4. Қылмыстық iстi қысқарту туралы дәлелдi қаулы шығарылады.
5. Қаулының кiрiспе бөлiмiнде оның жасалған уақыты мен орны, тергеушiнiң аты-жөнi мен лауазымы көрсетiледi.
6. Қаулының сипаттама-дәлелдеу бөлiмiнде iстi қозғауға себеп пен негiз болған жағдайлар, iс бойынша қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген немесе айыпталған адамдар, олардың мәнiсi, қылмыстық-құқықтық біліктілік және қолданылған бұлтартпау шаралары туралы деректердi көрсете отырып, оны тергеу нәтижелерi баяндалады.
7. Қаулының қарар бөлiмiнде iстi қысқарту үшiн негiз болған осы Кодекстiң бабын (бөлiгiн, тармағын) көрсете отырып, iстi қысқарту туралы шешiм, сондай-ақ бұлтартпау шарасын қолданбау туралы, мүлiктi тұтқындауды алып тастау туралы, қызметiнен уақытша босатуды тоқтатуды алып тастау туралы, хат-хабарды тұтқындау, сөйлескен сөздердi тыңдау мен жазып алу, заттай дәлелдердiң тағдыры туралы нұсқау баяндалады.
8. Заң бойынша iстi тоқтатуға айыпталушының немесе жәбiрленушiнiң келісімi бойынша ғана жол берiлетiн жағдайларда мұндай келісімнiң бар екенi қаулыда көрсетiлуге тиiс.
9. Iс осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1, 2-тармақтарында және үшiншi бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша қысқартылған ретте қаулыға оларға қатысты iс қысқартылған адамдардың кiнәсiз екенiне күмән келтiретiн сөз орамдарын енгізуге жол берiлмейдi.
10. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының көшiрмесi прокурорға жiберiледi.
270-бап. Тергеушiнiң қылмыстық iс қысқартылғаннан
кейiнгi iс-әрекетi
1. Iстi қысқарту туралы және қысқарту негiздерi туралы тергеушi сезiктiге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, жәбiрленушiге және оның өкiлiне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкiлдерiне, сондай-ақ арызы бойынша iс қозғалған адамға немесе ұйымға жазбаша хабарлайды.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға iс материалдарымен танысу құқығы және iстi қысқарту туралы қаулыға шағым жасау тәртібі түсiндiрiледi. Осы адамдардан келiп түскен өтiнiш бойынша оларға iстi қысқарту туралы қаулының көшiрмесi тапсырылады.
3. Iс материалдарымен танысу осы Кодекстiң 275-бабының талаптарын сақтай отырып жүргiзiледi.
271-бап. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыға шағым жасау
1. Тергеушiнiң қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысына сезiктi, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбiрленушi және оның өкiлi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ арызы бойынша iс қозғалған адам немесе мемлекеттік органның немесе ұйымның өкiлi тергеуге қадағалау жасап отырған прокурорға шағымдана алады.
2. Iс прокурордың келісімiмен қысқартылған жағдайда қаулыға жоғары тұрған прокурорға шағымдануға болады.
3. Прокурордың қылмыстық iстiң қысқартылуына байланысты берiлген арызды қанағаттандырудан бас тартуына осы Кодекстiң 109-бабының ережелерi бойынша сотқа шағым жасауға болады.
272-бап. Қысқартылған қылмыстық iстi қайта жалғастыру
1. Қысқартылған iс бойынша iс жүргiзу мынадай жағдайларда:
1) тергеушiнiң қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысының күшi жойылғанда;
2) сот қылмыстық iстiң негiзсiз қысқартылуына берiлген арызды осы Кодекстiң 109-бабының тәртібімен қанағаттандырғанда қайта жалғастырылады.
2. Қысқартылған iс бойынша iс жүргiзу адамды қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзiмi өтпеген жағдайда ғана қайта жалғастырылуы мүмкiн.
3. Iс бойынша iс жүргiзудi қайта жалғастыру туралы сезiктiге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, жәбiрленушiге және оның өкiлiне, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сондай-ақ арызы бойынша iс қозғалған адамға немесе ұйымға жазбаша түрде хабарланады.
36-тарау. Айыптау қорытындысын жасау және
қылмыстық істі сотқа жіберу
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен 273-бап өзгертілді
273-бап. Прокурорға айыптау қорытындысымен бiрге жiберiлетiн iс
бойынша тергеу iс-әрекетiнiң аяқталғаны туралы хабарлау
1. Iс бойынша барлық тергеу iс-әрекетi орындалды, ал жиналған дәлелдер айыптау қорытындысын жасау үшiн жеткiлiктi деп танылғаннан кейiн тергеушi бұл туралы айыпталушыға хабарлауға, оған iстiң барлық материалдары мен жеке өзiнiң де, қорғаушысының көмегiмен де танысу, сондай-ақ алдын ала тергеудi толықтыру немесе iс бойынша басқа шешiмдер қабылдау туралы өтiнiш айту құқығын түсiндiруге мiндеттi. Айыпталушыға тергеу iс-әрекетiнiң аяқталғаны туралы хабарлағаны және оған құқықтары түсiндiрiлгенi туралы осы Кодекстiң 203-бабының талаптарын сақтай отырып, хаттама жасалады. Айыпталушы қылмыстық iс материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда бұл туралы себептерi айтыла отырып, қаулыда көрсетiледi. Егер айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса, бірақ айыпталушының тұрып жатқан жері алдын ала тергеу органына белгілі болса, айыпталушыға оның құқықтары түсіндіріле отырып, тергеу аяқталғаны туралы жазбаша хабарлама почта арқылы жіберіледі, хаттамаға тергеуші айыпталушыға тергеу іс-әрекеттерінің аяқталғаны және құқықтарының түсіндірілгені туралы хабарланғаны жөнінде белгі соғады.
2. Тергеудiң аяқталғаны туралы және iс материалдарымен танысу және өтiнiш айту құқықтары туралы тергеушi iске қатысқан жағдайда айыпталушының қорғаушысына, сондай-ақ жәбiрленушiге және оның өкiлiне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкiлдерiне хабарлауға мiндеттi.
3. Егер айыпталушының қорғаушысы немесе жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң өкiлi iспен танысу үшiн белгiленген уақытта дәлелдi себептермен келе алмаса, тергеушi iспен танысуды бес тәулiктен аспайтын мерзiмге кейiнгi қалдырады. Қорғаушы немесе өкiл осы мерзiм iшiнде келмеген жағдайда тергеушi басқа қорғаушының немесе өкiлдiң келуi үшiн шаралар қолданады.
274-бап. Жәбiрленушiнi, азаматтық талапкердi, азаматтық
жауапкердi және олардың өкiлдерiн iс
материалдарымен таныстыру
1. Жәбiрленушi немесе оның өкiлi ауызша немесе жазбаша өтiнiш жасаған жағдайда тергеушi бұл адамдарды iс материалдарымен немесе олар танысуға тiлек бiлдiрген олардың бiр бөлiгiмен таныстырады. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, егер олар өтiнiм бiлдiрсе, iс материалдарының азаматтық талап қоюға қатысты бөлiгiмен танысады.
2. Таныстыру осы Кодекстiң 275-бабында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
275-бап. Айыпталушыны және оның қорғаушысын iстiң
барлық материалымен таныстыру
1. Осы Кодекстiң 274-бабының талаптарын орындай отырып, тергеушi айыпталушы мен оның қорғаушысына iстiң барлық материалын көрсетедi, олар тiгiлген және нөмiрленген болуға тиiс. Танысуға сонымен қатар айғақ заттар ұсынылады және айыпталушының немесе оның қорғаушысының өтiнiшi бойынша, егер тергеу iс-әрекетiнiң хаттамаларына қоса тiркелген болса, фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, слайдылар тыңдатылып, көрсетiледi. Айыпталушының немесе оның қорғаушысының өтiнiшi бойынша олар iс материалдарымен бiрге немесе жеке-жеке таныса алады.
2. Айыпталушы мен қорғаушы iс материалдарымен танысу процесiнде, егер ол бiрнеше томнан тұратын болса, олардың кез келгенiн қайта қарауға, сондай-ақ кез келген мәлiметтi кез келген көлемде көшiрiп алуға, құжаттардың көшiрмесiн түсiрiп алуға, соның iшiнде техникалық құралдардың көмегiмен түсiрiп алуға құқылы. Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпия бар iстегi құжаттардан үзiндiлер және олардың көшiрмелерi iспен бiрге сақталады және айыпталушы мен оның қорғаушысына сот талқылауы кезiнде берiледi.
3. Айыпталушы мен қорғаушының iстiң барлық материалымен танысу үшiн қажет болатын уақытына шек қойылмайды. Алайда, егер айыпталушы мен қорғаушы iс материалдарымен танысуды қасақана созса, онда тергеушi өзiнiң прокурор бекiтетiн дәлелдi қаулысымен iс материалдарымен танысуға жеткiлiктi белгiлi бiр мерзiмді белгiлеуге құқылы.
4. Айыпталушы мен қорғаушының iс материалдарымен танысуы аяқталғаннан кейiн тергеушi олардың өтiнiм мәлiмдейтiнiн және нақты не туралы мәлiмдейтiнiн, өзге қандай мәлiмдемелер жасауға тiлек бiлдiретiнiн анықтауға мiндеттi. Бұл ретте айыпталушы мен оның қорғаушысының жауап алынған куәлардың, сондай-ақ iске қатысушы сарапшылардың, мамандардың және куәгерлердiң арасынан нақты кiмдi жауап алуға және қорғаушының көзқарасын растауға сот отырысына шақыруға тiлек бiлдiретiнi анықталуға тиiс.
276-бап. Өтiнiштердi мәлiмдеу және шешу
1. Айыпталушының және оның қорғаушысының, сондай-ақ жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң және олардың өкiлдерiнiң iс материалдарымен танысқаннан кейiн ауызша мәлiмдеген ұсыныстары қылмыстық iс материалдарымен таныстыру туралы хаттамаға енгiзiледi.
2. Процеске қатысушы өтiнiшiн жазбаша түрде баяндау ниетi туралы мәлiмдеген жағдайда оның дайындалуы үшiн қажеттi уақыт берiлуi мүмкiн, бұл туралы хаттамада белгi жасалады, ал жазбаша өтiнiш кейiн iске қоса тiгiледi.
3. Осы Кодекстiң 102-бабына сәйкес тергеушiнiң iс үшiн маңызы бар жағдайларды анықтау туралы ұсынысты қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайларда тергеушi алдын ала тергеудi толықтыруға мiндеттi, бұл ретте қылмыстық iс материалдарымен процестiң басқа қатысушыларының танысуды жалғастыруы өтiнiмдердi шешуге және олар қанағаттандырылған жағдайда, тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге бөгет болмайды.
4. Қосымша тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзгеннен кейiн тергеушi iс жүргiзуге қатысушыларға алдын ала тергеудiң аяқталғаны туралы қайталап хабарлауға, оларға iстiң қосымша материалдарымен, ал олардың өтiнiшi бойынша iстiң барлық материалымен танысуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
5. Мәлiмделген өтiнiштердi қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартылған жағдайда тергеушi бұл жөнiнде қаулы шығарады, оның көшiрмесiн мәлiмдеушiге тапсырады немесе жiбередi.
6. Тергеушiнiң қылмыстық iс бойынша өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуына ұсыныс берушi ұсынысты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесiн алған кезден бастап үш тәулiктiң iшiнде прокурорға шағым жасай алады.
7. Арызды прокурор шешкенге дейiн қылмыстық iс сотқа жiберiлмеуге тиiс. Прокурордың сотқа жiберiлген қылмыстық iс бойынша өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға берiлген арызды қабылдамауы дәл сол өтiнiштi соттың алдында қайталауға бөгет болмайды.
277-бап. Қылмыстық iс материалдарымен таныстыру туралы хаттама
1. Айыпталушының және оның қорғаушысының, сондай-ақ жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң қылмыстық iс материалдарымен таныстырылғаны туралы осы Кодекстiң 203-бабының талаптарын сақтай отырып, хаттамалар жасалады. Хаттамаларда танысуға қандай материалдар ұсынылғаны, қандай өтiнiмдердiң мәлiмделгенi және өзге қандай мәлiмдемелер жасалғаны, сондай-ақ iс бойынша жауап алынған қандай куәларды, iске қатысқан қандай сарапшыларды, мамандар мен куәгерлердi айыпталушы мен қорғаушы сот отырысына шақырылуы қажет деп мәлiмдегенi немесе олардың тiзiмi қоса тiркелгенi көрсетiледi.
2. Егер iс материалдарымен айыпталушы және оның қорғаушысы немесе жәбiрленушi мен оның өкiлi бiрге таныстырылса, онда тиiсiнше бiр хаттама жасалады.
278-бап. Айыптау қорытындысы
1. Тергеушiнiң айыптау қорытындысы кiрiспе, сипаттама-дәлелдеу және қарар бөлiмдерiнен тұрады.
2. Кiрiспе бөлiмде тергеушi айыптау қорытындысы жасалып отырған айыпталушының (айыпталушылардың) тегiн, атын, әкесiнiң атын, оның әрекеттерiне баға берiлiп отырған қылмыстық заңды (бабын, бөлiгiн, тармағын) көрсетедi.
3. Сипаттама-дәлелдеу бөлiмiнде, айыптаудың мәнiсi, қылмыс жасалған орын мен уақыт, оның әдiстерi, себептерi, салдары мен басқа да елеулi мән-жайлары, жәбiрленушi туралы мәлiметтер, айыпталушының кiнәсiн растайтын дәлелдер; оның жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар; айыпталушы өзiн қорғау үшiн келтiрген дәлелдер және осы дәлелдердi тексеру нәтижелерi баяндалады. Айыптау қорытындысы iстiң томына және бетiне жасалған сiлтеменi қамтуға тиiс.
4. Қарар бөлiмiнде айыпталушының жеке басы туралы мәлiметтер келтiрiледi және осы қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заңды (бабын, бөлiгiн, тармағын) көрсете отырып, тағылған айыптың сипаты баяндалады.
5. Айыптау қорытындысына оның жасалған орны мен күнiн көрсетiп, тергеушi қол қояды.
279-бап. Айыптау қорытындысына қосымшалар
1. Айыптау қорытындысына сот отырысына шақыртылуға тиiстi жәбiрленушiлердiң, куәлардың, сарапшылардың тiзiмi қоса тiркеледi. Тiзiм екi бөлiктен - айыпталушы мен қорғаушы аталған адамдардың тiзiмiнен (қорғаушы тiзiмi) және тергеушi жасаған тiзiмнен (айыптаушы тiзiмi) тұруға тиiс.
2. Сот отырысына шақыртылуға тиiстi адамдардың тiзiмiне олардың мекен-жайы немесе тұрғылықты жерi және iстiң олардың айғақтары немесе қорытындылары баяндалған беттерi көрсетiледi. Осы Кодекстiң 100-бабында көзделген жағдайларда бұл тiзiмде сот отырысына шақыртылуға тиiстi адамдардың бүркеншiк аттары ғана қамтылуға тиiс, олардың мекен-жайы көрсетiлмейдi.
3. Айыптау қорытындысына, сондай-ақ iстiң тиiстi беттерi көрсетiле отырып, тергеу мерзiмдерi туралы, тұтқынға алу және үйде қамауда болған уақыты көрсетiле отырып, қолданылған бұлтартпау шаралары туралы, заттай дәлелдемелер туралы, азаматтық талап қою туралы, азаматтық талапты қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралар туралы және мүлiктi ықтимал тәркiлеу туралы, iс жүргiзу шығыстары туралы анықтамалар қоса тiркеледi.
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен 280-бап өзгертілді; 2007.08.01. № 210-III ҚР Заңымен 280-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
280-бап. Қылмыстық істі прокурорға жіберу
1. Тергеуші айыптау қорытындысына қол қойғаннан кейін іс осы іс бойынша қадағалауды жүзеге асырып отырған прокурорға дереу жіберіледі.
2. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іске айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тіркелуге тиіс.
Айыпталушыда - Қазақстан Республикасының азаматында жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізетін органның өтініші бойынша уәкілетті орган іс бойынша тергеу аяқталғанға дейін оны құжаттауға тиіс.
Айыпталушыда - шетелдікте жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, қылмыстық іске айрықша жағдайларда өзге құжат қоса тіркелуі мүмкін.
Ескерту. Осы бапта:
1) азаматтың паспорты;
2) жеке басының куәлігі;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына берілетін ықтиярхат;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
5) жүргізушінің куәлігі;
6) әскери билет;
7) тууы туралы куәлік (он алты жасқа толмаған адам үшін);
8) азаматтың тууы туралы акт жазбасы жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылады.
281-бап. Айыптау қорытындысымен келiп түскен iс
бойынша прокурор шешетiн мәселелер
Прокурор айыптау қорытындысымен келiп түскен қылмыстық iстi зерделеуге және мыналарды:
1) айыпталушыға таңылып отырған әрекеттiң жасалғанын және бұл әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғын;
2) iсте оны тоқтатуға әкелетiн мән-жайлардың бар-жоғын;
3) тағылған айыптың негiздi-негiзсiз екенiн, оның iсте бар дәлелдемелермен расталатынын;
4) айыпталушыға iс бойынша барлық анықталған және дәлелденген қылмыстық әрекеттерi бойынша айып тағылғанын-тағылмағанын;
5) қылмыс жасалғаны туралы iс бойынша дәлелдер табылған барлық адамның айыпталушылар ретiнде жауапқа тартылғанын тартылмағанын;
6) айыпталушының әрекетi дұрыс сараланғанын-сараланбағанын;
7) бұлтартпау шарасының дұрыс таңдалғанын-таңдалмағанын және iсте оны өзгертуге не алып тастауға негiздердiң бар-жоғын;
8) азаматтық талапты қамтамасыз ету және мүлiктi ықтимал тәркiлеу шараларының қабылданған-қабылданбағанын;
9) айыптау қорытындысының осы Кодекстiң талаптарына сәйкес жасалғанын-жасалмағанын;
10) алдын ала тергеу жүргiзуде қылмыстық iс жүргiзу заңын елеулi бұзушылыққа жол берiлгенi-берiлмегенiн тексеруге мiндеттi.
282-бап. Прокурордың айыптау қорытындысымен келiп
түскен iс бойынша iс-әрекетi
Прокурор айыптау қорытындысымен тергеушiден келiп түскен iстi қарайды және он тәулiктен аспайтын мерзiмде ол бойынша мынадай iс-әрекеттердiң бiрiн жүргiзедi:
1) өзiнiң қарарымен айыптау қорытындысымен келiсетiнiн бiлдiредi және айыпталушыны сотқа бередi;
2) өзiнiң қаулысымен айыптаудың жекелеген тармақтарын жоққа шығарады не айыпталушының әрекетiн жеңiлiрек қылмыс туралы заңды қолдана отырып, қайта саралайды;
3) қылмыстық iстi толық көлемiнде немесе жекелеген айыпталушыларға қатысты тоқтатады;
4) қосымша тергеу жүргiзу немесе айыптау қорытындысын қайта жасау үшiн өзiнiң жазбаша нұсқауларымен бiрге iстi тергеушiге қайтарады;
5) жаңа айыптау қорытындысын жасайды;
6) қорғау куәларының тiзiмiн қоспағанда, сотқа шақырылуға тиiстi адамдардың тiзiмiн толықтырады немесе қысқартады.
2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен 283-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
283-бап. Прокурордың іс бойынша бұлтартпау
шарасы туралы шешімі
Айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша прокурор дәлелді қаулысымен айыпталушыға бұрын таңдап алынған бұлтартпау шарасының күшін жоюға немесе оны өзгертуге не егер ондай бұлтартпау шарасы қолданылмаған болса, қамауға алудан немесе үйде қамауда ұстаудан басқа, бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы. Егер, прокурор қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын жою, өзгерту не таңдап алу қажет деп санаған жағдайда ол тиісінше осы Кодекстің 149, 150, 154-баптарын басшылыққа алады.
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен 284-бап өзгертілді
284-бап. Айыпталушыны сотқа беру
1. Айыпталушыны сотқа беру туралы прокурор қаулы шығарады, бұдан соң ол қылмыстық iстi айыптау қорытындысымен бiрге дереу оны қарайтын сотқа жiбередi.
2. Iстiң сотқа жiберiлгенi туралы айыпталушы, қорғаушы, жәбiрленушi және оның өкiлдерi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi хабарландырылады. Прокурор айыпталушыға айыптау қорытындысының көшірмесі және оған қосымшалардың табыс етiлуiн қамтамасыз етедi, бұл ретте қорғау куәларының тiзiмiн қоспағанда, сотқа шақырылуға жататын адамдардың тiзiмiнде бұл адамдардың мекен-жайы көрсетiлмейдi. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған және прокуратура органдарына келуден жалтарған жағдайларда, прокурор айыпталушыға айыптау қорытындысының көшірмесін тапсырмай-ақ, қылмыстық істі сотқа жібереді. Егер айыпталушының тұрып жатқан жері белгілі болса, айыптау қорытындысының көшірмесі оған почта арқылы жіберіледі. Қажет болған жағдайда прокурор республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, айыпталушының тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпы жұрттың қолы жететін телекоммуникация желілерінде айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі сотқа жіберу туралы хабарлама жариялауды ұйымдастыруға құқылы. Айыптау қорытындысының көшiрмесi, сондай-ақ олар бұл туралы өтiнiм жасайтын болса, қорғаушы мен жәбiрленушiге де табыс етiледi. Айыптау қорытындысы жасалған тiлдi бiлмейтiн айыпталушы мен жәбiрленушiге көшiрме олардың бiлетiн тілінде аударылып табыс етiлуге тиiс.
3. Iс сотқа жiберiлген соң iс бойынша өтiнiш пен шағымдар тiкелей сотқа жолданады.
37-тарау. Алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті
емес істер бойынша анықтау
09.12.98 ж. № 307-1; 05.05.00 ж. № 47-II; 16.03.01 ж. № 163-II; 16.07.01 ж. № 244-II; 22.02.02 ж. № 296-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2004.31.12 № 27-III (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 285-бап өзгертілді
285-бап. Алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi емес iстер
бойынша анықтаудың тәртібі мен мерзiмдерi
1. Осы баптың екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерiнде көрсетiлген қылмыстар туралы iстер бойынша алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес және анықтау материалдары iстi сотқа қарауға негiз болып табылады.
2. Iшкi iстер органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 104, 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 108, 109, 110, 115, 116 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 117 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 118, 119, 123, 124, 126 (бiрiншi бөлiгiнде), 128 (бiрiншi бөлiгiнде), 132 (бiрiншi бөлiгiнде), 134-137, 139, 140, 141 (бiрiншi бөлiгiнде), 142 (бiрiншi бөлiгiнде), 144, 145 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 175 (бiрiншi бөлiгiнде), 178 (бiрiншi бөлiгiнде), 181 (бiрiншi бөлiгiнде), 183 (бiрiншi бөлiгiнде), 185 (бiрiншi бөлiгiнде), 186 (бiрiншi бөлiгiнде), 187 (бiрiншi бөлiгiнде), 188 (екiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 251 (бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 252 (бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 253, 254 (бiрiншi бөлiгiнде), 257 (бiрiншi бөлiгiнде), 258, 259 (бiрiншi бөлiгiнде), 261 (бiрiншi бөлiгiнде), 262, 263 (бірінші және екінші бөліктерінде), 264 (бiрiншi бөлiгiнде), 265, 266, 270, 271 (бiрiншi бөлiгiнде), 272-274, 275 (бiрiншi бөлiгiнде), 275-1 (бірінші бөлігінде), 276, 287 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290, 291, 292 (бiрiншi бөлiгiнде), 293, 296, 297, 298 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 317, 320 (бiрiншi бөлiгiнде), 323, 324, 326, 327 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 328, 329, 330-1, 330-2, 330-3, 332-334, 339 (бірінші бөлігінде), 342, 362 баптарында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабында (бірінші бөлігінде), 214-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша анықтауды, егер ішкі істер органдарының тергеу жүргізуіне жатқызылған қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп шығаруға болмайтын болса, ішкі істер органдары жүргізе алады.
3. Қаржы полициясының органдары анықтауды 190 (бірінші бөлігінде), 198, 208, 221 (бірінші бөлігінде), 222 (бірінші бөлігінде), 223 (бiрiншi бөлiгiнде), 226 (бiрiншi бөлігінде) баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша анықтауды, егер қаржы полициясының органдары тергейтін істер бойынша анықтау жүргізуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, қаржы полициясының органдары жүргізуі мүмкін.
4. Кеден органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi.
5. Әскери полиция органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 367 (бірінші және екінші бөліктерінде), 368 (бірінші бөлігінде), 369 (бірінші бөлігінде), 370 (бірінші және екінші бөліктерінде), 371, 372 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 373 (бiрiншi бөлiгiнде), 374 (бірінші бөлігінде), 377 (бiрiншi бөлiгiнде), 378 (бірінші және екінші бөліктерінде), 379 (бірінші және екінші бөліктерінде), 381 (бірінші бөлігінде), 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 388, 389, 390 (бiрiншi бөлiгiнде), 391 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша, сондай-ақ осы бапта көрсетiлген, әскери қызметтi шақыру немесе келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында өткерушi әскери қызметшiлердiң; запастағы азаматтардың олардың әскери жиындардан өту уақытында; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметкер адамдарының өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалар мен мекемелердiң орналасқан жерiне жасаған қылмыстары туралы iстер бойынша жүргiзедi.
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 358 (бірінші бөлігінде), 359, 360-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық істі қозғаған ішкі істер органы немесе әділет органы жүргізеді.
7. Шекара қызметiнiң органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 331-бабының (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi.
7-1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 330-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды іс қозғаған шекара қызметі органы немесе ішкі істер органы жүргізеді.
8. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 256-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi.
8-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 (бiрiншi бөлiгінде), 177 (бірінші бөлігінде), 182 (бірінші бөлігінде), 325-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық іс қозғаған ішкі істер немесе қаржы полициясы органы жүргізеді.
9. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 209-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 250-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды қылмыстық iстi қозғаған iшкi iстер, қаржы полициясының органы немесе кеден органы жүргiзедi.