09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 75-бап толықтырылды; 2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 75-бап өзгертілді
75-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үй беру нормасы
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемінде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде беріледі.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік немесе әскери қызмет атқармайтын, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда (мекемелерде) жұмыс істемейтін әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде, бірақ Республикада бір адамға қолданылатын санитариялық нормадан кем емес тұрғын алаң және кемінде бір бөлме мөлшерінде берілуі мүмкін.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үй алаңы артық деп есептеледі.
4. Заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген мүгедектердің жекелеген санаттарына және аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын азаматтарға дара (бөлек) қосымша бөлме беріледі. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейді.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй мөлшерін анықтаған кезде отбасында жүкті болғанына жиырма аптадан асқан әйелдің болуы ескеріледі.
6. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңның 98-1-бабында аталған санаттарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 76-бап толықтырылды; 2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 76-бап өзгертілді
76-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйлеріне немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлеріне қойылатын талаптар
1. Азаматтарға тұру үшін берілетін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй сол елді мекеннің жағдайларына қарай тұрмысқа жайлы және мұқтаж адам есепте тұрған елді мекеннің шегінде болуға тиіс.
Осы тармақпен белгіленген талаптарға сай келмейтін тұрғын үй мұқтаж адамның және оның отбасының кәмелетке толған барлық мүшелерінің жазбаша келісімімен ғана берілуі мүмкін. Мұндай тұрғын үй беру мұқтаж адамдарды есептен шығаруға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кезінде бір бөлмеге жеті жастан асқан әр жынысты адамдарды (ерлі-зайыптылардан басқа) олардың келісімінсіз тұрғызуға жол берілмейді.
3. Мүгедектерге, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа ауыр науқастармен ауыратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй олардың тілегі ескеріліп, төменгі қабаттардан немесе лифтісі бар тұрғын үйлерден беріледі.
Сауықтыру жөніндегі дербес бағдарламаға сәйкес, мүгедектерге үйдің үлгісін, қолайлылық деңгейін және тұруға қажетті басқа да жағдайларды ескере отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы беріледі.
4. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңның 98-1-бабында аталған санаттарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
77-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру туралы шешiм
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй осы Заңның 100-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, арыз берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен берiледi.
2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 78-бап өзгертілді
78-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берудiң жариялылығы
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған адамдардың тiзiмi, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан соңғы жиырма төрт ай iшiнде тұрғын үй алған адамдардың тiзiмi осы тiзiмдерде тұрған адамдардың талап етуi бойынша танысу үшiн берiледi. Мұндай тiзiмдердiң нысанына отбасының құрамы, есепке қойылған уақыты, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға арналған негiздер және оның көлемi, тұрғын үй берiлген уақыт туралы мәлiметтер мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 79-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
79-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдiң немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдің босаған бөлiгiн беру
Егер әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз адамдар тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден дара (бөлек) тұрғын бөлме (бөлмелер) босаса, ол мұқтаждар есебінде кезекте тұрғандарға беріледі. Бұл орайда осындай тұрғын үйде тұратын және қолда бар тұрғын жағдайларын жақсартуды мұқтаж ететiн азаматтар босаған бөлменi (босаған бөлмелердi) осы Заңның 69-бабының талаптарына сәйкес пайдалануға алуда басым құқыққа ие болады.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 11-тараудың тақырыбы жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)
11-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйлерді немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
үйлерді жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) құқықтары мен міндеттері
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 80-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
80-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты тұрғын үй беру туралы шешімнің негізінде жергілікті атқарушы органның немесе мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігі (жалға беруші) мен азаматтың (жалға алушының) арасында жазбаша түрде жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттік тіркеуден өткізілмеуге тиіс.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешімнің негізінде жергілікті атқарушы орган мен азаматтың арасында жазбаша нысанда жасалады.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың үлгі шартын, тұрғын үйді пайдалану, тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты күтіп ұстау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын қатынастарға тиiстi реттерде азаматтық заңдардың нормалары да қолданылады.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 81-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
81-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының мәнi
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының нысанасы дара (бөлек) тұрғын үй болып табылады.
2. Басқа тұрғын бөлмеге (бөлмелерге) шығатын (кіретін) есігі бар тұрғын бөлме, бөлменің бір бөлігі, сондай-ақ пәтердегі қосалқы үй-жайлар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының дербес мәні бола алмайды.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 82-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
82-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жарамсыз деп тану
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты:
1) азаматтар мұндай тұрғын үй берiлуiне мұқтаждық туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берген;
2) шартта көрсетiлген тұрғын үйге басқа азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын бұзған;
3) лауазымды адамдар тұрғын үй беру туралы мәселенi шешу кезiнде заңсыз әрекеттер жасаған;
4) тұрғын үйдi беру кезегi бұзылған;
5) заңдарда белгiленген тұрғын үй берудiң тәртібі мен шарттары бұзылған өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Шартты жарамсыз деп тану туралы талап шарт жасалған күннен бастап үш жыл iшiнде мәлiмделуi мүмкiн.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 83-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
83-бап. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерiнiң
құқықтары мен мiндеттерi
1. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
2. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерi жалға алушымен тең құқықтарды пайдаланады және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын мiндеттердi атқарады. Отбасының кәмелетке толған мүшелерi аталған шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жалға алушымен (қосымша жалға алушымен) бiрге мүлiктiк жағынан жауапты болады.
3. Егер осы Заңның 21-бабында аталған азаматтар жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерi болуын тоқтатса, бiрақ олар тұратын тұрғын үйде тұруды жалғастырса, олар да жалға алушы (қосымша жалға алушы) мен оның отбасы мүшелерi сияқты тұрғын үй құқықтары мен мiндеттерiн сақтап қалады.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 84-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
84-бап. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) өзi тұратын мемлекеттік
тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй
қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге өз отбасының мүшелерін кіргізу құқығы
1. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өзі тұратын тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге жұбайын, балаларын, ата-анасын өз отбасының кәмелетке толған мүшелерінің жазбаша келісімін алып кіргізуге құқылы.
Кәмелетке толмаған балаларын ата-аналарымен бірге тұрғызуға отбасының басқа мүшелерінің келісімі талап етілмейді.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге отбасының мүшелері ретінде кіргізілген адамдар осы бапқа сәйкес, егер кіргізілген осы азаматтардың, жалдаушының (қосымша жалдаушының) және онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің арасында өзгеше бір жазбаша келісім болмаса, бұл тұрғын үй-жайды онда тұратын қалған адамдармен бірдей пайдалануға құқық алады.
3. 2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 85-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
85-бап. Мемлекеттік тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдің уақытша
болмаған азаматтар үшін сақталу мерзімдерi
1. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) немесе оның отбасының мүшелері уақытша болмаған кезде оларға мемлекеттік тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй алты ай бойы сақталады.
2. Егер жалға алушы (қосымша жалға алушы) немесе оның отбасының мүшелері дәлелді себептермен алты айдан артық уақыт болмаса, бұл мерзім болмаған адамның өтініші бойынша тиісінше ұзартылады.
3. Мемлекеттік тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдің уақытша болмаған азаматтарға неғұрлым ұзақ мерзімге сақталуының шарттары мен жағдайлары осы Заңның 86-бабымен белгіленеді.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 86-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
86-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй қорынан жергіліктi
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдің азаматтар үшін сақталу жағдайлары
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй азаматтар үшін мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде не Қазақстан Республикасының қатысуымен одан тыс жерлерде құрылған қарулы күштер құрамында әскери қызметтен өткенде - қызмет мерзімі ішінде;
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) еңбек шарты бойынша немесе сайланбалы қызметке сайлануына байланысты жұмысқа кеткенде - бүкіл жұмыс істеген уақыты ішінде;
3) заң актілерінде көзделген негіздер бойынша шетелге кеткенде - шетелде болған уақыты ішінде;
4) оқуға кеткенде - оқу уақыты ішінде;
5) балаларды балалар мекемесіне тәрбиелеуге орналастырғанда - олардың осы мекемеде болған бүкіл уақыты ішінде, туысқандарының немесе қорғаншысының (қамқоршысының) қолында - балалар кәмелетке толғанға дейін;
6) қорғаншы (қамқоршы) міндеттерін орындауға байланысты кеткенде - бұл міндеттерді тоқтатқанға дейінгі барлық уақытта;
7) емделуге кеткенде - емделуде болған уақыты ішінде;
8) қамауда болған не бас бостандығынан айыруға сотталған немесе сол жерде тұру мүмкіндігінен айыратын өзге де жазалау шаралары кезінде - қамауда болған немесе жазасын өтеген мерзімі ішінде сақталады. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге құқығынан айыру бұл жағдайда сот үкімімен көзделуі мүмкін.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығы онда болмаған адамдарға осы бапта көрсетілген мерзімдер аяқталған күннен бастап алты ай бойы сақталады.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 87-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
87-бап. Адамдарды мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын
үйді пайдалану құқығынан айырылды деп тану тәртібi
Адамдарды осы заңның 85 және 86-баптарында белгіленген мерзімінен артық уақыт болмауы салдарынан мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылды деп тану жалға берушінің немесе бұл үй-жайда тұруға қалған жалға алушының (қосымша жалға алушының) не оның отбасы мүшелерінің (бұрынғы мүшелерінің) талабы бойынша жүзеге асырылады.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 88-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
88-бап. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) уақытша болмаған жағдайда
мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығы
Жалға алушы (қосымша жалға алушы) уақытша болмаған мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұратын отбасының мүшелері бүкіл тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бұрынғы шарттармен пайдалануға құқылы. Бұл орайда олар осы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалға алу шарты бойынша құқықтарын жүзеге асырып, сол бойынша міндетті болады.
Азамат уақытша болмаған кезде мемлекеттік тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорындағы пайдалану құқығы сақталатын тұрғын үй алаңы артық деп есептелмейді.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
89-бап. Уақытша болмаған жалға алушының (қосымша жалға алушының) мiндеттерi
Жалға алушының уақытша болмауы осы Заңның 90-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша мiндеттердi атқарудан босатпайды.
Қосымша жалға алушының уақытша болмауы оны жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалға алу шарты бойынша міндеттерді атқарудан босатпайды.
90-бап. Уақытша болмаған азаматқа тиесiлi мемлекеттік
тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң пайдаланылуы
1. Егер мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде осы Заңның 85 және 86-баптарына сәйкес тұрғын үй сақталатын уақытша болмаған жалға алушының отбасы мүшелерi тұрмайтын болса, жалға алушы сақталған тұрғын үйге қосымша жалдау шарты бойынша тұрғындарды кiргiзуге не тұрғын үйдiң сақталу мерзiмiнде уақытша тұрғындар тұрғызуға құқылы.
Егер жалға алушы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өзiне сақталатын тұрғын үйге өз қалауы бойынша үш ай мерзiм iшiнде ешкiмдi тұрғызбаса, жалға берушi бұл тұрғын үйдi жалға алушының келісімiмен мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жалға алушыға сақталатын мерзiмнiң шегiнде қосымша жалдау шарты бойынша басқа азаматтарға беруге құқылы.
Қосымша жалдау мерзiмi (уақытша қоныстандыру) жалдаушы мен оның отбасы мүшелерi мерзiмiнен бұрын қайтып келген кезде қысқартылуы мүмкiн.
2. Жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң қайтып оралуына қарай олар қосымша жалдаушыларды немесе уақытша тұрғындарды жалға берушi берген тұрғын үйден дереу шығаруды талап етуге құқылы.
Қосымша жалдаушылар (уақытша тұрғындар) тұрғын үйдi босатудан бас тартқан жағдайда жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң талап етуi бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй берiлместен шығарылуға тиiс.
91-бап. Тұрғын үйдi күрделi жөндеуден өткізуге байланысты
азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үй беру
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге күрделi жөндеу жүргiзiлген кезде жөндеудi тұрғындарды (жалға алушының) көшiрмей жүргiзу мүмкiн болмаса, жалға берушi жөнделетiн үй-жайды жалдау шартын бұзбастан, күрделi жөндеу жүргiзiлетiн уақытқа жалға алушыға және оның отбасы мүшелерiне басқа тұрғын үй беруге мiндеттi.
2. Тараптардың келісімi бойынша көшiрудiң орнына жалдау шартының бұзылуы, ал жалға алушыға жаңа жалдау шарты бойынша тұрақты пайдалануға осы Заңның 75 және 76-баптарында, 106-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптарға сай келетiн басқа үй-жай берiлуi мүмкiн.
3. Жалға алушыға күрделi жөндеуге байланысты көшу кезiнде келтiрiлген шығындарды жалға берушi өтеуге тиiс.
Жалға алушы тек күрделi жөндеу кезiнде берiлген тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн, сондай-ақ бұл тұрғын үйде көрсетiлген коммуналдық қызметтер үшiн ғана ақы төлейдi.
4. Жалға алушы және оның отбасы мүшелерi тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй күрделi жөндеудiң нәтижесiнде сақталмайтын жағдайларда жалға алушыға күрделi жөндеу басталғанға дейiн басқа тұрғын үй берiлуге тиiс.
Жалға алушының немесе жалға берушiнiң талап етуi бойынша басқа тұрғын үй күрделi жөндеудiң нәтижесiнде үй-жай едәуiр үлкейтіліп және жалға алушыда артық алаң пайда болған жағдайларда да берiледi.
Егер күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұрғын үй тарылып кетсе, жалға алушыға оның талап етуi бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан осы Заңның 75 және 76-баптарында, 106-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптарға сай келетiн басқа тұрғын үй берiледi.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 92-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
92-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын өзгерту
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің және жалға берушінің келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін, бұған осы Заңда көзделген реттер қосылмайды.
Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалдау шарты, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қосымша жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің және жергілікті атқарушы органның келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 93-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
93-бап. Шарттың бiр отбасына бiрiккен жалға алушылардың (қосымша жалға алушылардың)
талап етуi бойынша өзгертiлуi
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы бiр тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұратын және ондағы тұрғын үй-жайларды жеке жалдау шарты бойынша пайдаланатын азаматтар бiр отбасына бiрiгуi жағдайында өздерi тұратын бүкiл тұрғын үйге өздерiнiң бiреуiмен жалдау (қосымша жалдау) шартын жасауды жалға берушiден талап етуге құқылы.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 94-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
94-бап. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасы мүшелерiнiң арасында отбасылық
қатынастарды тоқтатқан кезде мемлекеттік тұрғын
үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану тәртібін белгiлеу
Отбасылық қатынасты тоқтатқан, бірақ тұрғын үйді жалға алудың ортақ шарты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы бір тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұрып жатқан адамдар жекелеген жалға алу (қосымша жалға алу) шартын жасамастан, тұрғын үйді пайдалану тәртібін анықтауға құқылы.
Келісімге келе алмаған кезде дау пайда болғанға дейінгі тұру жағдайы ескеріліп дау сотпен шешіледі.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 95-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
95-бап. Отбасының басқа мүшесін жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп танудың
салдарынан шарттың өзгертілуi
Жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасының кәмелетке толған мүшесі жалға алушының (қосымша жалға алушының) және отбасының кәмелетке толған басқа мүшелерінің келісімімен бұрын жасалған жалға алу шарты бойынша алғашқы жалға алушының (қосымша жалға алушының) орнына оны жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп тануды талап ете алады. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның отбасының кәмелетке толған кез келген мүшесіне нақ осындай құқық беріледі.