөлігінде), 167 (бірінші және екінші бөліктерінде), 168 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 170, 171, 175, 178, 179 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 181, 193, 196 (екінші бөлігінде), 198, 199, 200, 201, 202, 206, 207, 208, 210, 211, 214 (екінші бөлігінде), 216, 218, 220, 230, 233, 234, 235, 236 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 241, 244, 247, 248, 249, 250, 251, 257-265, 267 (екінші бөлігінде), 268, 269, 270, 272 (екінші бөлігінде), 273, 274, 283, 284, 285 (екінші бөлігінде), 286, 287, 292, 293, 295, 297, 298, 299, 300, 306, 307, 309, 310-312, 313, 314 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 316, 317, 319, 321, 324, 325, 326, 332 (екінші, үшінші бөліктерінде), 333, 334 (бірінші бөлігінде), 335, 337 (екінші және үшінші бөліктерінде), 336, 340, 341, 342, 343 (екінші бөлігінде), 344 (екінші бөлігінде), 345, 346, 348, 350, 351, 352, 353 (екінші бөлігінде), 354, 355, 356, 358, 361, 362, 363, 364 (екінші және алтыншы бөліктерінде), 365, 366, 367, 368 (бірінші бөлігінде), 369, 370 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 371 (екінші және үшінші бөліктерінде), 372 (екінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374, 375, 376 (бірінші бөлігінде), 377, 378, 379, 380, 382 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 384 (үшінші бөлігінде), 386, 387 (үшінші бөлігінде), 388 (үшінші бөлігінде), 389, 390, 391, 392, 394-397, 398-415, 416, 417, 418, 419, 420, 422, 424, 425, 426, 427, 429, 431, 433, 435 (екінші бөлігінде), 436, 437, 438 (екінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 440, 441, 442, 443, 444, 445, 446, 448, 450 (екінші бөлігінде), 451, 452, 453, 454, 455, 456, 457, 458, 461 (екінші бөлігінде), 462 (екінші бөлігінде), 464, 465 (екінші - бесінші бөліктерінде), 467, 468, 474 (бірінші бөлігінде), 476, 477, 479, 480, 481, 482, 483, 485, 486, 488-491, 493-495, 496, 498, 499, 500, 501, 502, 503, 504, 505 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 512, 515, 516, 517, 518 (екінші бөлігінде), 519, 523, 526 (төртінші бөлігінде), 535 (бесінші бөлігінде), 542 (бірінші және екінші бөліктерінде), 543 (екінші бөлігінде), 544 (екінші бөлігінде), 545, 547 (бірінші және екінші бөліктерінде), 548, 550 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 561, 562 (бірінші бөлігінде), 565, 566, 567, 568, 569, 570, 571, 572, 573, 574, 575, 576, 587-596, 598-615-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
1) кәмелетке толмағандар жасаған, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 368 (екінші бөлігінде), 381, 382, 384, 394, 575-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;
2) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 376, 597-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
3. Судьялар, істің қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілгендерден басқа, әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде шетелдік азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу, әкімшілік қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен), арнаулы құқығынан айыру, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемін төлеп алып қою не тәркілеу, сондай-ақ құрылыстарды еріксіз бұзу, белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
4. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 587-бабында көзделген сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерді қарайды
5. Осы Кодекстің 12-бабына сәйкес өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан адамның арызы бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Ерекше бөлігінде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы істі судья қарайды.
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан адамның соттың қарауына арыз беруі жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот құрылмаса, мамандандырылған әкімшілік соттардың ведомстволық қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді аудандық (қалалық) соттардың судьялары қарауға құқылы.
36-бап. Ішкі істер органдары (полиция)
1. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 172, 337 (бірінші бөлігінде), 339, 332 (бірінші бөлігінде), 383, 384 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 396 (бірінші және екінші бөліктерінде), 428, 435 (бірінші бөлігінде), 438 (бірінші бөлігінде), 439 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 447, 460 (1-бөліктің 3) тармақшасын қоспағанда), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 497, 500, 524, 526 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде), 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 535 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 540, 541, 542 (үшінші бөлігінде), 543 (бірінші бөлігінде), 544 (бірінші бөлігінде), 547 (үшінші бөлігінде), 549, 550 (бірінші, екінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде), 551, 552, 553, 554, 555, 556, 558, 560, 561, 563-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Ішкі істер органдарының атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ішкі істер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - ішкі істер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 172, 332 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші бөлігінде), 339, 383, 384 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 388 (бірінші және екінші бөліктерінде), 428, 435 (бірінші бөлігінде), 438 (бірінші бөлігінде), 439 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 447, 460 (1-бөліктің 3) тармақшасын қоспағанда), 465 (бірінші бөлігінде), 500, 524 (бірінші бөлігінде), 532, 549 (бірінші және екінші бөліктерінде), 552, 555 (екінші бөлігінде), 558 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 561-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - қалалық, аудандық ішкі істер органдары бөлімшелерінің бастықтары;
3) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 172, 383, 384 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 388 (бірінші және екінші бөліктерінде), 428, 435 (бірінші бөлігінде), 438 (бірінші бөлігінде), 447, 465 (бірінші бөлігінде), 497, 500, 524, 555 (бірінші бөлігінде), 558 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 561-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - ішкі істер органдары жол бөлімшелерінің, жол пункттерінің бастықтары;
4) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383, 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 388 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (бірінші бөлігінде), 497 (төртінші бөлігінде), 524-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - арнаулы атағы бар көліктегі ішкі істер органдарының қызметкерлері;
5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 337 (бірінші бөлігінде), 339, 383, 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 388 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (бірінші бөлігінде), 524 (бірінші бөлігінде), 532, 549 (бірінші және екінші бөліктерінде), 552, 555 (екінші бөлігінде), 558 (үшінші және төртінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - ішкі істер органдары полициясының учаскелік инспекторлары;
6) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 526 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде), 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 535 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде) - 540, 541, 542 (үшінші бөлігінде), 543 (бірінші бөлігінде), 544 (бірінші бөлігінде), 547 (үшінші бөлігінде), 548 (екінші бөлігінде), 549, 550 (бірінші, екінші, төртінші, алтыншы бөліктерінде), 551, 552, 553, 554, 561, 563-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ішкі істер органдары жол полициясы комитетінің төрағасы, басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 535 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде) - 540, 541, 542 (бірінші бөлігінде), 549, 552, 561-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - арнаулы атағы бар жол полициясының қызметкерлері;
8) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 332 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші бөлігінде), 339, 428-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - ішкі істер органдарының табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициялары бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
9) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383, 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 428-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.
10) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ішкі істер органдарының көші-қон полициясы басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.
37-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 526 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші бөліктерінде), 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 535 (бірінші - төртінші бөліктерінде), 536, 537, 538, 539, 540, 541, 542, 543 (бірінші бөлігінде), 544 (бірінші бөлігінде), 547 (үшінші бөлігінде), 549, 550 (бірінші бөлігінде), 551, 552, 554, 555, 577, 579-586-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және: Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 577, 579-586-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
3. Әскери көлік құралдарын басқарушы адамдар жасаған әкімшілік жазалау ретінде айыппұл көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген тәртіппен әскери полиция кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тиісті командирлерге (бастықтарға) береді. Әскери көлік құралдарын басқарушы адамдар жасаған көлік құралын жүргізу құқығынан айыру және әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды әскери полиция Қорғаныс министрлігі белгілеген тәртіппен сотқа жібереді.
38-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган
1. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 (бірінші бөлігінде), 507, 524, 525, 557 (әуе көлігінде бұзушылық жасағаны үшін), 573 (екінші бөлігінде), 576-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға азаматтық авиация қызметі саласында-бұзушылық жасағаны үшін соған уәкілетті лауазымды адамдар құқылы
39-бап. Көлік бақылау органдары
1. Көлік бақылау органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 285 (бірінші бөлігінде), 286, 497, 500, 506, 508, 509, 510, 511, 513, 514, 518, 520, 521, 522, 524, 525 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 527 (төртінші бөлігінде), 532, 546, 555, 557, 558, 559 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 564-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Көлік бақылау органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
осы Кодекстің көлік бақылау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - көлік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көлік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 286, 497, 500, 506, 508, 509, 510, 511, 513, 514, 518, 520, 521, 522, 524, 525 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 527 (төртінші бөлігінде), 532, 546, 555, 557, 558, 559 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 564-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - осы Кодекстің 273-бабының ережелерін ескеріп, көліктік бақылау органдарының осыған уәкілетті лауазымды адамдары (көлік бақылау бекетінің аға қызметкерлері) құқылы.
40-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132, 255, 278, 279, 281, 282, 283, 285 (бірінші бөлігінде), 287, 289, 296, 299, 302, 304, 343 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
осы Кодекстің қоршаған ортаны қорғау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық бас инспекторы мен оның орынбасары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары және мемлекеттік экологиялық аға инспекторлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық аға инспекторлары
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 278, 282, 296-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - осы Кодекстің 273-бабының ережелерін ескеріп, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары құқылы.
41-бап. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган
1. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 294, 302 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық аға мемлекеттік инспекторлар мен аумақтық мемлекеттік инспекторлар;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлары;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары құқылы.
42-бап. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган
1. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 255, 256, 257, 302, 303, 304 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 410-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;
3) облыстар мен қалалардың өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары мен оның орынбасарлары
4) облыстар мен қалалардың өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инпекторлары құқылы.
43-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 174, 168 (үшінші бөлігінде), 255, 256, 276, 278, 308 (екінші бөлігінде), 373 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас санитариялық дәрігері мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік бас санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарлары, көліктегі мемлекеттік бас санитариялық дәрігерлер мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
44-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 82, 83, 84-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) мемлекеттік еңбек инспекторлары;
2) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына қатысты - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құқылы.
45-бап. Кеден органдары
1. Кеден органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 469, 470, 471, 472, 473, 474 (екінші және үшінші бөліктерінде), 475, 478, 484, 487, 492-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
46-бап. Қаржы полициясы органдары
1. Қаржы полициясы органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 169, 174, 184, 196 (бірінші бөлігінде), 235 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 242, 421-424-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
47-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 308, 315, 359, 360, 384 (бірінші және екінші бөліктерінде), 410-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға: