Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімдеріндегі түзетулер қажеттігі туралы сайлау комиссиясының шешіміне шағым жасау туралы талап арыз келіп түскен күні қаралуға тиіс.
2. Талап арызды сот талап арыз берушінің, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақытымен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.
351-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы
1. Талап арыз негізді деп танылған сот шешімі бұзылған сайлау құқығын қалпына келтіру үшін негіз болып табылады.
2. Сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және ол апелляциялық немесе кассациялық шағымдануға жатпайды. Ол тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.
23-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі талап арыздар бойынша іс жүргізу
352-бап. Талап арыз беру
1. Жергілікті атқарушы органның шешімімен, әрекетімен (әрекетсіздігімен) алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу үшін іріктеу рәсіміне қатысуда азаматтың құқығы бұзылып отыр деп есептеген азамат соттылық бойынша сотқа талап арыз беріп жүгінуге құқылы.
2. Талап арызды Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасына сәйкес, алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімімен азаматтарды таныстыру мерзімі аяқталған кезден бастап жеті күн мерзім ішінде сотқа беруге болады.
353-бап. Талап арызды қарау
1. Әкімшілік даулар туралы істерді қарауға уәкілетті судьяға келіп түскен талап арыз - екі күн мерзімде қаралуға тиіс.
2. Сот талап арыз иесінің, тиісті жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, аталған адамдардың сотқа келмей қалуы істі қарау және шешу үшін кедергі болып табылмайды.
354-бап. Талап арыз бойынша сот шешімі және оның орындалуы
1. Қылмыстық сот ісін жүргізуге алқаби ретінде қатысу үшін іріктеу рәсіміне қатысуға азаматтың құқығы бұзылуын анықтаған сот шешімі алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімдеріне түзетулер енгізу үшін негіз болып табылады.
2. Сот шешімі тиісті жергілікті атқарушы органға жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.
24-тарау. Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу
355-бап. Талап арыз беру
1. Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) тікелей сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органдар мен ұйымдарға, лауазымды адамға алдын ала жүгіну сотқа арыз беруге және соттың оны мәні бойынша қарауға қабылдауына және шешуіне міндетті шарт болып табылмайды. Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органның әрекетсіздігі жағдайында талап арызда мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына бұрынғы арыз және олардың шешімі немесе әрекеті үшін көзделген мерзімнің аяқталуы көрсетіледі.
2. Талап арыз сотқа осы Кодексте белгіленген соттылық ережелері бойынша беріледі. Аудандық соттардың сотта іс қарауына жатқызылған талап арыздар азаматтың тұрғылықты жеріндегі сотқа не әрекетіне дау айтылып отырған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің орналасқан жеріндегі сотқа беріледі.
3. Талап арыз берушінің мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтер туралы хабардар болуының негізі бойынша Қазақстан Республикасынан шетелге кетуіне рұқсат беруден бас тартуға тиісті аудандық және кету туралы өтінішті қанағаттандырмау жөнінде шешім қабылданған жердегі соған теңестірілген сотта дау айтылады.
356-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сот арқылы дау айтуға жататын шешімдері, әрекеті (немесе әрекетсіздігі)
1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сотта дау айтылатын шешімдеріне, әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне):
1) мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары шығарған құқықтық актілер;
2) азаматтың немесе заңды тұлғаның тиісті арызынан кейін мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының құқықтық актіні шығарудан бас тартуы немесе әрекетсіздігі;
3) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің азаматтың немесе заңды тұлғаның құқықтарын не бостандықтарын бұзатын, соның ішінде қандай да болсын міндеттерді заңсыз міндеттейтін не олар жауаптылыққа заңсыз тартылған заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жатады.
2. Сотта осы тарауға сәйкес тексеру Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің айрықша құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге дау айтылмайды.
357-бап. Сотқа талап арызбен жүгінуге арналған мерзім
1. Азамат және заңды тұлға өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылғаны туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.
2. Талап арыз беріп жүгінуге арналған үш айлық мерзімді өткізіп алу соттың талап арызды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері сот отырысында талап арызды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және талап арыздың қанағаттандырылуынан бас тарту негіздемелерінің бірі болуы мүмкін.
358-бап. Талап арызды қарау
1. Талап арызды сот бір ай мерзім ішінде азаматтың, заңды тұлға өкілінің шешімдері мен әрекеттеріне дау айтылып отырған мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы басшысының, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің қатысуымен қарайды.
2. Сот отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған жоғарыда аталған адамдардың қайсыбірінің сот отырысына келмей қалуы талап арыздың қаралуына кедергі болмайды. Алайда сот аталған адамдардың сот отырысына келуін міндетті деп табуы мүмкін.
3. Талап арыз берушінің арызы бойынша сот, егер құқықтық актінің орындалуы талап арыз беруші үшін бұлтартпас салдарларға әкелетін болса, мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының құқықтық акт қолданысын тоқтата тұруы туралы ұйғарымды қабылдай алады.
4. Талап арызды қараған кезде сот өзінің бастамасы бойынша куәдан жауап алады, сарапшыларды тарта алады немесе тараптардан қосымша мәліметтерді талап ете алады.
5. Құқықтық актінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеу ауыртпалығы жауапкерге жүктеледі.
359-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы
1. Сот талап арызды орынды деп танып, тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға жол берілген бұрмалаушылықты толық көлемінде жоюға міндеттілігі туралы шешім шығарады.
2. Егер сот дау айтылған шешімдер мен әрекеттер заңдарға сәйкес, мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің өкілеттігі шегінде шығарылып жасалғанын және азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылмағанын анықтаса, талап арызды қанағаттандырудан бас тартады.
3. Соттың шешімі жол берілген заң бұзушылықтарды жою үшін шешімдері мен әрекеттеріне дау айтылған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысына, лауазымды адамға, мемлекеттік қызметшіге не бағыныстылығы бойынша жоғары тұрған органға, ұйымға немесе лауазымды адамға сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін үш күн ішінде жіберіледі.
4. Шешімнің орындалғаны туралы сотқа, азаматқа немесе заңды тұлғаға сот шешімі алынған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей хабарлануға тиіс. Сот шешімінің орындалмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдар заңда көзделген жауаптылықта болады.
25-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын даулау туралы іс бойынша іс жүргізу
360-бап. Талап арыз беру
1. Нормативтік құқықтық актінің күші қолданылатын мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңда көзделген тәртіппен қабылданып, жарияланған нормативтік құқықтық актімен азаматтардың немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында кепілдік берілген құқықтары және заңмен қорғалған мүдделері бұзылып отыр деп санайтын азамат немесе заңды тұлға бұл актіні заңға толық немесе жекелеген бөлігінде қайшы келеді деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
2. Тексерілуі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына дау айту туралы талап арыздар сотта қаралуға тиісті емес.
3. Талап арыз осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген сотта қаралуға жататын іс бойынша беріледі.
4. Азаматтың және заңды тұлғаның талап арызы осы кодексте көзделген талаптарға сай келуге және онда нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның атауы немесе лауазымды адам, оның қабылданған күні туралы қосымша деректер болып, осы акт немесе оның жекелеген ережелері арқылы азаматтың және заңды тұлғаның нақты қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылып отырғаны, дау туғызып отырған актінің Қазақстан Республикасы Конституциясының қандай баптарына, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының қандай ережелеріне қайшы келетіндігі көрсетілуге тиіс.
5. Талап арызға дау айтылып отырған актінің немесе оның бір бөлігінің көшірмесі қоса тіркеліп, нормативтік құқықтық актіні қандай бұқаралық ақпарат органы және оны қашан жарияланғаны көрсетіледі.
6. Сотқа талап арыз беру нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтатпайды.
361-бап. Талап арызды қарау
1. Сотқа талап арызбен жүгінген азаматқа немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органға (лауазымды адамға) сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарланады.
2. Іс арыз берілген күннен бастап он күн мерзімде азаматтың немесе заңды тұлға өкілінің, прокурордың, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады. Алайда істің мән-жайларына байланысты сот істі сот отырысына келмеген кейбір мүдделі адамдар болмаған жағдайда да тыңдай алады.
3. Сот отырысында сот нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның құзыреттілігін, бүкіл нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына сәйкестігін тексереді.
4. Нормативтік құқықтық актіні заңға қайшы деп тану туралы талап арызды қараған кезде аталған актіні қабылдауға негіз болған мән-жайларды дәлелдеу міндетті актіні қабылдаған мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға жүктеледі.
362-бап. Соттың талап арыз бойынша шешімі
1. Сот талап арызды негізсіз деп тани келіп, оны қанағаттандырудан бас тарту жөнінде шешім шығарады.
2. Сот талап арыз негізді болған жағдайда өз шешімінде нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген бөліктерін акт қабылданған кезден бастап жарамсыз деп таниды, бұл туралы шешімнің қарар бөлігінде көрсетіледі.
3. Сот талап арыз қанағаттандырылған жағдайда шешімнің қарар бөлігінде бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы, егер жарамсыз деп танылған нормативтік құқықтық акт бұрын сол бұқаралық ақпарат құралында жарияланса, сот шешімі туралы сот белгілеген мерзімде хабарлама жариялауға міндетті екенін көрсетеді.
4. Нормативтік құқықтық акті тұтастай немесе оның жекелеген бөлігін жарамсыз деп таныған сот шешімі осы актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам үшін, дау айтылған нормативтік құқықтық актінің күші құқықтары мен бостандықтарына қолданылған азамат және белгісіз адамдар тобы үшін міндетті болып есептеледі. Оның преюдициялық күші бар және нормативтік құқықтық актінің заңдылығы туралы басқа азаматтар оның сот тексеруінің объектісі болмайтын бөлігінде ғана қайтадан дауласа алады.
26-тарау. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі
363-бап. Наразылықтың қабылданбауына байланысты прокурордың жүгінуі
1. Заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіге және (немесе) жеке қолданылатын құқықтық актіге, сондай-ақ мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның іс-әрекетіне прокурордың наразылығын заңсыз акт шығарған немесе заңсыз іс-әрекет жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда, прокурор наразылық келтірілген актіні немесе іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді. Сотқа арыз наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күн мерзімде немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін беріледі.
2. Прокурордың сотқа жүгінуі наразылық келтірілген актінің күшін сот қарағанға дейін тоқтата тұрады.
364-бап. Прокурордың арызын сотта қарау
1. Сот прокурордың арызын он күн мерзімде қарайды.
2. Прокурордың арызы оның қатысуымен және наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған органның, лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қаралады.
3. Сот отырысына наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған орган басшысының, лауазымды адамның немесе оның өкілінің келмеуі прокурордың арызын қарауға кедергі бола алмайды, алайда сот бұл адамның келуі міндетті деп тануы мүмкін.
365-бап. Прокурордың арызы бойынша соттың шешімі
1. Сот прокурор арызының негізді екендігін анықтай отырып, өтінішті қанағаттандыру және нормативтік құқықтық актіні, жеке қолданылатын құқықтық актіні немесе іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы шешім шығарады.
2. Егер сот наразылық келтірілген актіні немесе іс-әрекетті заңға және органның немесе лауазымды адамның өкілеттігіне сәйкес деп таныса, ол арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
27-тарау. Заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату, лицензиясын кері қайтарып алу бойынша іс жүргізу
366-бап. Талап арыз беру негіздері
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша уәкілетті мемлекеттік орган заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату немесе лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамның лицензиясын кері қайтару туралы сотқа талап арыз беруге құқылы.
2. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 35-тарауында көзделген тәртіпте қаралады.
Азаматтық заңнамада көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаларды тарату туралы істер азаматтық іс жүргізу заңында көзделген талап қою бойынша іс жүргізу тәртібінде қаралады.
Ескерту. Осы тарауда уәкілетті мемлекеттік орган деп, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; заңды тұлғаны құрмай-ақ жеке кәсіпкерлердің есептік тіркеуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган; заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган ұғынылады.
367-бап. Талап арыздардың соттылығы
Заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату, лицензиясын кері қайтарып алу туралы талап арыз заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің орналасқан жері бойынша сотқа берілуі мүмкін
368-бап. Талап арыз беру мерзімі
1. Заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату, лицензиясын кері қайтарып алу туралы талап арызды уәкілетті орган оны ұсыну үшін негіздерді белгіленген күннен үш айдан кешіктірмей берілуі мүмкін.
2. Уәкілетті органның талап арызды беру мерзімін өткізіп алуы талап арызды қабылдаудан бас тарту және егер де әкімшілік талапты ұсыну үшін негіздер болса, оны қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
369-бап. Талап арызды қарау
1. Талап арыз талапкердің және жауапкердің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен бір ай мерзімде қаралады.
2. Осы баптың 1-бөлігінде аталған, сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған адамдардың сот отырысына келмеуі талап арызды қарауға кедергі болып табылмайды. Алайда сот аталған адамдардың сот отырысына келуі міндетті деп тануы мүмкін.
3. Талап арызды қарау кезінде заңнамалық актілерде көзделген заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату, лицензиясын кері қайтарып алу үшін негіздердің болуын дәлелдеу міндеті талапкерге жүктеледі.
370-бап. Сот шешімі және оны орындау
1. Сот талап арызды негізделген деп танып, заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату, лицензиясын кері қайтарып алу туралы шешім шығарады.
2. Заңды тұлға құрмай-ақ заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру туралы сот шешімінің қарар бөлігінде:
1) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің толық атауы;
2) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің тіркелу күні;
3) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған күнтізбелік кезең көрсетілуге тиіс.
3. Заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы сот шешімінің қарар бөлігінде:
1) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің толық атауы;
2) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің тіркелу күні;
3) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатқан күні;
4) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің айналысуға құқы жоқ қызметтің түрі көрсетілуге тиіс.
4. Лицензияны кері қайтарып алу туралы сот шешімінің қарар бөлігінде:
1) лицензиаттың атауы;
2) лицензиардың толық атауы;
3) лицензияның берілген күні;
4) іске асырылуына лицензия берілген қызметтің түрлері;
5) лицензиясы кері қайтарып алынатын (лицензияның қолданысы тоқтатылатын) қызметтің түрі (түрлері) көрсетілуге тиіс.
5. Заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі он күн ішінде сот шешімін орындауға және сот шешімін орындағаны туралы шешім шығарған сотқа хабарлауға міндетті уәкілетті мемлекеттік органға жіберілуге тиіс.
2 кіші бөлім. Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу
28-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру
371-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым беру мен наразылық келтіру құқығы
1. Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да адамдарға тиесілі.
3. Наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан, сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.
4. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар адамдар да апелляциялық шағым беруге құқылы.
372-бап. Заңды күшіне енбеген шешімдерге апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар
Апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оларға теңестірілген соттың апелляциялық сот алқасы қарайды.
373-бап. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар беру (келтіру) тәртібі мен мерзімдері
1. Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі (келтіріледі). Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 377-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс.
2. Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы адамдардың санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі (келтіріледі). Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген адамды апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы адамдар санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.
3. Шағым, наразылық сот түпкілікті түрде шығарған шешімді тарап алғаннан кейін он бес күн ішінде берілуі (келтірілуі) мүмкін.
4. Істі қайта қарау кезінде шығарылған шешімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.
374-бап. Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны
1. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:
1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;
2) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін адамның атауы;
3) шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы;
4) істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;
5) заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және іс материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;
6) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін адамның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету;
7) шағымға немесе наразылыққа қоса берілген құжаттардың тізімі; 8) шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.
2. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтінімнің де болуы мүмкін.
3. Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.
375-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру
1. Осы Кодекстің 373-бабының екінші бөлігінде және 374-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым немесе наразылық берілген (келтірілген) кезде судья қаулы шығарады, сол арқылы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдырады және шағым немесе наразылық берген (келтірген) адамға кемшіліктерді түзетуге мерзім тағайындайды.
2. Егер шағым немесе наразылық берген (келтірген) адам белгіленген мерзімде қаулыдағы нұсқауларды орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғашқы табыс етілген күнінде берілген болып есептеледі. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бірінші сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
376-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қайтару
Апелляциялық шағым немесе наразылық судьяның қаулысымен оларды берген (келтірген) адамға мына жағдайларда:
1) шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның қаулыдағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;
2) шағымды немесе наразылықты берген (келтірген) адамның өтініші бойынша;
3) егер шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кетсе және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы өтінім болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда;