1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп проценті жиынтығымен тиесілі және мынадай:
1) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
4) өз есебінен қоғамның аудитін аудиторлық ұйымның жүргізуі мәселелері бойынша олардың шешім қабылдауын көздейтін өздерінің арасында жасалған келісімнің негізінде әрекет ететін акционерлер жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болып табылмайды.
2. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру, келісімді кері қайтарып алу ережелерін, аталған келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4, 5, 6, 7, 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
4. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға мынадай құжаттарды:
1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын , оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, соның ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын көздер мен қаражаттардың сипаттамасын;
2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол болған жағдайда) берілген сенімхатты;
3) өзі ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
3-1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы нашарлауы ықтимал жағдайларында осы қордың қайта капиталдандыру жоспарын;
3-2) растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді табыс етеді.
5. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) өтініш берушінің жоғары органының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;
2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2-1) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері жөніндегі қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді;
5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржы есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржы есептілігін;
6) ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарларын талдауды, оған қоса өтініш берушінің және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын, егер бар болса, өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін сату, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне немесе оны басқаруға іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етеді.
6. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.
7. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржылық ұйым мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші қаржы қызметін осы ел заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат қажет еместігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
7-1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін сатып алуға ниеттенетін, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі талап ететін ең төменгі рейтингтің болуын растайтын құжатты;
2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;
3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.
8. Жиынтығында ашық жинақтаушы зейнетақы қоры акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін немесе олармен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін тұлғалар бірлесіп ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
9. Уәкілетті орган осы баптың талаптарына сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
10. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
11. Тұлға өзіне қатысты емес себептер бойынша ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келген не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары кепіл болып табылатын борыштық міндеттемелер бойынша кепілге салынған мүліктің оған көшуі нәтижесінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларын меншігіне алған жағдайларға осы баптың міндетті түрде уәкілетті органның келісімін алу қажеттігі туралы талаптары қолданылмайды.
Аталған жағдайларда ірі қатысушы белгісіне сәйкес келетін тұлға акцияларды сатып алған немесе оған өзінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға және осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығына немесе оның қызметіне ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасамауға немесе осындай жолмен сатып алынған акциялармен дауыс бермеуге міндетті.
Тиісті мәртебені алу туралы өтініш акцияларды сатып алған кезден бастап не оған өзінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап алпыс күн ішінде, егер бұл тұлға көрсетілген мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды сатып алған күннен бастап алпыс күн ішінде оларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылданғаны туралы ақпарат мұндай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға табыс етіледі.
12. Егер уәкілетті органға тұлғаның ірі қатысушы белгісіне сәйкес келетінін немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заң талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
13. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының өзі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар үлесін өзгерту туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының санына проценттік қатынасының ұлғаю жағына қарай өзгеруі жағдайында, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат табыс етуге тиіс.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап бір ай ішінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.
14. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық ірі қатысушыларына тиесілі ашық жинақтаушы зейнетақы қоры акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акциялары санына проценттік арақатынасын көрсете отырып, олардың тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге міндетті.
15. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
16. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушыларының, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 11-15-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе дұрыс емес мәліметтер беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 36-2-баппен толықтырылды ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 36-2-бап өзгертілді
36-2-бап. Уәкілетті органның ашық жинақтаушы зейнетақы
қорының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға
келісім беруден бас тарту негіздері
1. Уәкілетті органның ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:
1) осы Заңның 40-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
2) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
3) осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;
4) өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
5) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болатын жағдайлар;
6) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
7) өтініш беруші - қаржылық ұйым өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
8) өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;
9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;
10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы ;
11) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;
12) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
13) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;
2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;
3) аяқталған екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;
4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндірсе;
5) өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының алдында мерзімі өткен және (немесе) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының балансына жатқызылған берешегі болса;
6) өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжаса;
7) ашық жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.
3. Тұлға ірі қатысушы мәртебесіне келісім алмаған кезде, уәкілетті орган бұл тұлғаға осы Заңның 42-7-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 37-бап өзгертілді
37-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тiркеу
Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әділет органдары жүзеге асырады.
Рұқсат берудiң шарттары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздер болуға тиiс.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз атауында "ұлттық", "орталық", "үкiметтiк", "кепiлдiк беретiн", "кепiлдiк берiлген", "сақтық", "сақтандырушы" немесе "сақтандырылған" деген сөздердi қандай тiлде болса да толық және қысқартылған түрiнде пайдалануына тыйым салынады. Жарғылық капиталдың жүз проценті Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі болған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "мемлекеттік" деген сөз қолданыла алады. Атауда салымшының (алушының) пайдасына жасалатын инвестициялардан алынатын кiрiс ставкасының сақтандырылуы немесе оған кепiлдiк берiлуi айтылуға немесе меңзелуге тиiс емес.
3. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ ешбір заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қоры болып атала алмайды және (немесе) өзін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.
05.04.99 ж. № 364-1; 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 39-бап өзгертілді
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 39-бап жаңа редакция; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi лицензиялау
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы шешім уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.
05.04.99 ж. № 364; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді
Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)
40-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне
қойылатын талаптар
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:
1) директорлар кеңесі - басқару органы;
2) басқарма - атқарушы орган;
3) ішкі аудит қызметі - бақылаушы орган.
Жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында осы бапта айқындалған жұмыс стажы жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері болып табылған тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде үш жыл;
2) жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде екі жыл жұмыс стажы болуы қажет.
Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.