2) әуе кемесiнiң конструкциясында радиолокациялық тану аппаратурасын қондыру көзделмеген әуе кемелерiн қоспағанда, мемлекеттік радиолокациялық тану жүйесi бойынша сұранымға сай келмейтiн әуе кемесінің ұшуы;
3) сұранымда көрсетiлген саннан артатын әуе кемелерi тобының ұшуы;
4) әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген әуе кеңiстiгiн пайдалану режимдерiн сақтамауы;
5) әуе кемесiнiң Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң арнаулы рұқсатынсыз тыйым салынған аймақ және шектелген аймақ аумағының үстiнен ұшып өтуi;
6) мәжбүрлi қонудан басқа жағдайларда әуе кемелерiнiң жоспарланбаған (мәлiмденбеген) аэродромға қонуы;
7) ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайларды қоспағанда, әуе кемелерiнiң тiгiнен, көлденең, қапталдан эшелондауын сақтамауы, әуе жолдарынан, жергiлiктi әуе желісінен және маршрут осiнен белгiленген нормадан артық қашықтыққа ауытқуы жатады.
Әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібінiң сақталуына бақылау жасайтын уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өз құзыретiне сәйкес әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібінiң бұзылуын тоқтату немесе жолын кесу үшiн барлық мүмкiн болған шараларды қолдануға мiндеттi.
Әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзуға жол берген әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар аталған органдардың талап етуi бойынша өз есебiнен және өз күштерiмен аталған жолсыздықты тоқтатуға немесе ондай қызметтiң жүргiзiлуiн тоқтатуға мiндеттi.
Әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібінiң бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
15.12.01 ж. № 272-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Тәртiп бұзушы әуе кемесi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзған немесе республика әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін өзгеше бұзуға жол берген әуе кемесi тәртiп бұзушы деп танылады және егер уәкiлеттi органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң талабына бағынбаса, ерiксiз қондырылуы мүмкiн.
Қону туралы нұсқау алған тәртiп бұзушы әуе кемесi өзiне көрсетiлген жерге дереу қонуға тиiс.
Тәртiп бұзушы әуе кемесiнде әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібінiң бұзылуына қатысы жоқ жолаушылар немесе өзге бар екендiгi туралы шынайы ақпарат болған жағдайда мемлекет ұшып келе жатқан азаматтық әуе кемесiне қарсы қару қолданудан тартынады.
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, стратегиялық маңызды объектiлерге, оның аумағындағы азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қатердi болғызбау үшiн, тәртiп бұзушы әуе кемесiн жоюға дейiн баратын барлық шараларды қолданады.
Стратегиялық маңызды объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiне ұшып көтерiлу шарттары сақталмаған кезде және әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібі басқаша бұзылған жағдайда тәртiп бұзушы әуе кемесi қондырылған аэродромда ұсталып қалуы мүмкiн.
Тәртiп бұзушы әуе кемесiнiң одан әрi ұшуына тексеруден кейiн Қазақстан Республикасының Әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы ережеде белгiленген тәртiппен рұқсат етiледi.
Қазақстан Республикасының Әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы ережеге сәйкес әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібінiң әрбiр бұзылуы тексерiлуге жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
18-бап. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiру мүмкiн қызмет
Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қызметке аэродром жанындағы аумақта және әуе трассаларының шегіндегі жерлерде орналасқан объектiлердiң, электр беру желiлерiнiң, басқадай бөгеттердiң құрылысы, әуе кеңiстiгiнде электромагниттiк, жарлықтық, акустикалық, корпускулярлық және өзге де сәулеленулер шығаратын жұмыстар; құстардың топтасып жиналуына немесе ұшу көрiнiсiнiң нашарлауына әкеп соғатын объектiлердi орналастыру, сондай-ақ әуе кеңiстiгiнде материалдық объектiлердiң ауысуына тiкелей байланысты емес, бiрақ әуе кемелерiнiң, олардың жабдықтарының және iшiнде отырған адамдардың қауiпсiздiгiне әсерiн тигiзетiн кез келген басқа қызмет жатады.
Бұл қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен алынатын рұқсатпен ғана жүзеге асырыла алады.
Әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiрiп, қызметтi жүзеге асыру ережелерiн бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғалар осы жолсыздықтарды өз есебiнен және өз күштерiмен жоюға, ал оларды жойғанға дейiн ондай қызметтiң жүзеге асырылуын тоқтатуға мiндеттi.
Ұшу қауiпсiздiгiне ықтимал қатер төндiретiн қызмет атқарылып жатқан ауданға әуе кемелерiнiң абайсызда ұшып кіру жағдайларын болғызбау үшiн, сондай қызметтi жүргiзiп жатқан ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар аталған қызметке рұқсат алғаннан кейiн сол қызметтiң жүргiзiлуi туралы уәкiлеттi органға хабар беруге мiндеттi.
Осындай қызметтiң жүргiзiлуiне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн объектiлердi таңбалау
Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында үйлер мен ғимараттардың иелерi нормативтiк талаптарға сәйкес өз есебiнен осы объектiлерге түнде және күндiз көрiнетiн таңбалық белгiлер мен құрылғылар орнатуға мiндеттi. Аэродромдарды айыра тану мақсатында қабылданған таңбалық белгiлер мен құрылғыларға ұқсайтын қайсыбiр белгiлер мен құрылғыларды аэродром маңайында орнатуға жол берiлмейдi.
Аэродром маңындағы объектiлерге таңба салуға бақылау жасау уәкiлеттi органға жүктеледi.
20-бап. Әуе трассаларын пайдалануға қосу
Әуе трассалары әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi қанағаттандыратыны және Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ИКАО) стандарттарының талаптарына сәйкес екендiгi белгiлi болғанда ғана оларды пайдалануға жол берiледi.
Әуе трассаларының пайдалануға қосылуы Қазақстан Республикасының Әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4 тарау. Әуе кемелерi
21-бап. Әуе кемелерiнiң жiктелуi
Авиация түрлерiне тиесiлiгiне қарай әуе кемелерi азаматтық, мемлекеттік және эксперименттiк болып бөлiнедi. Азаматтық және эксперименттiк әуе кемелерi заңды және жеке тұлғалардың жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Азаматтық әуе кемесiнiң үлгiсiн сертификаттау
Жаңа конструкциядағы (жаңа үлгiдегi) азаматтық әуе кемесi Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестiгi бойынша сертификатталуға тиiс және заводтық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейiн оның үлгi сертификаты болуы керек.
Үлгi сертификатын уәкiлеттi орган бередi.
Әуе кемесiн жасап шығарушы үлгi сертификатының иесi болып табылады.
Әуе кемесiнiң бекітілген үлгi конструкциясы (үлгiлiк конструкциясы) өзгерген немесе оның ұшу жарамдылығына әсер ететiн пайдалану-техникалық құжаттамасы өзгерген жағдайда, әуе кемесiнiң бұл үлгiсi қосымша сертификаттаудан өтуi және үлгi сертификатына толықтыру алуы тиiс.
Азаматтық әуе кемелерiн сертификаттау, сондай-ақ оларды жарамдылық нормаларына сәйкестiгiн бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн сертификаттау ережелерi бойынша жүзеге асырылады.
Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн кемiстiктер айқындалған жағдайда үлгi сертификатты берген мемлекеттік орган оның күшiн жоюы мүмкiн немесе оның күшi уақытша тоқтатылуы мүмкiн.
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Әрбiр азаматтық әуе кемесiнiң үлгiсiн сертификаттау
Қазақстан Республикасында жасалып шығарылған әрбiр азаматтық әуе кемесi оның конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн сертификаттау ережелерiнде көзделген талаптарға сәйкес келуi бойынша сертификатталуға тиiс.
Әуе кемесi Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiне тiркелгеннен кейiн ондай әуе кемесiнiң иесi уәкілетті органнан борттық құжат ретiнде оның ұшуға жарамдылығы туралы тиiстi куәлiк (сертификат) алуы тиiс.
Азаматтық әуе кемесiнiң данасына сертификаттау жүргізуді және сертификат берудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау
Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау әуе кемелерiн әзiрлеушiнiң және тиiстi федерациялар мен қауымдастықтардың қатысуымен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ұшу жарамдылығын куәландыру мақсатында сертификат беру, сондай-ақ пайдалану барысында ұшу жарамдылығын қолдауды бақылау Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережелерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
25-бап. Шетелдiк әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының сертификатын тану
Әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығына шетелдiк мемлекет берген сертификат, оның берiлуiне немесе күшiне енуiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы белгiленген стандарттарға сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында жарамды деп таниды.
15.12.01 ж. № 272-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 311-III (бұр.ред.қа) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу
Азаматтық және мемлекеттік әуе кемелерi мiндеттi түрде мемлекеттік тiркелуге жатады. Азаматтық әуе кемелерiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiне тiркейдi. Мемлекеттік әуе кемелерiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерiнiң тiзiлiмiне тiркейдi.
Тиiстi тiзiлiмге енгiзiлген әуе кемесiнiң иесiне мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiне және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықты уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын мемлекеттік реттеу туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiне мiндеттi түрде мемлекеттік тiркеуден өткізуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудiң тәртібін және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға берiлетiн және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк берудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу ережелерiн және тiркелгенi туралы куәлiк беру тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлейдi.
Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу аталған алымды бюджетке төлегеннен кейiн жүзеге асырылады.
Эксперименттiк әуе кемелерi Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлместен мемлекеттік көлiк басқару органының есебiнде тұрады.
Шетелдiк әуе кемесi Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiне тек қана тиiстi шетел мемлекетiнiң әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен шығарылғаннан кейiн енгiзiледi.
Егер әуе кемесi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiнен шығарылмаған болса, Қазақстан Республикасы әуе кемесiнiң кез келген шетел мемлекетi әуе кемелерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлуi танылмайды.
Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастр) енгізілуге тиіс.
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен 27-бап өзгертілді
27-бап. Әуе кемелерiне салынатын белгiлер
Тiркеу кезiнде әуе кемелерiне мемлекеттік және тiркемелiк, танылым белгiлерi берiледi де, олар осы әуе кемелерiнiң сыртына салынады.
Мемлекеттік және тiркемелiк танылым белгiлерiнен басқа әуе кемелерiнiң сыртына қосымша белгiлер де (рәмiздер, қысқа жазбалар, эмблемалар) салынады.
Бұл белгiлер мемлекеттік және тiркемелiк танылым белгiлерiнiң көзбен көргенде танылуын қиындатпайтындай етіліп әуе кемелерiнiң сыртына салынады.
Мемлекеттік және тiркемелiк танылым белгiлерi мен қосымша белгiлердiң азаматтық және эксперименттiк әуе кемелерiнiң сыртына салыну тәртібін уәкiлеттi орган, ал мемлекеттік әуе кемелерiне - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлейдi.
28-бап. Тiзiлiмнен шығару
Әуе кемесi Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiмiнен мынадай жағдайларда:
а) әуе кемесi есептен шығарылса немесе пайдаланудан алынып тасталса;
б) әуе кемесi белгiленген тәртiппен шетел мемлекетiне, шетелдiк заңды немесе жеке тұлғаға сатылса немесе берiлсе;
в) әуе кемесi эксперименттiк кемелер қатарына ауыстырылса;
г) әуе кемелерiн тiркеу ресiмдерiмен көзделген басқа жағдайларда шығарылады.
Әуе кемесi Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiнен шығарылған кезде әуе кемесiн тiркеу туралы куәлiктiң және осы әуе кемесiне қатысты тиiстi тiзiлiмге жазылған барлық жазбалардың күшi жойылады.
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен 29-бап өзгертілді
29-бап. Пайдалануға жол беру
Азаматтық әуе кемесiн азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының қолданылып жүрген нормаларына сәйкестiгi анықталғанда және ұшуға жарамдылық сертификаты алынғанда ғана пайдалануға жол берiледi.
Азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығының нормаларын уәкiлеттi орган белгiлейдi. Ұшу жарамдылығының сертификатын беру ережелерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi (жөндеудi) техникалық қызмет көрсетудiң сертификаттандырылған орталықтары ғана жүргiзедi.
Әуе кемесiн ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкес күйде күтiп ұстау пайдаланушыға жүктеледi.
Пайдаланушыға берiлген ұшуға жарамдылық туралы сертификат талаптарын әуе кемесi күйiнiң сәйкес болуына бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік әуе кемелерiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен пайдалануға жол берiледi.
15.12.01 ж. № 272-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты
Әуе кемесi пайдаланушының сертификаты Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына мемлекеттік уәкiлеттi орган бередi. Бұл орайда сертификатталған меншiктi немесе жалға алынған әуе кемелерiнiң, ұшу және техникалық қызмет орындарының (өздерiнiң немесе шарттық негiзде пайдаланылатын), ұшу және техникалық жұмыстарды қамтамасыз ететiн авиация қызметшiлерiнiң, басқару құрамының және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттардың болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандырудың жүзеге асырылуы мұндай сертификатты алудың мiндеттi шарттары болып табылады.
Уәкiлеттi орган сертификат иесi осы Заңның талаптарын және Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітетін пайдаланушыларды сертификаттау ережелерін сақтамаған жағдайда, оған сертификат беруден бас тартуға, оны керi қайтарып алуға, оның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы. Тиiмсiз деген желеумен пайдаланушы сертификатын беруден бас тартуға тыйым салынады.
Сертификатты беруден бас тартқан жағдайда сертификат бермеген органның тұрған жерi бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Пайдаланушы сертификатын басқа бiреуге беруге болмайды және оның күшi белгiленген тәртiппен тоқтатылғанға дейiн немесе алынып қойылғанға дейiн сертификат күшiнде болады.
Пайдаланушы сертификатында және оның қосымшасында уәкілетті органы пайдаланушының қызметiнiң шарттарын айқындайды.
Пайдаланушы сертификатын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
Шетелдiк азаматтарға немесе заңды тұлғаларға қатысты алғанда шетел мемлекетiнiң құзыреттi өкiмет органдары берген және Қазақстан Республикасында қойылатын талаптарға сай келетiн пайдаланушы сертификатын немесе соларға ұқсас құжаттарды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен таниды.
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Пайдаланушы сертификатын жарамсыз деп тану немесе пайдаланушы қызметiн шектеу
Пайдаланушы сертификаты, егер:
1) оның берiлген мерзiмi бiткен болса;
2) пайдаланушы қызметiне байланысты әрi пайдаланушы сертификатын беруге негiз болған шарттарға әсер ететiн өзгерістер туындаса және осы өзгерістер туралы пайдаланушы сертификатында немесе оның қосымшасында тиiстi белгi болмаса;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) пайдаланушы Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандыру шарасын жасамаса, жарамсыз деп танылады.
Пайдаланушы белгiленген талаптарға сай болмаған немесе осы Заңның немесе Қазақстан Республикасының басқа да заң және нормативтiк құқықтық актілерінiң ережелерi сақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен пайдаланушы қызметi шектеледi немесе пайдаланушы сертификаты жарамсыз деп танылады.
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен Заң 31-1-баппен толықтырылды
31-1-бап. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен Заң 31-2-баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 31-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
31-2-бап. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргiзу
Осы Заңда көзделген сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтiнiш берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін алынған қаражат бюджетке аударылады.
Сертификаттауды жүргiзу жөніндегі қызмет көрсетулердің бағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітіледi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 31-3- баппен толықтырылды
31-3-бап. Әуе кемелері мен олардың жабдықтарының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы
техникалық реттеу
Техникалық реттеу объектілері:
1) әуе кемесі және оның жабдықтары;
2) әуе кемесін және оның жабдықтарын жобалау процесі;
3) әуе кемесін жасау және оның жабдықтарын өндіру процесі;
4) әуе кемесін және оның жабдықтарын пайдалану процесі;
5) әуе кемесін және оның жабдықтарын тасымалдау және сақтау процесі;
6) әуе кемесін және оның жабдықтарын өткізу процесі;
7) әуе кемесін және оның жабдықтарын кәдеге жарату және жою процесі болып табылады.
Әуе кемелері мен олардың жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық реттеу саласындағы негізгі талаптар техникалық регламенттерде белгіленеді.
32-бап. Әуе кемесiн жалдау
Қазақстан Республикасы әуе кемесiнiң меншiк иесi әуе кемесiн экипажымен немесе экипажсыз қазақстандық немесе шетелдiк пайдаланушыға жалға беруге құқылы.
Жалдау мерзiмi, кеменi пайдалану сипаты, жалдау ақысының мөлшерi, әуе кемесiнiң кейiннен жалға алушының меншiгiне ауысу мүмкiндiгi және басқа да жағдайлар әуе кемесiнiң меншiк иесi (жалға берушi) мен жалға алушы арасындағы шартпен айқындалады.
Осындай тәртiп Қазақстан Республикасының пайдаланушысы шетелдiк әуе кемесiн жалға алған жағдайда да қолданылады.
5 тарау. Авиация қызметшiлерi
33-бап. Авиация қызметшiлерiнiң жiктелуi
Авиация қызметшiлерiне жұмысы ұшуды ұйымдастырумен, орындаумен және қамтамасыз етумен, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсетумен байланысты адамдар жатады.
Авиация түрлерiне жатуына қарай олар азаматтық, мемлекеттік және эксперименттiк авиация қызметшiлерi болып бөлiнедi.
Азаматтық, мемлекеттік және эксперименттiк авиация қызметшiлерiнiң қызмет тiзбелерiн Қазақстан Республикасының Үкiмет белгiлейдi.
15.12.01 ж. № 272-II ; 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 34-бап өзгертілді
34-бап. Авиация қызметшiлерiн кәсiптiк қызметке даярлау және жiберу
Авиация қызметшiлерiн кәсiби қызметке даярлау белгiленген тәртiппен тiркелген білім беру ұйымдарында жүргiзiледi.
Авиация қызметшiлерiне жататын адам өзiнде қажеттi білімi мен дағдысы бар екенiн, сондай-ақ денсаулығы қойылатын талаптарға сай келетiнiн растайтын кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi орган беретiн куәлiгi (сертификаты) болған жағдайда ғана дербес кәсiби қызметке жiберiледi.
Ұшу қауiпсiздiгiне тiкелей байланысты азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиация қызметшiлерiнiң жұмыс уақыты режимiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестаттауға жататын авиация қызметшiлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиацияның айырым белгісі бар нысанды киiмiн киiп жүруге құқығы бар авиация қызметшiлерi лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін уәкiлетті орган бекітеді. Аттестаттаудан өтпеген адамдар кәсiби мiндеттерiн орындауға жiберiлмейдi.
Аттестаттау ережесін, оны өткізу кезеңділігiн, сондай-ақ авиация қызметшiлерiне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
35-бап. Шетел мемлекетi авиация қызметшiлерiнiң куәлiгiн тану
Шетел мемлекетi берген авиация қызметшiлерiнiң куәлiктерi Қазақстан Республикасында осындай куәлiктердiң берiлуiне қойылатын талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) белгiлеген стандарттық ең төменгi деңгейiне сай немесе олардан асып түскен жағдайларда жарамды деп танылады.
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен 36-бап өзгертілді
36-бап. Әуе кемесiнiң экипажы
Әуе кемесiнiң экипажы - тиiсiнше уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен ұшуды орындау кезiнде әуе кемесiн басқару мен оған қызмет көрсету жөнiнде белгiлi бiр мiндеттердi атқару тапсырылған авиация қызметiнiң адамдары.
Әуе кемелерiнiң түрi мен атқаратын iсiне, оларды пайдаланылу мақсаттары мен жағдайларына қарай азаматтық және мемлекеттік әуе кемелерi экипаждарының құрамын әуе кемесiн жасап шығарушы мен тапсырыс берушi айқындайды және әрбiр үлгiдегi әуе кемесiн ұшуға пайдалану жөніндегі құжаттарда көрсетiледi.
Экипаж құрамы толық болмаған жағдайда азаматтық әуе кемесiнiң ұшуына жол берiлмейдi.
37-бап. Азаматтық әуе кемесiнiң экипажы мүшелерiнiң құқықтары және оларды қамтамасыз ету жөніндегі пайдаланушының мiндеттерi
Экипаждың әрбiр мүшесi ұшуға берiлген тапсырманы орындау кезiнде, егер оның пiкiрiнше, ұшудың ойдағыдай аяқталатынына дәлелдi күдiгi болса, оны орындаудан бас тартуға құқылы.
Әуе кемесiнiң ұшуы кезiнде экипаж мүшесi өз мiндеттерiн атқаруға байланысты жарақаттанған немесе оның денсаулығына өзге де зақым келген жағдайда, оның денсаулығы зақымдалғаннан кейiн алып жүрген жәрдемақысының немесе тағайындалған зейнетақысының және нақтылы алып жүрген жалақысының асатын сомасы бөлiгiнде пайдаланушы келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Экипаж мүшесi қызмет мiндеттерiн атқаруына байланысты қайтыс болған жағдайда пайдаланушы ұшу алдындағы дайындықтан бастап ұшудан кейiнгi талдау бiткенге дейiнгi залалдың орнын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен толтыруға мiндеттi.
38-бап. Әуе кемесiнiң командирi
Пилот (ұшқыш) мамандығы бар және белгiленген тәртiппен осы үлгiдегi әуе кемесiн дербес басқаруға құқығы бар адам ғана әуе кемесiнiң командирi бола алады.
Әуе кемесiнiң командирi экипаждың қызметiн басқарады, әуе кемесiнде тәртiп пен реттіліктi, ұшу және әуе кемесiн пайдалану ережелерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi.
39-бап. Әуе кемесi командирiнiң құқықтары
Өзiнiң кәсiби қызметiн атқару барысында азаматтық әуе кемесiнiң командирi Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнде ұшудың Негiзгi ережелерiнде белгiленген құқықтарға сәйкес ұшудың қауiпсiздiгiн, әуе кемесiнiң және оның бортындағы адамдар мен мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi кез келген шешiмдер қабылдап, шаралар қолданады.
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен Заң 39-1-баппен толықтырылды
39-1-бап. Азаматтық авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлерi