«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 Қаулысы
(2018.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 743 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.25.06. № 829 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.29.12. № 1115 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.24.11. № 732 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен құрамына қосымшаға сәйкес«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамдағы мемлекеттік органдардың өкілдерін сайлауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.14.07. № 1068 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 743 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.10.02. № 113 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.23.07 № 849 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.25.06. № 829 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.29.12. № 1115 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.24.11. № 732 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.07.12. № 818 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.23.10. № 672 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 24 қазандағы
№ 980 қаулысына
қосымша
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар
кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері
Абаев Дәурен Әскербекұлы | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Жұманғарин Серік Мақашұлы | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі |
Еңсебаев Руслан Сатбекұлы | - | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Бажаева Назгүл Аманқұлқызы | - | Казақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры |