2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-4-баппен толықтырылды; 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен 147-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
147-4-бап. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті,
жосықсыз бәсеке
1. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жосықсыз бәсеке -
дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мыңнан бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет,-
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-5-баппен толықтырылды; 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) 147-5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147-5-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу
1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны табыс етпеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып табыс етуі - дара кәсіпкерлерге - екі жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер (әрекетсіздік) - дара кәсіпкерлерге - екі жүз елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ақпаратты, есепті, хабарламаны табыс ету міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, табыс (түсім) алуға әкеп соққан іс-әрекеттер (әрекетсіздік) - дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп табиғи монополия субъектісі алған табыс (түсім) пен табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде алуға тиіс табыс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) 147-6-баппен толықтырылды
147-6-бап. Электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін бұзу
1. Спот-сауда-саттықта (өздері өндіретін электр энергиясы көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу (сату) жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының тиісінше шекті, жеке, есептік тарифінен асатын тариф бойынша электр энергиясын өткізуі (сатуы) -
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Электр энергиясын экспорттаған жағдайды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуі (сатуы) -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Теңгерімдеуші нарықтағы сатып алу-сату жағдайын қоспағанда, энергиямен жабдықтаушы ұйымның энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға электр энергиясын өткізуі (сатуы) - әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп мыналар түсініледі:
осы баптың бірінші бөлігі бойынша: осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның алған табысы (түсімі) мен электр энергиясының тиісінше шекті, есептік, жеке тарифі бойынша есептелген табыс (түсім) арасындағы айырма;
осы баптың екінші және үшінші бөліктері бойынша: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салуды бұзу нәтижесінде алынған барлық табыс (түсім).
Табыс (түсім) құрамына өткізілген (сатылған), бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген электр энергиясының құнын да енгізу керек.
2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) 147-7-баппен толықтырылды
147-7-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттерді бұзуы
1. Реттелетін нарық субъектісінің баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті, сондай-ақ монополиялы өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпеуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты табыс етуі - дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Реттелетін нарық субъектісінің бағалардың алдағы көтерілетіні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынбай тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын көтеруі және оларды өткізуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға деңгейіне дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе жобаланған бағаны түсірмеуі - дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп реттелетін нарық субъектісінің алған табысы (түсімі) мен бағаны көтергенге дейін қолданыста болған баға бойынша не деңгейін табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға бойынша есептелген табыс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
Табыс (түсім) құрамына сатылған, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге дейін ақысы төленбеген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнын да енгізу керек.
2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) 147-8-баппен толықтырылды
147-8-бап. Реттелетін нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы
Реттелетін нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтамауы - дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) 147-9-баппен толықтырылды
147-9-бап. Энергия өндіруші ұйымның инвестициялық
бағдарламаны орындамауы
Энергия өндіруші ұйымның табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы - тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған сомалардың он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
148-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
149-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
150-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 151- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
151-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы
Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, олардың кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіретін заңсыз актілер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы араласуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
152-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 153- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
153-бап. Тексеруді заңсыз жүргізу
1. Тексеру жүргiзу тәртібін бұзу, сол сияқты тексерудi негiзсiз тағайындау, тексерудi арнайы акт шығармай және оны уәкiлеттi органда тiркемей жүргiзу, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші тармағында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 154- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
154-бап. Жалған кәсiпкерлiк
Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк немесе банк қызметiн жүзеге асыру ниетiнсiз, кредит алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүлiктiк пайда алу немесе тыйым салынған қызметтi жасыру мақсаты бар, жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрмеген, коммерциялық ұйым құру, -
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 155- бап өзгертілді
155-бап. Банкроттық кезіндегі құқыққа қайшы әрекеттер
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншік иелеріне не дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзiнiң iс жүзіндегі дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе дара кәсіпкердің, сондай-ақ конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциялары берілген тұлғаның басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсiз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншік иелеріне не дара кәсіпкерлерге не конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциялары берілген тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 155-1-баппен толықтырылды
155-1-бап. Конкурстық, оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын бұзуы
1. Конкурстық басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
кредиторлар комитетінің құрамын уақтылы қалыптастырмауы;
борышкер алдында берешегі бар адамдарға осы берешекті өтеу туралы талап қоймауы;
әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анықталған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;
кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, олармен есеп айырысулар жүргізуі;
сауда-саттық жүргізу туралы ақпараттық хабарды жариялау тәртібін бұзуы;
борышкердің мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұза отырып, борышкердің мүлкін сатуы;
кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;
әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы, -
банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Оңалтушы басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анықталған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;
кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, олармен есеп айырысулар жүргізуі;
дәрменсіз борышкерді оңалту жоспарын орындамауы;
егер борышкердің оңалту рәсімін енгізгеннен кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы оңалту рәсімін енгізген кездегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма процентінен асса, борышкердің ақшалай жаңа міндеттемелерін тудыратын мәмілелерді, кредиторлар комитетінің келісімінсіз жасауы;
кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;
әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы, -
банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
борышкердің негізгі құрал-жабдықтарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтіруге әкеп соғатын, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша басқа да мәмілелер жасауына қатысты іс-әрекеттерін кредиторлар комитетімен келіспеуі, қайта ұйымдастыру жүргізуі;
сырттай байқау рәсімінде әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына хабарламауы не борышкерге оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоймауы түрінде бұзуы, -
банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 156- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 156-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
156-бап. Әдейі банкрот болу
Әдейі банкрот болу, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің өз мүдделерін немесе өзге адамдардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз елуден жеті жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 157-бап өзгертілді
157-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз елуден бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 158-бап өзгертілді
158-бап. Коммерциялық құпияны, банк құпиясын,
кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған
кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн
бұзу
Коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келісімiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Меншiк иесiне немесе, заң актілеріне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен кодекс 158-1 баппен толықтырылды
158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келісімiнсiз бұзуы, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 158-2-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді)
158-2-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау міндетін бұзу
Зейнетақы жинақтарының құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін кәсіптік немесе қызметтік міндетіне байланысты өзіне мәлім болған адамның олардың иесінің келісімінсіз бұзуы, —
айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 159-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 159- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
159-бап. Тұтынушыларды алдау
1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, кем есептеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттері немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -